НАТО  Ресеймен алдағы жиырма жыл ішінде болатын жанжалға дайындалып жатыр. НАТО әскери комитетінің төрағасы Роб Бауэр осылай деп мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: 24 Канал

"Біз бейбітшілікте өмір сүріп жатқанымыз әдеттегі жағдай емес екенін түсінуіміз керек. Сол себепті біз (НАТО күштері) Ресеймен қақтығысқа дайындалып жатырмыз", — деп мәлімдеді НАТО шенеунігі. 

Сондай-ақ Бауэр қысқа мерзімде оқ-дәрі мен қару-жарақ шығару қажет екеніне байланысты қақтығысқа дайындық "өндірістік базаға сүйенетінін" болжады. Ол қайтадан әскерге шақыру басталуы мүмкін екенін мәлім етті. 

Бұған дейін Бауэр Украинадағы соғыс тығырыққа тірелгенін, соған қарамастан НАТО ары қарай да Киевті қолдауды жалғастыра беретінін айтқан.

Бұған дейін Берлин НАТО мен Ресей арасындағы соғысқа араласуға ниетті екенін жазған едік. Германия қорғаныс министрлігінің сценарийі бойынша ол 2025 жылдың жазында басталуы мүмкін. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.