Шнарбекова Меруерт Қақпанбайқызы



жүктеу 106.82 Kb.
Дата20.04.2019
өлшемі106.82 Kb.

Шнарбекова Меруерт Қақпанбайқызы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университетінің PhD докторанты

Ғылыми жетекші: социол.ғ.д., профессор

Әбдірайымова Гүлмира Серікқызы

БІЛІМ МЕН КӘСІБИ ТРАЕКТОРИЯНЫ ТАҢДАУДЫҢ ШЫНАЙЫ БАСТАУЛАРЫ
Қоғамның кәсіби құрылымындағы өзгерістер макро-факторлардың (мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер, дағдарыс) және микро-факторлардың (отбасы, оның әлеуметтік-экономикалық, мәдени капиталы, түлектің бастапқы біліктіліктері, мамандықтың мәртебесі) әсері негізінде жүзеге асырылатын күрделі және жан-жақты талдауды қажет ететін үрдіс.

Кәсіби таңдау мәселесін зерттеу П.М. Блау мен О.Д. Дунканнның «The American occupational structure» еңбегінен бастау алады. Олар американдық қоғамның кәсіби құрылымын зерттей отырып, еңбек бөлісінде белгілі бір таптық жіктелудің белгілерін айқындайды. Құрама штаттарда жүргізілген алғашқы ең ауқымды сандық зерттеу қорытындылары негізінде ата-ананың өз мәртебесін баласына беруі оның біліміне, яғни білім мен кәсіби траекториясын таңдауға әсер ету арқылы жүзеге асырылатыны сипатталған. Сәйкесінше, кәсіби таңдау мен отбасының әлеуметтік-экономикалық активтері арасындағы байланыс бар [1].



П.М. Блау мен О.Д. Дункан алған білім мен болашақ кәсіби жетістіктердің өзарабайланысының күшейюіне ерекше назар аударады. Ғалымдардың пікірі бойынша, аталмыш байланыс әлеуметтік ұтқырлықтың ауқымын тарылтады, ал білімнің кәсіби иерархияға өтпелі көпір ретіндегі маңыздылығының сақталуы кәсіби таңдаудағы әлеуметтік теңсіздіктің жалғасуына жағымды әсер етеді.

Әлеуметтік стратификацияға маманданған әлеуметтанушылардың әлемдік қауымдастығы Блау-Дункан моделін жетілдіру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Бір ұрпақтан екінші ұрпаққа әлеуметтік мәртебені сақтау механизмін зерттеуде когнитивті мүмкіншіліктер, ұлт пен әлеуметтік контекст әсер ететін қосымша факторлар ретінде енгізілуде.

ХХ ғасырдың екінші жартысында мамандықтар мәртебесін айқындауға бағыттылған АҚШ-тан Жаңа Зеландияға дейін елдердің тұрғындарын қамтитын үлкен зерттеу жүргізілді. Респонденттерге жоғары-төмен бағалау шкаласы бойынша мамандықтарға қатынасын белгілеу ұсынылған. Өндірістің индустриалдық жүйесі дамыған елдерге ұқсас жауаптар тән болды, зерттеушілер пікірі бойынша, аталмыш елдерде бірдей мамандықтарға сұраныс бар: инженерлер, механиктер, есепшілер және т.б. Аталған мамандықтарды меңгерген адамдар, негізінен, барлық елдерде тең мәртебеге ие болады [2].

Мамандықтың мәртебелік көрсеткіштері жалпы уақыт кеңістігі бойынша салыстырмалы тұрақтылыққа ие. Зерттеушілер, АҚШ-та 1925 жылдан бері кәсіби іс-әрекеттің мәртебесін бағалауда аса өзгерістер болмағанын атап өтеді.



Дональд Дж.Трейман мамандық мәртебесі талданған 53 елдің 85 зерттеу қорытындылары негізінде әлемде мамандық мәртебесін бағалаудың өзара ұқсастығын анықтайды. Трейман теориясының негізгі төрт постулаты келесідей [2, 355]:

  • барлық қоғамда адамдардың негізгі қажеттіліктері бірдей. Қазіргі заманғы социумда белгілі бір саяси мен әскери ұйымдар бар, олардың қызмет етуі механизмі әлемде ұқсас. Сондықтан өзара ұқсас еңбек бөлінісі қалыптасады;

  • еңбекті мамандандыру жағдайында белгілі бір адамдардың ресурстары өзгелерден гөрі көбірек болады және сәйкесінше, оларды қадағалауға өкілеттіліктері де артады. Еңбек бөлінісін мамандандыру нәтижесінде әр түрлі деңгейдегі билік қалыптасады - дәрігерлердің жұмысшылырмен салыстырғанда маманданымы, табысы жоғары болады, мүлкі көбірек болады;

  • қоғамда билігі бар адамдар артықшылықтарға ие болады;

  • билік пен артықшылықтар жоғары бағаланғандықтан, олармен байланысты мамандық мәртебелі болып бағаланады.

Трейман теориясы әр түрлі мамандықтардың маңыздылығы деңгейін зерттеуге негізделген Дэвис пен Мур тұжырымдамасы мен еңбек бөлінісінің рөлін айқындайтын К. Маркс көзқарастарының элементтерін қамтиды.

Атақты француз ғалымдары П. Бурдье мен Ж-К. Пассрон білімге қол жетімділікті отбасының әлеуметтік-экономикалық тап өкілділігі мен түлектердің жынысы бойынша факультеттердегі таралуын зерттеген. Зерттеу мәліметтері білімге қол жетімділікте әр түрлі әлеуметтік категорияларлың өкілдері арасындағы бірқатар теңсіздіктерді айқындаған. Шаруашылықпен айналысатын жұмысшы отбасының балаларының білім алуға 1,2% шамасында, ал өндірісші отбасының баласы 2 мүмкіншіліктің кемінде 1-не ие [3, 227б.].

Білім алудың немесе ала алмаудың мүмкіншіліктерін түсіну ата-ана мен түлектің кәсіби стратегияларының қалыптасуына әсер етеді және олар «шынайы» мүмкіншіліктер негізінде білім алу және кәсіби таңдау бойынша жоспарларды жасайды.

П. Бурдье білім беру жүйесін меритократиялық мақсаттарға емес, қоғамдағы әлеуметтік тәртіпті сақтауға бағытталған механизм ретінде қарастырады. Кәсіби таңдау тұлғалық қабілеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде емес, ал студенттің әлеуметтік иерархиядағы орнымен анықталады. Иерархиялық саты бойынша төмендеген сайын, сәйкесінше, кәсіби таңдаудың ауқымы да тарыла береді.

Зерттеудің эмпирикалық мәліметтері бойынша, индивидтің әлеуметтік өкілділігі кәсіби таңдауға елеулі әсер етеді. Жоғары тап студенттері заң мен медициналық факультеттерге көбірек қызығушылық білдіретін болса, төменгі тап студенттері, негізінен, гуманитарлық және ғылыми-техникалық салаларды көбірек таңдаған.



П. Бурдьенің мәдени капитал теориясына негізделетін болсақ, индивид отбасындағы тәрбиесі негізінде мәдени капиталды қалыптастырады және мұра етінде бойына сіңіреді. Жоғары таптағы ата-аналар, әлеуметтік-экономикалық ресурстар мен мәдени капиталы негізінде балаларына сапалы білім береді, ал бұл өз кезегінде болашақта оларға жоғары әлеуметтік позияцияларды ұстануына мүмкіншілік береді [3].

Мәдени капиталдың берілуі әлеуметтік теңсіздікті қалыптастырады деген бағыт өкілдері ауқатты отбасылар балалардың білімдегі жетістіктерін қолдауға мүмкіншіліктері бар екендігін және қажетті шарттармен қамтамасыз ете алатындығын атап өткен [4].

Осындай көзқарастар, білім беру социологиясының стратификация мен орта тап мамандарының жағдайы туралы бағытының дамуына әсер етті. Мәртебенің қалыптасуы, негізінен, марксистік емес, веберлік ұстанымдарға негізделеді: мәдение ресурстар еңбек нарығында белгілі бір мадақтаулар, артықшылықтар арқылы сақталады және беріледі, яғни кәсіби мансап жоғарылайды.

Отбасы ресурстарының кәсіби таңдауға әсерін социологиялық зерттеу білім стратегияларын қалыптасу негіздерін айқындауға бағытталған. «Кәсіби таңдауды білім траекториясын таңдаумен алмастыру» феномені болашақ әлеуметтік-экономикалық мәртебе туралы нақты түсініктер болмаған жағдайда жоғары білім құндылығының әмбебаптану үрдісінде жүзеге асырылады.

Ата-ананың білім, мәдени ресурстарының әсері ресейлік зерттеу мониторингілерінде айқын көрініс табады. Д. Л. Константиновский ата-ананың әлеуметтік-кәсіби мәртебесіне сәйкес түлектің білім және кәсіби траекториясы туралы жоспарлардың қалыптасу тенденциясын 20 жылдық зерттеу негізінде көрсетеді [5].

Түлектің әлеуметтік мансабына ата-ананың білім деңгейінің әсері И. Шкаратан мен Г. А. Ястребов зерттеулерінде сипатталады.



Т. Шульц пен Г. Беккердің адам капиталы теориясы шеңберінде де осындай қорытындылар кеңінен жасалынады. Білім және кәсіби траекторияны таңдау болашаққа «инвестициялар» ретінде қарастырылады, осы үрдіс кезінде ата-аналардың стратегиялары қолдағы ресурстарды рационалды пайдалану негізінде қалыптасады. Білім алу шығындары, болашақтағы мамандық артықшылықтарын талдау негізінде қолдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалана отырып, мақсатқа қол жеткізу көзделеді [6].

Білім мен кәсіби траекторияны таңдаудың аталмыш моделі тәжірибеде жүзеге асырылуы мүмкін, дегенмен, индивид үшін білім алу нақты кәсіби мәртебеге өтпелі қадам ғана емес, даму мен өзіндік жетілудің тұлғалық құндылығы.

Қазіргі заманғы социологиялық зерттеулер мәліметтері бойынша, қазақстандық түлектердің кәсіби таңдауына жоғары табыс, болашақ мамандықтың мансабы, әлеуметтік мәртебе, оқудың төмен төлемі мен гранттық орындарының болуы секілді факторлар әсер етеді [7].

Жоғары табыс нұсқасын сұралған студенттердің 48,9%-ы негізгі фактор ретінде белгілеген.



Сонымен қатар, болашақ мамандықтың мансабы - 28,3%, әлеуметтік мәртебе - 24,6% көрсеткіштері де маңызды болып табылады [7, 6 б.].
Мамандықтар бойынша кәсіби іс-әрекетті таңдауға әсер ететін факторлар

(жалпы респонденттерден % бойынша)




Жауап нұсқалары

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар

Жаратылыстану ғылымдары

Заң мамандықтары мен халықаралық қатынастар

Экономикалық мамандықтар

Техникалық және инженерлік мамандықтар

Денсаулық сақтау

Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы

1

Жоғары табыс

42,1%

43,4%


58,3%

50,4%

66,7%

45,2%

53,8%

2

Мансап

28,9%

23,6%


50,0%

30,6%

33,3%

46,2%

20,6%

3

Әлеуметтік мәртебе

29,8%

15,9%


16,6%

26,3%

19,0%

21,5%

18,6%

4

Тиімді байланыстар орнату

15,8%

13,5%


25,0%

13,8%

4,7%

13,9%

11,0%

5

Билік

7,9%

2,4%


33,3%

13,8%

23.8%

11,8%

6,9%

6

Қолжетімділік (төмен оқу ақысы, гранттық орындардың болуы)

22,8%

30,4%


0%

20,4%

9,5%

21,5%

13,8%

7

ЖОО, факультет мәртебесі

22,8%

34,7%


33,3%

15,3%

9,5%

20,4%

17,2%

8

Ата-ананың, жақындардың және достардың кеңестері

21,9%

14,9%

25,0%

26,3%

19,0%

7,5%

37,9%

9

Туысқандардың, достардың, таныстардың үлгісі

3,5%

5,3%

16,6%

7,3%

4,7%

3,2%

7,6%

10

Белгілі жағдайлар

14,0%


42,1%


0%

6,6%

0%

45,2%

4,8%

Мамандықты таңдауда мынадай тенденцияларды бөліп қарастыруға болады:



  • жоғары табыс, жооны таңдаудың жетекші бағыты. Дегенмен, мұнда мамандықтар бойынша айырмашылықтар кездеседі: гуманитарлық сала студенттері үшін бұл позиция (24%) аса маңызды емес, ал заң мен денсаулық сақтау бағытының студенттері бұл жауап нұсқасын 58,3% таңдады;

  • заң мамандықтары мен халықаралық қатынастар студенттері өздерінің болашақ мамандықтарын мәртебелі деп бағалайды - 50%;

  • әлеуметтік мәртебе позициясы денсаулық сақтау саласына - 46,2% тән;

  • жаратылыстану мамандығын таңдауда төмен оқу ақысы мен гранттық орындардың болуы ерекше мәнге - 30,4% [7,7б].

Түлектің білім мен кәсіби траекториясын таңдау терең теориялық пен эмпирикалық талдауды қажет етеді. Мәселе бойынша социологиялық бағыттарды қысқаша теориялық шолу кәсіби таңдауда түлек ұстанымдарының, отбасының стратегияларының аса өзгермегенін көрсетеді. Жоғары тап өкілдері әлеуметтік-гуманитарлық немесе техникалық емес, ал заң мен медицина факультеттерін жиі таңдайды.

Білім және кәсіби траекторияны таңдау отбасының әлеуметтік-экономикалық, мәдени ресурстарын, түлектің жеке тұлғалық қабілеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылатын мақсатты рационалды іс-әрекет.


Қолданылған әдебиеттер:


  1. Blau P.M., Duncan O.D. The American occupational structure. – N.Y.: John Wiley and Sons, 1967. – 520 p.

  2. Смелзер Н. Раздел II. Социальное неравенство
    Социология. Пер. с англ. - М.: Феникс, 1994. - 688 c.

  3. П. Бурдье, Ж-К. Пассрон. Воспроизводство: элементы теории системы образования. М., «Просвещение» 2007. 270 c.

  4. John H Goldthorpe. Progress in Sociology: The case of social mobility research. Sociology working papers. Stockholm, November, 2004. 40 p.

  5. Вахштайн В.С., Константиновский Д.Л., Куракин Д.Ю. Качественное образование: доступность и региональная политика // Социальная политика в современной России: реформы и повседневность / под ред. П. Романова, Е. Ярской-Смирновой/ М.: ЦСПГИ, Вариант, 2008. – 465 с.

  6. Schultz, T. W. The economic value of education. N.Y.: Columbia University Press, 1963.- 92 p.

  7. Abiraiymova G.S., Jamanbalayeva Sh.E. and others. Professional choice and preferences of university graduates in the labor market in Kazakhstan/Proceedings of the 3rd Annual International Conference on Political Science, Sociology and International Relations, 2013. P. 159-163.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет