ШқО, Абай ауданы, Көкбай ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары



жүктеу 330.82 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі330.82 Kb.



ШҚО, Абай ауданы, Көкбай ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған

кешенді даму жоспары





Көкбай ауылы - 2018 ж.

Мазмұны:


  1. Ауыл төлқұжаты

  2. Ауылдың экономикалық көрсеткіштері

  3. Инженерлік инфраструктурамен қамтамасыз етілу деңгейі

  4. Қаржылық қамтамасыз етілуі

  5. Күтілетін нәтиже


1.Кіріспе.

Көкбай ауылдық округі 1928 жылы құрылған. 1950 жылы «Еңбектен», «Рамазан», «Бірлік», «Сарықорық» төрт колхозды ірілендіріліп, «Бірлік» колхозы болып, ал 1963 жылы Бірлік совхозы болып қайта құрылды. Ауылдық округ орталығы Көкбай елді мекені. Жалпы округ тұрғындарының саны 1900 адам , оның ішінде 1010 астам адам еңбекке жарамды адамдар. Көкбай ауылдық округі бойынша «Көкбай атындағы орта мектебі» және мектеп жанындағы шағын орталық орналасқан. Сонымен қатар Көкбай ауылдық дәрігерлік амбулатория мекемесі, «Балауса» ясли-балабақшасы, мәдениет үйі, ауылдық кітапхана, 25 орындық интернат, қазпочта бөлімшесі орналасқан. 96 шаруа қожалығы, 9 дүкен, 3 наубайхана, 2 жанар жағар май құю бекеті, 2 тойхана, «Қашым Қамабекұлы» атындағы мешіт, «Б.Баймухаметов» атыдағы балалар ойын алаңы, футбол алаңы, «Бақанас» туристік-сауықтыру лагері, «Азалы ана» аллеясы, қоғамдық монша бар.

Көкбай ауылдық округі бойынша жұмыс жасайтын шаруа қожалықтарының негізгі ауылшаруашылық бағыты – мал шаруашылығы болып табылады.

2.Талдау

2.1 Ауылдық округтің экономикасы мен ауыл шаруашылығы

Ауылдық округ экономикасының негізгі мамандандырылған бағыты ауылшаруашылығы саласы болып табылады. Осы салада 96 шаруа қожалығы, 4 мал бордақылау алаңы жұмыс жасайды.

Ауылдық округтің жалпы ауылшаруашылық жер көлемі 300632 га жерді құрайды, оның ішінде жайылымдық жер – 153794 га. Ауылшаруашылығының ет өнімін өндіру жақсы жолға қойылған.

Жылына ауылдық округ бойынша 40290 центнер ет өндіріледі. Ет өнімдерінің негізгі өндірушісі 17 шаруа қожалық пен Көкбай ауылы тұрғындары.

Көкбай ауылдық округі бойынша шағын кәсіпкерлікпен айналысатын 19 жеке кәсіпкер тіркелген. Оның 9 сауда дүкендері. Барлығы да халықты күнделікті қажет тауарлармен қамтамасыз етеді. Барлық дүкендерде де азық түлік, халық тұтынатын тауарлардың түрлері жеткілікті. Сол сияқты 3 наубайхана жұмыс жасап тұр.

Мемлекетіміздің малшаруашылығын дамытуға деген қолдауы соңғы жылдары жүйелі түрде жолға қойылған. «Бизнестің жол картасы 2020», «Даму» фонды бағдарламалары іске асырылуда.



Көкбай ауылдық округінің экономикасы дамуындағы басты ерекшелік ауылшаруашылығы дамуына қолайлы табиғи ресурстар және ауылдық округтің бизнестің жол картасы дамуына мүмкіндік беретін жағдайы.

2015-2017 жылдардағы ауылшаруашылық өнімдер көлемінің өзгеру динамикасы.

р/с

Көрсеткіш атауы

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

3 жылдағы өсуі, кемуі

1

МІҚ, бас

8116

8120

7668




2

Қой және ешкі, бас

48015

48011

41700




3

Жылқы

4228

4520

4531




4

Құстар, бас

900

900

900







Өндірілді:













5

Ет, тонна

2959,8

3550,7

3689,3




6

Сүт

2619,2

5072,7

5172,0




7

Жұмыртқа, мың дана

107,8

113,6

119,7




8

Қырқылған жүн

121,0

113,1

87,7





Көкбай ауылдық округінің экономикалық дамуына кедергі туғызатын негізгі факторлар олар:

  1. Ет және сүт өнімдерін өндірудегі төменгі рентабельділік, яғни ет және сүт өнімдерінің сатып алу бағаларының арзандылығы, өнімді өткізу нарығының қолжетімсіздігі.

  2. Ауылшаруашылығы мамандарының еңбекақысының төменділігі, тұрғын үй жайсыздығы, жалпы өмір сүру жағдайының төменділігі, сол себепті маман тапшылығы.

  3. Шаруа қожалықтары бірлестігінің жоқтығы олардың нарыққа бірлесіп шығуларына кедергісін тигізуде. Негізінен шаруа қожалықтарының өздерінің бірігуге деген құлшыныстарының жоқтығы, бұл жұмысты мемлекет атқару керек деген пиғылдарының басымдылығы, шаруашылықтардың бір біріне деген сенімдерінің өзі жоқ десе де болады.

  4. Ауылшаруашылық товар өндірушілерінің өнімді өткізудің тиімді бағыттары туралы мәліметтің аздығы, өнімді өткізуге деген қолдаудың жоқтығы.

  5. Мал азығын, асыл тұқымды мал бастарын сатып алуды ұйымдастыру туралы мәліметтердің жетімсіздігі.

  6. Мал өнімдерін сақтайтын орындар мен тоңазытқыштардың жоқтығы.


Ауылдық округ экономикасының даму перспективасы:

  1. Сүт өнімін өндіруді ұйымдастыру, өткізу жолдарын табу арқылы сүт өнімін өндіруді кеңейту.

  2. Ет өнімін қайта өңдеу арқылы оның рентабельділігін көтеру.

  3. Ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің бірлестігін құру.

  4. Көмір тасу жолдарының бойында орналасқандықтан, жол бойы сервистік қызмет көрсетуді дұрыс жолға қою

  5. Аудандық жұмыспен қамту орталығы, мектептің жоғарғы сынып оқушыларын, ауыл жастарын ауылшаруашылық жұмыстарына тарту.

  6. Өңірлік туризм саласын қолға алу.

SWOT-талдау



Басымдық жақтары

Әлсіз жақтары

Ауылдық округте сапалы ауылшаруашылық өнімі өндіріледі.

Округте табиғи жағдайдың қолайлылығы (Табиғи жайылым молдығы)



Өнімді өткізу жолдары тапшы
Малшаруашылығы мамандарының жетіспеушілігі

Негізгі бағыттың малшаруашылығы өнімдерін өндіруі

Малшаруашылығы өнімдерін өткізу құрал жабдықтар алудың дұрыс жолға қойылмағандығы

Экологиялық таза табиғи өнім

Жартылай шөлді шөлейтті аймақ

Өңірлік туристік бизнесті дамыту

Малшаруашылығы өнімдерінің шығындылығы




Кіші және орта бизнес әлсіз, қызмет көрсету саласы дамымаған.

Мүмкіндіктер

Қатерлер

Мал өнімдерін өткізуде ірі жобаларды іске асыру үшін шаруа қожалықтары бірлестіктерін құру

Ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемінің төмендеуі.

Ауылшаруашылығы техникаларымен жабдықтауды мемлекеттік қолдау жобалары арқылы іске асыру

Өңірлік туризм инфраструктурасын дамытуға қаржы жетімсіздігі.

Ауылшаруашылығын қолдаудың мемлекеттік жобаларының барлығы

Ауылшаруашылығы мамандарының тапшылығы

Өңірлік туристік бизнестің дамуы






2.2 Әлеуметтік инфрақұрылымы мен қызмет көрсету.

Көкбай ауылдық округі әлеуметтік инфроқұрылымы қанағаттанарлық жағдайда. Әлеуметтік – тұрмыстық және әлеуметтік – мәдени инфрақұрылымы қалалық инфрақұрылым деңгейімен салыстырғанда төмен болғанымен, барлық ауылдық округтермен қатарлас қанағаттанарлық деңгейде. Округтің демографиялық динамикасы тұрақты, халық саны 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 5%-ға төмен.


Білім беру. Көкбай ауылдық округі бойынша 1 жалпы орта мектеп бар. Ондағы оқушылар саны 274 бала(2018 жылғы қаңтардағы есеп бойынша), 2 ауысымда оқытылады. Мұғалімдер саны 48 адамды құрайды. Арнайы мемлекеттік бағдарламалар аясында жас мамандар ауылға тартылады.

Мектеп жанында мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған 25 орындық 1 шағын орталық жұмыс жасайды. Мектеп және шағын орталық оқушылар қабылдауға дайын жағдайда. Мұғалімдерден жетіспеушілік жағы жоқ.

Денсаулық сақтау

Ауылдық округте Көкбай ауылдық дәрігерлік амбулаториясы жұмыс жасайды. Онда 2 күндізгі емделу төсектері, жедел жәрдем автомашинасы бар.


Спорттық инфрақұрылым.

Спорттық инфрақұрылымдары қанағаттанарлықтай. Ауылда балалар спорттық алаңы жұмыс жасайды. Мектепте волейбол, футбол, баскетбол, бокс, дзюдо және қазақ күресі сияқты спорттық үйірмелер жастар үшін жұмыс жасайды. Көкбай орта мектебінде хоккей командасы құрылған. Көкбай ауылдық округінде волейбол, футбол, баскетбол, бокс, дзюдо және қазақ күресінен үнемі сайыстар ұйымдастырылып тұрады. Мәдениет үйінде халық аспаптары оркестрі үйірмесі жұмыс жасап, оған 10 адам қатысады. Көкбайда ауылдық кітапхана да бар. Кітапхана қорындағы кітап саны 12600 кітап. Оқырмандары – 842 адам.


Демалыс уақыты.

Жастардың демалыс уақытына арнап мәдениет үйінде би кештері ұйымдастырылып тұрады. Кафе және тойхана халыққа қызмет жасайды. Жазғы уақыттарда ауыл тұрғындары Оспан көлге және Бақанас туристік-сауықтыру лагерінде демалады.


Баспана

Ауылдық округте барлық үйлер жеке меншік үйлер. Пешпен жылынады. Ауылдағы 96% үйлер су жүйесімен қамтылған. Бюджет есебінен салынатын үйлер жоқ.


Жұмыспен қамту

Ауылдық округте 2017 жылы 16 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді. 2018 жылы өзінің қосалқы шаруашылығымен айналысушылар саны 572 адам. 2013 жылмен салыстырғанда 17,5%-ға төмендеген. Ауылда 394 адам мемлекеттік жұмыспен қамтылған. Ауыл тұрғындарының 1%-ы вахталық жұмыс істейді. Жол картасы бағдарламасы аясында Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс ауыл тұрғындарына қосымша жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуларына көмек жасайды.


Әлеуметтік қызметтер мен қамтылулар

Ауылдық округ әкімдігі негізінен 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Қосалқы шаруашылығы бар болуы туралы анықтама беру» және «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру тіркеу». Анықтама беру стандарт бойынша жеке басын куәландыратын құжат арқылы 10 минутта жүзеге асырылады. 2016 жылы 76 анықтама, 2017 жылы 89 анықтама беріліп, мемлекеттік қызмет көрсетілді. Негізгі мемлекеттік қызметтердің түрлері аудан орталығындағы ХҚКО арқылы, оның ауылға келіп қызмет көрсететін қызметкерлері арқылы да көрсетіледі.


Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет

Мүмкіндігі шектеулі және оған теңестірілген адамдарға ай сайын 2000 тг көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

2017 жылы азқамтылған 70 отбасына (209 бала) 18 жасқа дейін төленетін жәрдемақы алды. 6 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық орындарда мүгедектерге арналған пандустар қойылған. 2017 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында «Жастар практикасынан» 6 жас маман өтті.
Әлеуметтік саладағы қиындық туғызатын негізгі жағдайлар:


  1. Әлеуметтік салада мамандар жетіспеушілігі.

  2. Жұмысқа тұру, қанағаттанарлық дәрежедегі еңбек ақы алу қиындығы жастарды ауылдық жерде жұмыс жасауларына қызықтырмайды.

  3. Мәдени спорттық саладағы материалдық техникалық базасын жаңарту.

  4. Бос уақыттарын тиімді өткізу толыққанды дұрыс жолға қойылмаған.

  5. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салық түсімін азайтады.

  6. Жұмыс орындарының шектеулі болуына байланысты, көбіне қарапайым жұмысшылар қажет.

  7. Әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орындары шектеулі болғандықтан, олардың жұмысқа тұруы қиын.

Әлеуметтік сала инфрақұрылымының даму перспективасы:



  1. Әлеуметтік саладағы бос орындарды жабу үшін жас мамандар тарту, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен.

  2. Мектеп пен дәрігерлік амбулаторияның энергия шығындарын азайту.

Әлеуметтік инфрақұрылымдардың SWOT – талдау



Басымдық жақтары

Әлсіз жақтары

Білім беру

  • Оқушылар санының жаңа туған сәбилер және қоныс аударушылар есебінен көбейту.

  • Жалпы орта және бастауыш мектептерінің мұғалімдерінің санатын арттыру жүйесі ұйымдастырылған.

  • Әлеуметтік инфрақұрылымның дамуын мемлекеттік бағдарламалардың қолдауы.

  • Мектеп жасына дейінгі балаларды 100% қамту.

  • Кадр жетіспеушілігі, әсіресе аралас мамандықтар мұғалімдері.

  • Жас мамандарды әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық жағдайлар қызықтырмауы.

Денсауық сақтау

  • Ауыл халқына 100% медициналық дәрігерлік көмек көрсету.

  • Медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуы.

  • Медициналық дәрі-дәрмекпен қамту(ГОБМП аясында).

  • 2015-2019 жылдардағы «Денсаулық» мемлекетттік бағдарламасы аясында скринигтен өткізу.

  • Мамандар жетіспеушілігі.

  • Жас мамандарды әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық жағдайлар қызықтырмауы.

Спорт, мәдениет пен бос уақытты тиімді пайдалану

  • Ауыл халқының спорттың барлық түрімен айналысуға мүмкіндігі.

  • Спорт және дене шынықтырумен айналысуға ауыл халқының сұранысы көптігі.

  • Ауылда жоғарғы спорттық деңгейге жеткен командалардың болуы.

  • Мәдениет және спортта нәтижеге жетуге техникалық база қанағаттанарлықсыз.


2.3 Инженерлік инфрақұрылым және қолдау

Сумен жабдықтау және пайдаланған суды залалсыздандыру

Көкбай ауылдық округі таза су бағдарламасы арқылы таза ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр. Ауылдағы үйлердің 40%-да өз құдықтары бар. Судың құрамы санитарлық-эпидемиологиялық нормаға сәйкес.
Электрмен қаматамасыз ету

Электрмен қамтамасыз ету саласында сондайлық қиындықтар жоқ. 2017-2018 жылдары 5 шаруа қожалығы 6 қыстақ электр желісіне қосылады. Тағы да 2 бағытта 39 шаруа қожалықтары 42 қыстақ электр желісіне қосылуға дайындық жасауда. Ауылдағы барлық үйлер электр желісіне 100% қосылған. Электр желісін Көкбай учаскелік «ВК РЭК» АҚ бақылайды. Қосымша өндіріс орындарын да электр желісіне қосу мүмкіндігі бар. Ауылдағы 6 көшенің 4 көшесі жарықпен қамтамасыз етілген.


Орталық жылу жүйесі

Көкбай ауылдық округіндегі үйлерде орталық жылу жүйесі жоқ. Үйлер жеке пешпен жылынады. Әкімшілік ғимараты мен дәрігерлік амбулатория ғимараты жеке жылу жүйесімен жылынады.

Тұрмыстық қатты қалдықтар

Тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін полигон аймағы белгіленген. Экологиялық қауіп жоқ.


Байланыс жүйесі және интернет

Көкбай ауылдық округіндегі телекомуникациялық қызмет көрсету деңгейі өте төмен. Көкбай ауылында цифрлық телефон станциясы жұмыс істейді. Интернет жүйесіне 20 абоненттік нөмер ғана қосылған. Бұл ауылдың 7%-н ғана құрайды. «Актив» және «Белайн» мобильді байланыс жүйелері, «Қазақстан», «ОРТ», «Хабар» телеканалдары жұмыс жасайды.


Транспорттық қолжетімділік.

Көкбай ауылдық округі облыстық дәрежедегі «Көкбай-Қараул-Семей», «Көкбай-Аягөз» тас жолы бойында орналасқан. «Қараул-Көкбай-Аягөз» тас жолдары арқылы өтетін ауыр жүк көліктері тас жолды бұзады.


Экология және туризм

Ауылдық округ экологиясы жақсы. Ауылға жақын орналасқан өндіріс орындары жоқ.


SWOT – талдау

Басымдық жақтары

Әлсіз жақтары

  • 96% тұрғын үй орталықтандырылған таза сумен қамтамасыз етілген.

  • Ауылдық округтің жоғарғы транспорттық қолжетімділігі.

  • Телекомуникацияға қолжетімділік 50% (интернет, ТВ, телефон)

  • Электр энергиясымен толық қамтылған.

  • Электр желілерінің тозуы

  • Округтегі тазалауыш құрылымдардың жоқтығы

  • Орталықтандырылған су төгетін қызметтердің тозуы және төмен болуы

  • Округ аумағында Қазақстан Республикасының «ВК РЭК» филиалының болуы

  • Округ аумағында «Қазақтелеком» АҚ филиалының болуы

  • Жарықтандырылған көшелердің үлесі 75% дейін

  • Экологиялық таза округ

  • Әлеуметтік тұрғын үйге кезектің аз болуы

  • Инфрақұрылымды дамытуда мемлекеттің қолдауы

  • Тұтастай алғанда, округте инфрақұрылымды қамтамасыз етудің жоғары деңгейі

  • Кешкі уақыттағы көшені жарықтандыруға тарифтің жоғары болуы

Мүмкіндіктер

Қатерлер

  • Қуат көзіне сенімділікті арттыру және апаттар санын азайту үшін электр желілерін жөндеу және модернизациялау

  • Экологиялық тұрақтылықты жақсарту үшін тазарту құрылғыларын салу

  • Тозу деңгейінің артуына, төтенше жағдайлардың санының көбеюіне алып келетін инженерлі-транспортты инфрақұрылымның дамуы мен модернизациясын қаржыландыруды қысқарту

  • Округ аумағында тазартыл-маған ағынды суларды төгу нәтижесінде қоршаған ортаның ластану ықтималдығы



  1. Стратегиялық бөлім

    1. Кіріспе

Көкбай ауылдық округі - ШҚО-да экологиялық таза өндіріс ошақтарының бірі болып табылады. Өнімнің өндірістен қайта өңдеу және тұтынушыға жеткізуге дейінгі толық циклі ұйымдастырылған. Округте өнім өндіру мен маркетингтің логистикалық мәселелерін шешетін фермерлер бірлестігі бар. Жоғары табыстар жастарды ауыл шаруашылығы мамандықтарын игеруге ынталандырады. Шағын бизнес халықтың барлық негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Шағын бизнесті дамыту үшін жергілікті билік органдары қолдау көрсетеді. Жол бойындағы бизнес жақсы дамыған.

Білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерінде барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтар мен мамандардың толық штаты бар. Білім беру мен денсаулық сақтаудың сапасы талап етілетін стандарттарға сәйкес келеді. Мәдениет үйі халықтың барлық топтарын қамтиды, жақсы жабдықталған, жергілікті дәстүрлер мен мәдениетті сақтайды. Барлық әлеуметтік мекемелер интернет желісіне қосылған. Халықтың өмір сапасын жақсарту тұрғындардың басқа жаққа көшуін азайтып, ауылдық округке жас кадрлардың келуіне ықпал етеді.

Округ 96% сапалы сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етілген, көшелер жасыл және көгалдандырылған.



    1. Мақсаттар мен басымдық бағыттар

      1. Экономика және ауылшаруашылығы


Стратегиялық мақсат 1: Алдағы уақыттағы экономиканың өсімге қол жеткізу. Ауылшаруашылығы өндірісін, қайта өңдеу саласын, кіші және орта бизнесті сыртқы инвестиция көздерін тарту және ішкі мүмкіндіктерді толық пайдалану арқылы дамыту.
Стратегиялық мақсат 1 ауылшаруашылығының тиімділігін арттыру, экономиканы әртараптандыру, кіші және орта бизнестің үлес салмағын арттыру, халықтың тұрмыс жағдайын олардың жұмыспен қамтылуы арқылы жақсарту және өңірлік туризмді жолға қою.

Ауылшаруашылығына жүргізілген анализ оның әртараптандырылуы арқылы оның даму мүмкіндігі әлі де болса жоғары екндігі айқындалды. Дегенмен негізгі қажетті өнімдерді (қатаң мал азығы, техника, т.б.) сатып алу мен өндірілген өнімді өткізудің логистикалық жобасының болмауы дамудың тиімділігін төмендетеді.

Кіші және орта бизнестің дамуы қызмет көрсету саласында болмақ. Әкімшілік тарапынан жер учаскесіне қажеттіліктеріне, мемлекет тарапынан берілетін қаржылай қолдауларға, қол жеткізулеріне ықпал ететін болады.

Кіші және орта бизнесті дамытудың негізгі бір бағыты жаңадан бизнес бастаушы кәсіпкерлерді бизнес негізіне оқыту үшін көмек жасайтын болады.

Ауыл экономикасын дамытудың негізгі бір бағыты өңірлік туризмді дамыту. Қазіргі уақытта бұл сала кенже қалып отыр.
Басым бағыт 1.

Ауылшаруашылығының дамуы.

Міндеттер:



  • Инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы ет бағытындағы мал бастарын өсіру.

  • Далашаруашылығы жұмыстарын машина –трактор қорын жаңарту, технологияны сақтау арқылы дамуға қол жеткізу.

  • Малдәрігерлік қауіпсіздік жүйесін дамыту

Басым бағытқа жету индикаторлары:

  • Жаңартылған техникалардың үлес салмағын 8%;

  • Округте өндірілген ет өнімдерінің үлес салмағы;

  • Ет өндірісінің көлемін кемінде 150% өсіру;

  • Округтегі ауылшаруашылығы еңбек өнімділігі өсіміне қол жеткізу;

  • Округтегі өндірілген ауылшаруашылығы өнімінің көлемін 50% арттыру;


Басымдылық бағыты 2.

Кіші кәсіпкерліктің және тұрғындардың іскерлік белсенділігі

Міндеттер:



  • шағын бизнесті дамыту мен кәсіпкерлердің белсенділігін қолдау;

  • түрлі сервистік саланың басымдығын ескере отырып дамыту: техникалық қызмет,тамақтану, сауда;

  • өнімдерді өткізуде қолдау көрсету;

  • жас және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді оқыту;

Басым бағытқа жету индикаторлары:

  • округтік жол байындағы сервистік қызмет көрсетумен қамтылғандардың санын арттыру;

  • шағын және орта бизнес өндірістерінің санын 10-15% өсіру;


Басымдылық бағыты 3.

Өңірлік туризм инфрақұрылымын қалыптастыру;

Міндеттер:



  • өңірлік туризмді қалыптастыру;

  • өңірге туристерді тарту:

Басым бағытқа жету индикаторлары:



  • өңірлік туризмге келушілердің санын өткен жылмен салыстырғанда өсіруге қол жеткізу;

  • ауылдан, ауданнан өңірлік туризмге қатысушылардың санын арттыру;




      1. Әлеуметтік инфрақұрылым мен қызметтер

Стратегиялық мақсат 2. Ауылдық округтің әлеуметтік саласын тұрғындардың негізгі әлеуметтік сұраныстарын ескере отырып дамыту, негізінен білім беру (оқушылардың МАД) саласының жұмысын жандандыру, денсаулық сақтау мекемесінің қолжетімділігі мен көрсетілетін қызметінің жоғары сапалылығымен, жалпы әлеуметтік сала қызметінің сапа көрсеткіштерінің жақсаруымен қамтамасыз етіледі.

Жүргізілген анализ қорытындысы округтегі әлеуметтік саланың негізгі кедергісі тұрмыстық жағдайдың төмендігі мен жұмыс орындарының жетімсіздігі болып табылады.

Осыған байланысты әлеуметтік саланың дамуы тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жақсаруы мен олардың бастамаларын шешуге қолдау көрсету бағытында жүргізіледі.

Білім беру саласында бүінгі заман талабы сұранысына сай стандарттарға жауап беретіндей бағытта дамытуға, материалдық базаның жаңартылуына, жас мамандарды тарту арқылы қол жеткізу. Және осы бағыттағы жобаларды қолдау.

Денсаулықсақтау саласын қолдау материалдық техникалық базасы мен қаржыландыру жақсарту бағытында жүргізілу қажет. Бұл мақсатта мемлекеттік қолдау мен округтің өз қаржысын пайдалану керек.

Мәдени, спорттық және бос уақытты тиімді пайдалану бағытын қолдау материалдық техникалық базасын жақсарту, кадр қажеттілігін төмендету, демеушілер мен меценаттар қорын қалыптастыру арқылы жүзеге асыру.

Әлеуметтік саланы қолдаудың негізгі бағытының бірі халықтың әлсіз топтарын (жастар, әйелдер мен зейнеткерлер) бос уақыттарын тиімді өткізу үшін ұйымдастыруға бағытталатын болады.
Басымдық бағыт 1.

Білім беру саласы жұмыстарын мектеп және мектепалды тәрбие жұмыстарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыру арқылы одан әрі жетілдіру

Міндеттер:



  • Білім беру саласын заманауй талаптарға сай дамыту;

  • Білім беру мекемесінің материалдық техникалық базасын қүшейту;

  • Мамандарды штаттық құрамға сай толық қамту;

  • Сапалы білім беру қолжетімділігін арттыру;

Басым бағытқа жету индикаторлары:



  • Білім беру шарттарымен қанағаттану 50 % жоғары;

  • Білім сапасының сақталуы мен бәсекеге қабілетті түлектерді көбейту;


Басымдық бағыт 2.

Тұрғындардың денсаулығын сақтау, жақсарту және салауатты өмір салтын ұстануға жағдай туғызу

Міндеттер:



  • Тұрғындарды кепілдендірілген сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету;

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

  • Сыртқы ортаның жағымсыз фаторларының әсер ету қатерін төмендету;

  • Медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеру;

  • Амбулаториялық жағдайда тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту;

  • Алдын алу шараларын өткізу;

  • Міндетті медициналық сақтандыруды ұйымдастыру;

Басым бағытқа жету индикаторлары:



  • Мақсатты топтағылардың аурушаңдығын жылына 5% -ға төмендету және емханаға жатқызу көрсеткішін өткен жылмен салыстырғанда азайту;

  • Өткен жылмен салыстырғанды өлім жағдайын азайту және аурушаңдық 10% азайту;

  • Тұрғындардың кардиографқа деген сұранысын 100% қанағаттандыру;


Басымдық бағыт 3.

Мәдениет пен спортты дамыту;

Міндеттер:



  • Тұрғындарды мәдениет қызметтерімен толық қамту және бос уақыттарын тиімді өткізу үшін жағдай туғызу;

  • Кітапхана қызметін жетілдіру;

  • Тұрғындарды тарихи-өлкетану мәліметтерімен қамтамасыз ету;

  • Денсаулық пен спортты дамыту үшін жағдай жасау;

  • Жастармен жұмыс жүргізудің әдіс тәсілдерін жетілдіру, олардың адамгершілік, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын қалыптастыру;

Басым бағытқа жету индикаторлары:



  • Мәдениет саласының материалдық техникалық базасын 30% - ға жаңарту;

  • Кітапхана қорын 20 % -ға жаңарту;

  • Тұрғындардың мәдени іс-шаралармен қамтылу санын өткен жылмен салыстырғанда арттыру;


Басымдық бағыт 4.

Әлеуметтік қызмет саласын дамыту

Міндеттер:



  • Әлсіз топтарға бос уақытты тиімді өткізу қызметтерін ұйымдастыру арқылы басымдық жақтарын пайдалана отырып, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру;

Басым бағытқа жету индикаторлары:



  • Зейнеткерлер, әйелдер мен жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу қызметтерімен 60 % қамту;


      1. Инженерлік-көліктік инфрақұрылым

Стратегиялық мақсат 2. Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін және коммерциялық іс-әрекеттермен айналысуы үшін жағдай туғызу;

Көліктік-инженерлік құрылымдардың бүгінгі жағдайы қанағаттанғысыз жағдайда. Шағын бизнестің дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруына кедергі келтіретін құрылымдық кедергілер баршылық.

3-і стратегиялық мақсат инженерлік құрылым объектілерін кешенді дамыту арқылы, орталықтандырылған су жүйесіне қолжетімділік, қоқыстарды жинауды жетілдіру, өңірлік туристік құрылымдарды ұйымдастыру, ауылды көріктендіру, көлік жолдарын қайта жөндеу негізінде іске асырылмақ. Бұл жұмыстар кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтары жетекшілерінің, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің, белсенді топтар мен мүдделі жақтардың қатысуымен атқарылатын болады.

Әкімдік мемлекеттік қолдау әрекеттерін қолдана отырып және өз қаражаты есебінен жағдай туғызатын болады.

Көше жолдары, көше жарығы, жоғарғы жылдамдықтаға оптикалық байланыс жүйесін тарту және өңірлік туристік құрылым жобалары басымдыққа ие болады.


  1. Басым бағыт.

Халықты сапалы сумен қамтамасыз ету қызметімен қамту.

Міндеттер:



  • Су жүйесін жөндеу және жетілдіру;

  • Пайдаланылған суды заласыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру;

Басым бағытқа жету индикаторлары:



  • Өткен жылмен салыстырғандағы авариялық жағдайды азайтып, қызмет сапасын көтеру;

  • Экологиялық және жұқпалы инфектция қатерін төмендету;


2-Басым бағыт.

Көлік инфрақұрылымын қолдау және дамыту

Міндеттер:

• ішкі жолдарды жөндеу;

• тасымалдаушылар үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасау.


2-басымдыққа қол жеткізу индикаторлары:

• жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін арттыру;



3-Басым бағыт.

Тұрғындарды қолжетімді байланыс қызметімен қамтамасыз ету.

Міндеттер:



  • Телефон байланысын жетілдіру;

  • Кең жолақты интернет желісін енгізу;

  • Тұрғындарды цифрлық сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру;

3-Басым бағытқа жету индикаторлары:



  • Интернетті пайдаланушылар санын арттыру;


4-Басым бағыт.

ҚТҚ мен қоқысты жинау саласын жетілдіру

Міндеттер:



  • ҚТҚ утилизациялауда ҚТҚ полигонын тиімді пайдалану

4-Басым бағытқа жету индикаторлары:



  • Округтегі экологиялық жағдайды жақсарту;

  • ҚТҚ өтелден өткізілген мөлшері;


5-Басым бағыт.

Ауылдық округті көркейту

Міндеттер:



  • Көркейту нысандарын құру, жабдықтау, жөндеу жұмыстарын іске асыру;

  • Тұрғындардың үйлерінің айналасының тазалығына жеген жауапкершіліктерін арттыру;

  • Көше атауы мен үйдің нөмірін орнату;

  • Территорияны көгалдандыру;

  • Ауылдағы көше жарығын 100% жабдықтау;

  • Ауыл тазалығы айлығы кезінде сенбіліктер мен тазалық акцияларын өткізу;

5-Басым бағытқа жету индикаторлары:



  • Көше жарығымен қамтылған көшелердің үлес салмағы;

  • Көгалдандырылған көшелердің үлес салмағы;

6-Басым бағыт.

Экология мен өңірлік туризм

Міндеттер:



  • Тұрғындармен экологиялық мәдениет, қуат көздері мен ресурстарды, су пайдалануды үнемдеу деңгейін өсіру бағытында жұмыстар жүргізу;

7-Басым бағытқа жету индикаторлары:



  • Қоқыстар үйіндісінің көрінген бағытта пайда болуына жол бермеу.


Іс-шара жоспары.

1-стратегиялық мақсат. Көкбай ауылдық округінің ауылшаруашылық мекемелерін, қайта өңдеу саласын, орта және шағын бизнесті сыртқы инвестициялық және ішкі мүмкіндіктерді пайдалану арқылы жалпы экономиканы көтеруге жетісу.




ІС-ШАРА

Іске асыру мерзімі

Қаржыландыру көзі

Жауапты

Өнім индикаторы

Қорытынды индикатор

Жаңа жұмыс орны саны

Басымдық бағыт 1. Ауылшаруашылығын дамыту

1

80 басқа арналған аткорм алаңын салу

2018-2020

1. «Абай Агро» бағдарламасы
2. «Агробизнес-2020» бағдарламасының 2-бағыты аясында
3. «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылымды дамыту (басымдық 4. индустрияландыру, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және баламалы энергия көздері бойынша ірі аймақтық жобалар инфрақұрылымын дамыту)

Көкбай а/о әкімдігі

Абай аудандық әкімдігі

Жеке инвестиция-лар


Откорм алаңындағы мал басының саны



Округтегі ет өндіру көлемінің 20% өсуі

3

2

Ет өндіру бағытындағы асыл тұқымды малдарды сатып алу

2018-2020

1. «Абай Агро» бағдарламасы (бағыт 1. Етті жас малдар тұқымын алу үшін МІҚ аналық бастары мен асыл тұқымды бұқаларды сатып алу) 2. «Агробизнес-2020» бағдарламасының 2-бағыты шеңберінде (агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қолжетімділігін арттыру) - 4.2.4.2. Асыл тұқымды өнімнің экономикалық қолжетімділігін арттыру
3. «Нұрлы жол» бағдарламасы (5.11 шеңберінде, агроөнеркәсіптік кешенді қосымша қолдау)

Көкбай а/о әкімдігі

Абай аудандық әкімдігі


Жеке инвестициялар




Асыл тұқымды ауылшаруашылық мал бастарының саны

Округтегі мал басы сапасын 30 % арттыру




3

Ауылшаруашылығы техникалары мен машиналар

2018-2020

Казагроқаржы АҚ : Бағыт-ауылшаруашылық техникасы мен арнайы машиналардың қаржылық лизингі

Арнайы құрастыруды қажет етпейтін ауылшаруашылық техникалары мен арнайы машиналар лизингі

Арнайы құрастыруды қажет ететін техника мен құрал жабдықтар лизингі

Арнайы құрастыруды қажет етпейтін құрал жабдықтар лизингі

Бұрын жұмыс істеген техникалар лизингі

«Экспрес лизинг» бағдарламасы лизингі



Көкбай а/о әкімдігі

Абай аудандық әкімдігі


Жеке инвестициялар


Жаңартылған техникалардың жалпы саны


Жаңартылған техникалардың округ бойынша үлес салмағы




Басым бағыт 2. Аудандағы шағын және орта бизнестің өндірісін ұлғайту арқылы шағын және орта бизнестің одан әрі дамуы

1

Жол бойындағы қызметті дамыту - кафелерді, сервистік станцияларды және т.б. ұйымдастыру.

2018-2020

«Жол картасы 2020» біріңғай кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау, кәсіпкерлердің тың бастамаларын қолдау. Кіші және орта кәсіпкерлікті «Даму қоры арқылы қаржыландыру»

Көкбай а/о әкімдігі.

Абай аудандық әкімдігі

Жеке инвестициялар


1 кафе, 1 СТО құрылысы

Қызмет көрсетілген клиенттер саны

5

2

Сұлулық салонын ұйымдастыру

2018-2020

«Жол картасы 2020» біріңғай кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау, кәсіпкерлер-дің тың бастамаларын қолдау. Кіші және орта кәсіпкерлікті «Даму қоры арқылы қар-жыландыру»

Көкбай а/о әкімдігі.

Абай аудандық әкімдігі



Жеке инвестициялар

Сұлулық салонында қызмет көрсетілген келушілер саны

Ауылдық округ тұрғындарының қанағаттануы




3

Шаруа қожалықтардың қыстақтарына электр желісін тарту

2017-2019

«Жол картасы 2020» біріңғай кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау

«Спец монтаж проект»












Стратегиялық мақсат 2.



ІС-ШАРА

Іске асыру мерзімі

Қаржыландыру көзі

Жауапты

Өнім индикаторы

Қорытынды индикатор

Жаңа жұмыс орны саны

Басымдық бағыт 2. Ауылдық округте денсаулық сақтаудың сапасын арттыру

1

Дәрігерлік амбулаторияны үздік медициналық мамандармен қамтамасыз ету

2018

«Дипломмен ауылға»

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы

2 медициналық маман тартылды

Білікті мамандармен қамтамасыз етілу 100%

2

Басымдық бағыт 3. Ауылдық округте мәдениет, спорт және туризмді дамыту

1

Мектептерді спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету

2017-2020

Аудандық бюджет

Абай аудандық білім бөлімі

Спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілген мектептер мен спорттық орталықтар саны

Ауыл тұрғындарының қосымша спорттық секцияларға баруы 20 % артуы

1

2

Мәдениет үйінің шатырын ағымдағы жөндеу

2017-2020

Аудандық бюджет
Демеушілік

Абай аудандық әкімшілігі

Көкбай ауылдық мәдениет үйіне жаңа құрылғылар сатып алынған

Ауылдық округтегі мәдениет саласының MTБ-сын 25% -ға жақсарту





Стратегиялық мақсат 3.



ІС-ШАРА

Іске асыру мерзімі

Қаржыландыру көзі

Жауапты

Өнім индикаторы

Қорытынды индикатор

Жаңа жұмыс орны саны

Басымдық бағыт 2. Орталықтандырылған қоқыс жинау жүйесіне құру, халықты қоқыс жинау жүйесімен 50% -ға дейін қамту, қатты қалдықтарды сақтау және көму үшін инфрақұрылым салу

1

Тұрғындар арасында өз көшелерін таза ұстау мәдениеті бойынша жарыстар ұйымдастыру

2018-2020

Көкбай ауылдық округінің әкімдігі

Жоспарлау комитеті

Белсенді тұрғындар


Өткізілген жарыстар саны

Ауылдық округте көшелерді таза ұстау үшін жарыстарға қатысқан адамдардың саны

Тұрғындар арасында өз көшелерін таза ұстау мәдениеті бойынша жарыстар ұйымдастыру




Басымдық бағыт 3. Халықтың кеңжолақты интернетке және ұялы байланысқа қолжетімділігін 80%-ға дейін жеткізу

1

Тарату желілерін жаңарту және оптикалық талшыққа көшу

2019-2020

«Қазақтелеком» АҚ, Шығыс Қазақстан облысының ОТД

Шығыс Қазақстан облысының ОТД

Жаңартылған тарату желілері мен оптикалық талшықтардың ұзындығы

Ауылдық округтің тарату желісіндегі оптикалық талшықтың үлесі




Басымдық бағыт 6. Ауылдық округті көркейту

1

Ауылдық округтегі елді мекендерде көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру

2018

Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы

4 бағыт. Ауылдық елді мекендерді дамыту, соның ішінде ауылдық елді мекендерді қолдау (СҚО негізгі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту)



Көкбай ауылдық округінің әкімдігі
Абай ауданы әкімдігі

«Коммуналдық» ҚҚК



Ауылдық округте жарықтандырылған көшелер саны

Ауылдық жерлерде жарықтандырылған көшелердің үлесі




2

Ауылдық округтегі елді мекендерді көгалдандыру

2018-2020

Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы

4 бағыт. Ауылдық елді мекендерді дамыту, соның ішінде ауылдық елді мекендерді қолдау (СҚО негізгі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту)



Көкбай ауылдық округінің әкімдігі
Абай ауданы әкімдігі
«Коммуналдық» ҚҚК

Көгалданған көшелер саны

Ауылдық округте көгалдандырылған көшелердің үлесі




3

Саябақтарды, басқа да қоғамдық орындарды көркейту бойынша жұмыстарды жалғастыру

2018-2020

Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы

4 бағыт. Ауылдық елді мекендерді дамыту, соның ішінде ауылдық елді мекендерді қолдау (СҚО негізгі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту)



Көкбай ауылдық округінің әкімдігі
Абай ауданы әкімдігі
«Коммуналдық» ҚҚК

Көркейтілген саябақтар мен қоғамдық орындардың саны

Ауылдық округ тұрғындарының жаңа саябақтар мен қоғамдық орындардан қанағаттану деңгейі




4

Ауылдық елді мекендердің көшелерін орташа жөндеуден өткізу

2018-2020

Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы

4 бағыт. Ауылдық елді мекендерді дамыту, соның ішінде ауылдық елді мекендерді қолдау (СҚО негізгі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту)



Көкбай ауылдық округінің әкімдігі

Абай ауданы әкімдігі



Округтегі жөндеуден өткен көшелердің ұзындығы

Ауылдық округ көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық жағдайының үлесі




5

Тұрғындар арасында ауылдық округті көркейтуге бағытталған жарыстар өткізу (мысалы, «Үздік аула» конкурсы)

2018




Көкбай ауылдық округінің әкімдігі

Жоспарлау комитеті


Белсенді тұрғындар

Жарыстар саны

Ауылдық округтегі ауылды көркейтуге бағытталған жарыстарға қатысқан адамдардың саны





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет