ШқО, Абай ауданы, Саржал ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары Кіріспе. Саржал ауылдық округі 1949 жылы «Жарлықамас»



жүктеу 478.61 Kb.
бет1/3
Дата09.05.2019
өлшемі478.61 Kb.
  1   2   3

ШҚО, Абай ауданы, Саржал ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған

кешенді даму жоспары






1.Кіріспе.

Саржал ауылдық округі 1949 жылы «Жарлықамас», «Қызыладыр», «Сарыөзек», «Э.Тельман атындағы » төрт колхозды ірілендіріліп, «Тельман атындағы» колхоз болып, ал 1963 жылы Тельман атындағы кеңшар болып қайта құрылды. Ауылдық округ орталығы Саржал елді мекені. Жалпы округ тұрғындарының саны 1977 адам , оның ішінде 850 адам еңбекке жарамды адамдар. Саржал ауылдық округі бойынша «Ш.Тоқжігітов атындағы Саржал орта мектебі», 1 мектеп жанындағы шағын орталық орналасқан. Сонымен қатар Саржал ауылдық дәрігерлік амбулатория мекемесі, 50 балаға арналған мемлекеттік –жекеменшіктік әріптестік негізіндегі «Толғанай» балабақшасы, жаңа типтегі 150 адамға арналған мәдениет үйі, бір кітапхана, 74 шаруа қожалығы, 13 дүкен, 1 наубайхана, 1 ЖЖМҚС, 2 шағын дәмхана, 1 қоғамдық монша, 1 дөңгелек жөндеу цехы, «Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері» аллеясы, 1 хоккей корты, 1 шағын футбол алаңы, 1 мал сою пункті бар.

Саржал ауылдық округі бойынша жұмыс жасайтын шаруа қожалықтарының негізгі ауылшаруашылық бағыты – мал шаруашылығы болып табылады.

2. Талдау

2.1 Ауылдық округтің экономикасы мен ауыл шаруашылығы

Ауылдық округ экономикасының негізгі мамандандырылған бағыты ауылшаруашылығы саласы болып табылады. Осы салада 74 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 265285 га жерді құрайды. Ал ауылшаруашылық жері 172751 га , оның ішінде шабындық – 579 га , жайылымдық жер – 172172 га. Ауылшаруашылығының ет өнімін өндіру жақсы жолға қойылған. Ал сүт өнімі тек қана етті бағыттағы мүйізді ірі қара малдарының төлдерін жетілдіруге пайдаланылады. Бұл үрдіс шаруа қожалықтарында да кейбір жеке аулаларда да осы жолға қойылған.

Жылына ауылдық округ бойынша 27214 центнер ет, 40044 центнер сүт өндіріледі. Негізінен ет және сүт өнімдерін өндірудегі негізгі кедергі келтіріп отырған жағдай ол өнімдердің бағаларының төмендігі, жем шөптің тасымалдылығы, яғни қымбатшылығы, өнімді өткізу нарығының қолжетімсіздігі. Ауылдық округ бойынша жылына 20 мың тоннадай қатаң мал азығы дайындалғанмен жергілікті жерде жемдік дақылдар дайындалмайды. Тартылған жем, құрама жемдер және кебектің өзі қаладан қымбат бағаға делдалдар арқылы тасымалданады.

Мал шаруашылығы бойынша тағы бір сала жылқы малын өсіріліп, қымыз өндірісі жолға қойылған. Қожалықтар мен жеке аулалар да бұл іспен айналысады. Бұл салада да өнімді өткізу жағы реттелмеген. Әркім әр түрлі жолмен өнімдерін өткізуде.

Саржал ауылдық округі бойынша 18 жеке кәсіпкер тіркелген. Оның 13 сауда дүкендері. Барлығы да халықты күнделікті қажет тауарлармен қамтамасыз етеді. Барлық дүкендерде де азық түлік , халық тұтынатын тауарлардың түрлері жеткілікті. Сол сияқты екі наубайхана жұмыс жасап тұр.

Мемлекетіміздің малшаруашылығын дамытуға деген қолдауы соңғы жылдары жүйелі түрде жолға қойылған. Соның бір дәлелі - шаруа қожалықтарына жеңілдетілген несие түрлерін ұсынуы, мысалға «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы «Алтын асық», «Сыбаға», «Құлан», Бизнестің жол картасы 2020, Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша жеңілдетілген несие түрлерін пайдалану мүмкіндігін беруі. Бұл пайдаланып отырған жеңілдетілген несиелердің ерекшелігі де сонда алған несиені 3-тен 10 жылға дейінгі мерзімде төменгі несиелік пайызбен қайтаруға болады. Үстіміздегі жылы «Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары бойынша жылқы мен мүйізді ірі қара малдарын өсіру үшін несие алуға қазығушылық танытып, ниеттеніп отырған тағы да 3 шаруашылық бар. Соның арқасында шаруашылықтар мал бастарын өсіріп, оны дамытуға қол жеткізуде.

Мемлекет тарапынан берілетін субсидияларды игеруге де жақсы қол жеткізуде. Мысалы, 2012 жылы ауыл бойынша 35 млн.636 мың теңге субсидияны игеруге қол жеткізілсе, бұл көрсеткіш 2013 жылы 52 млн. 416 мың теңгені құрады, 2014 жылы бұл көрсеткіш 70 млн. 677 мың теңгені құрады. 2016 жылы 132 млн. 612 мың теңге болса. Ал, 2017 жылы субсидия берудің жаңа заңы шығып, 68 млн. 341 теңге алынды.

Саржал ауылдық округі малшаруашылығымен айналысуға өзінің табиғи жағдайының қолайлылығымен ерекшеленеді. Оның үстіне мал басы жыл он екі ай жайылыммен шығады. Тек қана қысқы айларда қосымша жем шөп қоры берілуі керек.

Саржал ауылдық округінің экономикалық дамуына кедергі туғызатын негізгі факторлар олар:


  1. Ет және сүт өнімдерін өндірудегі төменгі рентабельділік, яғни ет және сүт өнімдерінің сатып алу бағаларының арзандылығы, өнімді өткізу нарығының қолжетімсіздігі.

  2. Ауылшаруашылығы мамандарының еңбекақысының төменділігі, тұрғын үй жайсыздығы, жалпы өмір сүру жағдайының төменділігі, сол себепті маман тапшылығы.

  3. Шаруа қожалықтары бірлестігінің жоқтығы олардың нарыққа бірлесіп шығуларына кедергісін тигізуде. Негізінен шаруа қожалықтарының өздерінің бірігуге деген құлшыныстарының жоқтығы, бұл жұмысты мемлекет атқару керек деген пиғылдарының басымдылығы, шаруашылықтардың бір біріне деген сенімдерінің өзі жоқ десе де болады.

  4. Ауылшаруашылық товар өндірушілерінің өнімді өткізудің тиімді бағыттары туралы мәліметтің аздығы, өнімді өткізуге деген қолдаудың жоқтығы.

  5. Мал азығын, асыл тұқымды мал бастарын сатып алуды ұйымдастыру туралы мәліметтердің жетімсіздігі.

  6. Мал өнімдерін сақтайтын орындар мен тоңазытқыштардың жоқтығы.

  7. Жол қатынасының ауырлығы.

Ауылдық округ экономикасының даму перспективасы:

  1. Сүт өнімін өндіруді ұйымдастыру, өткізу жолдарын табу арқылы сүт өнімін өндіруді кеңейту.

  2. Ет өнімін қайта өңдеу арқылы оның рентабельділігін көтеру.

  3. Ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің бірлестігін құру.

  4. Көмір тасу жолдарының бойында орналасқандықтан, жол бойы сервистік қызмет көрсетуді дұрыс жолға қою

  5. Аудандық жұмыспен қамту орталығы, мектептің жоғарғы сынып оқушыларын, ауыл жастарын ауылшаруашылық жұмыстарына тарту.

  6. Өңірлік туризм саласын қолға алу.

SWOT- талдау




Басымдық жақтары

Әлсіз жақтары

Ауылдық округте сапалы ауылшаруашылық өнімі өндіріледі.

Округте табиғи жағдайдың қолайлылығы (Табиғи жайылым молдығы)



Өнімді өткізу жолдары тапшы
Малшаруашылығы мамандарының жетіспеушілігі

Негізгі бағыттың малшаруашылығы өнімдерін өндіруі

Малшаруашылығы өнімдерін өткізу құрал жабдықтар алудың дұрыс жолға қойылмағандығы

Экологиялық таза табиғи өнім

Жартылай шөлді шөлейтті аймақ

Өңірлік туристік бизнесті дамыту

Малшаруашылығы өнімдерінің шығындылығы

Малшаруашылығының барлық түрлерімен айналысудың ыңғайлылығы

Өнімді өткізумен шұғылданатын ауылшаруашылығы тауар өндірушілері бірлестігінің жоқтығы.




Кіші және орта бизнес әлсіз, қызмет көрсету саласы дамымаған.

Мүмкіндіктер

Қатерлер

Мал өнімдерін өткізуде ірі жобаларды іске асыру үшін шаруа қожалықтары бірлестіктерін құру

Ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемінің төмендеуі.

Ауылшаруашылығы техникаларымен жабдықтауды мемлекеттік қолдау жобалары арқылы іске асыру

Өңірлік туризм инфраструктурасын дамытуға қаржы жетімсіздігі.

Ауылшаруашылығын қолдаудың мемлекеттік жобаларының барлығы

Ауылшаруашылығы мамандарының тапшылығы

Өңірлік туристік бизнестің дамуы






2.2 Әлеуметтік инфрақұрылымы мен қызмет көрсету.
Саржал ауылдық округі әлеуметтік инфроқұрылымы қанағаттанарлық жағдайда. Әлеуметтік – тұрмыстық және әлеуметтік – мәдени инфрақұрылымы барлық ауылдық округтермен қатарлас қанағаттанарлық деңгейде. Округте жиыны 1977 адам тұрады
Білім беру

Саржал ауылдық округі бойынша жаңа типтегі «Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» бар. Ондағы оқушылар саны 355 баланы , мұғалімдер саны 48 адамды құрайды. Арнайы балаларды тамақтандыратын орын бар. Жазғы демалыс уақыттарында денсаулық және еңбек лагерлері ұйымдастырылады.

Мектеп жанында мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс жасайды. Ондағы балалар саны 61. Мұғалімдерден жетіспеушілік жағы жоқ.

Ауылда мұның сыртында «Толғанай» атты жеке меншік мен мемлекеттік әріптестікке негізделген 50 балаға арналған балабақша жұмыс жасайды.

Бұл салада негізгі кемшілік жоғарғы жылдамдықтағы интернет желісінің, робототехника кабинетінің жоқтығы.

Денсаулық сақтау

Ауылдық округте Саржал ауылдық дәрігерлік амбулаториясы жұмыс жасайды. Онда 6 медицина қызметкерлері қызмет көрсетеді. Амбулатория ішінде арнайы фельдшерлік акушерлік бөлмесі бар. Сонымен қатар 2 күндізгі емделу төсектері бар.

Медициналық қызметтердің басқа түрлерін 100 шақырым жердегі аудандық емхана мен 150 шақырым жердегі Семей қаласының денсаулықсақтау мекемелерінде алады.

Медициналық құрал жабдықтар модернизациялауды қажет етеді. Арнайы кардиограф маманы жоқ.
Спорт, мәдениет, бос уақытты тиімді өткізу.

Ауылдық округ спорттық инфрақұрылымдары негізінен орта мектеп спорттық құрылымдарымен қарастырылған. Оған ауыл жастарының толық қамтылу жағы қарастырылған. Мектепте жаңа типтегі спортзал, ауладағы спорттық алаң бар. Оның сыртында типтік үлгідегі шағын футбол алаңы мен хоккей корты бар. Ауылда Қарауыл және Семей қаласының спорт мектептерінен 4 жаттықтырушы жұмыс жасайды.

Спорттық үйірмелерге қатысушылардың көптігі спортзалдың тарлығын туындатуда . Бұл бағытта жаңа спортзал салуға демеушілер мен инвесторлар қарастырылуда.

Ауыл орталығында жаңа типтегі мәдениет үйі бар. 11 адам жұмыс жасайды. Онда қосымша саз мектебінің филиалы да орналасқан. Мәдениет үйінің жанында тұрғындардың шығармашылық топтары, халық театры, ардагерлер ансамблі де бар. Билярд столы, шахмат-дойбы бөлмесі, кітапханасының арнайы оқу залы да бар.

«Ұлы отан соғысы ардагерлері мен еңбек ардагерлері аллеясы» бар. Балаларға арналған ойын алаңы да бар. Осындай бір ойын алаңын екінші жерден қою да жоспарда бар. Бұрын тонауға түскен «Ертөстік» демалыс паркін қайта қалыпқа келтіру барысында демеушілер мен инвесторлар қарастырылуда. Бүгінгі күні оның өсіп тұрған ағаштары ғана қалған.

Осы коллективтің түрлі конкурстық жарыстар мен көрші ауылдарға концерттік жобаларымен шығып тұруларына бір автобус, тіпті болмағанда микроавтобус қажет ақ.

Тұрғындардың бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін мәдениет үйінің, демалыс орындарының мүмкіндіктерін әлі де болса толық пайдалану мүмкіндіктері бар.
Әлеуметтік қызметтер мен қамтылулар

Округтегі тұрғын үйлердің басым бөлігі саман кірпіштен тұрғызылған қарапайым ауыл үйлері. Округтегі тұрғын үйлердің барлығы дерлік таза су бағдарламасымен қамтылған. Ауылдағы 370 үйдің 233 үйіне таза су кіріп тұр. Бұл үрдіс әлі де жалғасын тауып жатыр.

Атом полигонының мүгедегіне, көктемгі су тасқынынан жардап шеккен 2 жанұяға, 1 тұрмысы төмен жанұяға мемлекеттің қолдауымен тұрғын үйлер сатып әперілді. Округте малшаруашылығы мамандарының тапшылығы бар. Сала мамандарының еңбек ақылары да төмен, 40-50 мыңның төңірегінде.

Округтегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті ауылдық учаскелік полиция қызметкері қамтамасыз етеді.

Ауылдық округ әкімдігі негізінен 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді, ол «Қосалқы шаруашылығы бар жоғы туралы анықтама беру». «Елді мекен шегінен жер телімін беру туралы», мемлекет қарамағындағы жерлерден конкурстар мен аукциондарды қажет етпейтін жер телімін беру үшін және «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» үшін құжаттар жинайды. Негізгі мемлекеттік қызметтердің түрлері аудан орталығындағы ХҚКО арқылы, оның ауылға келіп қызмет көрсететін қызметкерлері арқылы да көрсетіледі. 2017 жылы 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 85 отбасына 248 балаға 5 млн. 533 мың теңге тағайындалып, төленді. 2 адам жұмыссыздар есебінде тіркелді.

Әлеуметтік саладағы қиындық туғызатын негізгі жағдайлар:



  1. Жұмысқа тұру, қанағаттанарлық дәрежедегі еңбек ақы алу қиындығы жастарды ауылдық жерде жұмыс жасауларына қызықтырмайды.

  2. Мәдени спорттық саладағы материалдық техникалық базасын жаңарту.

  3. Жастардың жұмыс орнын қаладан, сыртқы жақтардан іздеуі әлеуметтік саланың жағдайын төмендетеді.

  4. Бос уақыттарын тиімді өткізу толыққанды дұрыс жолға қойылмаған.

  5. Шаруа қожалықтарында жұмыс орындарына сұраныс бар болғанмен жұмысшы күшінің келмеуі.

  6. Төменгі деңгейдегі еңбек ақы.

Әлеуметтік сала инфрақұрылымының даму перспективасы:



  1. Мәдени спорт саласының материалдық техникалық жағдайын жақсарту.

  2. Өңірлік табиғи географиялық жағдайды есепке ала отырып бос уақытты тиімді пайдалану саласын дамыту.

  3. Әлеуметтік тұрмыстық жағдайды жақсарта отырып, жакстарды ауылға жұмысқа тарту.

  4. Кардиограф маманын алдыру.

SWOT – талдау

Басымдық жақтары

Әлсіз жақтары

Білім беру

Жоғарғы санатты кадрлардың жеткіліктілігі

Жастар жағының жұмыс іздеп қалаға кету жағдайы

Оқушылар санының жеткіліктілігі

Жаңа материалдық техникалық базаның жеткіліксіздігі

Жоғары дәрежеде білім беру, білім сапалылығы

Зейнеткерлікке шығатын мұғалімдердің орнын басатын жас кадрлардың жеткіліксіздігі

Қолжетімді тамақтану орыны

Интернет желісінің жоқтығы

Балаларды, ұстаздарды тасымалдау автокөлігінің барлығы

Шағын автобустың жөндеуден өтпеуі, жағдайының нашарлығы

Мектептің өз ғимаратының болуы

Асхананың арендада болуы оның тамағының бағасына әсер етпейді

Қосымша тегін білім берудің ұйымдастырылуы




Денсауықсақтау

Дәрігерлік амбулаторияның барлығы

Кардиограф жабдығы мен маманының жоқтығы




Дәрі дәрмектің жетімсіздігі




Қаржыландырудың жетімсіздігі

Мәдениет пен бос уақытты тиімді пайдалану

Кітапхана қорының молдығы

Шығармашыл кадрлардың жетіспеушілігі

Кітапхананың ақпарат орталығы болуы

Демеушілік колдаудың жоқтығы

Шығармашылық топтардың болуы

Жаңа кітап қорының аздығы

Ауылдық типтік мәдениет үйінің болуы

Мәдениет үйінің жеке шағын автобусының болмауы




Өлкетану, басқа да музейдің болмауы

Спортзалдың баршаға қолжетімдлілігі




Волейбол, кіші футбол, хоккей командаларының болуы




Мәдениет үйіндегі демалыс уақыттарын тиімді өткізу орындарының баршаға қолжетімділігі




Әлеуметтік қызметтер

Сапалы әлеуметтік қызметтердің баршаға қолжетімділігі

Қыздар мен әйелдердің бос уақыттарын тиімді өткізетін орындардың болмауы

Кадрлармен толық қамтылуы




Мүмкіндіктер

Қатерлер

Әлеуметтік мекемелер инфрақұрылымдарын мемлекеттік қолдау аясында жетілдіру мүмкіндігі

Әлеуметтік инфрақұрылымдарды мемлекет тарапынан қаржыландыруды қысқарту




Жастардың ауылға тұрақтамау себебіне байланысты қадр тапшылығының туындауы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет