«Шоќ ж±лдыздар» атты



жүктеу 69.98 Kb.
Дата06.07.2018
өлшемі69.98 Kb.

«Шоқ жұлдыздар»

Мақсаты:1.Оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету,толықтыру.

2.Оқушылардың өз бетімен ,топпен жұмыс істеу бірлігін және ойлау қабілетін дамыту.

3.Өзін-өзі басқаруға жетелеу.

Түрі: Интеллектуалды ойын

Көрнекілігі: проектор, ғалымдар сөздері,плакат.
Жоспары:
1.Шараға қатысатын оқушыларды және әділқазылар алқасын таныстыру

2.«Бәйге» бөлімі

3.«Жеті жұмбақ» бөлімі

4.«Полиглот»бөлімі

5.«Жорға» бөлімі

6.Қорытынды

Барысы:
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар,шақырылған қонақтар! «Шоқ жұлдыздар» атты математикалық сайысымызға қош келдіңіздер.Сөз кезегін жүргізушілерге береміз.

1-жүргізуші:

Ғылымдардың патшасы атанғансын,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен, қаталдансын.

«Ақыл –ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән –математика атанғансын!-деи келе ортаға «Шоқ жұлдыздар» ойынына қарысушыларды шақырамыз.
2-жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірік шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын 1 – бөлімін бастаймыз. Әр жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1-жүргізуші:

1- сұрақ: Геометрия сөзі грек тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді? ( Жер өлшеу )

2- сұрақ: Алгебра сөзі кандай сөзден шыққан? («Әл жәбр» деген сөзден шыққан )

3- сұрақ: Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? ( Әл – Фараби )

4- сұрақ: Статистикалық сипаттамалардың ең қарапайым түрлерін ата? ( Арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода, медиана).

5- сұрақ: Түмен қай елдің сөзі және қандай санды көрсетеді? (Түрік сөзі , 10000).

6- сұрақ: Дұрыс көпбұрыштың анықтамасын бер. ( Барлық бұрыштары және барлық қабырғалары тең дөңес көпбұрыш).

7- сұрақ: Самарқандта үлкен обсерватория салған, «Білім алу - әрбір мұсылманның басты парызы » дегенді айтқан кім ? (Ұлықбек).

8- сұрақ: Аспанда 6 құс ұшып барады, аңшы екеуін атып алды. Неше құс қалды? ( 2 құс қалды, қалғандары ұшып кетті).

9- сұрақ : 50-ді 2-ге бөліп, 3-ті қосқанда нәтижесі қандай болады? (28)

10- сұрақ: Мектепте оқытатын «Геометрия» пәнінің негізін салушы кім ? (Евклид).
2-жүргізуші:

Табиғаттың тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында күннің өзі жеті бөлікке бөлінген. Таң сәрі, сәске (кіші сәске,ұлы сәске) түсі, бесін (кіші бесін,ұлы бесін), қызыл іңір.Аптада жеті күн бар.Бір ғажабы бұл атаулар өзгермейтін өлшем бірліктер. Қазақ халқында 7 саны киелі болып саналады. Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы 7-ші күні жасалады. Білімділер кісіні «жеті жұрттың тілін біледі» дейді. Көкті жеті қабат, жерді жеті қат дейді. Тіпті, «жұт жеті ағайынды» деген сөздің өзі де тұрмыстық жағдайдан келіп туындайтын байланыс.
1-жүргізуші:
Тәуке ханның «Жеті жарғысы» мен «Жеті қазына» деген атаулардағы жетілік санның тектен–тек тумағандығы айқын. Басқа-басқа, қауіп-қатерден аман қалған адам үшін жеті шелпек пісіріліп жатуы да немесе садақаға 7 түрлі нәрсе таратылуы да наным-түсініктен ғана тумаған құбылыс екен. «Жетіге келгенше, жерден таяқ жейтін» нәрестеге өсе келе «қазақтың жеті атасын білмеген - жетесіз» деген даналық тұжырым жасауы ұрпақ көшінің үзілмеуін тілеген ізгі ниеттен шыққан.

«Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін

Есеп – қисап, сан цифр термек үшін

Көрсетіп есептеудің жолын қалай,

Келдім оларды айтып бермек үшін »- деп ойынымыздың «Жеті жұмбақ» деп аталатын 2- бөлімін бастаймыз. Осы бөлімнен кейін ұпайы төмен бір оқушы ойыннан шығады.

2-жүргізуші:
Тақтада жеті сұрақ ілулі тұр. 1-ші оқушыда таңдау. Сыртында ұпай жазылған. Әр оқушы кезек-кезек таңдап жетеуін де шешеді. Әр есепке бір минут беріледі. Болған соң жауабын көрсетеді.


1-сурет
Сол жақтағы 10. Сұрақ: Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (Түйеқұс ұшпайды).



Оң жақтағы 10. Сұрақ: Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке бөледі. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут).

Жоғары қатардағы 20. Сұрақ: 1-суреттгі фигурада неше бұрыш бар? (12 бұрыш бар).

Ортадағы 20. Сұрақ: 223-қандай цифрмен аяқталады? (8 бен аяқталады). 223=(22) 10 * 23.

Төмендегі қатардағы 20. Сұрақ: Екі түзудің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың бірі 130°. Қалған бұрыштарын табындар (130°, 50°,50°)

Төмендегі қатардағы сол жақтағы 30. Сұрақ: (а+b)/(а-6) мұндағы а-ның орнына қандай санды қоюға болмайды? (6-ны).

Төменгі қатардағы оң жақтағы 30. Сұрақ: Қорада тауықтар мен қояндар жүр. Олардың барлығы 15 бас, 50 аяқ болса неше тауық, неше қоян бар? (5 тауық, 10 қоян бар).
1-жүргізуші:
«Полиглот» деп аталатын 3-бөлімде оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тіліне жүйріктігін тексереміз. Екі аудармаға 20, біреуін тапса 10 ұпай беріледі. Ұпайы төмен бір оқушы ойыннан шығады.
2-жүргізуші:




1-сұрақ: Қабат-қабат қаптама ,

Ақылың болса аттама.

(кітап, книга, book).

2-сұрақ: ... теңгең болғанша, ... досың болсын!

(жүз, сто,one handred).



3-сұрақ: ... жылда ел жаңа

(Елу, пятьдесят, fifty)



4-сұрақ: Бір үйде тұрады екен елу батыр, үй сыртына сүйкенсең-ақ өліп жатыр

(сіріңке, спичка, matgh).


1-жүргізуші:
Ойыншыларымыздың ұпайы төмен бір оқушы ойыннан босатылады. Сізге рахмет! Сонымен, ойынымыздың келесі бөлімі «Жанды сұрақтар». Бұл бөлім бойынша сіздерге қойылатын сұрақтардың жауаптары үш нұсқада беріледі. Сіздер сол нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауларыңыз керек.

1. Координаталық түзуді кім енгізеді?

А) И. Ньютон; Б) Р. Декарт; В) Э. Галуа.

Дұрыс жауабы: Б.

2. Математикалық теңдеулер туралы ғылыми еңбек жазған қазақ ғалымы? А) О. Жәутіков; Б) К. Исақов; В) С. Сыдықов.



Дұрыс жауабы: А.

3. «Жиын теориясының» негізін салушы кім?

А) Р. Декарт; Б) Э. Галуа; В) Г. Кантор.

Дұрыс жауабы: В.
2-жүргізуші:


Сайысымыздың ең шешуші кезеңі «Жорға» бөліміне көшейік. Бұл бөлім бойынша сіздер дайындалған сұрақтарға тез, әрі нақты жауап берулеріңіз керек. 1-минут ішінде қанша сұрақ таңдап, нешеуіне дұрыс жауап беру сіздің шапшандығыңызға байланысты. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.

Қазір ойынның шарты бойынша ұпайы аз оқушының уақытша ойыннан шыға тұруы сұралады.

Жорға

Екі оқушыға кезекпен сұрақтар қойылады.



1 оқушы:

1. Айырмашылығы тек таңбаларында болатын сандар (Қарама-қарсы).

2. 0-ден үлкен сандар (оң сандар).

3. Тұрақты санның туындысы (0).

4. Ең алғашқы әйел математик (С.В.Ковалевская).

5. Кері сандардың көбейтіндісі (1-ге тең).

6.Дәреже дегеніміз (бірдей көбейгіштердің көбейтіндісі).

7. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді).

8. Вектор дегеніміз не? (бағытталған кесінді).

9. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (аксиома)

10. cos 0°-та неге тең? (1).

11. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (360 градус).

12. Бір жазықтықта жатпайтын тұзулер (айқас).

13. а²+в²=с² кімнің теоремасы (Пифагор)

14. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0).

15. sin²а+сos²а-нешеге тең? (1)

16. ах2+bx+c=0 түріндегі теңдеу? (квадрат)

17. 75% cанның қандай бөлігі? (3/4 бөлігі)

18. Геометрияның кеңістікті зерттейтін бөлімі? (стереометрия)

19. Қиылыспайтын түзулер (параллель)

20. Ең кіші жай сан (2)

2 оқушы:
1. Қарама-қарсы сандардың қосындысы (0-ге тең)

2. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем теорема

3. 9-ға кері сан (1∕9)

4. sin 2a- нешеге тең? (2sina*cosa)

5. Шешімдері бірдей теңсіздіктер (мәндес теңсіздіктер)

6. Берілген шаманың 1/100 бөлігі ( процент)

7. х-тің туындысы нешеге тең (1)

8. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер ( перпендикуляр)

9. Шешімдері бірдей теңсіздіктер (мәндес теңсіздіктер)

10. 25% cанның қандай бөлігі? (1/4 бөлігі)

11. Минуттың 1/60 бөлігі (секунд)

12. Нәрселерді санау үшін қажет сандар ( натурал)

13. х3 туындысы нешеге тең (3х2)

14. ах2+bx2+c=0 түріндегі теңдеу? (биквадрат)

15. sin 00 неге тең (0)

16. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек).

17. ах4+вх2+с=0 қандай теңдеу? (биквадрат).

18. Пифагор теоремасын айт (а222).

19. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир).

20. 10-сынып алгебра оқулығының авторы (А. Әбілқасымова)
Қорытынды:
Сайыс соңында жеңімпаз оқушы анықталып, сайысқа белсене қатысқан оқушылар марапатталады.



Жәнібек колледжі


(сайыс сабақ)


Өткізген: математика пәнінің оқытушысы



Губашева А.Р.

Жәнібек, 2015 ж.
Каталог: uploads -> konspekt -> matematika
matematika -> Сабақ тақырыбы: §1,§2, Табиғат және адам. Физика -табиғат туралы ғылым. Физика және техника. Сабақ мақсаты
matematika -> Қысқа мерзімді жоспар Мұғалімі: Ж. М. Байгубенова
matematika -> Математикадан жаңа тақырыпты түсіндіру
matematika -> Сабақтың тақырыбы: Көңілді тапқырлар
matematika -> Сабақтың тақырыбы : " Ондық бөлшектерді қосу, азайту"
matematika -> Математика сабағының күнделік жоспары №
matematika -> Сабақтың тақырыбы: «Кім тапқыр»,
matematika -> Арифметикалық және геометриялық прогрессия
matematika -> Мақсаты: Білімділік
matematika -> Сабаќтыѕ таќырыбы: Шеѕбердіѕ ўзындыєы Дґѕгелектіѕ ауданы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет