Шқо көкпекті ауданы Көкжыра ауылы «Амангелді орта мектебі»кмм биология, химия пәні мұғалімі Кунафин Ақылбек Маратович



жүктеу 24.02 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі24.02 Kb.
түріСабақ

ШҚО Көкпекті ауданы Көкжыра ауылы

«Амангелді орта мектебі»КММ

Биология, химия пәні мұғалімі

Кунафин Ақылбек Маратович

Химия пәні 8 сынып


Тақырыбы: Заттар массасының сақталу заңы

Сабақтың мақсаты: Оқытудың тиімді әдістерін пайдаланып оқушыға зат массасының сақталу заңын түсіндіріп, осы білімдерін практикалық есептер шығаруға бағыттау

Сілтеме: 8сп химия оқулығыНұрахметов

Міндеттері: 1) Ортақ мәселені топтық талқылауға салу;

2) Психологиялық ахуал қалыптастыру;

3) Ақпаратты пайдалану;

4) Тиімді сұрақ-жауап ұйымдастыру;

5) Өзіндік бағалауға үйрету;

6) Сыни ойлауға дағдыландыру.



Сабақта күтілетін нәтижелер: Зат массасының сақталу заңын оқушылар жигсо әдісі бойынша өз бетімен түсінеді.

Ломоносов тәжірибесін ұғынады. Есептер шығарады



Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: А3 форматтар, интерактивті тақта,бағалау парақтары,8сп оқулығы

Сабақтың жоспары:

I. Психологиялық ахуал қалыптастыру (3мин)


II Үй тапсырмасын тексеру (5мин)
ІII. Жаңа сабақ(15мин)
ІV. Ой толғау (сұрақтар, есептер)(15мин)
V Қорытындылау. Бағалау(5мин)
VІ Үйге тапсырма(2мин)

I Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Ең алдымен оқушыларды ойынның шартымен таныстырдым. Ойынның шарты бойынша бір оқушыны кабинеттен шығара тұрып ,қалғандары екінші оқушының қимылына бағына қимылдау керек. Ал шығып кеткен оқушы қайтып кіргенде қимылдың кімнен шығып тұрғанын табу керек. Егер тапса

«өзің психолог екенсің» деген коментари жасалады.

II Үй тапсырмасын тексеру Интерактивті тақтадан үй тапсырмасының дұрыс жауаптарын шығарып қойып, критерилер бойынша құрылған бағалау парағына қарап оқушылар бірін бірі бағалайды. Тақтадағы дұрыс жауап:

5 а) 2 Na + S → Na2 S

ә) K + P → K3 P; K5 P

б) 2 Mg +O2 → 2MgO

6) 2K +Cl2→ 2KCl

2Ba +O2 → 2BaO

2Ag+S → Ag2 S

2 Al+3Cl2→ 2 AlCl3

4P+5O2→ 2P2 O5

ІІI Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы: Заттар массасының сақталу заңы (топпен жұмыс). Жигсо әдісін пайдаланып оқушыларды топтастыру, «тәуекел түбі жел қайық, өтесің де кетесің»және « дос жылатып айтады , дұшпан күлдіріп айтады» деген мақал мәтелдердің создерін қиып тарату арқылы топтастырдым. Мақал мәтелді құрау арқылы оқушылар бір топқа топтасады. Әр топқа жаңа тақырыпты өздері меңгеруін ұйымдастыру мақсатында екі топтағы оқушылар бірден үшке дейін санап қайта топтасады да әр номердегі оқушыларға кітаптан мәтін бөлініп оны оқиды. Оқып болған соң әр номердегі оқушылар жанұя тобына қайтып ,рет номері бойынша оқып келгендерін түсіндіреді.Сабақты оқушылардың қашалықты түсінгеннін білу үшін ой толғау сұақтарына жауап бергіземін.



ІV. Ой толғау:

1.Есеп шығару: Неге реагенттермен өнімдердің массалары бірдей болады?

2. Ломоносов тәжірибесін қалай түсінесіңдер?

3. Ағаш жанған соң аз ғана күл қалады, неге ағаштың массасы күлдің массасымен тең емес?

4. Темірдің тат басқан кездегі массасы бастапқы күйдегі массасынан артық па, әлде кем бе?

1-топ. Сынап оксиді ыдырағанда 4г оттекпен 50,2г сынап шықты. Реакцияға кіріскен күрделі заттың массасы қанша?

2-топ. 28г натрий мен хлордың қосылуынан 56г нартий хлориді түзілді. Хлордың массасы қанша?

ІV. Венн диаграммасын қорғау

Зат массасының сақталу заңы мен құрам тұрақтылық заңын салыстыру




VI. Үйге тапсырма: §15 оқу 42бет №8 есеп

wordart 6


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет