ШқО Қоғамдық кеңесінің 2017 жылғы І жарты жылдықтағы қызметі туралы ақпарат



Дата07.05.2019
өлшемі33 Kb.

ШҚО Қоғамдық кеңесінің

2017 жылғы І жарты жылдықтағы

қызметі туралы ақпарат
2017 жылдың І жарты жылдығында 46 іс-шара ұйымдастырылды және өткізілді, оның ішінде:

ШҚО Қоғамдық кеңесінің 6 мәжілісі, оның ішінде 5-уі қоғамдық тыңдаулар форматында;

ШҚО Қоғамдық кеңесінің жұмысшы сараптау топтарының 20 мәжілісі;

Тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет көрсетілуін, «Парыз» қайырымдылық қорының қаражаты есебінен сатып алынған жаңа қондырғылар мен құрал-жабдықтардың пайдаланылуын, ауданның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшуге дайындығын қоғамдық бақылау мақсатымен медициналық мекемелерге 8 рейд, оның ішінде Өскемен қаласында (7), Шемонаиха ауданында (1) рейд өткізілді;

Өскемен қаласында (Протозанов к., 7/1 – Қазақстан – Қабанбай Батыр - Киров – Жеңіс даңғылы - Әуезов - Крылов – Жаңа Үлбі көпірі – Солнечная – Студенттер қалашығы – Карбышев – Виноградов – Тәуелсіздік – Бажов көшелері) және ШҚО (Өскемен – Таулы Үлбі, Өскемен – Новотроицкое, Өскемен – Риддер) жол төсемін тексеру мақсатымен 4 рейд өткізілді;

ШҚО Қоғамдық кеңесінің жұмысшы сараптау топтарының Семей қаласында, Шемонаиха, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Зырян, Катонқарағай аудандарында 10 көшпелі мәжілісі өтті.

Есептік кезеңде нормативтік құқықтық актілердің 51 жобасы қаралды, оның ішінде:


  • облыстық мәслихаттың шешімдері – 5

  • облыстық әкімдіктің қаулылары - 46

Салалар бойынша:



  • бюджетке өзгерістер енгізу және бюджетті орындау бойынша - 5 НҚА жобасы,

  • жер қатынастары саласында - 1 НҚА жобасы,

  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша - 3 НҚА жобасы,

  • ауылшаруашылығы саласында - 11 НҚА жобасы,

  • басқалары – 31 НҚА жобасы

Қоғамдық кеңестің қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жарияланады, «Қоғамдық кеңес» атауымен арнайы айдарлар облыстық әкімдіктің, облыстық мәслихаттың, ішкі саясат басқармасының және құрылым бойынша Қоғамдық кеңес қызметін үйлестіруші Шығыс Қазақстан облысының Талдау және болжау институтының интернет-ресурсында құрылған.



Осылайша, 2017 жылдың І жарты жылдығында БАҚ-да 99 материал жарияланды, оның ішінде:

  • республикалық баспа БАҚ-да - 5 мақала

  • республикалық электронды БАҚ-да – 15 сюжет

  • аймақтық баспа БАҚ-да – 61 мақала

  • аймақтық электронды БАҚ-да – 5 сюжет

  • аудандық БАҚ-да – 13 мақала




2017 жылғы 10 ақпанда – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Шығыс Қазақстан облысының 2016 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері және 2017 жылы даму болашағы туралы» есебі; Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі төрағасының «Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің 2016 жылдағы жұмысы, 2017 жылға жоспарлары туралы» баяндамасы; Жұмысшы сараптама топтарының атқарған жұмыстары туралы есеп және 2017 жылға жұмыс жоспарлары тыңдалды.

2017 жылғы 9 наурызда – «Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінің ғимаратын күрделі жөндеу барысы жайында», «Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің ғимаратын күрделі жөндеу барысы жайында» ақпарат тыңдалды.

2017 жылғы 7 сәуірде – «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қаржы саласындағы құқық бұзушылықты тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі В.Н.Филатовтың этикалық заңдылықтарды бұзу дерегін қарау», «Қоғамдық кеңестерге жолданатын нормативтік құқықтық актілердің жобалары үшін заңнамамен белгіленген критерилер аясында бірыңғай талаптар әзірлеу туралы, қоғамдық кеңестермен қарастырылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларының мерзімін қысқарту туралы мәселелерді талқылау» сұрақтары қаралды.

2017 жылғы 18 сәуірде - Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысушылардың мәселелі сұрақтары, демалыс және мереке күндері денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын ұйымдастыруда бас дәрігерлердің жеке жауапкершілігі туралы сұрақтар қаралды, Қазақстан Республикасы Президентінің «Үшінші жаңғырту-Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауын жүзеге асыру барысы туралы білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарма басшыларының ақпараты тыңдалды, Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің жұмыс сараптама топтарының 2017 жылғы І тоқсандағы жұмысы қорытындыланды.

2017 жылғы 24 мамырда - «2016 жылы Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық бақылау қорытындылары. Баламалы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру» бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқарма басшысының ақпараты тыңдалды, Өскемен қаласында иппотерапия қызметін ұйымдастыру мәселесі қаралды.
Каталог: assets
assets -> 017 ж қаңтар 31 қаңтар дсұ санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі
assets -> Тоо "Аксесс Энерго птэц-2" объявляет о проведении тендера по закупкам следующих материальных, финансовых ресурсов и услуг: раз
assets -> Конверттерді ашу хаттамасы
assets -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
assets -> Егемен Қазақстан. – 2014. №209. – 25 қазан Егемен-ақпарат Ақын қолымен жазылған өлең «Сәкеннің қоштасуы»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет