Шөлейтті аймақТАҒы сұр-шалғынды топырақтардың ТҰздану себептері



жүктеу 81.91 Kb.
Дата12.04.2019
өлшемі81.91 Kb.

ЖОК 631.42
ШӨЛЕЙТТІ АЙМАҚТАҒЫ СҰР-ШАЛҒЫНДЫ ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ТҰЗДАНУ СЕБЕПТЕРІ
Ә.С.Сейітқазиев

Г.Т.Қуандықова

Қ.Ә.Сейітқазиева

Б.Н.Сабыралиева


Көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде жинақталған материалдарды пайдалаланып,шөлейтті аймақтағы сұр - шалғынды топырақтардың геологиялық, гидрогеологиялық жағдайларына негізделіп жергілікті жерлердің тұздану себептері анықталды.
Сұр-шалғынды топырақтың көп бөлігі тұзданған. Оның тұздылық тәртібі көбіне жер асты суының алмасуы және оның минералдану деңгейімен анықталады. Күшті тұзданған және тұзданбаған топрырақтар табиғи құрғатылуы төмен телімдерде таралған. Тұзданған топырақтарда сұр-шалғынды топырақар үшін морфологиялық құрылым және химиялық құрылымдары болады. Жеңіл еритін тұздардың болуы жағынан топырақтың жоғары ылғалдану есебінен морфологиялық сипаты көрінбей қалуы ерекше айырмашылығы болып табылады. Ең көп тараған сұр-шалғынды топырақтар арасынан бірінші кезекте тұздану деңгейі әр түрлі сортаңды топырақтар игерілген. Сортаңданған топырақтардың өзінше ерекшелігі – топырақтың сіңіруші сыймдылығында сіңірілген натрийдің (5%-дан) жоғарғы құрамының болуы. Морфологиялық сортаңдылық-сортаңды жиектің жоғарғы тығыздылығы, оның жабысқақтылығы ылғал жағдайында нашар су өткізгіштігі құрғақ жағдайында сызаттылығы, арнайы құрлымымен (жаңғақты, призматикалық, кесекті немесе бағаналы) және т.б. анықталады. Сілемдегі жағдайы сортаңды қабат 15-40 см тереңдікте қалыптасқан /1/.

Негізінен. тұзданған сұр-шалғынды сортопырақтар көп мөлшерде таралған. Оларға төменгі жағының жеңіл еритін тұздарымен тұздануы тән, ал жоғарғы тұзданған қабат 50-100 см тереңдікте орналасқан. Құрамындағы тұздың мөлшері бойынша тұздану деңгейлерін әлсіз және орташа сор топырақтары ажыратады. Біріншілер үшін беткі тұзды қабат 0,3%-ы тұздың болуымен тән, екіншілері 0,5%. Беткі метрлік қалыңдықтың ең көп тараған тұздану түрі сульфатты-натрийлік, кальцийлі-натрийлік. Тұздану деңгейіне байланысты қабаттағы тұздың қоры 0-100 см де 16-18т/га дейін.

Тұздану деңгейі мен тұз құрамы маусымдық өзгеріске ұшыраған, яғни белгілі бір жағдайда әлсіз сор топырақтар орта және күшті сорланған топырақтарға немесе керісінше ауысулары мүмкін. Бұл жағдайда тұздану түрі де өзгеруі мүмкін. Морфологиялық және химиялық сипаты бойынша (қарашірік, корек элементі, карбонаттар құрамы) олар жоғарыда келтірілген сипаттамаларға толық жауап береді. Механикалық құрылымына қарай жеңіл саздақ басымырақ.

Сұр-шалғынды сор топырақтар тұзданған сұр-шалғынды топырақтар арасында кеңінен таралған. Олардың өздеріне тән ерекшелік – жоғары бетінен бастап,қима пішінінің жеңіл еритін тұздарымен тұздануы. Сор топырақтар арасында тұздану деңгейі бойынша 0-10 см қабатта әлсіз сорлар басым. Ережеге сәйкес орташа минералданған жер асты суларының жақын орналасуында (2,0-2,5м) қалыптасады.

Жер асты суларының гидроморфты тереңдігінде (2,5м) және су сыйымдылық қасиеті төмен, жеңіл төселме жыныстарда тұздардың жоғарғы пішінінің орталық бөлігінде шоғырлануы мүмкін. Төменгі қабаттарда сода құрамының көбеюі байқалады, осының есебінен жиынтық нәтиже тереңдіктен 8 м-ге дейін жоғарлайды. Беткі жиекте тұздар арасының көпшілігін сульфаттар құрайды.

Ережеге сәйкес пішін бойынша хлордың жоғарғы құрамы беттік қалыңдықтар үшін тән сипат. Беткі метрлік қалыңдықта тұздардың жалпы қоры 27-35 т/га-ға аралығында өзгереді. Бұл қалыңдықта тұздардың жиыны 0,2% болғанда,тиімділік нәтижесі 4,6-4,8.тұздану түрлері сода-натрийлі және гидрокорбонатты-сульфатты-кальций-магнийлі.

Орташа және күшті сор топырақтар үшін сілітілік құрамның күрт жоғарлауы тән. Осының есебінен бүкіл пішін бойынша беткі метрлік қалыңдықта тұздың шамалы жиынында (0,3%), тұздану тимділік нәтиже (0,9-ға дейін) күрт өседі. Тұздың қоры тұздану түрімен тұздың құрамына байланысты 30-140 т/га аралығындаөзгереді.

Сұр-шалғынды сор топырақтарда тұздың құрамымен олардың пішін бойынша таралуы жоғарыда сипатталған әлсіз тұзданған топырақтарға қарағанда аз қозғалмалы және тұзданудың түрінің маусымдық қайтымдылықтың өзінше мысалы бола алады, яғни белгілі бір (мұнда 0-100 см қабатта) қалыңдықта тұздардың азаюы байқалатын топырақтың тұздық және жер асты суларының алмасулары белгілі.

Сұрғылтты-шалғынды сор топырақтардан өзгешелігі сұрғылтты-шалғынды топырақтың морфологиялық және химиялық белгілеріне тән қасиеттерге ие.

Жеңіл ерігіш тұздар пішіннің жоғары ылғалдылыққа қарамастан, әдетте көрінісі кәдімгідей. Сор топырақтар арасында механикалық құрамы орта саздақтың түрлері басымырақ болады .

Шалғынды-сұрғылтты топырақтар. Солтүстік-шығыста орналасқан және аймақтың солтүстік бөлігі бірінші кезекте игерілген (солтүстік жағалауда). Шу өзенінің екінші жайылмадан жоғары жиегінде қалыптасқан.

Шалғынды-сұрғылтты топырақтар оң жағалаулық телімінде Шу өзенінің бірінші жайылмадан жоғары жиегінің пролювиальды жазықтарға өту аралығында аз ғана ауданды алып жатыр. Топырақ түзуші жыныстар жеңіл және орташа саздақтар, сирек құмдасын, әр түрлі гранулометрлік құрамды төселме құмдармен ұсынылған Шу өзенінің аллювиальды (тұнба қабат) шөгінділер болып табылады. Негізінен шалғынды-сұрғылтты топырақтар Шу өзенін құрғату жолағында жер асты сулары 2,5 м-ден төмен орналасу деңгейінде қалыптасқан.

Жер асты сулары топырақ түзуші құбылысы дамуына айтарлықтай әсер етпейді. Су тұщы немесе әлсіз минералданған, минералдану түрі гидрокарбо-натты немесе сульфаттық-гидрокорбонатты. Жер асты суының капиллярлы көмкермедегі олардың жоғарғы кезеңіне топырақтың бетінен 60-80 см-ге жетеді, сондықтан шалғындық батпақтану 1,0 м шамасында немесе одан төмен тереңдікте байқалады .

Табиғи жағдайда жер асты су деңгейінің салыстырмалы терең орналасуында және төмен су сыйымдылық қасиетке ие жеңіл төселме жыныстарда топырақтардың шөлге айналуы біртіндеп олардың морфологиялық және химиялық қасиеттері ақшыл-сұрғылтты аймақтық топыраққа жақындауы басталады. Пішіндіі артық ылғалдануы қысқа мерзімдік сипатта болады және негізінен жер асты суы деңгейінің жауынды аралықта көтерілуімен негізделеді. Себебі аймаққа тікелей жанасатын жер асты суларының тәртібі көптеген жағдайда оның гидрологиялық тәртібімен анықталады. Бірақ та суғармалы жер өңдеудің дамуына байланысты оған шалғынды-сұрғылтты топырақтың басым бөлігінің таралуына сәйкес топырақтың табиғи даму жағдайы бұзылған.

Көп жылдық ғылыми зерттеу еңбектерінің негізінде В.А. Ковда қуаңшылық аймақтардағы топырақтың тұздану жағдайларын төменгі үш ықпалдардың әсері арқылы түсіндіреді/2/:

Ауа райының әсері. Сирек жауатын жауындар қалыпсыз немесе жеткіліксіз дымқылданудың себебі болады, сондықтанда, мұндайда топырақтың түзілу құбылысы белгілі мерзім аралығында ғана қарқынды өтеді, ал қалған уақытта бұл құбылыс мүлдем байқалмайды. Ауа райы жағдайы топырақтағы органикалық және минералдық құрамаларының қозғалысы мен дамуын анықтайды. Топырақтың үгілуінен судың жетіспеуі шектейді, бұл сілтісіздену мен үгілу жағдайларының тасымалдануына тосқауыл болады. Қуаңшылық аралықта топырақ бетіндегі ерітінді заттар ақ дақтар түзейді.

В.А. Ковда және басқа авторлар Б.Б. Полынов, И.Сабольч қуаңшылық аймақтардағы топырақтың түзілу құбылысына ыза суының орналасу жағдайына көңіл бөледі. Зерттеулерден байқағанымыз қуаңшылық аймақтардағы топырақтардың жамылғысындағы түзілу құбылысы гидроморфты жағдайда болатындығы дәлелденген. Ыза суы орналасқан деңгей әр уақыт минералданған болып келеді. Мұндағы ерітінді қосындылар топырақ пішінімен жоғары капиллярлық күштің әсерімен көтеріледі, топырақ бетін ерітіндімен толықтырады және тұздардың дақтарымен қалыптастырады. Бұл тұздардың түсі бозғылт немесе ақ болып келеді. Жинақталған хлоридтер және сульфатты натрий немесе магний, кальций тұздарын құрайды. Көрінген тұздар тікелей топырақтардың үстіңгі бетіндегі жарықтарда немесе кейде топырақта содалық күшті тұзданған кристалдануы пішін қималары жарықтарының төменгі бөлігінде, тамыр жолдары т.б. жағдайларда болуы мүмкін.

Бұл құбылыс әр кезде байқалады, өткені, қиманың төменгі қабаттарында тұздардың жоғарғы құрамында уақытша судың қаныққан күйі болса, мұндағы ыза суының тұрақты жерін кездестіруге болады. Бірақта, топырақ бетіндегі тұздардың кристалдануы ыза суының минералдануына байланысты, сонымен қатар, «сынақты тереңдіктен» төмен орналасқан жағдайда, топырақтың қасиеттерін, механикалық құрамына, қуаңшылық аймақтарда суғару және керіздеуде мелиоративтік – экологиялық шаралардың барлық түрін жүргізуге ерекше маңыздылығы бар. Сынақтық тереңдік табиғаттың көптеген және механикалық-экономикалық ықпалдарға байланысты жалпы алғанда ыза суының минералдығы мен сынақтық тереңдік аралығында тұрақты байланыс орнаған. Бұл байланыс В.А. Ковда еңбектерінде дәйекті түрде дәлелді мәліметтермен келтірілген.

Топырақтың түзілу құбылысына және топырақтағы тұздардың тікелей әсері: көптеген қуаңшылықтағы топырақтар үлкен көлемде жеңіл еритін тұздардан құралады, бұлардың пайда болуы да әр түрлі. Кейбір жағдайларда бұл тұздар аналық жыныстарда, немесе бұл жыныстардың үгілуінен пайда болса, жауынның жетіспеушілік салдарынан тұздар шайылып кетеді. Басқа жерлерде тұздардың туындауы теңізден жылдық тасымалдау нәтижесінен және сор жерлерден ығысып келеді.Сонымен қатар, суландыру және тасқын сулармен келсе, жоғары буланғыштық жағдайларында олар сілтісізденбейді, және жер бетіне жақын аралықта қалады. Көбінесе, тұздар капиллярлық ерітінділер топырақ пішіні (қимасы) арқылы минералданған ыза сулары көтеріледі. Бұл тұздар топырақта жеңіл жинақталады, қоюлануына (когуляция) топырақтағы өсімдіктер мен микрофлоралық дамуына сіңірімділік комплексіне (салаларына) әсер етеді. Көптеген жағдайларда натрий тұзының болуы, топырақ қалдықтарына (түйіршіктеріне) ыдырауына әкеледі және қатты қиыршықты тік қаданы немесе призматикалық құрылысты жасайды. Топырақтағы тұздардың тікелей жиналуы, топырақтың сорлануын, және физикалық-химиялық әсерінен сортаңданудың қалыптасуына әкеледі. Бұл құбылыстарда диспергировандық (ыдыраған) тұнбалар жеңіл ығысады, яғни жазықтық тозуындағы нәтижесінде топырақ бетінде көлбеулері немесе тікелей, ең соңында, натрийлық тұнба ығысады, белгілі дәрежеде диссоцияланды, сіңірілмейтін қабатта барлығы тереңде жиналады, шөгіндіге түседі немесе өзі жаңбырмен шектеулі тереңдікті ылғалдандырады. Бұл құбылыстардан байқағанымыз тұздардың жинақталуы, тұнбаға түсуі, ығысуы, капиллярлық түтікшелер арқылы қозғалысқа келеді.

Топырақты ластанудан қорғау ең маңызды мәселенің бірі болып отыр. Өйткені, кез-келген зиянды қосылыстар топырақ құрамына енсе, белгілі уақыт аралығында, адам ағзаларына әсер етпей қалмайды. Ең алдымен, ластаушы заттар ашық суаттарға одан ары жер астына сіңіріледі, ал сулар арқылы адам ағзасына келіп түседі.

Екіншіден, топырақ ылғалдылығын ластаған утты химикаттар ыза суынан -бөгендеуден жануарлар мен өсімдіктер арқылы адамдар қабылдайды,өсірілген дақылдарды адамдар қорек етеді, соңында ағзаға тікелей түседі.

Үшіншіден көптеген зиянды заттар адам денесіне жиналып, біртіндеп сүйегіне сіңеді, соңында адамдардың әлсіреп ауруына әкеледі.

Топыраққа ластаушылардың келу жолдары. 1.Атмосфералық жауыннан келеді. Көптеген химиялық қосылыстар, химиялық шекараларды жұмыс істеу нәтижесінен атмосфераға тарайды, атмосфералық ылғалдан түйіршіктегі ерітіндіге айналып, топыраққа келіп түседі. Бұлар негізінен газдар: азот, күкіртті тотықтары т.б. болып келуі: көпшілігі бұлардың ерітіндіге айналады, химиялық қосылыстарды сулы түрінде түзіліп, қышқылды сипат береді. Сонымен, нәтижесінде қышқылды жаңбырды құрайды. 2. Тұнба түріндегі шаңдар және тозаңдар (аэрозолдар) . Құрғақ ауада қатты және сұйық қосылыстар әдетте тікелей шаң және тозаң түрінде тұнбаға түседі. Мұндай ластаушыларды көзбен көріп, бейнелеуге болады. Мәселен, қыста қазандық маңында қардың қара түске айналуы,үстіңгі бетін жауып қалады.Әсіресе қалалық жерлерде ,жол бойында автомовильдер көптеген мөлшерде топырақты ластайтын белгілерін қалдырады.

Әдебиет
1.Аханов Ж. У. Регулированин водно- солевого режима почв Таш-Уткульского массива. Алматы ,1982 ,-200с

2.Ковда В. А.,Сабольч.И Моделирование процессов засоления и осолонцевания почв. Москва,1980,262б

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университет, Тараз

ФАКТОРЫ ЗАСОЛЕНИЯ СЕРОЗЕМНО ЛУГОВЫХ ПОЧВ ПУСТЫННОЙ ЗОНЫ

А.С. Сейтказиев

Г. Т.Куандыкова

К. А. Сейтказиева

Б. Н. Сабыралиева

Используя сбор материалов многолетних результатов исследовании, основывая почвенно- геологических, гидрогеологических условий локальных местности ,установлены факторы засоления сероземно луговых почв пустынной зоны.



FACTORS SALINITY THE GREY GROUND MEADOW GROUND A DESERTED ZONE
A.T. Setkaziyev

G.T. Kuandykova

K.A. Seikaziyeva

B.N. Sabiraliyeva



Using gathering of materials of long-term results research, basing ground-geological, hydro-geological conditions local districts, are established factors salinity the grey ground meadow ground a deserted zone.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет