Ақтөбеліктер әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеновке үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Orda сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash/

Айтуларынша, атақты халық әртісінің бала кезінде тұрған көшесіне әлі күнге дейін асфальт төселмеген. Бүгінде қаладағы халық көп шоғырланған аудандағы көшенің жолдары жүруге жарамсыз.

“Бұл – ескі теміржол ауданы. Бұрынғы Деповская көшесі. Қазіргі Жаманқұлов-Черепанов қиылысында орналасқан. Қаланың қақ ортасында созылып жатқан ұзын көше. Қала билігі әлі күнге дейін құр уәде беріп келе жатыр. Ал Димаштың ата-анасының үйі орналасқан Черепанов көшесі көпқабатты үйлерден екі жүз метрге жетпей, жақында асфальтталды. Жеке үй аймағына ғана тас жол төселді, қалған жерлерге жетпей қалған көрінеді-мыс. Тіпті екі жағына жаяу жүргіншілер жолын да салған. Біз атақты жерлесімізден көмек сұраймыз. Тіпті Димашты пәтерімізге тіркеуге де дайынбыз. Уақытша болса да. Қазақтың дәстүрінде бар ғой, көмек қолын созу.”, – дейді қала тұрғыны Ольга Климонова.

Фото: Orda.kz 

Әзірге көшені қар басқанымен, көктемде жол батпаққа айналатын көрінеді. “Бұл – көп жылдан бері түйіні шешілмей келе жатқан мәселе”, – дейді қала тұрғындары.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.