Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы спикерінің орынбасары, "Миллий тикланиш" партиясының жетекшісі Әлішер Қадыров елдегі білім, телевидение және өзге салаларда орыс тілінің пайдаланылуына қарсы шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: podrobno.uz

Оның сөзінше, Ресейдің ресми өкілдері шовинистердің оғаш қылықтарын айтумен ғана шектеліп отыр.

“Оларға осындай сарындағы әңгіме қызық сияқты. Кейінгі кездері орыс тілінде шовинистік мәлімдемелерден басқа ештеңе естімейтін болдық. Мұндай жағдайда қарым-қатынасты жақсартудың практикалық шаралары туралы ойлану керек. Мысалы, орыс тілі білім беру, теледидарда тым кеңінен қолданылады, ал елде орыс тілінде сөйлейтін отандастарымыздың үлес мөлшері 3 пайызға да жетпейді. Осындай дисбалансты түзеу керек" деп жазды ол Telegram арнасында.

Депутат Өзбекстанда бастауыш білімді ана тілде оқыту туралы ережені заңмен бекіту керек екенін айтты.

"Қазақ, әзербайжан, қырғыз, түрікмен, түрік және түрік бауырларымыздың телебағдарламаларымен алмасайық. Осы мәселелерді фракцияның алдағы отырыстарында талқылайық деп отырмыз", –  деді Әлішер Қадыров.

Айта кетсек, жақында Ресей тарихшысы Михаил Смолин ресейлік НТВ арнасында революцияға дейін өзбектер болмаған деп мәлімдеген. Әлішер Қадыров мәлімдемесін осы оқиғадан кейін бірнеше күннен соң айтты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік журналист Тина Канделаки Telegram-арнасына жазба жариялап, “Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр" деп айыптаған еді. Оның жазбасына белгілі журналист Динара Сәтжан жауап беріп, өзге елде өз ережесін жүргізе алмайтынын айтқан еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.