Үштерек ауылдық-филиал кітапханасы



жүктеу 9.4 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі9.4 Kb.

Үштерек ауылдық-филиал кітапханасы
Орда округіне қарасты Үштерек елді мекені 18 шақырымда орналасқан. Кітапханада 1992 жылдары Мәжитова Лаура қызмет жасады. Ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетіп сұранысын орындап отырды. 1994 жылдары кітапхана жабылып қалды. 2000 жылы аудан әкімінің шешімімен осы кітапхана қайта ашылып кітапханашы болып Шамелова Кулсура жұмыс жасады. Сол кезде кітап қоры 4873 болды. Кітапханада кітап көрмелері шығарылып ауыл тұрғындарымен әр түрлі шаралар өткізіп отырды. 2008-2012 жылға дейін Түменова Данагүл жұмыс жасады.

2013 жылдың қаңтар айынан жоғары білімді жас маман Сембиева Лунара қызмет жасап келеді.Елбасының жолдауын насихаттауда «Елбасы жолдауы-елдіктің қолдауы» кітап көрме жасап әңгіме шолу өткізсе,ауылдағы жазғы лагер оқушыларымен «Қасиетті-көк байрақ» атты тақырыптық кеш , «Теңдесі жоқ –тарихи жеңіс» сурет көрмесін жасап оған оқушылардың суреттері қойылды.Т.Жароковтың 150 жылдығына орай «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» атты мәнерлеп оқу сайысын, М.Өтемісұлының 210 жылдығына «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай» поэзия кешін өткізді. Наурыз мерекесіне арнап ауыл тұрғындарамен «Қош келдің,Әз Наурыз» тақырыптық танымдық кеш өткізді.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет