Үштоғай ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналғАН



жүктеу 151.4 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі151.4 Kb.
түріБағдарламасы


ҮШТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ

2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

БОЛЖАМЫ



Үштогай ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму бағдарламасының жобасы
Ауылдық округі бойынша жалпы мәлімет
Үштоғай ауылдық округінің әкімі Ташимов Есильхан Камбарович 2017 жылдың шілде айынан бастап жұмыс атқарып келеді.

Үштоғай ауылдық округі Аманкелді ауданының әкімдігінің 06 қыркүйек 2013 жылғы № 142 қауылысымен бекітілген, Үштоғай ауылдық округі аудан орталығынан 120 шақырым, облыс орталығынан 300 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ауылдық округінің жері қоныр қызыл топырақты. Аумағы арқылы 1 өзен ағып өтеді.

Ауылдық округі бойынша 01.01.2018 жыл бойынша халық саны 447 адам. Аула саны 75.

Ауылдық округінде 2 ауыл бар, олар Үштоғай және Степняк.

Ауылдық округінде 2 кәсіпкер жұмыс істейді.

Округ бойынша 2 кітапхана, 2 жалпы білім беретін негізгі мектеп, 2 медпункт, 1 дүкен, 1 клуб, 1 сауда нүктесі бар.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын 1 отбасы бар.


Жалпы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер
Округтің экономикасының негізі – ауыл шаруашылығы. Ауылдық округтің ауданымыздағы ауыл шаруашылығындағы үлесі 6,45 пайыз, оның ішінде: егістік алқабы бойынша 2,65 пайыз, мал шаруашылығы бойынша 3,8 пайызды құрайды. Округ бойынша егістікпен айналысатын 5 жеке шаруа қожалықтары, 2 ЖШС бар. 12 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады. 2018 жылдың 01 қаңтарға ірі қара мал жалпы 1756 бас, жылқы 454, ұсақ мал 2037 бас, оның ішінде: тұрғындардың мал басы ірі қара  926 бас, жылқы 221 бас, ұсақ мал 1508 бас, шаруа қожалықтарының мал басы саны ірі қара 830 бас, ұсақ мал 529 бас, жылқы 233 бас болып отыр.

Ауылдық округтің аудан көлеміндегі үлес салмағы


Көрсеткіштер

2016

2017


2018

Ауыл көлемі

207853







Егістік алқабы, га.

2225

3029

3040

Егістік алқабы, %.

1,0

1,75

2,65

Егістік түсімі, т.

1428

1638

2650

Егістік түсімі, %.

7,1

9,5

10,1

Мал басы, бірлік.

2201

2064

2682

Мал басы, %.

1,8

3,0

3,8

Халық саны, адам.

549

549

447

Халық саны, %.

2,8

2,8

2,4

Округ бойынша мал шаруашылығының көрсеткіштері төмендегідей болады деп күтілуде:






Мал түрлері

Жылдары

2017

2018

2019

2020

1

Ірі қара

1756

1796

1900

2000

2

Ұсақ мал

2037

2068

2170

2280

3

Жылқы

451

497

530

550

4

Құс

4447

4260

4360

4460

Округ бойынша ауыл шаруашылығының басты саласы - егін шаруашылығы. 2017 жылы 3029 га жерге егін егілді. 1638 тонна өнім алынды. Түсім көлемі әр гектардан 5,7 центнерден келді. Көктемгі және күзгі ветеринарлық емдеу профилактикалық жұмыстары уақытылы жүргізіледі.

Мал басын бірдейлендіру бойынша 1260 бас биылғы төлдер сырғаланып, компьютерлік базаға енгізілді. Округ тұрғындары мен жеке шаруа қожалықтарының есебінде 13 МТЗ-80 тракторы, 1 ДТ-40 тракторы, 1 Камаз автокөлігі тіркелген. Округ аумағында 6203 га шабындық жері бар. Шабындық жерлерді уақытылы шауып жинап алуларына жұмыстар жүргізіледі. 2017-2018 жылғы қыс айларына 7000 т. шөп қоры дайындалды.

Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі 136973 га. Шаруа қожалықтарына пайдалануға берілген жер көлемі 17461 га. Алдағы жылдары берілетін жер көлемін 3600 га. ұлғайту жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылығының даму нысандары бойынша көрсеткіштері




Пайдаланатын жерлер

Жылдары

2017

2018

2019

2020

1

Ірі қара

1756

1796

1800

1900

2

Қой, ешкі

2037

2068

2070

2080

3

Жылқы

451

497

500

510

4

Құс

4447

4260

4260

4260



Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жер көлемі


Даму нысаны

2016

2017

2018

Жер көлемі, га.

208026

208026

208026

Жеке шаруа қожалықтарына берілетін жер

13000

14000

15000


Инвестициялық жобалар
Округінде жаңа жұмыс орындарының ашылуы, жеке тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуы округ әкімдігінің алдына қойған басты мақсаттардың бірі.

Жоспар бойынша алдағы уақыттарда жаңа жұмыс орындарының ашылу болжамы құралып отыр.

2017 жылы ауылдық округ бойынша «Айсұлтан» (М.Мажиров), «Ерлан» (Е.Турганов), шаруа қожалықтары мал басын өсіру және егін шаруашылығымен айналысу мақсатында ашылды. Осыған орай 1 жаңа жұмыс орны ашылды және 2018 жылы 5 маусымдық жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

Бордақылау алаңдарын ашу үшін 2017 жылы «Сәрсембек» шаруа қожалығы мемлекеттік «Атамекен» бағдарламасына қатынасып 4 000 000 теңгеге 20 бас ірі қара мал сатып әкелді. 2018 жылы маусымдық 1 жұмыс орнын ашылу жоспарлауда.

2020 жылға құны 5000000 теңгеге қызмет көрсету сауда үйін салу жоспарлануда, жұмыспен қамту 3 адам.
2018-2020 жылдарға ауылдық округте жаңа жұмыс орындарының ашылу болжамы:


Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау
Халықтың әл-ауқатын жақсарту, жұмыспен қамту мақсатында жыл басынан бері 7 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылса, 1 адам уақытша негізде «Маржан» жеке шаруа қожалығында, 1 адам «Мирас» жеке шаруа қожалығында және 15 адам «Нұрлы Жол - 2015» ЖШС жұмыс атқарды. Сырт жерлерде 12 адам уақытша еңбек етіп, табыс табуда. Тазалық жұмыстар барысында Үштоғай ауылдық округінен 552 тонна, «Нұрлы – жол 2015» ЖШС-нің көмегімен 2800 тонна күл- қоқыс шығарылды. Көктем айларында ағаш, гүл отырғызу және көшелерді, үй маңайларын тазарту жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы жаздық маусымда жергілікті қоғамдастықтың шешімі бойынша ауыл көшелерін шарбақтармен қоршау және көшеттер егу болжанып отыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен ауыл орталығынан саябақ ашу және оның ішінде балалар ойын алаңын орналастыру жоспарлануда.



Әлеуметтік сала бойынша даму нысандары бойынша көрсеткіштері



Даму нысаны

2018

2019

2020

Халық саны

447

450

455

Жұмыс жасындағы халық

227

229

230

Жұмыспен қамтылғандар

111

151

155

Өздерін жұмыспен қамтып отырғандыр

63

68

73

Жағдайы төмен отбасылар

0

0

0

Әлеуметтік көмек алатындар

1

0

0

Мемлекеттік балалар жәрдемақысын алатындар

0

0

0

Зейнеткерлер

44

48

53

Студенттер

19

25

30


2018-2020 жылдарға ауылдық округі бойынша халық саны өсуі болжамы:


Білім беру саласы
Ауылдық округі бойынша 2 жалпы білім беретін негізгі мектеп бар. Мектеп жасындағы 61 бала оқуға қамтылды. Мектептерде барлығы 23 мұғалім, оның ішінде жоғары білімді 17, арнаулы орта білімді 6 мұғалім оқушыларға білім беруде. Мектепте компьютерлер саны 21, 2 шағын орталығы бар оның ішінде 1 шағын орталығы толық күні жұмыс істейді, 1 ағылшын тілі, 1 химия-биология кабинеті, 2 бастауыш сынып кабинеті, 2 информатика кабинеті, 1 лингафон кабинеті, 1 қазақ тілі кабинеті, 2 еңбек кабинеті бар. Мектеп кадрлармен толық қамтылған. 2016-2017 оқу жылы бойынша 12 мұғалім білім жетілдіру курсынан өтті. «Мектепке Жол» қамқорлық қайырымдылық акциясы бойынша 14 балаға 100 000 теңгеге оқу құралдары, киімдер алынған.

2018 жылдың 01- 10 ақпан аралығында қайырымдылық акция өткен кезінде 8 балаға 119 000 теңгеге қажетті киімдерді жергілікті шаруа қожалықтары, ЖШС, мектеп ұжымы, әкімшілік ұжымы демеушілігімен алынып берілді.



Мектеп оқушыларының білім сапасы жоғары бағалануда.
Білім беру саласының даму нысандары бойынша көрсеткіштері


Даму нысаны

2018

2019

2020

Оқушы саны

61

88

92

М.ж.д балалар саны

71

75

80

Мұғалім саны

24

25

26

Жаңа кадр

1

1

1

Жоғары санатты

2

2

2

Бірініші санатты

6

7

7

Екінші санатты

7

7

8

Жоғары білімді

18

19

21

Оқулықпен қамтылу

100%

100%

100%

Компьютермен қамтылуы

45%

45%

60%

Электронды оқулықпен қамтылу

30%

35%

38%

Материалдық-техникалық база

-

Биология-химия кабинеті

Физика, математика кабинеті


Мәдениет саласы
Ауылдық округте 2 кітапханашы, 1 клуб жұмыс жасайды. Кітапханада 8539 кітап қоры, жылына 390 (сырттан келушілермен есепке алғанда) оқырман саны тіркелген. Кітапханада даталы күндерге көптеген мерекелік іс-шаралар жүргізіледі. Балалармен арнайы жұмыстар (дауысты оқулар, викториналар, сайыстар) үнемі ұйымдастырылады. Клуб меңгерушісімен бірігіп округ жастарының арасында мәдени шаралар өткізіледі. Мектеппен бірігіп іс-шаралар жүргізіледі.
Кітапхана ісінің даму нысандары бойынша көрсеткіштері


Даму нысаны

2018

2019

2020

Оқырман саны (сыртан келушілермен есепке алғанда)

390

399

405

Кітап қоры

8539

9000

10000


Денсаулық саласы

Округте 2 медициналық пункте округ тұрғындарына 2 фельдшер, 1 көлік жүргізушісі қызмет жасайды. 2006 жылы УАЗ көлігі бөлініп берілген. Округ тұрғындары арнайы дәрігер рұқсатымен күндізгі ем ала алады. Округтегі 1 жасқа дейінгі балалар үнемі медбикелер назарында.



Спорт саласы

Округ жастары спортпен тұрақты түрде айналысады. Аудандық спорттық жарыстардан үнемі жеңіл атлетикадан жүлделі орындар алып, аудан бойынша жарыстарға қатысып отырады. Мектепте стол теннисі, тоғыз құмалақ үйірмелері жұмыс жасайды. Қыста балалар үшін жергілікті кәсіпкерлермен, ауыл жастары мұз айдынын істеп, балалардың коньки тебуіне қолайлы жағдай жасады. Мектеп оқушылары мен округ жастары арасында жарыстар өткізіліп тұрады. Алдағы уақытта округте арнайы спорт алаңын ашу, және жабық спорт залын салу, соныменқатар мектептердегі спорт құралдарын жаңарту жоспарлануда.



Халыққа қызмет көрсетудің басқа да тұрлері

Қазіргі уақытта Үштоғай ауылдық округінің тұрғындары ауыз суды округтағы құдықтардан пайдаланады.

Округ тұрғындары электр жүйесімен және телефон байланысымен қамтылған. Телефон байланысымен ауыл тұрғындары 100 пайыз қамтылған. Интернет 2 мекетепте, мал дәрігерінде, әкімшілік ғимаратында қосылған, электрондық түрде жұмыс жүргізілуде. Алдағы уақытта ұялы байланыс орнату жоспарланып отыр.

Округдың әлеуметтік –экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолында атқарылатын іс-шаралар

Округтің әлеуметтік–экономикалық дамуы, халықтың мәдени–тұрмыстық жағдайларының нығайтуы және басқа да қол жетімді жетістіктерге жетуі Елбасының жыл сайынғы Жолдауындағы тапсырмалары арқылы жүзеге асырылып отырылады.

Сонымен қатар алдағы уақытта округ бойынша санитарлық тазалық, аббатандыру жұмыстарын өрістету:


  • салық және де басқа төлемдердің уақытылы жиналуына, бюджетте белгіленген шығыстардың уақытылы игерілуін қамтамасыз ету;

  • мал басын асылдандыру, көбейту жұмыстарына қолдау көрсету;

  • қолда бар ауыл шаруашылық малдарына ветеринариялық бақылау жұмыстарын уақытылы жүргізу;

  • қоғамдық тәртіптің сақталуы, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүзеге асыру;

  • мәдениет саласына қолдау көрсету;

  • дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болады;

  • ауылдық округ бойынша бос жатқан жерлерді толығымен игеру;

  • ауылдық округ тұрғындарын республиқалық деңгейде өтіп жатқан бағдарламаларға толығымен ат салысуға қамтамасыз ету;

  • ауылдық округке қолайлы инвестициялық жобаларды тарту;



Б Е К І Т Е М І Н

Үштоғай ауылдық округінің әкімі

_________________ Е.Ташимов

«___» ___________ 2018 жыл

Үштоғай ауылдық округі бойынша 2018-2020 жылында

атқарылатын іс-шаралар жоспары




Атқарылатын іс-шаралар атауы

Ашылатын жұмыс орны, адам.

Орындалу мерзімі


Жауаптылар

Аяқталу түйіні

1

Жабық спорттық алаңын салу




2020 жыл

Үштоғай ауылдық округінің аппараты

Аудандық құрылыс және спорт бөліміне мәлімет ұсыну

2

«Айсұлтан» (М.Мажиров),

«Ерлан» (Е.Турганов), шаруа қожалықтары мал басын өсіру және егін шаруашылығымен айналысу

1 жаңа жұмыс орны, 2 маусымдық жұмыс орны



2018-2020 жыл

Үштоғай ауылдық округінің аппараты

Аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөліміне мәлімет ұсыну

3

Сауда – үйін салу

3 жаңа жұмыс орны

2020 жыл

ЖШС «Нұрлы Жол - 2015» Үштоғай ауылдық округінің аппараты

Аудандық құрылыс, ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөліміне мәлімет ұсыну

4

Кітапхана қорын молайту




2018-2020 жылдар

Үштоғай ауылдық округінің аппараты

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне мәлімет ұсыну

5

Ағымды жөндеу жұмыстар жүргізу:

мектеп, әкімшілік, кітапхана, клуб, МП





2018-2020 жылдар



Үштоғай ауылдық округінің аппараты

Аудандық құрылыс бөліміне мәлімет ұсыну

6

Ауыл орталығынан саябақ ашу және оның ішінде балалар ойын алаңын орналастыру




Жаз маусымда

2018 жылы



Үштоғай ауылдық округінің аппараты

Аудандық құрылыс бөліміне мәлімет ұсыну

Каталог: ekonomika -> programma-razvitiya-selskikh-okrugov
ekonomika -> Критерии и методика оценивания выполнения олимпиадных заданий для регионального этапа
ekonomika -> Бағдарламасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
ekonomika -> Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаев пен
ekonomika -> Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
programma-razvitiya-selskikh-okrugov -> Қарасу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналғАН
programma-razvitiya-selskikh-okrugov -> ҚҰмкешу ауылдық округінің 2018 жылға арналғАН
programma-razvitiya-selskikh-okrugov -> Бағдарламасы амангелді ауданының Амантоғай ауылдық округінің 2018 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы
programma-razvitiya-selskikh-okrugov -> Қабырға ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналғАН


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет