Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы



жүктеу 5.1 Mb.
бет11/34
Дата09.09.2017
өлшемі5.1 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
8-қосымша                



Оқу пәндерiнiң атауы

Оқу пәндерiнiң қысқаша мазмұны

1

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметтердiң әуе құқықтары мен нормативтiк құқықтық актiлерi

ИКАО Чикаго конвенциясы. Конвенцияға қосымша, Ұлттық және халықаралық ұйымдар мен ассоциациялар, халықаралық стандарттар мен ұсынылған тәжiрибелiктер, ұлттық және халықаралық құқық, еңбек заңнамасы, еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау, ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиациялық қызметкерлерге қатысты құқықтар мен ережелер. Аса жеңiл авиация пилотының куәлiгiн иеленгендердiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi.

2

Авиациялық-көлiк жүйесiнiң жұмысындағы адам факторы

Авиациялық көлiк және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнде адам рөлiнiң әсерiн зерттеу. Қауiптер мен қателiктердi басқару. Экипаждың ресурстары.

3

Ұшу қауiпсiздiгiнiң негiздерi

Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету негiздерiн зерттеу. Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласын реттейтiн нормативтiк база. Авиациялық оқиғаларды классификациялау. ӘА себептерi. ИКАО бойынша және ҚР-дағы ӘК АЖА-да орын алған авиациялық оқиғаларды сараптау. ҚР нормативтiк актiлерiне сәйкес ұшу барысындағы айрықша оқиғаларды классификациялау.

4

Аэродинамика негiздерi және ұшақтың тәжiрибелiк аэродинамикасы

Теориялық аэродинамика негiздерiн және ұшақтың тәжiрибелiк аэродинамикасын, ұшу аппараттарының ұшқанда ауамен ара-қатынасы кезiнде, көлденең ұшу кезiнде, маневрларды жасағанда, төмендегендегi, қонғандағы процестерiн зерттеу.

5

Авиациялық метеорология

Ұшуға негiзгi метеорологиялық құбылыстар мен аэросиноптиктiк процестердiң, метеорологиялық элементтердiң әсерiн зерттеу. Термикалық ағындардың шығу жағдайы және оларды пайдалану. Тiк термикалық және динамикалық ағындар. Әдiстеменi оқыту: авиация үшiн қауiптi ауа райын анықтау, ұшар алдында және ұшу кезiнде метеорологиялық ақпараттарды зерттеу және бiлiмдерiн ұшу мүддесi үшiн және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдалану.

6

Әуе навигациясы және ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз ету

Әуе навигациясы теориясының негiзгi ережелерiн, ұшуды аэронавигациямен қамтамасыз ету және штурмандық қатынаста ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi зерттеу.

7

Конструкция және ұшақты ұшуға пайдалану

Жалпы сипаттама және ұшақтың негiзгi ұшу-техникалық деректерi. Фюзеляж, дөңгелектер және ұшақтың қосалғы жабдықтарының конструкциясы. Қаңқа жүйесiнiң конструкциясы, трансмиссия және олардың ұшу кезiндегi қолданысы.Конструкция және ұшақ жүйесiнiң ұшу ерекшелiгi. Тiкұшақпен ұшуды пайдалану.

8

Конструкция және авиациялық қозғалтқыштың ұшуға пайдаланылуы

Қозғалтқыштың жалпы мәлiметтерi және техникалық деректерi. Авиациялық поршнды және газотурбиндiк қозғалтқыштардың конструкциясын зерттеу. Конструкция және қозғалтқыштың қоректену жүйесiнiң отынмен жұмыс iстеуi. Қозғалтқыш жұмысын қамтамасыз етiп тұратын жүйе конструкциясы. Қозғалтқышты ұшуға пайдалану.

9

Электрлi, аспаптық және радиожабдықтар мен оларды ұшуға пайдалану

Аспаптық, электрлi техникалық және радиоэлектрондық жабдықтарды, олардың мәнiн, жиынтығын және ұшақта орналасуын, аспаптар мен жүйенiң күштiк қондырғылардың жұмысын қадағалап отыратын құралдардың жұмыс iстеу принциптерiн ұшуды пайдалану ережелерiн зерттеу.

10

Ұшақты ұшуға пайдалану бойынша нұсқаулық

Пайдалану кезiндегi шектеулер мен олардың физикалық мәнi. Ұшуға даярлық және оның есебi. Ұшу. Айрықша жағдайларда ұшу техникасы. Ұшақ жүйесi мен жабдықтарын пайдалану. Ұшу кезiнде айрықша жағдай туындағанда пилоттың әрекетi.

11

Апаттық-құтқару даярлығы

Әуе кемесiн апаттық-құтқару жабдығы бойынша, ерiктен тыс қондыру бойынша процедурасын даярлау және жолаушылар мен экипаж мүшелерiн эвакуациялау. Жергiлiктi жерлерде өзiнiң тiрi қалуы бойынша жаттығу.

12

Фразеология және радиотелефон байланысы

Терминдердi, белгiлеулердi зерттеу және пилот пен әуе қозғалысын ұйымдастыру органдары арасындағы радиоалмасу жүргiзу ережелерiн оқу.

13

Ұшақты техникалық пайдалану

Ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзiмдiк қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргiзу.

Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын
авиация персоналының кәсiптiк даярлығының 
үлгiлiк бағдарламасына            
9-қосымша                 



Оқу пәндерiнiң атауы

Оқу пәндерiнiң қысқаша мазмұны

1

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметтердiң әуе құқықтары мен нормативтiк құқықтық актiлерi

ИКАО Чикаго конвенциясы. Конвенцияға қосымша, Ұлттық және халықаралық ұйымдар мен ассоциациялар, халықаралық стандарттар мен ұсынылған тәжiрибелiктер, ұлттық және халықаралық құқық, еңбек заңнамасы, еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау, ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиациялық қызметкерлерге қатысты құқықтар мен ережелер. Аса жеңiл авиация пилотының куәлiгiн иеленгендердiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi.

2

Авиациялық-көлiк жүйесiнiң жұмысындағы адам факторы

Авиациялық көлiк және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнде адам рөлiнiң әсерiн зерттеу. Қауiптер мен қателiктердi басқару. Экипаждың ресурстары.

3

Ұшу қауiпсiздiгiнiң негiздерi

Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету негiздерiн зерттеу. Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласын реттейтiн нормативтiк база. Авиациялық оқиғаларды классификациялау. ӘА себептерi. ИКАО бойынша және ҚР-дағы ӘК АЖА-да орын алған авиациялық оқиғаларды сараптау. ҚР нормативтiк актiлерiне сәйкес ұшу барысындағы айрықша оқиғаларды классификациялау.

4

Аэродинамика негiздерi және тiкұшақтың тәжiрибелiк аэродинамикасы

Теориялық аэродинамика негiздерiн және тiкұшақтың тәжiрибелiк аэродинамикасын зерттеу. Ұшу кезiнде және қалықтап тұрғанда тiкұшаққа әсер ететiн күштер. Айналып тұрған бұранданың тартылымы (тяга). Тiкұшақтың теңгерiмi, тепе-теңдiктi ұстауы және басқарылуы. Тiкұшақтың сипаттамасына ұшу және қону кезiнде әсер ететiн факторлар және ұшуға даярлық кезiнде оларды есепке алу. Тiкұшақ ортан бiлiгiнiң есебi. Тiкұшақтың ұшу сипаттамасы және ұшу шектеулерiнiң аэродинамикалық негiздемелерi. Тiкұшақпен қиын жағдайларда ұшу.

5

Авиациялық метеорология

Ұшуға негiзгi метеорологиялық құбылыстар мен аэросиноптиктiк процестердiң, метеорологиялық элементтердiң әсерiн зерттеу. Термикалық ағындардың шығу жағдайы және оларды пайдалану. Тiк термикалық және динамикалық ағындар. Әдiстеменi оқыту: авиация үшiн қауiптi ауа райын анықтау, ұшар алдында және ұшу кезiнде метеорологиялық ақпараттарды зерттеу және бiлiмдерiн ұшу мүддесi үшiн және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдалану.

6

Әуе навигациясы және ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз ету

Әуе навигациясы теориясының негiзгi ережелерiн, ұшуды аэронавигациямен қамтамасыз ету және штурмандық қатынаста ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi зерттеу.

7

Конструкция және тiкұшақты ұшуға пайдалану

Жалпы сипаттама және тiкұшақтың негiзгi ұшу-техникалық деректерi. Фюзеляж, дөңгелектер және тiкұшақтың қосалғы жабдықтарының конструкциясы. Қаңқа жүйесiнiң конструкциясы, трансмиссия және олардың ұшу кезiндегi қолданысы.Конструкция және тiкұшақ жүйесiнiң ұшу ерекшелiгi. Тiкұшақпен ұшуды пайдалану.

8

Конструкция және авиациялық қозғалтқыштың ұшуға пайдаланылуы

Қозғалтқыштың жалпы мәлiметтерi және техникалық деректерi. Авиациялық поршенды және газотурбиндiк қозғалтқыштардың конструкциясын зерттеу. Конструкция және қозғалтқыштың қоректену жүйесiнiң отынмен жұмыс iстеуi. Қозғалтқыш жұмысын қамтамасыз етiп тұратын жүйе конструкциясы. Қозғалтқышты ұшуға пайдалану.

9

Электрлi, аспаптық және радиожабдықтар мен оларды ұшуға пайдалану

Аспаптық, электрлi техникалық және радиоэлектрондық жабдықтарды, олардың мәнiн, жиынтығын және ұшақта орналасуын, аспаптар мен жүйенiң күштiк қондырғылардың жұмысын қадағалап отыратын құралдардың жұмыс iстеу принциптерiн ұшуды пайдалану ережелерiн зерттеу.

10

Тiкұшақты ұшуға пайдалану бойынша нұсқаулық

Пайдалану кезiндегi шектеулер мен олардың физикалық мәнi. Ұшуға даярлық және оның есебi. Ұшу. Айрықша жағдайларда ұшу техникасы. Ұшақ жүйесi мен жабдықтарын пайдалану. Ұшу кезiнде айрықша жағдай туындағанда пилоттың әрекетi.

11

Апаттық-құтқару даярлығы

Әуе кемесiн апаттық-құтқару жабдығы бойынша, ерiктен тыс қондыру бойынша процедурасын даярлау. Жергiлiктi жерлерде өзiнiң тiрi қалуы бойынша жаттығу.

12

Фразеология және радиотелефон байланысы

Терминдердi, белгiлеулердi зерттеу және пилот пен әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарымен органдары арасындағы радиоалмасу жүргiзу ережелерiн оқу.

13

Тiкұшақты техникалық пайдалану

Ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзiмдiк қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргiзу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет