Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы



жүктеу 5.1 Mb.
бет2/34
Дата09.09.2017
өлшемі5.1 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

3 Параграф. Жердегi даярлық

      39. Жердегi жаттығулардың ең төменгi көлемi – 16 сағат.


      Жердегi даярлық жаттығуларының тақырыптары:
      1) Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
      2) Әуежайда ұшу өндiрiсi бойынша нұсқаулықты зерттеу;
      3) Ұшу ауданын зерттеу;
      4) ӘҚО диспетчерiмен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
      5) Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшелiктерiн зерттеу;
      6) Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
      7) Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерiн зерттеу;
      8) Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерiн зерттеу;
      9) Ұшу алдындағы даярлық жүргiзу ережелерiн зерттеу;
      10) Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгiлеу ережелерi;
      11) Студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.

4 Параграф. Ұшу даярлықтары

      40. Студент-пилот 1, 2 и 3 параграфтарында көрсетiлген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегi даярлықтардан өткеннен кейiн ғана жiберiледi.


      41. ULАPL (MHG)-қа үмiткердiң автожирда кемi 25 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның iшiнде кем дегенде:
      1) Жеке өзiнiң ұшу даярлығын тексеру үшiн автожирда пилот-нұсқаушымен 15 сағат;
      2) 6 сағат өзi басқарып ұшуы, оның iшiнде 3 сағат жеке ұшуы, оның iшiнде 1 (бiр) өзi 100 км қашықтық маршрутымен жеке ұшуы және өзi ұшып шыққан әуежайдан айырмашылығы бар басқа әуежайға барып толық қонып-тоқтауы;
      3) дроссельденген қозғалтқышпен кемi 10 рет қону.
      42. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиiс, сондай-ақ оны құрамында:
      1) ұшу алдындағы даярлық, оның iшiнде ӘК салмағы мен орталықтандыру есептеулерi, ӘК ұшу алдында тексеру және қызмет көрсетулер;
      2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;
      3) ӘК сырт көзге көрiнетiн бағдарлар бойынша басқару;
      4) ұшуды өте төмен әуе жылдамдығында басқару, құлаудың бастапқы және үдей түсетiн кезеңдерiн анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;
      5) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезiнде оны анықтау және қауiптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;
      6) қалыпты және қапталдан жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;
      7) максималды техникалық сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергiлерден өту, шектеулi жолаққа қондыру);
      8) көзбен көрiнетiн бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;
      9) төтенше операциялар кезiнде ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет, оның iшiнде борт жабдықтарының iстен шығуының ұқсас кезiнде;
      10) әуе қозғалысы қызмет көрсетулерi ережелерiн, байланыс және фразеологияласын сақтау.
      Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбiр жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлiгiн ұдайы арттырып отыруды талап етедi: нақты жағдайды сезiну және ұшу кезiндегi байқағыштық, келiп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешiм қабылдау.
      43. ULAPL(MHG) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесiнде мотодельтаплан пилоты тиiстi типтегi әуе кемесiнiң командирi ретiнде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауiпсiз түрлерiн орындай алатын болуы тиiс, сондай-ақ:
      қатерлер мен қателiктер факторларын анықтап бiлуге және бақылауда ұстауға;
      әуе кемесiн оның шектеулi сипаттамалары кезiнде басқаруға;
      барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;
      дер уағында шешiм қабылдауға және ұшуды бiлiктiлiкпен бақылап отыруға;
      аэронавигация саласындағы бiлiмдерiн пайдалануға;
      ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшiн әуе кемесiн үздiксiз басқарып отыруға.

3 Бөлiмше. Еркiн жылу аэростатымен ұшатын жеңiл авиация
пилоттарының бастапқы даярлық бағдарламасы
(Light aircraft pilot licenсe –LAPL (В))

1 Параграф. Теориялық даярлық

      44. Мiндеттi теориялық даярлық Қазақстан Республикасының ӘК жеңiл авиациясы пилоттарын неғұрлым үлкен көлемдi 3 400 текше метрлiк еркiн жылу аэростаттарында (одан әрi - ЕЖА) даярлауда жалпыға ортақ болып табылады.


      45. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлiнген оқу жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
      Оқу сабақтарының жалпы көлемi 100 сағаттан кем болмауы керек.
      46. Авиациялық оқу орталығы нақты планер типiне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауiпсiздiгiн арттыру талаптарына негiзделген болса, оқу сағаттарының көлемi мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
      Еркiн жылу аэростатымен ұшатын жеңiл авиация пилоттарының теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгiлiк бағдарламаның 4-қосымшасында берiлген.
      47. LAPL (В) курсының теориялық даярлығын аяқтаған үмiткерлердiң төмендегiдей салалар бойынша бiлiмдерi болуы керек:
      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметтерi жөнiнде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, аса жеңiл авиация пилотының куәлiгiн иеленгендердiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметтерi жөнiнде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, аса жеңiл авиация пилотының куәлiгiн иеленгендердiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi (Light aircraft pilot licenсe-LAPL);
      аэростаттар, гондол, шiлтер конструкцияларын және нақты аэростатқа қатысты қолданылатынын жалпылама бiлу;
      аэростат ұшуының негiздерi мен принциптерi;
      жүктеменi шектеу, салмақтың ұшу сипаттамасына әсерi;
      ұшуға пайдалану бойынша нұсқаулықтан немесе оған баламалы құжаттан пайдаланудағы шектеулер;
      ұшу сипаттамасы және ұшуды жоспарлау;
      гаэо баллондары және жағуға арналған газ;
      пайдалану құжаттарында көрсетiлген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды iс-тәжiрибеде пайдалану;
      ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелерi бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
      әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
      адамның мүмкiндiктерi, оның iшiнде қатерлер мен қателiктер факторларына бақылау жасау принциптерi;
      авиациялық метеорологиялық мәлiметтердi, карталарды және болжамдарды түсiну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртiбi, биiктiктi, қауiптi метеорологиялық жағдайларды, биiктiк өлшегiш қондырғылардың өлшемдерiн өлшеу;
      аэронавигацияның тәжiрибелiк аспектiлерi (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсiлдерi, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
      көзбен шолу ұшуларының ережелерi бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгiзу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет;
      пайдалану кезiнде қатерлер мен қателiктер факторларына бақылау жасау тәсiлдерiн қолдану;
      ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi техникалық қызмет көрсету, жедел және мерзiмдiк қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргiзу.

2 Параграф. ЕЖА гондолындағы жаттығу құрылғысы

      48. Осы бағдарлама әуе кемесi типiнде кешендi жаттығу конструкциясы болмаған жағдайда ұшу оқытулары оқытылатын ЕЖА гондолының жаттығу конструкциясының неғұрылым аз көлемiн белгiлейдi.


      49. ЕЖА гондолындағы жалпы жаттығулар көлемi 3 сағаттан кем болмауы тиiс.
      50. ЕЖА гондолындағы жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөлiп қарастырады.
      Тапсырма № 1. ЕЖА пайдалану
      Тапсырма № 2. ЕЖА ұшу техникасы
      Тапсырма № 3. Ұшу кезiндегi айрықша жағдайлар
      51. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемiн көбейтуге құқы бар.

3 Параграф. Жердегi даярлық

      52. Жердегi жаттығулардың ең төменгi көлемi – 16 сағат.


      Жердегi даярлық жаттығуларының тақырыптары:
      1) Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
      2) Әуежайда ұшу өндiрiсi бойынша нұсқаулықты зерттеу;
      3) Ұшу ауданын зерттеу;
      4) ӘҚО диспетчерiмен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
      5) Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшелiктерiн зерттеу;
      6) Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
      7) Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерiн зерттеу;
      8) Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерiн зерттеу;
      9) Ұшу алдындағы даярлық жүргiзу ережелерiн зерттеу;
      10) Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгiлеу ережелерi;
      11) Студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.

4 Параграф. Ұшу даярлығы

      53. Студент-пилот 1, 2 и 3 параграфтарында көрсетiлген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу құрылғылары және жердегi даярлықтардан өткеннен кейiн ғана жiберiледi.


      54. LAPL (В) -қа үмiткердiң еркiн жылу аэростатында кемi 16 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның iшiнде кем дегенде:
      1) 12 сағат пилот-нұсқаушымен бiрге ұшу;
      2) 10 толықтырулар мен 20 ұшу және қону;
      3) 1 рет ең кемi 30 минут жеке өзi ұшу.
      55. LAPL (В) ұшу даярлығы бағдарламасы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиiс, сондай-ақ оны құрамында:
      1) ұшу алдындағы даярлық, оның iшiнде жүктеу есептеулерi, ұшу ауданының әуе және метеорологиялық жағдайы туралы нұсқаулық, ұшуалды даярлық және қабықшасынада қызмет көрсетулер;
      2) экипаж бен жолаушыларға нұсқау беру;
      3) қабықты ыстық ауамен толтыру және адам топтарын басқару;
      4) аэростатты сыртқы көзге көрiнетiн бағдарларды пайдалана отырып басқару;
      5) желдiң әртүрлi жағдайында ұшу;
      6) кiшi және жоғары биiктерге ұшу;
      7) желдiң әртүрлi жағдайларында жерге қондыру;
      8) көзбен көрiнетiн бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және сандық навигациялық құралдарды қолдану;
      9) төтенше операциялар кезiнде ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет, оның iшiнде борт жабдықтарының iстен шығуының ұқсас кезiнде;
      10) әуе қозғалысы қызмет көрсетулерi ережелерiн, байланыс және фразеологияласын сақтау;
      11) табиғат қорғау аумақтарынан және жер телiмдерi иелерiмен жанжалдық қатынастарға барудан бойларын аулақ ұстау.
      Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбiр жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлiгiн ұдайы арттырып отыруды талап етедi: нақты жағдайды сезiну және ұшу кезiндегi байқағыштық, келiп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешiм қабылдау.
      56. LAPL (В) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесiнде ЕЖА пилоты тиiстi типтегi әуе кемесiнiң командирi ретiнде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауiпсiз түрлерiн орындай алатын болуы тиiс, сондай-ақ:
      қатерлер мен қателiктер факторларын анықтап бiлуге және бақылауда ұстауға;
      әуе кемесiн оның шектеулi сипаттамалары кезiнде басқаруға;
      барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;
      дер уағында шешiм қабылдауға және ұшуды бiлiктiлiкпен бақылап отыруға;
      аэронавигация саласындағы бiлiмдерiн пайдалануға;
      ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшiн әуе кемесiн үздiксiз басқарып отыруға.

4 Бөлiмше. Планермен ұшатын пилоттардың бастапқы даярлық бағдарламасы
(Light aircraft pilot licence–LAPL (S)

1 Параграф. Теориялық даярлық

      57. Мiндеттi теориялық даярлық жеңiл ӘК пилоттарын сертификатталған неғұрлым ауыр 2250 кг дейiн салмақпен ұшу бойынша жалпыға ортақ болып табылады.


      58. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлiнген оқу жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
      Оқу сабақтарының жалпы көлемi 100 сағаттан кем болмауы керек.
      59. Авиациялық оқу орталығы нақты планер типiне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауiпсiздiгiн арттыру талаптарына негiзделген болса, оқу сағаттарының көлемi мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
      Планермен ұшатын пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгiлiк бағдарламаның 5-қосымшасында берiлген.
      60. LAPL (S) теориялық даярлау курсын аяқтаған соң студент төмендегiдей саладағы бiлiмдердi игерген болуы керек:
      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметтерi жөнiнде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, аса жеңiл авиация пилотының куәлiгiн иеленгендердiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi (Light aircraft pilot license-LAPL);
      ұшу негiздерi;
      осы әуе кемесi типiндегi әуе кемелерiнiң конструкцияларын жалпылай бiлу;
      күштiң қондырғыларды, жүйенi және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптерi;
      осы әуе кемесi типiндегi мен олардың күштiк қондырғыларын пайдалану кезiндегi шектеулер;
      ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәлiметтерi;
      ұшу сипаттарына, салмақ есептеулерi мен ауырлық кiндiгiне (орталығы) жүктердi жүктеу мен бөлудiң әсерi;
      пайдалану құжаттарында көрсетiлген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды iс-тәжiрибеде пайдалану;
      ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелерi бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
      әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
      адамның мүмкiндiктерi, оның iшiнде қатерлер мен қателiктер факторларына бақылау жасау принциптерi;
      авиациялық метеорологиялық мәлiметтердi, карталарды және болжамдарды түсiну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртiбi, биiктiктi, қауiптi метеорологиялық жағдайларды, биiктiк өлшегiш қондырғылардың өлшемдерiн өлшеу;
      аэронавигацияның тәжiрибелiк аспектiлерi (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсiлдерi, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      пайдалану кезiнде қатерлер мен қателiктер факторларына бақылау жасау тәсiлдерiн қолдану;
      аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
      апатты жағдайда, оның iшiнде қауiптi метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесiнiң жол iздерiнiң турбуленттiгi және ұшуға қауiптi басқа құбылыстар кезiнде тиiсiнше сақтандыру шаралары мен әрекеттердi қолдану;
      көзбен шолу ұшуларының ережелерi бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгiзу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.
      ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзiмдiк қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттар.

2 Параграф. Құрылғымен жаттығу немесе кабинадағы жаттығу
конструкциясы

      61. Осы бағдарлама әуе кемесi типiндегi кешендi жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, ұшу оқытулары өткiзiлетiн планердiң кабинасында жаттығу құрылғының неғұрылым аз көлемiн белгiлейдi.


      62. Планер кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемi 6 сағаттан кем болмауы тиiс.
      63. Планер кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөлiп қарастырады.
      Тапсырма № 1. Планердi пайдалану
      Тапсырма № 2. Планердiң ұшу техникасы
      Тапсырма № 3. Ұшу кезiндегi айрықша жағдайлар
      64. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемiн көбейтуге құқы бар.

3 Параграф. Жердегi даярлық

      65. Жердегi жаттығулардың ең төменгi көлемi – 16 сағат.


      Жердегi даярлық жаттығуларының тақырыптары:
      1) Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
      2) Әуежайда ұшу өндiрiсi бойынша нұсқаулықты зерттеу;
      3) Ұшу ауданын зерттеу;
      4) ӘҚО диспетчерiмен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
      5) Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшелiктерiн зерттеу;
      6) Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
      7) Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерiн зерттеу;
      8) Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерiн зерттеу;
      9) Ұшу алдындағы даярлық жүргiзу ережелерiн зерттеу;
      10) Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгiлеу ережелерi. Студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.

4 Параграф. Ұшу даярлығы

      66. Студент-пилот 1, 2 и 3 параграфтарында көрсетiлген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегi даярлықтардан өткеннен кейiн ғана жiберiледi.


      67. LAPL (S) -қа үмiткердiң планерде кемi 15 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның iшiнде:
      1) Жеке өзiнiң ұшу даярлығын тексеру үшiн планерде пилот-нұсқаушымен 10 сағат;
      2) 2 сағат жеке ұшу;
      3) 45 ұшу және қону;
      4) 1 рет маршрутты 50 км-нан кем емес қашықтықта жеке өзi ұшуы немесе 1 рет маршрутты 100 км-нан кем емес қашықтықта пилот-нұсқаушымен ұшуы.
      68. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиiс, сондай-ақ оны құрамында:
      1) ұшу алдындағы даярлық, оның iшiнде планер салмағы мен орталықтандыру есептеулерi, планермен ұшу алдында тексеру және қызмет көрсетулер;
      2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;
      3) планерден сыртқы көзге көрiнетiн бағдарлар бойынша басқару;
      4) шабуылдаулардың үлкен бұрыштарымен ұшу (ұшудың өте төменгi жылдамдығында);
      5) құлаудың бастапқы және үдей түсетiн кезеңдерiн анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;
      6) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезiнде оны анықтау және қауiптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;
      7) планерде қалыпты және бүйiрлеп жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;
      8) планерде максималды техникалық сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергiлерден өту, шектеулi жолаққа қондыру);
      9) әуежайдан тыс жерлерде қондыратын орынды таңдау, қауiпсiздiк шаралары;
      10) көзбен көрiнетiн бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;
      11) жергiлiктi жағдайларды ескере отырып қалықтап ұшу;
      12) ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет және төтенше процедуралар;
      13) әуе қозғалысы қызмет көрсетулерi ережелерiн сақтау;
      14) шектеулi жолаққа қондыру; қону үшiн әуежайдан тыс жердi таңдау, айналып ұшу және қону кезiндегi қауiптер, мақтандыру шаралары;
      15) әуе қозғалысының қызмет көрсетулер ережелерiн, байланыс және фразеология процедураларын сақтау.
      Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбiр жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлiгiн ұдайы арттырып отыруды талап етедi: нақты жағдайды сезiну және ұшу кезiндегi байқағыштық, келiп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешiм қабылдау.
      69. LAPL(S) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесiнде планер пилоты тиiстi типтегi әуе кемесiнiң командирi ретiнде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауiпсiз түрлерiн орындай алатын болуы тиiс, сондай-ақ:
      қатерлер мен қателiктер факторларын анықтап бiлуге және бақылауда ұстауға;
      әуе кемесiн оның шектеулi сипаттамалары кезiнде басқаруға;
      барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;
      дер уағында шешiм қабылдауға және ұшуды бiлiктiлiкпен бақылап отыруға;
      аэронавигация саласындағы бiлiмдерiн пайдалануға;
      ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшiн әуе кемесiн үздiксiз басқарып отыруға.

5 Бөлiмше. Жеңiл ұшақтар пилоттарын бастапқы даярлаудың типтiк бағдарламасы
(Light aircraft pilot licenсe–LAPL (A)

1 Параграф. Теориялық даярлық

      70. Мiндеттi теориялық даярлық жеңiл ӘК пилоттарын сертификатталған неғұрлым ауыр 2250 кг дейiн салмақпен ұшу бойынша жалпыға ортақ болып табылады.


      71. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлiнген оқу жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
      Оқу сабақтарының жалпы көлемi 150 сағаттан кем болмауы керек.
      72. Авиациялық оқу орталығы нақты ұшақ типiне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауiпсiздiгiн арттыру талаптарына негiзделген болса, оқу сағаттарының көлемi мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
      Жеңiл ұшақтар пилоттарын теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгiлiк бағдарламаның 6-қосымшасында берiлген.
      73. LAPL (A) теориялық даярлау курсын аяқтаған соң үмiткер төмендегiдей саладағы бiлiмдердi игерген болуы керек:
      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметтерi жөнiнде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, жеңiл ӘК пилоттың куәлiгiн иеленгендердiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi (LAPL);
      ұшу негiздерi;
      осы әуе кемесi типiндегi әуе кемелерiнiң конструкцияларын жалпылай бiлу;
      күштiң қондырғыларды, жүйенi және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптерi;
      осы әуе кемесi типiндегi мен олардың күштiк қондырғыларын пайдалану кезiндегi шектеулер;
      ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәлiметтерi;
      ұшу сипаттарына, салмақ есептеулерi мен ауырлық кiндiгiне (орталығы) жүктердi жүктеу мен бөлудiң әсерi;
      пайдалану құжаттарында көрсетiлген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды iс-тәжiрибеде пайдалану;
      ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелерi бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
      әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
      адамның мүмкiндiктерi, оның iшiнде қатерлер мен қателiктер факторларына бақылау жасау принциптерi;
      авиациялық метеорологиялық мәлiметтердi, карталарды және болжамдарды түсiну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртiбi, биiктiктi, қауiптi метеорологиялық жағдайларды, биiктiк өлшегiш қондырғылардың өлшемдерiн өлшеу;
      аэронавигацияның тәжiрибелiк аспектiлерi (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсiлдерi, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      пайдалану кезiнде қатерлер мен қателiктер факторларына бақылау жасау тәсiлдерiн қолдану;
      аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
      апатты жағдайда, оның iшiнде қауiптi метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесiнiң жол iздерiнiң турбуленттiгi және ұшуға қауiптi басқа құбылыстар кезiнде тиiсiнше сақтандыру шаралары мен әрекеттердi қолдану;
      көзбен шолу ұшуларының ережелерi бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгiзу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.
      ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзiмдiк қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргiзу.

2 Параграф. Құрылғылармен жаттығу немесе кабинадағы жаттығу
құрылғысы

      74. Осы бағдарлама әуе кемесi типiндегi кешендi жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, ұшу оқытулары өткiзiлетiн ұшақтың кабинасында жаттығу құрылғысының неғұрылым аз көлемiн белгiлейдi.


      75. Ұшақтың кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемi 6 сағаттан кем болмауы тиiс.
      76. Ұшақтың кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөлiп қарастырады.
      Тапсырма № 1. Ұшақты пайдалану
      Тапсырма № 2. Ұшақтың ұшу техникасы
      Тапсырма № 3. Ұшу кезiндегi айрықша жағдайлар
      77. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемiн көбейтуге құқы бар.

3 Параграф. Жердегi даярлық

      78. Жердегi жаттығулардың ең төменгi көлемi – 16 сағат.


      Жердегi даярлық жаттығуларының тақырыптары:
      1) Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
      2) Әуежайда ұшу өндiрiсi бойынша нұсқаулықты зерттеу;
      3) Ұшу ауданын зерттеу;
      4) ӘҚО диспетчерiмен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
      5) Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшелiктерiн зерттеу;
      6) Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
      7) Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерiн зерттеу;
      8) Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерiн зерттеу;
      9) Ұшу алдындағы даярлық жүргiзу ережелерiн зерттеу;
      10) Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгiлеу ережелерi;
      11) Студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет