Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: t.me/aqorda_resmi
Тоқаев Қазан қаласында алғаш рет өтетін "Болашақтың ойындары" халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне шақырғаны үшін Ресей президентіне алғыс айтты.
"Шын мәнінде, "Болашақтың ойындары" – IT интеллект пен спорт ұштасқан бірегей формат. Біз мұнда мықты команда әкелдік. Жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз. Жалпы Қазақстанда IT секторы дамып келеді. Біздің өз ойындарымыз бар. Халықаралық деңгейде жарыстар өткіземіз. Ресей Федерациясы дер кезінде қолға алған осы бастаманы жалғастыру үшін келесі "Болашақтың ойындарын" біздің елімізде ұйымдастыруды ұсынамын", – деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
"Бұл – біздің жаңа жылдағы алғашқы кездесуіміз, Владимир Владимирович. Біз бәріміз Ресейде 17 наурызда өтетін президент сайлауын күтіп отырмыз. Түпкілікті нәтиженің ойдағыдай боларына күмәніміз жоқ. Өйткені Ресей сіздің беделді басшылығыңызбен таңқаларлық табысқа қол жеткізіп келеді”, – деді Тоқаев.
Өз кезегінде Владимир Путин "Болашақтың ойындары" турнирінің ашылу рәсіміне қатысқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Ресей тарапының Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі күшейтуге бейілді екенін растады.
"Спорт қандай да бір саясаттан тыс болуы керек, сондай-ақ халықтарды жақындастыруға тиіс. Мен мұны бірнеше рет айттым, тағы да қайталағым келеді. Бүгінгі турнирге жүзден астам елден, нақтырақ айтқанда, әртүрлі континенттің 104 елінен көптеген қатысушы келді. Диджитал-спортқа және нағыз дәстүрлі спортқа қызығушылық танытатын жастар қатысып отыр. Ал екіжақты қатынастарға келер болсақ, байланыстарымыз", – деді Ресей президенті.
Сонымен қатар екі ел басшылары өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.