Шу өзені алабының гидрологиялық және гидрохимиялық жағдайы



жүктеу 135.11 Kb.
Дата12.04.2019
өлшемі135.11 Kb.

УДК 556.18
Шу өзені алабының гидрологиялық және гидрохимиялық жағдайы
Зиябекова Л.М.

ТарГУ им. М.Х. Дулати, Тараз


Шу өзені алабы Ыстықкөл көлінің батысындағы қазаншұңқырға орналасқан және Солтүстік Тянь-Шанның ең үлкен табиғи жүйе болып табылады. Алабтың жоғарғы жағының жер бедері, Қырғыз Алатауының шығысымен шектелетін және Теріс-Алатауының батысымен шектелетін Қошқор ойпатының жақтауын құрайтын Жұмағұл, Қарақоқты, Байдалы, Қарақұджұр жоталарының терең бөлінген бөктерінен құрылған. Бұл жерлерде жер бетіндегі ағысты тежеуге әсерін тигізетін, ертеректе бөлшектелген жазықтықтар кеңінен тараған. Шу өзені Қошқар және Ортоғай ойпаттарынан өткен соң, ашық және Чон-Кемен өзенінің бастауынан төмен қарай батысқа қарай кеңитін өзінің тегістіктегі Шу ойпатымен қиылысады [1-4].

Шу ойпатының тегістік кеңістігі біртіндеп шығыстан 1300 метрден батысқа қарай 120 метрге дейін төмендейді. Шу ойпатының морфологиялық шекарасы болып, оңтүстікте Қырғыз жотасы (4894 м) және батысқа қарай 660 метрден 200 метрге дейін төмендейтін, белестенген құмдақ тегістіктегі Мойынқұм, ал солтүстікте бір бірін ауыстырып отыратын және солтүстік-батыс бағытындағы тау жоталарымен (Залай Алатауының батысымен шектелген, Жетіжол, Кіндіктас, Шу-Іле тауы,Майжарылған) және өлшенген тегістіктен Бетпақ-Дала табылады. Соңғысының абсолюттік деңгейі» шығыстан батысқа қарай 974 метрден (Тараз қаласы) Шу-Балхаш субөлгішіне және 230 метрге дейін Сарысу-Шу субөлгішіне қарай төмендейді.

Шу өзені шекаралас су ағынына жатады, оның ұзындығы 1067 км, алабтың ауданы 62500 км2. Ол Қырғыз және Теріс-Алатауының жоталарындағы мұздықтардан басталатын Жуанарық және Қошқар өзендерінің қосылған жерінен басталады. Олардың қосылған жерінен төмен қарай Шу өзені Ыстық – көлге жақын аға отырып, Ысықкөл қазаншұңқырын кесіп өтеді және су тасқыны кезінде Күлемал қолтығы арқылы Му өзенінің ағыны Ыстықкөлге құйылады. Өзен қоршаған тау жүйелерінен ағатын көптеген саласы бар Боом шатқалы арқылы Шу ойпатына шығады. Өзеннің төменгі жағы Мойынқұм шөлдігімен қиылысып және Ащыкөл шұңқырында жоғалады. Шу өзенінің қоректенуі жағынан мұзды-қарлы топқа жатады және жер асты суының ағынында әжептеуір орын алады. Су жиналатын алабтың ауданы 25000 км2 болатын, таудан шыға берістегі су өнімінің орташа шамасы 130 м3/с, ең көп ағын шілде – тамыз және төменгі жағында шілденің соңында және тамыздың бас кезінде кеуіп қалады да, желтоқсын айында қайта пайда болады. Оның негізгі саласы болып оң жағында - Чон-Кемен, Ырғайты, Қақпатас және сол жағында – Аламедин, Ақсу Құрғаты өзендері табылады.

Өзеннің сай-саласы, терең арнамен байланысатын кеңінен тау аралық ойысқа орналасқан (Қошқар және Ыстық көл ойпаты). Боом шатқалынан шыға берісте Шу өзені сол жағынан өзінің ең үлкен саласы Чон-Кемен өзенін қабылдайды және оң жағалауы жоғарғы сай-саласы 25-30 метр келетін жайылымдар арқылы Шу сай-саласына шығады. Сонымен қатар Шу өзенінің сай-саласы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасының шекарасында орналасқан, оңтүстік-шығыстағы Боом шатқалымен және солтүстік-батысында Мойынқұмның шығыс жағымен шектелетін, ортаңғы ағысына орналасқан бөлігі болып табылады.

Төңіректің оңтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 200 км, ені 15 км және солтүстік-батысқа қарай 100 км жетеді. Шу сай-саласының абсолюттік орналасу деңгейі 500-1200 м.

Токмактан төмен және Чумыш бөгетіне дейін сай-сала өте батпақтанған және оның ені 3-5 км. Бұл жерлерде көптеген қара сулар пайда болады. Шу өзені Свят тауының доңғалында тарылады және қайырларға айналған аралдар пайда болады, Шу өзені Құрғаты өзенінің ойпаты арқылы құмға шығып, оның ені тарыла түседі. Мойынқұм ауылынан бастап Шу өзенінің төменгі саласы пайда болады, ол көптеген қолтықтар, көлдер, ағындар орналасқан, төмендеген жазықтықтан құрайды және су құю ауданының ұзындығы 450 км шамасында, ол Мойынқұм ауылының солтүстік-батыс жағынан Сарысу өзенінің төменгі алабына дейін алып жатыр.

Мойынқұм ауылынан төмен қарай Шу өзенінің арнасы жойылады. Оның жайылым бөлігі көл-аллювиалдық тегістіктің кең кеңістігін алып жатыр және жыл сайын әртүрлі деңгейде су қаптайтын ішкі континентік атырау болып табылады. Бұл Шу өзенінің су бөлгіш тобы деп аталады: Гуляев – жалпы ұзындығы 140-150 км және ені 50-60 км, Ұланбел - жалпы ұзындығы 100 км және ені 6-8 км және Қамқалы - жалпы ұзындығы 150 км және ені 3-25 км шамасында.

Шу өзені алабының негізгі су көзінің қоры болып жер бетіндегі ағын сулар болып табылады, оның орташа жылдық шамасы 1.15-2.55 аралығында өзгеріп отырады км3 [2; 3].

Шу өзені алабының су жинақтайтын ауданының шамасы 67500 км2, оның ішіне су ағысы жоқ төменгі бөлігі және жақын орналасқан шөлейттік кеңістіктер кіреді.

Шу өзенінің өзендік ағысының сандық бағасы негізінен 1980-2002 жылдар аралығындағы Қырғыз гидрометтің бағалаған мәліметтері бойынша және ешқандай бақылау жүргізілмеген өзендерге арналған ұқсастық әдісі бойынша анықталған шамасы 1- кестеде келтірілген.


Кесте 1.

Шу өзені алабының су қорын пайдалануының жалпыланған сандық бағасы [4].





Республика

Су қоры (км3)

пайда болу аймағы

«қарасу»

төкпе су

Пайдалану қоры

Қырғызстан

3.20

1.29

0.81

5.30

Қазақстан

0.38

-

-

0.38

Барлығы

3.58

1.29

0.81

5.68

Шу өзенінің мүскіншілік су қоры = 4.87 км3құрайды, оның = 5.68 км3 төкпе сулардан тұрады.

Шу өзені алабының көп жылдық кезеңдегі орташа жылдық су ағыны және оның маусымның ішіндегі таралу шамасы, негізгі гидробекеттер бойынша 2- кестеде берілген.
Кесте 2.

Шу өзені ағынының динамикасының салыстырмалы талдауы [5]





Гидробекеттің аты

Есептеу кезеңі

Су ағынының көп жылдық орташа шамасының мәні (), км3



жылдық

IV-IX

X-III

Қошқар

1931-1940

0.851

0.511

0.340

1.00

1941-1950

0.870

0.538

0.332

1.02

1951-1960

0.965

0.630

0.335

1.13

1961-1970

0.905

0.567

0.338

1.06

1971-1995

0.747

0.394

0.353

0.88

Миляфан

1931-1940

1.328

0.667

0.661

1.00

1941-1950

0.911

0.535

0.376

0.69

1951-1960

0.687

0.388

0.299

0.52

1961-1970

0.448

0.214

0.234

0.34

Чапаев

1931-1940

1.151

0749

0.402

1.00

1941-1950

2.220

0.872

1.348

1.93

1951-1960

2.485

1.049

1.436

2.16

1961-1970

2.116

0.943

1.173

1.84

1971-1980

1.536

0.746

0.790

1.33

1981-1995

1.539

0.595

0.944

1.33

Амангелді

1931-1940

1.637

0.510

1.127

1.00

1941-1950

1.917

0.814

1.103

1.17

1951-1960

2.425

0.950

1.475

1.48

1961-1970

2.008

0.833

1.175

1.23

1971-1980

1.390

0.579

0.811

0.85

Үланбел

1931-1940

1.012

0.558

0.454

1.00

1941-1950

0.703

0.435

0.268

0.69

1951-1973

0.696

0.391

0.305

0.69

1974-1995

0.329

0.146

0.183

0.32

Шу өзені ағынының көп жылдық өзгеруін толық көрсету үшін соңғы 70 жылдық мәліметтерді пайдаландық, ол ағынның құралу аймағында (бекет Қочқар) көп жылдық көлемде орнықтылығы бойынша ерекшеленетіндігіне дәлел бола алады, және 50 жылдарда су ағынының жоғары және 70 жылдарда төмен болғанын салыстырады.

Ирригациялық құрылыстарға байланысты Шу өзенінің ағыны Миляфан гиидро бекетінде 40 жылдардан соң күрт өзгере бастады. Шу өзенінің ортаңғы және төменгі ағыстарында, 1941-1970 жылдар аралығында суармалы алқаптардан өзенге келіп түскен төкпе сулардың қарқыны ыңғайлы жағдай тудырып отырды, ал 70 жылдардан бастап су ағыны құрылатын аудандарынан келіп түсетін судың шамасы азаюына байланысты, оның шамасы төмендеп кетті. Шу өзені ағынының маусымның ішкі кезіндегі таралуының ерекшеленуінің себебі, оның таулы бөліктеріндегі табиғи су ағынының реттелуіне байланысты және сүзілуге кететін судың көлемінің көптігінде.

Шу өзенінің ағысын реттеу және су қорын агро өндірістік кешендерге пайдалану, аның алабының орта ағысындағы және төменгі саласының гидрологиялық тәртібін күрт өзгертіп жіберді. Осының салдарынан Шу өзені суының сапасы да өзгеріске түсті (кесте 3).

Шу өзені алабының үлкен бөлігінде судың тұздылығы 0.5 г/л аспайды, ал оның төменгі ағысында судың тұздылығы 0.772 г/л ( Чапаевтан) 2.52 г/л ( Үланбел) өзгеріп отырады.

Кесте 3.


Шу өзені суының иондыққұрамының өзгеруі [5 ].

Гидробекеттің аты

Есептеу кезеңі

, г/л

Ионның құрамы, мг-экв













Қошқар

1965-1995

0.265

2.3

0.7

0.5

2.6

0.6

0.3

Миляфан

1965-1995

0.311

2.3

0.8

1.0

2.9

0.9

0.3

Тасөткөл

1952-1960

0.478

3.4

1.3

1.8

3.7

2.2

0.5

1967-1970

0.588

3.6

2.0

2.6

3.7

3.7

0.7

1971-1995

0.601

3.4

2.2

2.9

3.8

3.7

0.7

Амангелді

1954-1958

0.607

3.0

3.7

7.0

4.3

6.9

2.2

1974-1995

0.955

3.2

3.7

7.0

4.3

6.9

2.2

Үланбел

1956-1960

1.058

4.8

4.0

6.3

6.2

5.7

3.2

1961-1970

1.154

5.1

4.6

7.0

5.6

7.2

3.2

1971-1995

1.545

5.7

6.3

7.8

4.7

11.8

4.5

Су қорын қарқынды пайдалану, сонымен қатар агроөндірістік кешенінің өндірістік күшін орналастыру және оның дамуына байланысты Шу өзені суының ағысын реттеу, оның су ағынына және сапасына айтарлықтай өзгерістер енгізді, ол аймақтың экологиялық жағдайының нашарлауына және агроландшафттардың потенциалдық өнімділігінің төмендеуіне алып келеді, ал ол бүгінде табиғи әсерді және табиғи-техникалық қызметті есепке алатын, ландшафттардың өнімділігін экологиялық тұрғыдан бағалаудың әдістемелік нұсқасын құруды талап етеді.


Әдебиеттер


  1. Русяева Г.К. Изменение ландшафтов низовий долины р. Чу в связи с водохозяйственным строительством в ее среднем течении // В кн.: Вопросы гидрологии орошения земель Казахстана. - Алма-Ата, 1986. - С. 119-125.

  2. Гидрогеологические основы оросительных мелиораций в бассейне рек Чу и Талас. - Л.: Гидрометеоиздат, 1990. - 342 с.

  3. Стародубцев В.М. Влияние орошения на мелиоративные качества речного стока. - Алма-Ата: Наука, 1985. - 168 с.

  4. Заурбеков А.К. Научные основы рационального использования и охраны водных ресурсов бассейна реки: Автореф. д-ра техн. наук. - Тараз, 1998. - 49 с.

  5. Мустафаев Ж.С., Адильбектеги Г.А., Сейдуалиев М.А. Экологическая оценка продуктивности ландшафтов бассейна реки Шу (Аналитический обзор). – Тараз, 2004 – 80 с.

Каталог: rus -> all.doc -> urkimbaev okulary
urkimbaev okulary -> Аумақты корпоративтік басқару арқылы бәсекелестік мүмкіндіктерін дамыту ерекшеліктері
urkimbaev okulary -> Өңдеу, болжау мәліметтер базасы негізінде арнайы бағдарламалы геоақпараттық жүйелер жұмысын жүргізу Дубурбаева Г., Тұрсынбаев Н
urkimbaev okulary -> Әож 28. 12: 591. Қазақстан республикасы аумағында талас алабы өңірінің су және жер ресурстарын пайдалану
urkimbaev okulary -> Әож 631. 95: 581. 526 Барабанды бу қазандығының жұмыс істеу принциптерін қадағалау
urkimbaev okulary -> Байзақ ауданының суғармалы жерлерінде көкөніс және бақша дақылдарының зиянкестермен зақымдалуы және аурулармен залалдануы Дайранбекова М. Б., Мұсабеков Қ.Қ
urkimbaev okulary -> Әож 504. 6: 656 (043. 3) Автомобиль көлігінің қоршаған ортаға әсерін талдау
urkimbaev okulary -> Сельхозводоснабжение, мелиорация и ресурсосберегающие технологии интегрированные управление водными ресурсами и экономика водного хозяйства
urkimbaev okulary -> Табиғи лайлы сулардың экологиялық қауіпсіздігі мен сапасын біртекті немесе әртекті функционалды полиэлектролиттер қолдану арқылы жақсарту Асанов А., Шилібек К.Қ., Базарханқызы А
urkimbaev okulary -> Фильтроциклонды қондырғылар конструкциясын жетілдіру жолдары Абдураманов Н. А.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет