Ұшуды жүргізу бойынша үлгілік нұсқау



жүктеу 140.99 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі140.99 Kb.
түріНұсқаулар


Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын

беру қағидаcына          


5-қосымша            


Ұшуды жүргізу бойынша үлгілік нұсқау
1. Ұшуды жүргізу бойынша нұсқауды өтініш беруші әуе кемелерін пайдалануды реттейтін қолданыстағы қағидаларға, нұсқауларға және басқа нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әдістемелік құрал ретінде ИКАО 9376-AN/914 құжатын және төмендегілерде келтірілген ұшуды жүргізу бойынша Нұсқауды пайдалана отырып әзірлейді:

Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаның В-толықтыруында. Әуе кемелерін пайдалану, І бөлім. Халықаралық коммерциялық көлік. Ұшақтар – ұшақтарды пайдаланатын өтініш берушілер үшін;

Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаның Н-толықтыруында. Әуе кемелерін пайдалану, ІІІ бөлім. Халықаралық ұшулар, Тікұшақтар – тікұшақтарды пайдаланатын өтініш берушілер үшін.

      2. Ұшуды жүргізу бойынша нұсқаудың төмендегідей құрылымы бар:

      А бөлігі. Жалпы ережелер;

      В бөлігі. Әуе кемесін пайдалану бойынша ақпарат;

      С бөлігі. Аудандар, маршруттар мен әуеайлақтар;

Д бөлігі. Дайындық.

3. Ұшақтарды пайдаланатын өтініш берушілер үшін Нұсқау мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

А бөлігі. Жалпы ережелер.

1-тарау. Әкімшілік және ұшуды жүргізу бойынша нұсқауды бақылау.

2-тарау. Ұшуды жүргізуге қатысы бар персоналдың міндеттерінің жалпы сипаттамасын қамтитын нұсқаулықтар.

3-тарау. Шаршауды бақылауға қатысты ақпарат және саясат, мыналарды қоса алғанда:

1) ұшу уақыты, қызметтік ұшу уақыты және қызмет уақытының нормативтері мен ұшу және кабина экипаждары мүшелерінің демалу уақытына қатысты ережелер;

2) пайдаланушының FRMS жүйесіне қатысты саясат пен құжаттамасы.

4-тарау. Сипаттамаларға негізделген навигацияны пайдалану белгіленген әуе кеңістігінде ұшуды жүргізуге қатысты кез келген талаптарды қоса алғанда, бортта болуға тиісті навигациялық жабдықтардың тізбесі.

5-тарау. Тиісті ұшулар үшін – қозғалтқыштың істен шығуына байланысты ұзақ навигацияның ережелерін пайдалануға жататын EDTO орындау рәсімі, сонымен қатар қосалқы әуеайлақтардың тағайындалуы мен пайдаланылуы.

6-тарау. Радиожиілілікті тыңдау қажеттілігі туындаған жағдайлар.

7-тарау. Ұшудың ең төменгі абсолютті биіктігін анықтау әдісі.

8-тарау. Әуеайлақтардың пайдалану минимумдарын анықтау әдістері.

9-тарау. Бортта жолаушылар болған жағдайда жанармай құю кезінде қолданылатын іс-шаралар.

10-тарау. Жер үсті қызмет көрсетуді ұйымдастыру және оның рәсімдері.

11-тарау. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 12-қосымшасында белгіленген оқиғаның куәгері болған әуе кемелері командирлерінің әрекет ету тәртібі.

12-тарау. Орындалатын әрбір ұшу үшін ұшу экипажының құрамы, сондай-ақ командирлік басшылық ету сабақтастығының тәртібі.

13-тарау. Ұшудың барлық жағдайларын, оның ішінде ұшу бағытында герметизациясын жою және бір немесе бірнеше қозғалтқыштардың тоқтап қалу мүмкіндігін ескере отырып, бактарда болуға тиісті жанармай мен майдың санын есептеу бойынша нақты нұсқаулықтар.

14-тарау. Оттегі және оттегінің қорлары пайдаланылатын жағдайлар.

15-тарау. Салмақ пен салмақты орталықтандыруды бақылауға қатысты нұсқамалар.

16-тарау. Мұз қатуды жою/алдын алу және осы операциялардың орындалуын бақылау жұмыстарына қатысты нұсқамалар.

17-тарау. Ұшудың жұмыс жоспарына қойылатын техникалық талаптар.

18-тарау. Ұшудың әрбір кезеңі үшін стандартты пайдалану рәсімдері (SOP).

19-тарау. Әдеттегі бақылау тізбелерін пайдалану және пайдалану уақытына қатысты нұсқамалар.

20-тарау. Күтпеген жағдайда ұшып кету қағидалары.

21-тарау. Абсолютті биіктік туралы ақпаратты және автоматты құралдары немесе ұшу экипажының мүшелері арқылы абсолютті биіктік туралы хабарлауға қатысты нұсқамалар.

22-тарау. Аспапты метеожағдайларда автопилотты және күш автоматтарын пайдалануға қатысты нұсқамалар.

23-тарау. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органының рұқсатын нақтылау және қабылдау, оның ішінде жергілікті жерден ұшып өтуге қатысты нұсқамалар.

24-тарау. Ұшып кетуге және қонуға бет алуға қатысты нұсқамалық.

25-тарау. Аудандармен, маршруттармен және әуеайлақтармен танысу рәсімдері.

26-тарау. Қонуға тұрақтандырылған бет алу рәсімі.

27-тарау. Жер бетінің таяғанда жоғары жылдамдықты шектеу.

28-тарау. Аспаптар бойынша қонуға бет алуды бастау немесе жалғастыру үшін қажетті шарттар.

29-тарау. Аспаптар бойынша қонуға дәл және дәл емес бет алуға қатысты нұсқамалар.

30-тарау. Түнгі уақытта аспаптар бойынша қонуға бет алу мен қону және аспаптық метеорологиялық жағдайлар кезінде ұшу экипажының мүшелері арасында міндеттерді бөлу және жұмыс жүктемесін реттеу рәсімдері.

31-тарау. Ақауы жоқ әуе кемесінің жермен соқтығысуын болдырмау әдістерін оқыту жөніндегі нұсқаулықтар мен талаптар, сонымен қатар жерге жақындау туралы ескерту жүйесін (GPWS) пайдалану қағидаттары.

32-тарау. Соқтығыстардың алдын алу әдістерін оқытудың және соқтығысуды болдырмаудың борттық жүйесін (СЕБЖ) пайдаланудың қағидаттары, нұсқаулықтары, қағидалары мен талаптары.

33-тарау. Азаматтық әуе кемелерін басып алуға қатысты ақпарат пен нұсқаулықтар, оның ішінде:

a) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 2-қосымшасында белгіленген басып алынатын әуе кемелері командирлерінің іс-қимыл жасау тәртібі;

b) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 2-қосымшасынан алынған басып алатын және басып алынатын әуе кемелері пайдаланатын көрнекі сигналдар.

34-тарау. 15000 м. (49000 фут) жоғары биіктікте пайдалануға жататын ұшақтар үшін:

a) ғарыштық күн радиациясының әсер етуі жағдайында пилотқа іс-әрекеттердің тиімді жүрісін анықтауға мүмкіндік беретін ақпарат;

b) мыналарды көздейтін биіктікті төмендету туралы шешім қабылдау кезіндегі іс-әрекеттердің тәртібі:

1) орын алған жағдай туралы әуе қозғалысына қызмет көрсету жөніндегі тиісті органға хабарлау және төмендеуге уақытша рұқсат алу қажеттілігі;

2) әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша тиісті органмен байланыс орнату мүмкіндігі болмағанда немесе бұл байланыс үзілген жағдайда, орындалуға тиісті іс-әрекет.

35-тарау. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі туралы толық мәліметтер.

36-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша ақпарат және нұсқаулықтар, сонымен қатар авариялық жағдай туындаған кезде орындауға тиісті іс-әрекеттер.

37-тарау. Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар және нұсқамалар.

38-тарау. Ұшақты тексеріп қарау қағидаларының бақылау тізімі.

39-тарау. Коллиматорлық индикаторларды (HUD) және қажет болған жағдайда, визуализацияның кеңейтілген мүмкіндіктері бар техникалық көру жүйелерін (EVS, SVS немесе CVS) пайдалану саласында дайындық бойынша нұсқаулықтар және талаптар.

40-тарау. Электронды ұшу құжаттамасы (EFB) пайдалану саласында дайындық бойынша нұсқаулықтар және талаптар.

В бөлігі. Әуе кемесін пайдалану бойынша ақпарат.

1-тарау. Сертификаттық шектеулер және пайдалану бойынша шектеулер.

2-тарау. Әдеттегі, штаттан тыс және авариялық жағдайлар кезіндегі ұшу экипажы іс-әрекеттерінің тәртібі және онымен байланысты бақылау карталары.

3-тарау. Пайдалану бойынша нұсқаулықтар және барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштардың биіктік алуының сипаттамалары туралы ақпарат.

4-тарау. Тартылыстың/қуаттың және жылдамдықтың белгіленген әртүрлі мәндерін ұшу алдында және ұшуды жоспарлау үшін ұшуды жоспарлау деректері.

5-тарау. Пайдаланылатын ұшақтың әрбір түрі үшін желді бүйір және бағыттас құрамдас бөлігінің ең жоғары мәндері және желдің екпінін, нашар көрінуін, ҰҚЖ бетінің күйін, экипаж тәжірибесін, автопилотты пайдалануды, штаттан тыс немесе авариялық немесе ұшуды жүргізумен байланысты факторларды ескере отырып, қолдануға жататын азайтылған мәндер.

6-тарау. Салмақты және салмақты орталықтандыруды есептеу үшін нұсқаулықтар және мәліметтер.

7-тарау. Әуе кемесіне жүктеу және жүкті арқандап байлау бойынша нұсқаулықтар.

8-тарау. Әуе кемелерінің жүйелері, басқарудың тиісті органдары және оларды пайдалану бойынша нұсқаулықтар.

9-тарау. Пайдаланылатын ұшақтардың түрлері үшін ең төменгі жабдықтардың және конфигурациялардан ауытқулардың және сипаттамаларға негізделген навигацияны пайдалану белгіленген әуе кеңістігінде ұшуды жүргізуге қатысты кез келген талаптарды қоса алғанда, рұқсат етілген арнайы ұшулар тізімі.

10-тарау. Авариялық және құтқару жабдықтардың бақылау тізімі, сонымен қатар оны пайдалану бойынша нұсқаулықтар.

11-тарау. Жағдайлардың түріне қарай арнайы рәсімдерді, экипаждың іс-қимылын үйлестіруді, авариялық жағдайда экипаж мүшелеріне жұмыс орындарын бекіту және экипаждың әрбір мүшесіне тапсырылған авариялық міндеттерді қоса алғанда, авариялық эвакуация қағидалары.

12-тарау. Әдеттегі, штаттан тыс және авариялық жағдайларда қызмет етуші экипаж әрекеттерінің тәртібі, соған байланысты бақылау карталары, сонымен қатар белгіленген талаптарға сәйкес әуе кемесінің жүйелері туралы ақпарат және ұшу және қызмет көрсететін экипаж әрекеттерін үйлестірудің қажетті рәсімдерін сипаттау.

13-тарау. Түрлі бағыттарға арналған құтқару және авариялық жабдықтар және оттегінің қажетті және бар қорларды анықтау процедураларын қосқанда, ұшу алдында жабдықтың қалыпты жұмысын тексеру бойынша қажетті рәсімдері.

14-тарау. Тірі қалған адамдардың пайдалануы үшін Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 12-қосымшасындағы «жер – ауа» көрнекі сигналдарының коды.

С-бөлігі. Маршруттар және әуеайлақтар

1-тарау. Әрбір ұшуда ұшу экипажын байланыс құралдары, навигациялық құралдар, әуеайлақтар, аспаптар бойынша қонуға бет алу, аспаптар бойынша ұшып келу және аспаптар бойынша ұшып кету туралы мәліметтермен және пайдаланушы ұшуларды дұрыс жүргізу үшін қажетті деп есептейтін басқа мәліметтермен қамтамасыз ету үшін нақты ұшуға қажетті бағыттық анықтамалық мәліметтер.

2-тарау. Әрбір белгіленген бағытта ұшудың ең төменгі абсолютті биіктіктері.

3-тарау. Белгіленген қону әуеайлағы немесе қосалқы әуеайлақ ретінде пайдалану көзделетін әрбір әуеайлақ үшін пайдалану бойынша минимумдар.

4-тарау. Қонуға бет алуды қамтамасыз ету құралдарының немесе әуеайлақтық құралдардың жұмысы нашарлаған жағдайда әуеайлақтардың пайдалану минимумдарын ұлғайту туралы ақпарат.

5-тарау. Мыналарды анықтауды қоса алғанда, қағидаларда көзделген ұшулардың барлық бағыттарын сақтау үшін қажетті ақпарат:

1) ҰҚЖ беті құрғақ, дымқыл болған және кірлеген жағдайда ҰҚЖ ұзындығына қойылатын талаптарды, сонымен қатар ұшу аралығына әсер ететін жүйелердің істен шығуымен негізделетін талаптар;

2) ұшып кету кезінде биіктік алуды шектеу;

3) маршрут бойынша ұшу кезінде биіктік алуды шектеу;

4) қонуға бет алу және қону кезінде биіктік алуды шектеу;

5) ҰҚЖ беті құрғақ, дымқыл болған және кірлеген жағдайда ҰҚЖ ұзындығына қойылатын талаптарды, оның ішінде ұшу аралығына әсер ететін жүйелерді істен шыққан жағдайда қойылатын талаптар;

6) қосымша ақпарат, мысалы пневматиктің жылдамдығын шектеу.

6-тарау. HUD және EVS, SVS немесе CVS пайдалана отырып, қонуға бет алу үшін әуеайлақтарды пайдалану жөніндегі минимумдарды анықтауға қатысты нұсқаулықтар.

D-бөлігі. Дайындық

1-тарау. Ұшу экипажын дайындау бағдарламасы туралы толық мәліметтер.

2-тарау. Бортсеріктерді міндеттерді орындауға дайындау бағдарламасы туралы толық мәліметтер.

3-тарау. Ұшуды жүргізудің бақылауын жүзеге асыру әдістеріне сәйкес өз қызметтерін орындайтын ұшуды қамтамасыз ету қызметкерін/диспетчерді дайындау бағдарламасы туралы толық мәліметтер.

4-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін авиациялық қызметкерлерді дайындау бағдарламасы.

5-тарау. Авиациялық қауіпсіздік бойынша авиациялық қызметкерлерді дайындау бағдарламасы.

4. Тікұшақтарды пайдаланатын өтініш берушілер үшін нұсқаулық мынадай ақпаратты қамтуға тиіс:

А-бөлімі. Жалпы ережелер

1-тарау. Әкімшілік және Ұшуды жүргізу бойынша нұсқауды бақылау.

2-тарау. Ұшуды жүргізуге қатысы бар персоналдың міндеттеріне жалпы сипаттамасы берілген нұсқаулықтар.

3-тарау. Ұшу уақыты мен қызметтік ұшу уақытын нормалау ережелері және ұшу экипажының мүшелері мен бортсеріктердің демалуы үшін жеткілікті уақыт көзделетін қағидалар.

4-тарау. Бортта болуға тиісті навигациялық жабдықтардың тізімі, сондай-ақ сипаттамаларға негізделген навигацияны пайдалану белгіленген әуе кеңістігінде ұшуды жүргізуге қатысты кез келген талаптар.

5-тарау. Радиожиілілікті тыңдау қажеттілігі туындаған жағдайлар.

6-тарау. Ұшудың ең төменгі абсолютті биіктігін анықтау әдісі.

7-тарау. Тікұшақ айлағының пайдалану минимумдарын анықтау әдістері.

8-тарау. Бортта жолаушылар болған жағдайда жанармай құю кезінде қолданылатын іс-шаралар.

9-тарау. Жер үсті қызмет көрсетуді ұйымдастыру және оның рәсімдері.

10-тарау. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 12-қосымшасында белгіленген оқиғаның куәгері болған әуе кемелері командирлерінің әрекет ету тәртібі.

11-тарау. Орындалатын әрбір ұшу үшін ұшу экипажының құрамы, сондай-ақ, командирлік басшылық ету сабақтастығының тәртібі.

12-тарау. Ұшудың барлық жағдайларын, оның ішінде ұшу бағытында герметизациясын жою және бір немесе бірнеше қозғалтқыштардың тоқтап қалу мүмкіндігін ескере отырып, бактарда болуға тиісті жанармай мен майдың санын есептеу бойынша нақты нұсқаулықтар.

13-тарау. Оттегі және оттегінің қорлары пайдаланылатын жағдайлар.

14-тарау. Салмақ пен салмақты орталықтандыруды бақылауға қатысты нұсқамалар.

15-тарау. Мұз қатуды жою/алдын алу және осы операциялардың орындалуын бақылау жұмыстарына қатысты нұсқамалар.

16-тарау. Ұшудың жұмыс жоспарына қойылатын техникалық талаптар.

17-тарау. Ұшудың әрбір кезеңі үшін стандартты пайдалану рәсімдері (SOP).

18-тарау. Әдеттегі бақылау тізбелерін пайдалану және пайдалану уақытына қатысты нұсқамалар.

19-тарау. Күтпеген жағдайда ұшып кету қағидалары.

20-тарау. Абсолютті биіктік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету етуге қатысты нұсқамалар.

21-тарау. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органының рұқсатын нақтылау және қабылдау, оның ішінде жерді ұшып өтуге қатысты нұсқамалар.

22-тарау. Ұшып кету және қонуға бет алуға қатысты нұсқамалық.

23-тарау. Ұшу бағыты мен тағайындау пунктпен танысу.

24-тарау. Аспаптар бойынша қонуға бет алуды бастау немесе жалғастыру үшін қажетті жағдайлар.

25-тарау. Аспаптар бойынша қонуға нақты және нақты емес кіруге қатысты нұсқамалар.

26-тарау. Түнгі уақытта аспаптар бойынша қонуға бет алу мен қону және аспаптық метеорологиялық жағдайлар кезінде ұшу экипажының мүшелері арасында міндеттерді бөлу және жұмыс жүктемесін реттеу рәсімдері.

27-тарау. Азаматтық әуе кемелерін басып алуға қатысты ақпарат пен нұсқаулықтар, оның ішінде:

1) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 2-қосымшасында белгіленген басып алынатын әуе кемелері командирлерінің іс-қимыл жасау тәртібі;

2) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 2-қосымшасынан алынған басып алатын және басып алынатын әуе кемелері пайдаланатын көрнекі сигналдар.

28-тарау. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі туралы толық мәліметтер.

29-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша ақпарат және нұсқаулық, сонымен қатар авариялық жағдай туындаған кезінде орындалуға тиісті іс-әрекеттер.

30-тарау. Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар және нұсқамалар.

31-тарау. Тікұшақты қарап тексеру ережелерінің бақылау тізібесі.

32-тарау. Коллиматорлық индикаторларды (HUD) және қажет болған жағдайда, визуализацияның кеңейтілген мүмкіндіктері бар техникалық көру жүйелерін (EVS, SVS немесе CVS) пайдалану саласында дайындық бойынша нұсқаулықтар және талаптар.

33-тарау. Электронды ұшу құжаттамасы (EFB) пайдалану саласында дайындық бойынша нұсқаулықтар және талаптар.

В-бөлімі. Әуе кемесін пайдалану бойынша ақпарат.

1-тарау. Сертификаттық шектеулер және пайдалану бойынша шектеулер.

2-тарау. Әдеттегі, штаттан тыс және авариялық жағдайлар кезіндегі ұшу экипажы іс-әрекеттерінің тәртібі және онымен байланысты бақылау карталары.

3-тарау. Тартылыстың/қуаттың және жылдамдықтың белгіленген әртүрлі мәндерін ұшу алдында және ұшуды жоспарлау үшін ұшуды жоспарлау деректері.

4-тарау. Салмақты және салмақты орталықтандыруды есептеу үшін нұсқаулықтар және мәліметтер.

5-тарау. Әуе кемесіне жүктеу және жүкті арқандап байлау бойынша нұсқаулықтар.

6-тарау. Әуе кемелерінің жүйелері, басқарудың тиісті органдары және оларды пайдалану бойынша нұсқаулықтар.

7-тарау. Пайдаланылатын тікұшақтардың түрлері үшін ең аз жабдықтардың және сипаттамаларға негізделген навигацияны пайдалану белгіленген әуе кеңістігінде ұшуды жүргізуге қатысты кез келген талаптарды қоса алғанда, рұқсат етілген арнайы ұшулар тізімі.

8-тарау. Авариялық және құтқару жабдықтардың бақылау тізімі, сонымен қатар оны пайдалану бойынша нұсқаулықтар.

9-тарау. Жағдайлардың түріне қарай арнайы рәсімдерді, экипаж әрекеттерін үйлестіруді, авариялық жағдайда экипаж мүшелеріне жұмыс орындарын бекіту және экипаждың әрбір мүшесіне тапсырылған авариялық міндеттерді қоса алғанда, авариялық эвакуация қағидалары.

10-тарау. Әдеттегі, штаттан тыс және авариялық жағдайларда кабина экипажы әрекеттерінің тәртібі, соған байланысты бақылау карталары, сонымен қатар белгіленген талаптарға сәйкес әуе кемесінің жүйелері туралы ақпарат және ұшу және қызмет көрсететін экипаж әрекеттерін үйлестірудің қажетті рәсімдерін сипаттау.

11-тарау. Түрлі бағыттарға арналған құтқару және авариялық жабдықтар және оттегінің қажетті және бар қорларды анықтау рәсімдерін қоса алғанда, ұшу алдында жабдықтың қалыпты жұмысын тексеру бойынша қажетті рәсімдері.

12-тарау. Тірі қалған адамдардың пайдалануы үшін Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 12-қосымшасындағы «жер – ауа» көрнекі сигналдарының коды.

С-бөлігі. Маршруттар және әуеайлақтар

1-тарау. Әрбір ұшуда ұшу экипажын байланыс құралдары, навигациялық құралдар, әуеайлақтар, аспаптар бойынша қонуға бет алу, аспаптар бойынша ұшып келу және аспаптар бойынша ұшып кету туралы мәліметтермен және пайдаланушы ұшуларды дұрыс жүргізу үшін қажетті деп есептейтін басқа мәліметтермен қамтамасыз ету үшін нақты ұшуға қажетті бағыттық анықтамалық мәліметтер.

2-тарау. Әрбір белгіленген бағытта ұшудың ең төменгі абсолютті биіктіктері.

3-тарау. Белгіленген қону тікұшақ айлағы немесе қосалқы тікұшақ айлағы ретінде пайдалану көзделетін әрбір тікұшақ айлағы үшін пайдалану бойынша минимумдар.

4-тарау. Қонуға бет алуды қамтамасыз ету құралдарының немесе тікұшақ айлақтық құралдардың жұмысы нашарлаған жағдайда әуеайлақтардың пайдалану минимумдарын ұлғайту туралы ақпарат.

5-тарау. HUD және EVS, SVS немесе CVS пайдалануды ескере отырып, қонуға бет алу үшін әуеайлақтарды пайдалану бойынша минимумдарды анықтауға қатысты нұсқаулықтар.

D-бөлігі. Дайындық

      1-тарау. Ұшу экипажын дайындау бағдарламасы туралы толық мәліметтер және қойылатын талаптар.

2-тарау. Бортсеріктерді міндеттерді орындауға дайындау бағдарламасы туралы толық мәліметтер.

3-тарау. Ұшуды жүргізудің бақылауын жүзеге асыру әдістеріне сәйкес өз қызметтерін орындайтын ұшуды қамтамасыз ету қызметкерді/диспетчерді дайындау бағдарламасы туралы толық мәліметтер.

4-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін авиациялық қызметкерлерді дайындау бағдарламасы.

5-тарау. Авиациялық қауіпсіздік бойынша авиациялық қызметкерлерді дайындау бағдарламасы.


_______________________



Каталог: sites -> default -> files -> txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Трафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және өзара іс-қимыл қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару» кәсіби стандарты Жалпы ережелер
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Идентификация опасных производственных объектов


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет