Түркіменстанның батысында оқушы қыздардың моральдық ұстанымдарын бағалау және жасөспірімдер жүктілігіне жол бермеу үшін пәктікті анықтайтын тексерістен өтуге мәжбүрлеп жатыр. Тексеру кезінде пәктігі расталмаған қыздардың тізімі полицияға жіберіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Currenttime басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: azathabar.com

Түркіменстанның Балқан аймағындағы орта мектеп оқушыларына міндетті түрде пәктік тексерісінен өту міндеттелген. Билік бұл сынақ қыз баланың моральдық ұстанымын анықтау үшін қажет деп санайды.

Гинекологтар жүргізетін тексеруге билік мектеп оқушыларының немесе олардың ата-анасының келісімін сұрамаған.  Ал білім беру қызметкерінің айтуынша, "сынақтан сүрінген" оқушы қыздардың тізімі полиция мен қауіпсіздік қызметіне жіберіледі.

"Балқанабат пен Түркіменбашы қалаларында 9-11 сынып оқушылары гинекологиялық тексеруден өтуге мәжбүр. Тексеру барысында жыныстық қатынасқа түскен қыздар анықталып, тізімдері жергілікті полиция қызметі мен ұлттық қауіпсіздік министрлігіне тапсырылады", — дейді аты-жөнін атамауды өтінген қызметкер.

Білім саласындағы басқа қызметкерлердің айтуынша, полиция тізімге ілінген қыздардың телефонын тексеріп, олардың кіммен жыныстық қатынасқа түскенін анықтауға тырысады.

  • "Қыздық пердені қоғам ойлап тапқан": Белгілі репродуктолог пәктік туралы қауесетке нүкте қойды
  • Түркіменстанда полиция АҚШ-тағы туыстарына үйлену тойының видеосын жібермек болған екі қызды ұстады

“Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл шара кәмелетке толмаған балалармен жыныстық қатынасқа түскен адамдарды жауапқа тарту үшін жүріп жатқанын айтты. Қазір өңірде ауқымды тексеріс өтіп жатыр”, — деді білім саласының қызметкері.

Үкімет гинекологиялық тексерудің себептерін жарияламады. Балқанабаттағы қызметкердің айтуынша, аймақта соңғы айларда жасөспірімдер жүктілігі көбейген. Бір ғана Балқанабадта мұндай алты жағдай тіркелген.

"Бұл ақпарат Білім министрлігіне жетіп, нәтижесінде Балқан облыстық білім басқармасының басшысына қатаң сөгіс жарияланды. Осыдан кейін бірден өңірлік билік ірі қалалардағы "моральдық тазалықты" тексере бастады", — деді ол.

Авторитарлық билік адамдардың өмір салтын жіті қадағалайтын Түркіменстанда пәктікті тексеру бұрыннан бар құбылыс.

2018 жылы полиция мен қауіпсіздік қызметкерлері гинекологтардың қатысуымен Дашоғыз уәлаятының солтүстігіндегі мектептерге тосын рейдтер жүргізген. Куәгерлердің айтуынша, офицерлер ұлдардың ұялы телефондарында порнографиялық бейнелер бар-жоғын тексеріп, қыздарды мектеп медбикесінің кабинетіне пәктігін тексеруге жіберген.

"Тексеру кезінде кейбір қыздардың пәк емес екені белгілі болды. Олардың ата-аналары мектепке шақырылып, жұрттың көзінше ұятқа қалды", — деді қызметкерлердің бізі

Дашоғыздың ішкі істер басқармасындағы ақпарат көзі 2018 жылғы тексеріс үкіметтің жасөспірімдер арасындағы жезөкшелікке қарсы күрес бағдарламасы аясында жүргенін айтады. Азаттық бұл деректің растығын тексере алмады.

2019 жылы елдің оңтүстік-шығысындағы Марый уәлаятындағы мектеп әкімшілігі 8-11 сынып оқушыларын ата-аналарының келісімінсіз гинекологиялық тексерістен өтуге міндеттеген.

Әйел құқығын қорғаушылар мұндай тексерістер ақылға сыймайтынын, жас қыздардың пәктігін растау олардың ар-намысын қорлайтын шара екенін айтады. Құқық қорғаушылар бұл тәжірибеден бас тартуға шақырады. Медициналық сарапшылар мұндай тексерістер пәктікті анықтай алмайтынын, өйткені қыздық пердесі жыныстық қатынас кезінде ғана емес, түрлі себептен зақымдануы мүмкін екенін ескертеді. Кей әйелдерде туғанынан қыздық пердесі болмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Түркіменстанның батыс аймақтарының билігі жергілікті тұрғындарды үйлену тойда экс-президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің әндерін қосуға және шетелдік музыкадан бас тартуға міндеттеп жатқаны туралы жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.