Си тілініѕ барлыќ операторлары тґмендегідей категорияларєа бґлінеді



жүктеу 30.7 Kb.
Дата19.09.2018
өлшемі30.7 Kb.
түріПрограмма

Си тілінің негізгі операторлары

Си тілінің барлық операторлары төмендегідей категорияларға бөлінеді:



  • Шартты операторлар, оған if шартты операторы және таңдау операторы switch жатады.

  • Циклдік операторлар (for,while,do while)

  • Өту операторлары (break, continue, return,goto)

  • Басқа да операторлар (“Айтылу” операторы, бос оператор)

Программадағы операторлар құрама оператордың құрамында бдолатын болса онда

фигуралы жақша көмегімен ашылады. Құрама оператордан басқа операторға Си тілінде нүктелі үтір (;) қойылады.


If операторы

Оператордың жазылуы:

If (өрнек) оператор-1; [else оператор-2;]

Мұнда жақшадағы өрнек ақиқат болса, 1-оператор орындалады, әйтпесе 2-оператор орындалады. Оператор қарапайым немесе құрама болып жазыла береді. Оператордың қысқа түрі if (өрнек) 1-оператор; Кейде қабаттасқан шартты операторлар да кездеседі. Мыс:

If (өрнек1)

оператор-1;

else оператор-2;

else оператор-3;

Мұнда егер өрнек1 ақиқат болса, оператор1 орындалады, егер өрнек1 жалған болып

өрнек2 ақиқат болса онда оператор2 орындалады, ал өрнек1 және өрнек2 жалған болса оператор3 орындалады. Мысалы:


int main ( )

{

int t=2, b=7, r=3;



if (t>b)

{

if (b < r) r=b;



}

else r=t;

return (0);

}

осы программадағы r-ң мәні 2-ге тең болады.



Switch операторы

Көп түрлі варианттан тек біреуін таңдау үшін арналған оператор Switch операторы. Ол былай жазылады:

Switch(өрнек)

{ [хабарландыру]

:

[ case тұрақты өрнек-1]: [оператор тізімі1]



[ case тұрақты өрнек-2]: [оператор тізімі2]

:

:



[ default: [оператор тізімі]]

}
Switch операторының орындалу схемасы:



сөзінің басқаруына жіберіледі;

- егер ешқандай тұрақты өрнектің мәні сәйкес келмесе, онда default сөзіне жіберіледі.

Мысалы:

int i=2;


switch (i)

{

case 1: i += 2;



case 2: i *= 3;

case 0: i /= 2;

case 4: i -= 5;

default: ;

}

Қайталану командасы. Циклдер

Шарттың сақталуына байланысты командалар сериясының қайталанып орындалуын циклдер деп атайды. Циклдің 3 түрі бар: for, while, do while

For операторының жазылу форматы: for өрнек 1 ; өрнек 2 өрнек 3 ) денесі

Өрнек1 - циклді басқаратын айнымалылардың мәнін көрсетеді.

Өрнек2 – цикл денесі орындалатын шартты өрнекті көрсетеді.

Өрнек3 – цикл параметрлерін өзгерту үшін қолданылады.

Үшін циклінде цикл денесі шартты өрнек жалған болғанша орындалады. Ең бірінші бастапқы өрнек есептеледі. Егер шартты өрнек ақиқат болса, онда оператор орындалады. Шарт жалған болғанша процесс қайталана береді. Егер шартты өрнек болмаса онда цикл шексіз цикл болады. Ол тек break, continue, return,goto операторының орындалуымен аяқталады. Егер шарт жалған болса онда for операторының орындалуы аяқталып, басқару келесі операторға беріледі. Мысалы:

int main()

{ int top, bot;

char string[100], temp;

for ( top=0, bot=100 ; top < bot ; top++, bot--)

{ temp=string[top];

string[bot]=temp;

}

return 0;



}

while операторының жазылу форматы: while (өрнек) денесі ;

Оның орындалу схемасы төмендегідей:


  1. Өрнек есептеледі;

  2. Егер өрнек жалған болса, онда while операторының орындалуы тоқтайды. Егер ақиақт болса, while операторының денесі орындалады.

Былай жазуға да болады:

өрнек-1;


while (өрнек-2)

{ денесі


өрнек-3;

}

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет