Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша іс-шаралар жоспарын орындау туралы 2017 жылдың II тоқсанында атқарылған жұмыс туралы есеп



жүктеу 53.34 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі53.34 Kb.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша

іс-шаралар жоспарын орындау туралы 2017 жылдың II тоқсанында

атқарылған жұмыс туралы ЕСЕП

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) және Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының арасында (бұдан әрі - Басқарма) 2015 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау бойынша іс-шаралар жоспары және ағымдағы жылдың ақпан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.

Жоғарыда аталған жоспарларды орындау үшін ағымдағы жылдың II тоқсанында келесі жұмыстар атқарылды:

14-тармақ (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мен Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қызметкерлерімен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында бірлескен лекциялары, семинарлары, дөңгелек үстелдерін жүргізу туралы):

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» МКМ ғимаратында мәдениет қызметкерлерінің (Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қызметкерлері, «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» МКМ-нің, «Астаналық цирк» МКҚК-ның, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекция» МКҚК-ның қызметкерлері) мәдениет қайраткерлерімен кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы театр қайраткерлері одағының және Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың құрмет грамотасының және Қазақстан халқы ассамблеясының «Бірлік» алтын медалінің иегері, «М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МКҚК-ның директоры - Қасенов Еркін Тілеуғазыұлы, ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның жазушылар одағының Астана қаласындағы филиалының төрағасы, «Сәкен Сейфуллин мұражайы» МКҚК-ның директоры - Айт Несіпбек Тұрысбекұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет белгісі» орденінің, «Генерал армии Маргелов» орденінің иегері, «Астаналық цирк» МКҚК-ның директоры Жолжаксынов Ерік Қалиұлы кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа барлық азаматтар қарсы әрекет жасауы қажет екендігін, балаларды өз еліне деген патриоттық рухта тәрбиелеу қажет екендігін, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімсіздікті қалыптастыру қажет екендігін айтып өтті. Сонымен қатар, Орыс театрының директоры осы тақырыпқа байланысты театрда қойылымдар өтетінін хабарлады.

Сондай-ақ, кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкері Райымбаев Данияр Исраилович қатысты. Ол азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын шаралардың қажеттігін түсіндірді. Мәдениет қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.





Ағымдағы жылдың 26 мамырында Астана қаласы әкімдігінің «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК-ның ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қызметкері Раимбаев Данияр Исраиловичпен «Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының себептері мен зардаптары» тақырыбында дәріс жүргізілді. Дәріске «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» ММ, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК, «Астана қаласының Коммуналдық меншік қоры» МКК ШЖҚ, «Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» МКҚК, «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қызметкерлері қатысты.

Департамент қызметкерімен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегия ережелері түсіндірілді.



Кездесу барысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін нығайту мен халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлінді.

Қатысушыларға кездесу соңында арнайы тақырыптық бейнероликтер  көрсетіліп, сұрақтарға жауаптар берілді.









Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 25 сәуірінде мобильдік топ Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК-ның қызметкерлерімен кездесу өткізді.

«Болашаққа парасыз. Бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және азаматтарды жедел қабылдайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Төлегенұлы Каскиннің айтуы бойынша азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы деген көзқарасын қалыптастыру бағыты басым болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетсіз, оған деген берік иммунитетсіз және көпшіліктің мін-татуынсыз қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін еместігін әрбір азаматтың түсінуі керек.

Мобильдік топтың спикерлері «Нұр Отан» партиясының партиялық бақылау инспекторы Серік Нүсіпұлы Кульбаев, «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бақдаулет Болатұлы Жанділдаев барлықтарын сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен құрту үшін белсенді азаматтық ұстанымына шақырды.








10-тармақ:Астана қаласының кітапханаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар әрдайым жүргізіліп отырады. Ағымдағы жылдың мамыр айында Ш. Құдайбердіұлы 25/3 мекен-жайында орналасқан № 5 балалар кітапханасында «Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында адвокаттар коллегиясының адвокаты, Астана қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетінің мүшесі Бошарова Малина Баткеновнамен кездесу өтті.
Жеңіс даңғылы 61 мекен-жайында орналасқан № 3 балалар кітапханасының қызметкерлері ағымдағы жылдың маусым айында оқырмандарға «Жемқорлыққа жол жок! Коррупции – Нет!» тақырыбында әдебиеттерге шолу жасады.



Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері (Бөгенбай батыр даңғылы 52), № 4 кітапхана қызметкерлері (Сатпаев көшесі, 5) әрдайым жыл бойы «Сыбайлас жемқорлықпен күресу жалпының ісі» тақырыбында әдебиеттерге шолу жасайды.






12-тармақ: Басқарма өзінің ресми интернет-ресурсының www.madeniet.astana.kz арнайы бөлімінде ағымдағы жылдың II тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындау бойынша есепті жариялады.
18-тармақ: Басқарманың және Мемлекеттік архивтің қызметкерлері тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі, құжаттардың тізімі мен алу мерзімдері туралы кеңес беру арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет