Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде 5В071200- «Машинажасау» мамандығындағы студенттер үшін «Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы» кафедрасында дайындалған



жүктеу 261.96 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі261.96 Kb.



Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф2 Н ШҚМТУ 701.01

Сапа менеджмент жүйесі

Силлабус

(студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы)


бет 12 ден




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

МжК факультет деканы

___________М.Дудкин

___________________2014 ж.


ҚҰРЫЛЫМДЫҚ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ МАТЕРИАЛТАНУ

Силлабус
КОНСТРУКЦИОННЫЕ МАТЕРИАЛЫ И

МАТЕРИАЛОВЕДЕНИЕ

Силлабус

Мамандық: 5В071200- «Машина жасау»

Оқу түрі: күндізгі;

күндізгі қысқартылған

Курс: 1, 2

Семестр:1, 3

Кредит саны: 3

Сағат саны:135

Дәрістер 30

Зертханалық сабақтар: 15

СОӨЖ: 30

СӨЖ: 60


РГР: 1, 3 семестр

Өскемен


Усть-Каменогорск

2014


Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде 5В071200- «Машинажасау» мамандығындағы студенттер үшін «Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы» кафедрасында дайындалған.

«Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы» кафедрасы отырысында талқыланды


Кафедра меңгерушісі Қ. Қомбаев
№____ хаттама ____________________ж.

Машинажасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды


Төрағасы А.Вавилов
№____ хаттама ______________________ж.

Дайындады


доцент Н.Түленденова

Норма бақылаушы Т.Тютюнькова

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ
«Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы» кафедрасы, МжК факультеті, ауд. Г1-429

Пән жүргізетін оқытушы: Түленденова Нілдария Қайсақызы, доцент.

Жұмыс телефоны: 541476

Дәрісханалық сағат және консультацияға арналған уақыт: сабақ кестесі және оқытушының жұмыс кестесі бойынша.


1. ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
1.1 Оқылатын пәнге сипаттама
«Құрылымдық материалдар және материалтану» курсы машина жасау саласында қолданылатын металдар мен металл қорытпаларынан және металл емес материалдардан (пластмасса, резеңке, шыны, ж.б.) жалпы техникалық пәндермен бірге студенттерге қажетті жалпы жоғары білімдік даярлықты береді, өндірістегі, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарындағы жұмыстарға қажетті біліммен қамтамасыз етеді.

Металдардың және қорытпалардың құрылымы, құрамы және қасиеттері арасындағы байланысты қарастырады, термиялық, механикалық, химиялық әсерлердің салдарынан осы байланыстардың өзгеруі талданып көрсетіледі. Құрылымдық материалдарды мемлекеттік стандарттар бойынша таңбалау принциптері қаралады. Термиялық өңдеу түрлерімен, теориясымен таныстырып, тәжірибе жүзінде қолдана білу процестерін және т.б. процестерді зерттейтін кешенді пән.


1.2 Пәнді оқудағы мақсат
«Құрылымдық материалдар және материалтану» пәнін оқудың мақсаты материалдардың құрылысы және қасиеті арасындағы байланысты білу. Металдар мен қорытпалардың қасиеттерін экономика, эргономика, пайдалану талаптарына сай тиімді өзгерту үшін механикалық, химиялық, термиялық өңдеу теорияларын игеріп, тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрену.
1.3 Пәнді меңгеру барысындағы нәтижелер
Білімі:

Оқушылар білуі міндетті:


- қазіргі заманғы құрылымдық материалдарға қойылатын талаптармен танысу, оларды дамыту жолдарын күнделікті қадағалау

- металдар мен қорытпалардың атомдық-кристалдық құрылысының негізі;

- металдар мен қорытпалардың құрылымын, қасиетін зерттеу тәсілдері;

- қара және түсті металдарды өндіру технологиясының негіздері;

-өндірісте кеңінен пайдаланатын шойынды, болатты, негізгі түсті металдар мен олардың қорытпаларын кластарға бөлу, маркалау принциптері;

- металдарды термиялық өңдеу технологиясы;

- құрылыста қолданатын металл негізді қорытпаларды технологиялық өңдеу тәсілдері.

Дағдысы:

Дағдысы:


- металдар мен қорытпалардың құрылымын талдауға арналған аспаптардың жұмыс істеу принциптерін білу;

- металдар мен қорытпалардың механикалық, технологиялық қасиеттерін анықтайтын жабдықтардың жұмыс принциптерін білу, сынақ жүргізу;

- металдар мен қорытпаларға қарапайым термиялық өңдеу түрлерін таңдап, режімдерін тағайындай білу;

- көміртекті және легірленген болаттарды, түсті металдар негізді конструкциялық қорытпаларды таңбалау принциптерін жетік білу;

- металл мен қорытпаларды құю өндірісінің жетістіктерін, пісіріп өңдеу түрлерін, әртүрлі температурада қысыммен өңдеу жолдарын, кескіш білдектердің атқаратын жұмыстарын білу.

Компетенциялары:

Шешуші компетенцияларына келесілер жатады:

- пәннің негізгі ережелерін өзі жұмыс атқаратын бағытына сәйкестеу;

-конструкциялық материалдарды тиімді пайдалануға және технологиялық қасиеттерін талдауға қабілетті;

-машина жасау саласында пайдаланатын қазіргі заманғы технологиялық жаңалықтарды игеруге қабілетті;

- қойылған талаптарға сәйкес конструкциялық материалды тиімді өңдеу жолдарын табу;

- өндірістік жағдайларда туындайтын мәселелерге өзінің кәсіби

тұрғысынан шешім таба білу.


1.4 Пререквизиттер
Пәнді толығымен игеру үшін студенттер «Химия», «Физика», пәндерінен білімдері болу керек.

1.5 Постреквизиттер
Пәнді оқудағы студенттердің алған білімі «Машина жасау өндірісіндегі технологиялық процестер», «Құрылымдау негіздері және машина тетіктері», «Материалдар кедергісі» пәндерін және өз мамандығы бойынша оқылатын басқа да арнаулы пәндерді игеруіне қажет.
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Тақырыптық жоспар


Тақырып атауы, оның мазмұны

Еңбек сиымдылығы, сағат

Ұсынылған әдебиеттер

1

2

3

Дәрістік сабақтар

Тақырып 1. Кіріспе. Конструкциялық материал-дардың машина жасаудағы атқаратын ролі. Металдардың атомдық-кристалдық құрылысы. Полиморфизм. Анизотропия

2

2; 3; 5

Тақырып 2 Кристалдану процесі. Модификаттау. Кесек құйманың құрылысы.

2

2; 3; 5

Тақырып 3. Металл материалдарының механикалық қасиеттері, олардың динамикалық, қайталанып түсетін циклді жүктемелерге қарсылық көрсетер қабілеті.

2

2; 3; 5

Тақырып 4. Пластикалық. деформация және қайта кристалдану. Морт және тұтқыр сыну, суыққа сынғыштық табалдырығы

2

2; 3; 5

Тақырып 5. Қорытпалар теориясы. Теміркөміртегі диаграммасы

2

2; 3; 5

Тақырып 6. Көміртекті болаттар.

2

2; 3; 5

Тақырып 7. Шойындар

2

2; 3; 5

Тақырып 8. Құрал-саймандық болаттар

2

2; 3; 5

Тақырып 9. Конструкциялық болаттар Легірленген болаттар

2

2; 3; 5

Тақырып 10. Термиялық өңдеу теориясы


2

2; 3; 5

Тақырып 11. Термиялық өңдеу технологиясы


2

2; 3; 5

1

2

3

Тақырып 12. Химиялық-термиялық өңдеу

2

2; 3; 5

Тақырып 13 Түсті металдар негізді қорытпалар

2

2; 3; 5

Тақырып 14 Композитті және ұнтақты материалдар

2

2; 3; 5

Тақырып 15 Металл емес конструкциялық материалдар: пластмасса, резеңке, шыны

2

2; 3; 5

Зертханалық сабақтар



Тақырып 1. Металлографиялық талдау

1

2; 6

Тақырып 2. Металдардың механикалық қасиеті: Қаттылықты өлшеу. Соққы тұтқырлығын өлшеу.

2

2; 6

Тақырып 3 Пластикалық. деформация және қайта кристалдану

2

2; 6

Тақырып 4. Теміркөміртегі диаграммасы

2

2; 6

Тақырып 5. Көміртекті болаттардың құрылымын микроталдау

2

2; 6

Тақырып 6. Шойынның құрылымын микроталдау

1

2; 6

Тақырып 7. С-диаграммасы бойынша коллоквиум

1

2; 6

Тақырып 8. Көміртекті болаттарды шынықтыру. Болатты босату

3

2; 6

Тақырып 9. Легірленген болаттың микроқұрылымын талдау

1

2; 6

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы




Тақырып 1.

Ұсақтүйіршікті құрылым алу тәсілдері. Нақты кристалдардың құрылысы. Ақаулур және олардың әсері. Полиморфты өзгеру.



2

2; 4; 6

Тақырып 2

Құрылымның қалыптасуына кристалдану шартының әсері. Нақты кристалдану температурас



2

2; 4; 6

Тақырып 3.

Деформация және металдың қирауы. Пластикалық деформацияның металл құрылымына тигізер әсері.



2

2; 4; 6

Тақырып 4.

Статикалық, динамикалық және циклді сынау. Негізгі механикалық қасиеттер.



2

2; 4; 6

Тақырып 5.

Темір-көміртегі диаграммасы.




2

2; 4; 6

1

2

3

Тақырып 6.

Көміртекті болаттарды кластарға бөлу.




2

2; 4; 6

Тақырып 7

Шойынның қолданылуы және таңбалау.



2

2; 4; 6

Тақырып 8.

Конструкциялық болаттарға қойылатын талаптар



2

2; 4; 6

Тақырып 9.

Легірленген болат. Легірлеуші элементтердің болаттың қасиетіне көрсетер әсері



2

2; 4; 6

Тақырып 10.

Термиялық өңдеу. Аустениттің изотермиялық ыдырау диаграммасы.



2

2; 4; 6

Тақырып 11.

Болат тетіктері үшін термиялық өңдеу режімін тағайындау.



2

2; 4; 6

Тақырып 12.

Химиялық-термиялық өңдеу түрлері, қолданылуы.



2

2; 4; 6

Тақырып 13.

Жез, қола, дуралюминий және силумин қорытпаларын қолдану, таңбалау



2

2; 4; 6

Тақырып 14

Ұнтақты және композитті материалдарды өндіру жолы және қолдануы



2

2; 4; 6

Тақырып 15

Металл емес материалдарды (керамика, шыны, резеңке) өндіру жолы, қолданылуы




2

2; 4; 6


2.3 Өздік жұмыс тапсырмалары (СӨЖ)



Тақырып

Тапсырманың мазмұны және мақсаты

Ұсынылатын әдебиеттер

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

Металдардың кристалдық құры-лысы


Білу:: кристалдық тор типтері металға тигізер әсері

Металл құрылымын талдау. Құрылым өзгерістерін айыра білу





2, 6

Бір апта

Карточкамен сұрау

2-і апта

1

2

3

4

5

6

Кристалдану



Білу: Бірінші және екінші кристалдану№ Құрылымның өлшемін қалыптастыруға әсерін тигізетін факторлар.

2, 6

Бір апта

Карточкамен сұрау

3- і апта

Механикалық қасиетте

Білу: механикалық қасиеттерді анықтау тәсілдері, жазу белгісі, өлшем бірлігі

2, 6

Бір апта

Карточкамен сұрау

4- і апта

Деформация және қирау

Білу:

Салқын және ыстық деформациялау температу-ралары. Қайта кристалдану температурасын анықтау. Деформация дәрежесінің әсері.





2, 6

Бір апта

Карточкамен сұрау

5- і апта

Күй диаграммалары

Білу:

Қорытпалар теориясын білу. Суыту графиктерін пайдалану. Фазалардың ерекшелігі.



2, 6

Бір апта

Ауызша сұрау

6,7- ы апталар

Теміркөміртегі қорытпасы

Білу:

Көміртекті болаттың құрамындағы өзгерістер. Болаттың құрамына және температурасының өзгеруіне байланысты қасиетінің өзгеруі





2, 6

Бір апта

Тестілеу

8-9 і апталар

Термиялық өңдеу

Білу:

Термиялық өңдеу тұрлері, қолданылуы



2, 6

Бір апта

Карточкамен сұрау

10-11- і апта

Термиялық өңдеу

Білу:

Термиялық өңдеу режімдерін тағайындай білу.



2, 6

Бір апта

Карточкамен сұрау

12,13-і аптал

Түсті металдар қорытпалар

Білу:

Түсті металдардың ерекшеліктері, қолданылуы, таңбалау реті. Мыс және алюминий негізді қорытпалар



2, 6

Бір апта

Карточкамен сұрау

14-і апта

Металл емес

материал


Білу:

пластмасса, резеңке, шыны, керамика материалдарының қасиеттері, қолданылуы



2, 6

Бір апта

Ауызша сұрау

15- і апта

    1. Пән тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі*




Бақылау түрі

Оқудың академиялық кезеңі, апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысу

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Ауызша сұрау

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Зертханалық жұмысты қорғау




*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Карточкамен сұрау




*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Аралық тестілеу



















*






















*

Барлығы

2

4

4

4

4

4

5

4

4

4

4

4

4

4

5

*Ескерту: тапсырма түрлері мен ағымдағы бақылаудың мезгілділігі берілетін пәннің өзгешелігіне байланысты дайындалады


3 ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


    1. Негізгі әдебиеттер


1. Смағұлов Д.Ұ. Металлография. – Алматы, 2007. - 375 б.

2. Түленденова Н.Қ. – Материалтану, Лекциялар конспектісі – Өскемен, 2013. – 117 б.

3. Түленденова Н.Қ. Материалтану. Электрондық оқулық, Өскемен, ШҚМТУ, 2009.

3.2 Қосымша әдебиеттер:
4 Самохоцкий А.И.,Кунявский М.Н. Лабораторные работы по

материаловедению и термической обработке металлов, –М. Машиностроение, 1981г.

5.Фетисов Г.П., Гарифуллин Ф.А.Материаловедение и технология металлов. – 2008.-617с

6. Лахтин Ю.М., Леонтьева В.П. Материаловедение. – М.: Машиностроение, 1990.- 527 с.

7. Геллер Ю. А. Материаловедение /Ю.А.Геллер, А.Г. Рахштадт. -М:

Металлургия, 1989. 455 с.

8. Оханов Е.Л.,Самсаев М.Б. Материалтану және конструкциялық

материалдар технологиясы. Алматы, 2009, 229б.

9. Фридман Я.Б. Механические свойства металлов. - Оборонгиз, 1980

10. Никифоров В.М. Технология металлов и других конструкционных

материалов. -Санкт- Петербург: Политехника, 2003г.-383с.

11. Шадричев Е.В., Сивенков А.В., Горшкова Т.П. Материаловедение и технология конструкционных материалов, изд-во СЗТУ, 2008.

12. Орысша - қазақша сөздік. -1,2 т. Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы / Жалпы редакциясын басқарған Ғ.Ғ.Мұсабаев. – Алматы, 1978, 1 т. -575 б., 2 т. – 588 б.

13. Казахско-русский - русско-казахский терминологический

словарь.Машиностроение, т.7; Горное дело, т. 19. - М.: Респуб. гос. изд-во

Рауан.- Алматы, 2000.

14. Седов Ю.Е., Справочник молодого термиста / Ю.Е.Седов, А.М.Адаскин. М.: Высшая школа, 1986. - 238 с.

15. Брандон Д., Каплан У., Мир материалов и технологий. Микростуктура материалов. Методы исследования и контроля, - М: Техносфера, 2006, 375с.

16. Металловедение и термическая обработка стали и чугуна. Справочник под редакцией А.Г. Рахштадта – М.: «Интермет Инжиниринг», т.3, 2007.- 919с
4 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ
4.1 Оқытушы талаптары
Оқытушы талаптары:


  • Сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;

  • студенттердің қатысылуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;

  • балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;

  • қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;

  • орташа рейтингі Рср = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;

  • студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.


4.2 Баға критерийі
Барлық тапсырма түрлері 100-балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.

Білімді ағымдағы бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады*:


Аттестациялау кезеңі

Бақылау түрі, меншікті салмақ, %


Сабаққа қатысу

Зертханалық жұмыс

Карточкамен сұрау

Ауызша сұрау

Тестілеу

Барлығы

Рейтинг 1


5

50

0

5

40

100

Рейтинг 2


5

50

0

5

40

100

*Ескерту: Ағымдағы бақылаудың меншікті салмағы және түрі оқылатын пәннің өзгешелігіне байланысты оқытушы зерттеп дайындайды.


Әр пәннен есептік-графикалық жұмыс жазбаша және ауызша емтихан сессиясы кезінде 15 аптада қабылданады.

Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:

- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.

Қорытынды баға есебінің формуласы:
, (1)
мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;

Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.


Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:


Әріп жүйесіндегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағатсыздандырылған



4.3 Қорытынды бақылауға арналған материалдар
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ
«Құрылымдық материалдар және материалтану» пәні бойынша қорытынды бақылау есепті-графикалывқ жұмыс ретінде 20 бөлімнен тұратын материалдар бойынша атқарылады.



1.

Металдың атомдық-кристалдық құрылысы. Полиморфтық өзгеру.

2

Металдардың кристалдану процесі кезіндегі өзгерістер.

3

Металдар мен қорытпалардың механикалық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері: беріктік, қаттылық, созылымдылық, тұтқырлық. Сынау түрлері.

4

Негізгі механикалық қасиеттердің сипаттамалары, жазу белгісі, өлшем бірлігі.

5

Деформация және қирау. Қайта кристалдану. Деформация түрлері, әсері.

6

Қорытпалар теориясынан негізгі мәліметтер

7

Темір-көміртегі диаграммасындағы фазалар, анықтамалары, сипаттамалары

8

Темір-көміртегі диаграммасындағы сызықтардың мәні, фазалық өзгерістер.

9

Көміртекті болат. Құрамы, кластарға бөлу, таңбалау принципі

10

Шойын. Түрлерц, өндіру жолы, сипаттамалары, таңбалау принципі

11

Конструкциялық болаттар. Ерекшеліктері, қасиеттері, қолданылуы

12

Құрал-саймандық болаттар, қатты қорытпалар. Қасиеттері, қолданылуы, таңбалау принциптері

13

Көміртекті болаттарды термииялық өңдеу теориясы. Фазалық өзгерістер.

14

Көміртекті болаттарды термииялық өңдеу технологиясы. Жасыту, нормальдау, шынықтыру, босату.

15

Көміртекті болаттарды термиялық өңдеу режімдері

16

Легірленген болаттар: таттанбайтын, қажуға төзімді, рессорлы-серіппелі, шапшаң кескіш, шарикті-подшипникті. Қолданылуы, таңбалау принциптері, термиялық өңделуі

17

Химиялық-термиялық өңдеу негізі; түрлері, қолданылуы.

18

Түсті металдар негізді қорытпалар. Алюминий, мыс, магний қорытыпалары. Таңбалау принциптері. Қолданылуы. Термиялық өңдеу.

19

Композитті және ұнтақты материалдар. Негізгі мәліметтер. Өндіру жолы, құрамы, қачиеттері, қолданылуы.

20

Металл емес материалдар: пластмасса, керамика, шыны, резеңке. Құрамы, қолданылуы

Әрбір бөлімнен 25 сұрақтан тұратын тапсырмаға ауызша, жазбаша жауап беру керек. Мысалы, үш бөлімнің сұрақтары келесідей:




  1. СҰРАҚТАР ТІЗБЕГІ


1. Металдардың атомдық-кристалдық құрылысы

1.Материалтану пәні нені оқиды?

2. Металл мен қорытпалардың құрылымына не жатады?

3. Металдың полиморфтық өзгеруіне не жатады?

4. Кристалл торының периоды

5. Макроқұрылым ұғымы

6. Микроқұрылым ұғымы

7. Құйма металдың құрылымын зерттеу тәсілі

8. Ақаулардың металға көрсетер әсері

9. Анизотропия деген не?

10.Нүктелік ақау түрі

11. Нақты кристалдардың идеалды кристалдардан айырмашылығы

12. Темірдің t=7680С-да кристалдық торы

13. Темірдің t = 9500С-да кристалдық торы

14. Металдың электрөткізгіштігінің жоғары болуын анықтайтын байланыс

15. Темірдің магниттік өзгеру температурасы

16. Темірдің аллотропиялық (полиморфтық) өзгеруі

17. Металл құрылысының полиморфтық өзгеруіне не жатады?

18. Қыздырған темір Кюри нүктесінде қандай өзгеріске ұшырайды?

19. Fеα арқылы белгіленетін кристалдық тор

20. Fеγ арқылы белгілінетін кристалдық тор

21. Заттардың температурасы өзгергенде кристалдық торын өзгерту қасиеті қалай аталады?

22.Сызықтық ақау түрі

23. Кристалл ішіндегі сырғу зонасының шекарасын көрсететін сызықтық ақау

24. Дислокация қандай ақауға жатады?

25. Көлемдік центрленген кристалдық тордағы атомдар саны


2. Кристалдану

1.Металдың кристалдануы деген не?

2. Металдың екінші кристалдануына не жатады?

3. Өскіндердің пайда болу жылдамдығына және олардың дамуына тигізетін әсерлер

4.Қорытпалардың кристалдану кезіндегі түйіршіктер өлшемінің қалыптасуына тигізетін әсерлер

5. Пішіні дұрыс емес кристалды атау

6. Жылу өткізуі жоғары сауытқа құйылған қорытпаның макроқұрылымы

7. Түйіршікті ұсату және пішінін өзгерту үшін шешуші фактор

8. Жылу өткізуі төмен сауытқа құйылған қорытпаның макроқұрылымы

9. Тепе-теңдіктегі кристалдану температурасы

10. Құймалы кесек металдың ортасында түзілетін кристалдар

11.Кристалдану процесіндегі бірінші кезең

12. Құймалы кесек металдың бетінде түзілетін кристалдар

13. ∆Т = Тр – Ткр шамасы қалай аталады?

14. Кристалдану орталықтарын жасанды көбейту қалай аталады?

15. Ұсақ түйіршікті құрылымның металдың қасиетіне тигізер әсері

16. Суыту жылдамдығын арттырғанда асыра суыту дәрежесі қалай өзгереді?

17. Кристалдану процесіндегі екінші кезең

18. Қорытпаларды модификаттаудың мақсаты

19. Шөгу қуысы металдың қай жерінде орналасады?

20. Кристалдық тордың бұзылуына (ыдырауына) қажетті фактор

21. Таза металдағы фазалық өзгерістер қандай температурада жүреді?

22. Термодинамикалық тепе-теңдік темп-сы металдың қандай күйін көрсетеді

23. Кристалдық тордың құрылуына қажетті фактор

24. Кристалл өскіндерінің пайда болу жылдамдығына әсерін тигізетін фактор

25. Кристалдану процесінің екінші кезеңі



3. Металдың механикалық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері

1. Металдың қандай қабілеті созылымдылыққа жатады?

2. Аққыштық - металдың қандай қабілеті?

3.Серпімділік - металдың қандай қабілеті?

5.Қаттылықтың жазу белгісі

6. Беріктіктің шартты белгісі және өлшем бірлігі

7.Динамикалық сынау арқылы анықталатын механикалық қасиет

8. Статикалық созып сынау арқылы анықталатын механикалық қасиет

9. Статикалық күшпен анықталатын қасиеттер

10. Металдың төзімділігі

11. Беріктіктің көрсеткіштері

12. Қаттылықты өлшеу принципі не нәрсеге негізделген?

13. Серіппелік шегінің шартты белгісі және өлшем бірлігі

15. Беріктіктің шартты белгісі және өлшем бірлігі

16. Шынықтырылған болаттың қаттылығын жазу белгісі

17. Соққы тұтқырлығының жазу белгісі, өлшем бірлігі

18. Қаттылықтың анықтамасы

19. Металдың тозуға төзімділігі

20. Бринелль тәсілімен қаттылықты өлшеу шегі, МПа:

21. Шартты аққыштықты жазу белгісі

22. Динамикалық сынақпен бағалау критерийін көрсет

23.Металдың әртүрлі тәсілдермен өңделу қабілеті қандай қасиетінің көрсеткіші?



24. Ақаулардың саны көбейгенде металдың беріктігі қалай өзгереді?

25. Маятникті тоқпақ арқылы металдың қандай механикалық қасиеті анықталады?

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет