Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынымен күресу үшін аймаққа іссапарға жіберілген құтқарушы қайтыс болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: СҚО ТЖД

Солтүстік Қазақстан облысында тасқынмен күресуге көмекке іссапарға келген құтқаршы қайтыс болды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Азаматтық қорғау пропарщигі Бекжан Балданов Тайыншаға 1 сәуірде Түркістан облысының бөлімшесі құрамында келген. Сол кеште-ақ оның жағдайы нашарлап, Тайынша аудандық ауруханаға жеткізілген. Сол жерден оны санитария авиациясы бортымен Патропавлдағы госпитальге жеткізу жопарланған. Дәрігерлер оның өліміне жедел миокард инфарктісі себеп болғанын анықтады.

  • "Он сағат көмек күтті": Абай облысында су тасқыны ағызып әкеткен екі адамның туысы жағдайды баяндап берді
  • Абай облысында 23 жастағы азаматты тасқын су ағызып әкетті

Бекжан Балданов 1978 жылы туған. Ол Сайран ауданының №6 өрт сөндіру бөлімін басқарды.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесіп жүрген 26 жастағы құтқарушыны ер адам пышақтағанын хабарлаған едік. 

Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағындағы екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында.

Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.