Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Елтаңба өзгерсе де ескі ақшаның айналымнан алынбайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Әуелі Тимур Сүлейменов Елтаңбаны өзгерту туралы заң қабылданбағанын еске салды. Ол тіпті мемлекеттік рәміз жаңартса да ескі банкноттар айналымнан алынбайтынын айтты. 

Сондай-ақ, ол жаңа банкноттардың дизайнын жасап, қолдану үшін қосымша шығындар талап етілмейтінін атап өтті.

  • “Елтаңбаны өзгерту тек косметикалық өзгеріс": Сарапшылар пікір білдірді
  • Елтаңбаны ауыстыруға қанша ақша кетеді — Қаржы министрі жауап берді

“Айналыстағы банкноттарда ешқандай өзгеріс болмайды, олар толығымен тозғанша айналыста болады. Біз басып шығаратын банкноттар мен монеталар Елтаңба туралы шешім қабылданғаннан кейін шығатын болса, онда басқа дизайнда болатыны анық. Өзгерістерге келетін болсақ, бізде Ұлттық банктің Қазақстан теңге сарайы бар, қазақстандық банкнот фабрикасы бар. Ондағы жабдық өте жақсы. Техникалық тұрғыдан бұл жабдықты қайта конфигурациялау қиын емес. Қосымша шығындар болмайды", – деді Ұлттық банк басшысы.

Бұған дейін депутат қазақстандықтарға Елтаңбаны не үшін ауыстыру керегін түсіндірген еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.