Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Сербияның астанасы Белград қаласында өтіп жатқан турнирдің алтын жүлдесіне таласады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото:IBA
Санжар Тәшкенбай Белградтағы "Белград жеңімпазы" халықаралық турнирінің финалына шықты. 51 келіде сынға түскен отандасымыз жарысты жартылай финалдан бастап, испаниялық боксшымен жұдырықтасты. Санжар мен Рафаэл Лонсанодан үш раунд бойы тартысты жекпе-жекке өткізіп, 3:2 есебімен отандасымыз жеңіске жетті. Осылайша, Санжар Бранко Пашичті еске алуға арналға дәстүрлі турнирдің алтын жүлдесіне таласуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай сыдан бір ай бұрын "Странджа кубогігінің" финалына шығып, алтын жүлде үшін айқаста үндістандық боксшыға есе жіберген еді.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.