Сыныбы: Мектепалды даярлық «А» Тақырыбы: Менің отаным Қазақстан



жүктеу 39.99 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі39.99 Kb.
түріСабақ

Қызылорда облысы,

Жаңақорған ауданы.

№125 С.Сапарбеков атындағы мектептің мектепалды сынып мұғалімі

Исаханова Лаура

Сыныбы: Мектепалды даярлық «А»

Тақырыбы: Менің отаным – Қазақстан



Сабақтың мақсаты:Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту,туған елін, жерін сүяге тәрбиелеу.



Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Сұраққа 
дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Танымдық қабілеттерін дамы- 
та отырып, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру

Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, Отанға деген сүйіспеншілігін 
арттыру.Оқушыларды саналы ел азаматы болуға тәрбиелеу. 

Көрнекіліктері: Қазақстан картасы,рәміздердің суреттері, Отан туралы мақал-мәтелдер, жалаушалар, шарлар,көгершіндер.

Мұғалім:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз,

Біз бақытты баламыз – дей отырып, «Менің Отаным - Қазақстан »атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Қазақтан Республикасының әнұраны орындалады.

Мұғалім: Балалар сендер қандай қандай ән орындадыңдар?

Балалар: Қазақстан Республикасының әнұранын .

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар, әрбір Республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны, туы, елтаңбасы болады.Біз оны рәміздер деп айтамыз.Осы рәміздер туралы жеке-жеке түсінік берейікші.



Мәжит :Мынау - біздің туымыз.Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір, ортасында күн, астында бүркіт ұшып келе жатыр.

Балнұр : Мынау – елтаңбамыз.Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.

Мұғалім: Балалар біздің отанымыздың астанасы қай қала?

Балалар: Астана қаласы

Нұрдаулет: Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,

Астанамыз Астана – бас қаламыз.



Мұғалім: Балалар үлкен мерекелерде, туымыз көтеріліп, әнұранымыз орындалады.

Рәміздерді үлкен де кіші де құрметтеп жоғары ұстау тиіс.Ал әнұранды біз білеміз.Сендер елтаңбамен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер.



Мұғалім: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі?

Нұрлыхан: Көк туымыз бетінде

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп

Біз өсеміз талапты.



Нұрай: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.



Назира: Елтаңбасы елімнің

Қандай әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.



Ринат: Құт береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден,

Қанатты құс арғымақ

Екі жатқан көмкерген.



Ұлдардың орындауында «Матрос» биі.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар.Біз қазақстанда тұрамыз, демек Отанымыз-Қазақстан.Халқымызда «Отан – от басынан басталады» деген мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.Отан деген не?Қалай түсінесіңдер?

Елшад: Азаматқа лайық,

Отанымның ұлымын.

Отанымды қорғайтын,

Азаматтың бірімін



Еркебұлан:Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің Қазақстан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің Қазақстан.



Иманғали: Отаннан басқа бағым жоқ,

Отаннан басқа жаным жоқ.

Отаннан басқа ойлауға,

Басымда менің орын жоқ.





Ән: «Біз өмірдің гүліміз»

Мұғалім: Балалар, Қазақстан Республикасының ес басшысы кім?

Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев

Мұғлім: Ел басымыз туралы кім тақпақ біледі?

Балжан :Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар президенті



Мұғалім: Балалар өте жақсы.Егеменді елдің басты белгісі – тілі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады.Қазақ тілі біздің ана тіліміз.

Тіл туралы өлеңдер оқылады.

Марина: Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігім бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.



Е.Балнұр: Ана тілің арың бол,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.



Мұғалім: Балалар, сендер Отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді Отан туралы мақа-мәтел айтайықшы.

Әлішер:Отан-оттан да ыстық.

Еркежан:Отан – елдің анасы,

Ел -ердің анасы.



Балауса: Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.



Ән: балалардың орындауында «Әрқашан күн сөнбесін»

Мұғалім: Міне, балалар, өміріміздің жалғасы, еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.Құрметті қонақтар! Абай атамыз айтқандай: «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» деп, бүгінгі бүлдіршіндеріміз қоғамға бір кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет