Сынып : 7 Күні: 23. 09. 15 Тақырыбы



жүктеу 33.84 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі33.84 Kb.
түріСабақ

Сынып : 7

Күні: 23.09.15

Тақырыбы: Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизентериялық амеба, безгек паразиті. Дизентериялық амебаны жұқтырудың алдын алу. Безгек ауруы таралған аймақтар. Безгекпен күресу. Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Мақсаты: 1. қарапайымдылардың адам ағзасына әсері және ауру қоздырғыш түрлері жайлы түсінік беру

2. олардың кейбір өкілдеріне тоқталып, бір-бірінің ұқсас және ерекше қасиеттерін атап көрсету;

3. түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасына жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: Презентация, суреттер


Уақыт

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс -әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

3 мин

І.Ұйымдастыру

1.Сәлемдесу 2.Түгендеу

3.Сабақ мақсатымен таныстыру



1.Сәлемдесу 2. Кезекші есебі

3. Сабақ мақсатымен танысу



29 мин

II. Жаңа тақырып түсіндіру


Біржасушалылардың басы көпшілігі паразит жәндіктер болып табылады. Мұндай қарапайымдар әдетте адам мен жануарлардың әр түрлі мүшелерінде, қанында паразиттік жолмен тіршілік етеді.
Қантышқақ амебасы –

Безгек паразиті -

Біржасушалы қарапайымдардың пайдасы -

Суқоймаларында болатын амебалардан басқа адам және жануарлардың ішек жолында мекендеп, паразиттік жолмен тіршілік ететін түрлері бар. Солардың бірі – қантышқақ амебасы. Ауру адамның тоқ ішекке түскен қантышқақ амебасынан өте қауіпті ауру – қантышқақ пайда болады. Қантышқақ амебасы ішектің қабырғасындағы сілемейлі қабықшаны бүлдіріп, іштен қан аралас түзіліс бөледі де, дене әлсірейді. Ол әшектің бүлінген ұлпасымен және қанның қызыл түйіршіктерімен қоректенеді. Сөйтіп, ішектің қабырғасында асқынған жара пайда болады.

Лас су көзі, азық-түліктік заттар, жидектер – қантышқақ ауруының жұғуына себепші негізгі жағдай.
Бұл – қанда тіршілік ететін паразит жәндік. Безгек паразиті тіршілігінің бір кезеңінде – адамның денесінде енді бір кезеңінде безгек масасының денесінде өмір сүреді. Безгекпен ауырғанн адамның қызуы 40ºС-ге дейін көтеріліп, жиі-жиі қалтырау салдарынан адам есінен де айырылады. Дененің бір ысып, бір салқындауы безгек паразитінің қандағы жасуша ішінде көбейіп, қанға улы зат бөлінуіне байланысты. Безгекті науқастан безгек масасы сау адамды шағу арқылы жұқтырады. Дүние жүзінде осы ғасырдың 30-жылдары жылма-жыл тек безгек ауруынын ғана 700 млн. адам зардап шекті.

Көптеген біржасушалылар топырақ түзуде үлкен орын алады, олардың көпшілігі балыққа қорек болады. Бақалшағы және қаңқасы әкті, минералды заттардан түзілген біржасушалы теңіз тамыраяқтылары мен сәулелілер тау жынысын құрауға қатысып, құрылыс материалы ретінде пайдаланылады.



10 мин

ІІІ. Бекіту

Жаңа терминдер мен ұғымдар
Деңгейлік тапсырмалар б.6

Дәптерге жазбаша жауап беру
Ауызша жауап беру


2мин

ІV.Бағалау

Сабақта алған бағаны айту

Күнделікке қойғызу


1мин

V.Үйге тапсырма

Ауру қоздырғыш қарапайымдар.

Күнделікке жазу



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет