Сынып: 10 а күні: Тақырыбы: тмд елдеріне жалпы шолу. Мақсаты



жүктеу 34.49 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі34.49 Kb.
түріҚұрамы

Сынып: 10 А Күні:

Тақырыбы: ТМД елдеріне жалпы шолу.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ТМД елдерінің жалпы сипаттамасы, құрамы, ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру.

Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгіме-дәріс,түсіндіру, топтастыру, кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, үлестірмелі карточкалар, кесте, сызбанұсқа.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Халықаралық байланыстың маңызды түрі

  2. Несиенің түрлері қандай?

  3. Инвестиция дегеніміз не?

  4. Оның негізгі түрлері қандай

  5. Тікелей инвестицияның артықшылығы

  6. Қазақстанның сыртқы байланысы қандай деңгейде?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «ТМД елдеріне жалпы шолу»

- Осыған дейін ТМД елдері жайлы не естідіңдер?

Ол қашан құрылды? Қандай жағдайда?


- ТМД елдерінің құрылу тарихы қысқаша:

  • 1991 жылы 12 желтоқсанда Ашхабад қаласында Орта Азия мемлекеттері мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті.

  • 1991 жылы 8 желтоқсанда Беларусь, РСФСР және Украина республикалары Минск қаласында кездесті

  • 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда 11 мемлекет өкілдері қатысқан кездесуде тең құқықтық жағдайда ТМД құрылғандығы жөнінде шартқа қол қойылды.

  • 1993 жылы ең соңғы болып Грузия қосылды

- ТМД құрамына қандай мемлекеттер мүше?

  • Бұл одақтың құрамында 11 мемлекет бар: Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украина, Молдова, Армения, Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан.

  • Түрікменстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достатастығының құрамына бақылаушы ретінде енеді.

  • 2009 жылдың 18 тамызынан бастап Грузия ресми түрде ТМД құрамынан шықты.

  • Штаб-пәтері – Минск қаласында (Беларусь)



Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылу мақсаты:

  • Барлық мүше мемлекеттердің ортақ экономикалық кеңістікте тұрақты дамуын қамтамасыз ету

  • Саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және мәдени қарым – қатынас жасау

  • Адам құқығының сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету

  • Халықаралақ және әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  • Мемлекеттер арасындағы қақтығыстар мен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу

ТМД құрамындағы мемлекеттердің атауы, астанасы.

1)Ресей – Мәскеу

2)Қазақстан – астана

3) Беларусь – минск

4) Украина – Киев

5) Молдова – Кишинев

6)Армения – Ереван

7) Әзірбайжан – Баку

8) Түрікменстан – Ашхабад

9) Өзбекстан – Ташкент

10)Қырғызстан – Бішкек

11) Тәжікстан – Душанбе


дәптермен жұмыс

- ТМД құрамына енетін мемлекеттердің тізімін, астанасын жазу

- ТМД құрылу уақытын, штаб- пәтерін жазу.

ТМД елдерінің экономикалық байланыстары


1993 ж. қыркүйек

Экономикалық одақ құрылды

Мақсаты

1994 ж. 15 сәуір

Еркін сауда аймағы құрылды




1995 ж.

Кедендік одақ құрылды




2000 ж. 23 мамыр

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтық құрылды




2010 ж. 1 шілде

Бірыңғай кедендік кеңістік




2014 ж. 29 мамыр

Еуразиялық экономикалық одақ





ІІІ. Бекіту

- Сонымен, ТМД құрамына қанша мемлекет кіреді?

- Ол қашан құрылды?

- Одақтың мақсаты не?



- Штаб – пәтері қай қалада?
Қорытындылау.
ІV. Бағалау
V. Үйге тапсырма. § 17 мазмұндау, Кескін картаға ТМД елдерінің шекарасын қызыл түспен белгілеп, астаналарын жазу, ұйымдар кестесін жаттау.

Каталог: uploads -> doc -> 1313
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет