Сынып жетекшісі нені білуге тиіс



жүктеу 48.72 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі48.72 Kb.

Тақырыбы:«Ата салтым-асыл қазынам!»
Мақсаты: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, ата-баба дәстүрін құрметтеуге , адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Пікіралысу

Әдісі: миға шабул жасау,сыни тұрғыда ойлауға үйрету әдісі

Көрнекілік: Мультимедиялық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер

Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік.

Сынып жетекшісінің сөзі: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі тәрбие сағатымыздың арнайы қонақтары! Сіздерді бүгінгі наурыз мейрамының қарсаңында өткелі отырған тәрбие сағатын тамашалауға шақырамын.

Жоспар-кестемен өз барысында таныс боласыздар.

1.Ойашар бөлімі.Оқушыларға «салт, дәстүр, қазына » атты сөздердің мағынасына үңілу. Сұрақтарға ой жүгірту.

2.Ой-көкпар.

Бұл бөлімде оқушыларға парақшалар теріс қаратылып беріледі. Оқушылар тапсырмаларды уақытқа үлгергенінше топ болып орындайды. Тақырыпты көбірек тауып, ашса ұпай сол топта болады. Оқушыларға берілетін тапсырмалар төмендегіше:



Қазақтың төрт тойы.
Наурыз мейрамы – күн мен түн тепе – теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атөарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепетеңдік», «игілік», «жаңару», мейрамы деп атайды..
Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі.
Мизам (Сабан той) Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді.
Соғым басы – қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз

түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға

сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады.

қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса,

ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады.

Дәстүрлі үйлену тойы.


  1. Қыз таңдау. Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер бағаланған соң, жігіттің қасындағылар оның әке – шешесіне сездіреді.

  2. Қыз айттыру. Жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның қарғы бауына » деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.

  3. Жаушы жіберу. Жаушы шалбарының бір балағын етігінің қонышына сыртына шығарып, екініш балағын қонышқа сұғындырып, ақ түсті атқа мініп, қыздың үйіне келіп, «қарағым көрпе сал» деп бұйырады. Қыз үйі жаушыға «шеге шапан» кигізеді.

  4. Құда түсу тойы. Жігіттің туған – туысқандары құдалыққа қыз апуылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық – бауыр жегізу, құда тарту, ұн жағу т.б. орындалады.

  5. Есік – төр көрсету тойы. Қыздың туған – туысқандары жігіт ауылына қарсы тойға барады. Құда түсу тойындағы кәделер қайталанады

  6. Ұрын той. Күйеу баланың қалындығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу үшін ұрын той өткізіледі.

Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу

қашырар, желі тартар, ит ырылдар,

бақан саларо, үйге кірер,кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек

салар, қыз құшақтатар, шаш сипар,

көрпе қимылдатар кәделері алынады.


  1. Қыз ұзату тойы. Ат байлар,құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, отау байғазысы кәделері алынады.Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі

қиылады.Түрлі ойын – сауық өткізіледі, жар – жар

айтылады.Қыз аттанарда «сыңсу» айтады



  1. Келін түсіру тойы. «Беташар» айтылады. Той негізінен қыз

ұзату тойымен бірдей өткізіледі.

3.Миға шабуыл . Бұл бөлімде оқушылар постер бойынша плакатқа шығармашылық жұмыс жасайды.

Атадан қалған салт – дәстүрлер


Салт – дәстүрлердің түрлері.



Діни әдет- ғұрыптар

Отбасылық той – томалақтар мен жиындар

Маусымдық халықтық мерекелер






  1. Ырымдар 1. Үйлену тойы 1. Жалпы халықтық тойлар

мен 2. Бала тәрбиелеу 2. Кәсіптік мейрамдар

нанымдар дәстүрлері

3. Жерлеу салты

  1. Діни рәсімдер

мен мейрамдар


Ырымдар мен нанымдар.Он және теріс бата, жылан арбау, күн жайлату, ауруды емдеу, кәрі жілікті іліп қою, отқа май салу, дуалау, бәдік, алғыс – қарғыс, бақсылық және т.б.
Діни рәсімдер. Намаз оқу, ораза ұстау, зекет- садақа беру, қажыға бару.
Діни мейрамдар. Ораза айт, құрбан айт
Жалпы халықтық тойлар. Наурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой

(мизам), Соғым басы.



Кәсіптік мейрамдар. Биебайлау, сіргежияр, жүн қырқар, тулақшашар, күйек

байлау, шашыратқы, уызқағанақ және т.б.


4.Сыр сандық. Бұл бөлімде оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы бір-бірімен пікір алмасады.
Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғандырады.Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Басекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына , асыл қазынаға үңілу керек шығар. Мен бұл бөлімде яғни «Ата салтым-асыл қазынам!» атты тақырыпта өткізе отырып негізінен бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасқа арнаймын. Өйкені қазіргі таңда бұл мәселе де күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Ата-баба дәстүрін құрметтейміз бе? Құрметтесек оны қалай көрсете аламыз? (Оқушылар ел арасындағы дәстүрлерді, қол өнерлерді атайды.)

5. «Көргені жақсы көш бастар», -демей ме , топ болып бір салт-дәстүрді көрсетеді.



ҚОРЫТЫНДЫ:

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда еліміздің кез-келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін , салт-дәстүрді қадірлеуін таразыладық .
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет