11 ақпанда Аягөзде 8 жасар Мерейді іздеуге ондаған құтқарушы, полиция, әскерилер мен еріктілер жұмылдырылды. Құтқару жұмыстарынан кейін төтенше жағдайлар министрлігі әйелдің алғыс білдірген видеосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Баланың анасы баланы іздеуге атсалысқан баршаға алғыс жаудыруда. Жиналғандар қуаныштан көзіне жас алған әйелді “бәрі жақсы” деп тыныштандырып жатыр.

11 ақпан күні сағат 10:00 шамасында 8 жасар бала атпен мал іздеуге шыққан. Бала кешке үйде болмаған соң, ата-ана өз бетінше іздестіру жүргізген, бірақ оң нәтиже бермей, полицияға хабарласқан.

Баланы іздеуге әскерилер де қосылғаны белгілі болды.

Қарлы боранның кесірінен мал іздеуге кеткен бала жоғалып кеткен. Түнгі 00:00 шамасында Абай аудандық полиция бөлімі баланың табылғанын хабарлады. Қарлы боран басылған соң іздеушілерді байқап, жарыққа қарай жүрген. Төтенше жағдайлар министрлігі оның жағдайы жақсы екенін, медициналық көмекке мұқтаж емес екенін хабарлады.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.