Сыныптан тыс жұмыстар Кіріспе



жүктеу 0.77 Mb.
бет1/5
Дата19.10.2017
өлшемі0.77 Mb.
  1   2   3   4   5





Сыныптан тыс жұмыстар



Кіріспе
Мектепте химия пәні оқытудағы мақсат – күнделікті тұрмысымызда, өндіріс пен өнеркәсібімізде, ауыл шаруашылығында және ғылым салаларында кездесетін химия ғылымына қатысы бар білім, біліктіліктерді оқушыларға меңгерту.

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты – мектептегі басқа да оқу, тәрбие жұмыстары тәрізді еңбек, адамгершілік, экономикалық, эстетикалық, экологиялық т.б тәрбиелерді кешенді түрде жүргізумен бірге химия пәні бойынша терең білім беріп, оқушының жалпы білімін дамыту болып табылады.

Химиялық білім жас жеткіншектер санасын қоршаған орта туралы, ондағы заттар мен олардың өзгерісі жайлы және оларды өмірде, өндірісте, ғылымда пайдалану жолдары туралы түсінікпен толықтырады.

Химиялық білім мектеп оқушыларын келешекте қандай да бір мамандық алуға икемдеп, өмірден өз орнын табуға бейімдейді.

Осыған орай әрбәр оқушының мектеп қабырғасында жүріп – ақ қоғамымыздың экономикалық күш – қуатын арттыратын бірден - бір сала – химия ғылымы бойынша тиянақты білім алуын көздеу қажет.

Химиядан қазіргі заман талабына сай терең әрі тиянақты білім алғысы келетін жас ұрпақты оқыту үшін қалыпты жағдайдағы химия сабағы мен оқулықтағы материалдық аздық етеді. Осыған сай химияны оқыту әдістемесіне өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды.

Химия пәнін оқытудың әдістемесін, химия сабағында жаңа технологияларды пайдалану жолдарын жетілдірумен бірге, химия пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды өткізу іс-шараларының да оқушыларға берер пайдасы мол.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білім негіздерін терең игеруіне, пәнге деген қызығушылығын арттыруға және болашақта қандай да бір мамандықты таңдауына игі әсерін тигізеді.

Мектепте сыныптан тыс жұмыс жүргізудің өзіндік ерекшелігі – оқушы сабақтан тыс жұмыста алған теориялық білімін толықтырады және оны іс жүзінде сынақтан өткізе алады. Сондықтан да оқушылар сыныптан тыс уақытта білімдерін өз бетінше толықтыруға мүмкіндік алады.

Сыныптан тыс жұмыстар белгілі бір мақсатқа бағытталып, арнайы бағдарламамен жүргізіледі. Ұстаз оқу-тәрбие жұмысы барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмысты өзара тығыз байланыстыруы тиіс. Алынған теориялық білімді пысықтау үшін қоғамдық пайдалы еңбек пен, бұқаралық, қоғамдық, көпішілік іс – шаралармен айналасуы, танымдық ойын үлгілерін өткізу арқылы оқушылардың қиялына қозғау салуы әрі пәнге қызықтыруы қажет.

Сонымен химия сбағындағы сыныптан тыс жұмыстың мақсаты – оқушыларды қызығушылығына , бейімділігіне қарай түрлі химиялық үйірмелерге қатыстырып, қоғамдық жұмыстарға (кеш, ғылыми – практикалық конференция, онкүндік, викторина, КТК, экскурсия т.б) белсене қатысуға тәрбиелей отырып, шығармашылық ізденістерге (олимпиада, ғылыми жоба қорғау, мақала жазу т.б) үйрету.

«Химия кабинетіне саяхат»

Сиқырлы ғылым ғажаптары

Оқушылардың химия ғылымына қызығуын арттыруға жағдай жасау мақсатымен өткізген сыныптан іс – шараны «Химия кабинетіне саяхат» деп атадық. Тақырыпқа арналған қабырға газеті әзірленді, химиялық реактивтер: Бертолле тұзы, қант ұнтағы, күкірт қышқылы (концентрлі), тұз қышқылы (концентрлі), аммиак ерітіндісі (25%), хлорлы темір ерітіндісі, калий роданидінің ерітіндісі, аммоний бихроматы, калий йодидінің 3% ерітіндісі, қорғасын ацетатының 4% ерітіндісі және фарфор ыдыстар, шыны түтікшелер, құтылар, металл парақтар, спиртшам, К.Брюлловтың «Помпейдің күйреуі» картинасының көшірмесі, музыка пайдаланылды.



Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін сендер мектебіміздегі ең таңғажайып кабинетке келіп отырсыздар. Саяхатқа 11-сынып оқушылары жетекшілік етіп, сендерді Химия деп аталатын тамаша ғылыммен таныстырады.

Қай – қайсысымыз да бала кезімізде ертегі оқығанды, тыңдағанды жақсы көретінбіз, ертедегі құдыретті пері қыздары мен қайырымды сиқыршылар небір ғажайыптарды жасайтын еді. Әрқайсысымыз өмірде бір рет болса да сиқырдың күшін меңгеріп, сиқыршы рөлінде өзіміз болғымыз келгені анық. Бірақ, әттең... Бұл дегеніміз өмірде ғажайыптар болмайды дегенді білдіре ме? Тіпті олай емес! Біздің заманымыздың нағыз сиқыршысы – ғылым. Ғажайыптарға толы ғылымдардың ішінде химияның алатын орны ерекше. Оны көбінесе қайырымды сиқыршы деп атайды. Ол адамның табиғи шикізаттан өзге заттарды алуына, бірінен бірі өткен ғажайып, табиғатта кездеспейтін, бірақ адамға өте қажет заттарды алуына көмектеседі. Химияның арқасында сәбилерге сүт, түрлі – түсті ойыншықтар, оқушыларға оқу құрал – жабдықтары дайындалады. Химиясыз металды балқыту, кеме жасау, автокөлік жасау, үйдің тазалығы мен жайлылығын қамтамасыз ету, денсаулықты сақтау мүмкін емес. Химия көмірді – бояу мен дәрі – дәрмекке, мұнайды – отын мен жанармайға, ағашты – қағаз бен жасанды талшықтарға айналдырады.

Сендердің әр қайсыларың күн сайын үйлеріңнен шықпай – ақ химиялық реакцияларды жүзеге асыратындарыңды өздерің де білмей қаласыңдар: сіріңкемен газды жағу, ас пісіру. Адам ағзасының өзі – үлкен химиялық фабрика, оның ішінде көптеген химиялық реакциялар жүріп жатады.

1 – оқушы. Балалар, елестетіп көрейікші, бәріміз алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүреміз дейік. Алғашқы адамдар оттың өзінен қорыққан. Олар найзағай түскен ағаштың жанып кеткенін көзімен көрген. Қазір сендер «Алаудың жануы» тәжірибесін көресіңдер.

Тәжірибенің сипаттамасы. Фарфор ыдысқа Бертолле тұзы мен қант ұнтағының тең бөлігін қосып себеміз де, оны ағаш жаңқаларымен бүркеміз. Ыдысты темір қаңылтырдың үстіне қоямыз. Шыны түтікше арқылы қоспаға концентрлі күкірт қышқылын тамызамыз – «алау» лап етіп тұтанады.



2 – оқушы. Орта ғасырларда кейбір адамдар шағын зертханадан шықпай, әр түрлі заттрады зерттеумен өмірін өткізген. Олар алхимиктер еді. Олар металды алтынға айналдыруға тырысты. Патшалар мен корольдар өздеріне алтын жасап беру үшін алхимиктерді сарайында ұстады. «Алтын алу» тәжірибесіне куә болыңыздар.

Тәжірибенің сипаттамасы. Калий йодидінің 3% ерітіндісі мен қорғасын ацетатының 4% ерітіндісін бірдей көлемде әзірлейміз. Тәжірибе алдында ерітінділерді қайнауға дейін жеткізіп, ыстық күйінде құтыға араластырып құяды. Суыған кезде ыстық суда жақсы еритін, ал суық суда аз еритін қорғасын йодиді тұнбаға түседі. Алтын түстес, жарыққа шағылысатын жұқа қабыршақтар түріндегі тұнба пайда болады. Олардың көлемі тұну жылдамдығына байланысты, ерітінді неғұрлым баяу суыса, кристалдар да ірірек болады.



3 – оқушы. Балалар! Қалай ойлайсыздар, отсыз түтін бола ма? Мен сіздерге «Отсыз түтін» деген тәжірибені көрсетейін.

Тәжірибенің сипаттамасы. Құрғақ әрі тазағ аузы кең, 200 мл құтыға 5 – 10 мл көлемінде концентрлі тұз қышқылын ққұяды. Құтыны айналдыра отырып, ыдыстың ернеулерін қышқылмен шаяды да, қалған қышқылды төгіп, тығынмен мықтап жабады. Дәл сондай екінші құтыға осы әдіспен аммиак ерітіндісін (25%) құйып алады. Тәжірибе кезінде құтыларды ашып, ернеулерін бір-біріне тигізеді де осы күйінде 180 градусқа бұрады. Құтылардың іші қою түтінге толып кетеді.



4 – оқушы. Балалар! Мен сіздерге «Жазаның жазылуы» деп аталатын тәжірибені көрсеткім келеді. Қан аққаннан қорықпайтын оқушы болса тақтаға шықсын.

Тәжірибенің сипаттамасы. Тақтаға шыққан оқушының жеңін түріп, дезинфекция үшін деген сылтаумен «йодты» (хлорлы темірдің әлсіз ерітіндісі) молынан жағады. Осыдан кейін тәжірибені көрсетуші оқушы жіңішке түтікке калий роданидінің ерітіндісін алып, түтіктің ұшын майланған жерге тигізеді (әсерін күшейту үшін өтпейтін пышақты пайдалануға болады) . Теріде «қанаған жара» пайда болады, оны сумен оп – оңай жуып, орамалмен құрғатып сүртіп тастайды.



5 – оқушы. Кездесуіміздің соңында мен «Жанартаудың атқылауы» деген тәжірибені көрсетейін. Әрине, сіздер жанартаудың атқылауы қандай ғаламат көрініс екенін білесіздер. Ерте заманда Везувий жанартауы Помпей қаласын басып қалған. Оқушы К.Брюлловтың «Помпейдің күйреуі» картинасының көшірмесін көрсетеді. Музыка ойнатылып, тәжірибе жасалады.

Тәжірибені сипаттамасы. Тұрғыға бекітілген металл қаңылтырға немесе асбест торға (фарфор ыдысты да алуға болады) аммоний бихроматын сеуіп, спиртшамның жалынына қыздырады. Бірнеше минуттан кейін экзотермиялық реакция басталып, азот, су буы және көп мөлшерде «күй» - хром (ІІІ) оксиді бөлініп шығады. Үрдіс ұшқын ату арқылы жанартаудың көрінісін әсерлі түрде қайталайды.



Мұғалім: Міне, біздің химия кабинетіне саяхатымыз осымен аяқталды. Саяхат сіздерге ұнады ма? Біраз өскеннен кейін сіздер де осында келіп, химия деген қызықты ғылымды оқып үйренесіздер. (Музыка естіледі).
Интеллектуалдық марафон

«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды марафонына әр сыныптан озып, іріктеліп шыққан білімді, алғыр оқушылар қатысты.



Жүргізуші: - XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Отанымыздың саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтеретін білімдіде, мәдениетті, парасатты, денсаулығымыз мықты болып өссек, егемен елімізді әлемге танытарымыз анық.

ХХІ ғасыр – химия ғасыры.

Ақын Құланбай Көпішев:

Химия – ырыс бұлағы

Шалқыған байлық, мол дәулет

Аялап күтіп тұр алда

Болашағымыз – нұр сәулет.

Аялдама алға ұмтыл,

Құдыретті біздің ой!

Сенде байлық, сенде ырыс

Сенімен өмір сәнді ғой, - деп жырлайды.

Сонымен ХХІ ғасыр білгірлерін, құрметті ойыншыларымыызды ортаға шақырып, қарсы аламыз.

Сайысқа қатысушылар ойын бөлімдерімен, шарттарымен таныстырылады (әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)

І Бәйге.

1. Атомның планетарлық моделін ұсынған қай ғалым? (Резерфорд)

2. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым? (С.Аррениус)

3. Азот молекуласындағы химиялық байланыс түрі. (ковалентті полюсссіз)

4. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл (йод)

5. Металдардың бұзылуы. (коррозия)

6. Заттың құрамы мен қасиеті сақталатын ең кіші бөлшегі. (молекула)

7. Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиеті. (аллотропия)

8. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады? (силикаттар)

9. Қазақстанның қазба байлықтарының картасын жасаған кім? (Қ.Сәтбаев)

10.Ауа құрамында оттектің қанша пайызы бар? (21%)

11.Ең ауыр металл. (осмий)

12.Сұйық металл. (сынап)

13.Зат массасының сақталу заңын кім ашты? (Ломоносов)

14.Электр тогын өткізетін қышқыл, тұздар ерітінділері қалай аталады? (электролиттер)

15.Бейэлектролиттер дегеніміз не? (электр тогын өткізетіндер)

Бұл сайыстан барлығы келесі сайыстың бөліміне өтеді.

Келесі әр сайыстың бөлімінде ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.



ІІ. Полиглот. (екі бөлімнен тұрады)

1 – ші бөлім. Жеті жұрттың тілін біл. (химиялық элементтерге жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек.)

1. Өзім газбын менімен демаласың,

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. (оттек, кислород, оксигениум)

2. Осы затпен ескі үйді аластайды,

Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды. (күкірт, сера, сульфур)

3. Ең жеңіл элемент саналады,

Периодтық жүйе осыдан бастау алады. (сутек, водород,гидрогениум)

4. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады. (қорғасын,свинец,плюмбум)

5. Машина мен трактордың жануы

Қара металлургияның наны. (темір,железо,феррум)

6. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді

Салмақты адамды мақтауды да келістіреді. (күміс, серебро, аргентиум)

7. Өзі жылтыр күмістей

Жұмсақтығы тағы бар

Жеңілдігін ескерсең

Пайдаланар жері табылар. (алюминий, алюминиум)

2 – ші бөлім. Жұмбақ жасырылады, табылған заттың атын, формуласын атайды.

1. Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,

Кім бар ортада оны білмес. (ас тұзы -NaCl )

2. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,

Шыдаау қиын бұл затсыз екі күнге. (су –H2O)

3. Ес- түссіз адам талып қалса кейде,

Иіскетсең есін жияр ол лезде. (мүсәтір спирті – NH4OH)

4. Адаммен жануардан бөлінеді,

Өсімдіктің торына ілігеді. (көмірқышқыл газы – CO2)

5. Жер бетін күннің ультракүүлгін сәулесінен қорғайды,

Өзін оттектің үш атомы құрайды. (озон –O3 )

6. Аяғыңның астында жататын зат,

Тауға айналып, тас болып қататын зат. (кремнезем,құм –SiO2)

7. Құрғақ жерде сақтайсың,

Онсыз тамақ татпайсың (ас тұзы -NaCl)

ІІІ. «Ғажайып жетілік»

Сайыстың бұл бөлімінде сұрақтың күрделісіне қарай ұпай саны әр түрлі болады.

1.20 Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар?

(темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)

2.30. Табиғатта сом күйінде кездесетін металдар.

(мыс, күміс, алтын, платина)

3.20. Халькогендер деп нені айтамыз және халькогендерге қандай металл жатады?

(оттек, күкірт, селен, теллур)

4.30. Табиғатта таралуы бойынша бірінші орында тұрған металл.

(алюминий)

5.20. Галогендер деп нені айтадыз? Қандай элементтер жатады?

(фтор, хлор, бром, йод, астат)

6.30. Темірдің қанша саламен байланысы бар? Ол қандай салалар?

(8, ғарыш,биология,инабат негіздері, медицина,физика,тарих,география, халықтық педагогика)

7.20. Неліктен темір – аспан тасы деп аталған?

(себебі метеориттің құрамында бар)

Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

IV. «Жорға» (тікелей сұрақтар) Бұл сайыс жылдамдықты, алғырлықты талап етеді.

Бірінші оқушыға:

1.Na – сілтілік металл

2.Сутек – газ

3.Фенолфталеин, метилоранж, лакмус – индикатор

4.H2SO4 – қышқыл

5.NaOH –сілті, күйдіргіш натр

6.Ең жеңіл металл – литий

7.Ас тұзы – NaCl

8.Марганцовка – KMnO4

9.Тұ тудырушы – галогендер

10.Алтын – күміс тас екен, арпа – бидай ас екен.

Екінші оқушыға:

1.Ауа құрамында оттек неше пайыз – 21%

2.Мыс кенін тудырушы – халькогендер

3.Периодтық жүйені жасаған кім? – Менделеев

4.Галогендер – тұз тудырушы

5.Ауаның құрамын алғаш анықтаған кім? – Лавуазье

6.Авогадро тұрақтысы – 6,023*10 23

7.Сутекті алғаш алған – Кавендиш

8.Металдардың керену қатарын кім жасады? – Н.Бекетов

9.Элемент атомының ядро құрамы – протон, нейтрон

10.Ас содасының формуласы – NaHCO3

V. «Егер сіз өз өлкеңіздің табиғатын бақылайтын болсаңыз не істер едіңіз?» тақырыбына қысқа әрі нұсқа ғылыми негізделген жауап қайтару керек.

Жүргізуші. Оқушылардың білімдері сыналып, жеңімпаздар анықталды. Алдағы уақытта жоғары дәрежеде көрініп, алда жүре берулеріне тілек айтып, Мұзафар Әлімбаев ағамыздың мына бір өлең жолдарымен сабақты аяқтаймыз.

Туған жерді сүю – парыз,

Сүю үшін білу – парыз.

Қасиетін ұғу – парыз

Күзетінде тұру – парыз.
Химиялық көңілді тапқырлар кеші

Жүргізуші: - Сайысымызды бастамастан бұрын әділ қазылармен таныстырып шығайық.

Көңілді тапқыштар білімділер

Бар өнерін алдарыңа салады

Кім білімді, көп оқыған болса егер

Бүгінгі күннің жеңімпазы болады

Әр топ басшысы өздерінің топтарымен таныстырады



Жүргізуші:

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер

Жастықтың оты қайдасың

Жүректі түртіп қозғамай

Ғылымның біліп пайдасын

Дүниенің көркін болжамай

Әр топқа 10 сұрақтан қойылады, дұрыс жауапқа бір балл беріледі.



1 – топ.

1.Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылады. (гелий)

2.Қандай элементтер қалыпты жағдайда сұйық күйде кездеседі (бром)

3.Қандай элементтер материктердің атымен аталады (европий, амерций)

4.Ағашты отсыз қалай көмірлендіруге болады? (H2SO4 концентрациясында)

5.Суды қалай жандыруға болады (сілтілік металдар арқылы, натрий,калий)

6.Планетамызда көп таралған элементтер (сутек,гелий)

7.Сіріңкесіз қалай от жағуға болады (ақ фосфор арқылы)

8.Жұмыртқаның қабығын қалай сындырмай аршуға болады (сұйытылған қышқылға салып)

9.Әрі химик, әрі музыкант ғалым (А.П.Бородин)

10.Алып элемент (титан)

2 – топ.

1.Ресей елінде алғаш химия зертханасын ашқан кім(М.В.Ломоносов)

2.Қандай жыланда сынап көп (фараон жыланында сынап (ІІ) роданиді)

3.Футбол терминінде кездесетін элемент (гольми)

4.Табиғи талшықты зат (асбест)

5.Мыстың табиғи қосылысы (малахит)

6.Сүт қанты (лактоза)

7.Темекінің құрамындағы алкалоид (никотин)

8.Адамзат баласы қандай элементті алғаш өндірді (мыс)

9.Топырақты құнарландыратын элемент (азот)

10.Үш түрлі күйде кездесетін зат (су)

3 – топ.

1.Қандай металл болашақтың металы деп аталады (алюминий)

2.Лимон қышқылын қайдан алады (қанттан не мелясиден)

3.Сутек қай затта жақсы ериді (балқытылған темір, никель, палладийде)

4.Қандай жай зат ең жоғары температурада балқиды (графит 380 градус С)

5.Қандай элемент жер қыртысының 75% -ын құрайды (оттек 49%, кремний 26%)

6.Ауа газдар қоспасы екенін алғаш айтқан ғалым (Л.Да Винчи)

7.Адамға таза, дистилденген су ішуге пайдалы ма (жоқ)

8.Фосфор элементі қашан ашылды, кім ашты (Гамбург химигі, Г.Бранд, 1699ж)

9.Грек тілінде ай деген мағынаны білдіретін элемент (селен)

10.Әлемдегі ең алғаш мұнай айдау зауыты қашан және қай жерде салынды (1745ж. Ухта өзені бойында)

Жүргізуші:

Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Біреуінің қатты істейтін миы бар

Кезекте сөзжұмбақтарды шешу. Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары.

1.Химияның арнайы бөлігін құрайтын элемент (көміртек)

2.Шпатта алғаш табылған элемент (барий)

3.Улы ұшқыш қосылыс (Арсин)

4.Қытай, Бирма, АҚШ-та көп кездесетін металл кен орны (Вольфрам)

5.Скандинавия жарты аралындағы мемлекет (Швеция)

6.Мұхит суында кездесетін элемент (марганец)

7.Құймаларды қызуға төзімді ететін металл (молибден)

8.Көбіне галлит, сильвинит, карналлит тұздары құрамында кездесетін элемент (хлор)

9.Майларды гидролиздеу нәтижесінде алынған элемент (глицерин)



Көлденеңінен:

3.Қазақ халқының алғашқы акамедиктерінің бірі, фосфор тұздары маманы (Бектуров)

5.Химиялық элементтердің рентгендік спектрін зерттеген ағылшын ғалымы (Мозли)

7.Ұшқыш компонеттерінен ректиаикациялау арқылы тазаланған спирт ашымасы (Барда)

8.Флогистон теориясының негізін қалаушы неміс ғалымы (Шталь)

11.Анестезия үшін қолданылатын препарат (новокаин)



Тігінен:

1.Металдарды зерттеген араб химигі (Турки)

2.Органикалық қосылыс (спирт)

3.Катализдік мультиплет теориясының негізін қалаушы орыс химигі (Баландин)

4.Орта ғасырдағы Еуропа химигі, сульма мен мышьякты алғаш зерттеген кім (Валентин)

9.Кремнеземнің табиғатта көп тараған түрі (кварц)

10.Кальций сульфатының кристаллогидратының бір түрі (ғаныш)

1. Қазақтың химик-органигі, негізгі еңбегі өсімдіктер химиясы болып табылады (Шомбалов)

2.Түрлі заттарды ерітетін қоспа (еріткіш)

3.Тұңғыш рет химия ғылымының докторы атағын алған қазақ химик-органигі (Әзербаев)

4.Тұз қышқылының аммоний тұзы (мүсәтір)

5.Ерте кезде қазақ халқы қолданған металдардың бірі (мырыш)

6.Қазақ халқының акамедик –химигі, жоғары молекулалы қосылыстар маманы (Жұбанов)

7.Үй тұрмысында көп қолданылатын, қазақ халқына ертеден таныс металл (қалайы)

8.Радиоактивті сәулелерді өткізбейтін металл (қорғасын)

9.Мыс тұзының кристаллогидраты (тотияйн)

10.Қазақ халқының химия саласындағы алғашқы академиктерінің бірі (Бектұров)

Жүргізуші:

Химия – ырыс бұлағы

Шалқыған байлық мол дәулет

Аялап күтіп тұр алда

Болашағымыз – нұр сәулет

Аялдама, алға ұмтыл

Құдыретті біздің ой

Сенде байлық, сенде ырыс

Сенімен өмір сәнді ғой

Кезекте әр топ тәжірибе көрсетеді.


  1. «Судан сүт алу»

  2. «Жанбайтын орамал»

  3. «Отсыз жұмыртқа пісіру»

Жүргізуші:

Тағы келді сыналар шақ айналып

Тереңіне білім теңіз байланып

Кім шешеді сол сайыста ұшып тұр

Есеп шешер кезегі келіп тұр

Ендеше әр топтың алдына түрлі есептер беріледі, шығарылған есептің жауабы дұрыс болса пирамидаға жапсырады . Нәтижесінде қай топ қанша есеп шығарғанын пирамидаға жапсырылған үшбұрыш қиық арқылы балдарын санаймыз. Әрбір дұрыс есепке 5 балл қойылады.

Соңынан бірінші кезеңнен бастап барлық балдар есептеліп, жеңімпаз топ жарияланып, топтар марапатталынады.
«Зерделілер» мен «Зейінділер»

І кезең. Сәлемдесу

а) Таныстыру

ә) команда эмблемасы

б) ұран


в) қарсыластарына сәлем

г) әділқазы алқасына сәлем



ІІ кезең. «Қалауың білсін» (таңдалып алынған тапсырма)

ІІІ кезең. «Қателеспе» (формула біліктілігін тексеру)

ІV кезең. «Қапы қалма» (топтарға есептер тапсырылады)

V кезең. «Капитандар сайысы»

VI кезең. «Үйтапсырмасы»

1-жүргізуші:

Уа, халайық!

Бәріңе бірдей жар салайық

Химия тілін үйренем деушілерге

Химия тілін білмек ойлы балаларға

Химия құмарлығын арттыруға, талпынушыларға

Бүгін болатын кешімізді арнаймыз.

2-жүргізуші:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Пайдасын көре тұра тексермедім

Ер жеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп Абай атамыз айтқандай уақытында химия сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда химия ғылымымен әрі қарай сырласып, кейбіреулермен мұңдасып қалу үшін өткізілгелі отырған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға бүгінгі «Зерделілер мен Зейінділер» атты сайысқа қатысушыларымызды шақырамыз.

І топ – 10 сынып оқушылары

ІІ топ – 9 сынып оқушылары

ІІІ топ – 8 сынып оқушылары

Жүргізуші:

Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер!

Сайысымызды әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер



Бірінші сайыс: «Сәлемдесу» әр топ өздерінің атымен, ұранымен, қарсыластары мен әділқазылар алқасына сәлем жолдайды.

Екінші сайыс: «Қалауың білсін!» әр топ бір-бір қатысушыны ортаға шақырамыз, ұсынған ұяшықтардың біреуін таңдайды. (кубик 1,2,3,4)


1

2

3

4
1 – ұяшық сұрақтары

1. Бір ълементтің бірнеше жай зат түзу қасиеті (аллотропия)

2. Индекс, коэффициент дегеніміз не? (индекс атом саны, коэффициент – молекула саны)

3. Ас содасының формуласы (NaHCO3 - натрий гидрокарбонаты)

4. Оттектің сұйылту температурасы қандай? ( сұйық (О2)= -180 градус С)

5. Жер бетіндегі тіршілік атырабы (биосфера)

6. Д.И.Менделеев ескерткіші қай қалада қойылған (Тобольск, Мәскеу, Ленинград)

7. 61 жас неше мүшел (5 мүшел)

8. Ауада неліктен алма сарғаяды ( темір(ІІ) ионы темір (ІІІ) ионына айналады)

9. Ылғал тартқыш қышқыл ( H2SO4 - күкірт қышқылы)

10. Тоңазытқыштарда қолданылатын газ (NH3 - аммиак)

2 – ұяшық сұрақтары

1. Гидрлену реакциясы дегеніміз не? (сутектің қосылу реакциясы)

2. Ломоносов «корпускула» деп нені атаған (молекула)

3. Бактериоциттік қасиеті бар қай металл (күміс)

4. Судың агрегаттық күйлерін ата (мұз, сұйық, бу)

5. Қай орыс ғалымы химик, белгілі музыкант болған (А.П.Бородин)

6. Сутекті ашқан ғалым (Г.Кавендиш)

7. 70-80 аралығын қалай атаған (қария, қарт, ақсақал)

8. Патша сұйығы деген не (1 көлем азот қышқылы мен 3көлем тұз қышқылы қоспасы)

9. Тұздар мен су арасындағы реакция (гидролиз)

10. Х.Колумб Американы қай жылы ашты (1492)

3 – ұяшық сұрақтары

1. Заттың құрамы мен қасиеті сақталатын ең кіші бөлшегі (молекула)

2. Фосфор деген сөз қандай мағына береді (жарық тасушы)

3. Теңіз капустасы – ламинария қандай элементке бай (йод)

4. Иммунитет дегеніміз не (ағзаның жұқпалы ауруға қарсы тұру қасиеті)

5. Қай бұлшықет өте күшті (ауыз бұлшықеті)

6. Жердің терең қабатындағы балқыған зат (магма)

7. «Белоксыз тіршілік жоқ, азотсыз белок жоқ» сөздерінің авторы (Ф.Энгельс)

8. Алғашқы орыс профессоры, химик (М.В.Ломоносов)

9. Индекс нені көрсетеді (атом санын)

10. Қайсы артық 1кг мақта, әлде 1 кг темір (бірдей)

4 – ұяшық сұрақтары

1. Судың қатты күйі (мұз)

2. Батыс Қазақстан облысындағы ұлы өзен (Жайық)

3. Дүниедегі ең үлкен жеміс (асқабақ)

4. Күнге ең таяу айналатын планета (меркурий)

5. Денесіндегі қышқылы бар жәндік (ққұмырсқа)

6. Дүние жүзіндегі ең үлкен қорық қай жерде орналасқан (Африка)

7. Оттекті ашқан ғалымдар (Ағылшын ғалымы Пристли және Швед.К.Шееле)

8. Дүние жүзіндегі тұңғыш әйел профессор кім (М.Складовская)

9. Күннің көзі жылына неше рет шығады (365)

10.Миллионда неше голь бар (6)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет