Сыныптан тыс шара "Ана тілім -ардағым"



жүктеу 27.83 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі27.83 Kb.
түріСабақ

Тіл жүйрікте кім жүйрік?


Мақсаты: 
Қазақ тілі мен ана тілі сабақтарында алған білімдерін көрсету. Ой өрістерін кеңейту.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, бүгін Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Әр бекетте 2тапсырма бар. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады. 


Әділ қазылар алқасын сайлау. 


1. «Шешен » бекеті

Туған тілім

Шыңғыс Айтматов

Тілім менің! 


Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің. 
Тұнығым, рухани жан азығым 
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім. 
Ана тілім, туған тілім,бал тілім 
Сен арқылы дүние танып талпындым. 
Сен арқылы әлемге аян бар ісім 
Сен өмірде таусылмайтын алтыным. 

2. Мақалды жалғастыр


1. Кітап – білім бұлағы,.... (білім – өмір шырағы)
2. Досы көпті жау алмас,.... (ақылы көпті дау алмас)
3. Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
4. Жері байдың –... (елі бай)
5. Білекті бірді жығар ,.... (білімді мыңды жығар)
6. Жолдас қадірін жорықта білерсің,... (дос қадірін соғыста білерсің)
7. Қыз елдің көркі ,... (гүл жердің көркі)
8. Еңбектің наны тәтті,... (жалқаудың жаны тәтті)

10. Қара мысық сәтсіздікке тап болдыңыз сізден 5 ұпай шегеріледі.



2. «Зерек» бекеті .

1. Қызықты грамматика. 

А) Мына сөздердің ішінен диалект сөздерді көрсет:доға, жәшік, қамыт,сұлтан , нән, зейнеткер. 
Б) Әдемі сөзінің синонимі. 
В) Қорқақ неден қорқады? 
А) Мына сөздердің ішінен көнерген сөзі тап : жәшік, керуен, үстел, мұғалім, абажа

Б) Үлкен сөзіңің синонимі

В) Тауық түс көре ме? 
А) Мына сөйлемдердің ішінен сөз тіркесін тап: Аузымен орақ ору, елін қорғау, ата-анаңа қамқор бол, күш – білімде

Б) Қысқа сөзінің синонимі

В) Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек? 
А)Диалект сөздерді тап көне, сыйлық, қалам, аспан, шекер, сым
Б) Ескі сөзінің синонимі

В) Қандай кілт аспанда болады? 

2. «Шешуін тап »Жұмбақтар

1.Қақпақты тарс тарс жабады, 


Терезені қағады. 
Уілдейді ысқырып, 
Қорқытады баланы. (жел) 

2. Тілі бар, үні жоқ, 


Өзін адам түсінген. 
Жүрегі бар, қаны жоқ, 
Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап) 
3. Қимылдаса көп шебер
Қыруар қыруар іс бітер.(қол) 
4. «Алтын сандық» Құттықтаймыз сіз 5 ұпайға және сыйлыққа ие болдыңыз,
3. «Тапқыр» бекеті.

Тест сұрақтары. 


1.Тіл білімінің негізін салған кім? 
А) Ш.Уәлиханов 
В) М. Жұмабаев 
С) А. Байтұрсынов 
Д) Ы. Алтынсарин 
Е) А. Құнанбаев 
2.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? 
А) хинди 
В) араб 
С) португал 
Д) испан 
Е) түркі 
3. «Ана тілің-арың бұл, ұятың боп тұр бетте» деген өлең жолдарының авторы кім? 
А) Қ. Мырзалиев 
В) Ә. Тәжібаев 
С) С. Торайғыров 
Д) М. Шаханов 
Е) М. Мақатаев 

2. Тұрақты тіркестердің мәнін аш


1. Қас пен көздің арасында (лезде) 


2. Көзге түртсе көргісіз (қараңғы) 

1. Төбе шашы тік тұрды (шошыды) 

2.. Аузына құм құйылды (үндемеу) 

Сіз «Өрмекшінің торына» тап болдыңыз. Көрермендер сұрағы




4 «Дарын» бекеті

Шығармашылық. Өлең, әңгіме құрастыру. 


«Ең қымбат қазына» тақырыбына

5 « Арман» бекеті. Арман бекетіне жеткен оқушы «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» деген атаққа ие болады.
Каталог: uploads -> doc -> 130e
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
130e -> Сабақтың тақырыбы: Майра Шамсутдинова мұражай үйі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет