сыныптарға арналған үйде орындауға арналған тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар



жүктеу 140.8 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі140.8 Kb.

7 – 8 сыныптарға арналған үйде орындауға арналған тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар
1. Жіңішке және жуан жіптердің қатарлар әдісімен қалыңдығын анықтаңдар, салыстырыңдар. Сызғыштарыңның көрсеткіш бөліктерінің –құнын анықтаңдар. Өзің жататын бөлмеңнің ұзындығы, ені және ауданын есептеңдер.­

2. 200 грамдық стақанға су құйып, деңгейін белгілеп, есептеңд­­­­­­­­­ер. Стақанға бір түйір марганцовка тастаңдар. Суды араластырмай, қанша уақыт өткен соң марганцовка молекулалары суды үстіңгі қабатына жететінін анықтаңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер.

3. Стақанға толтырыла құйылған судың, сүттің, күнбағыс майының массасын анықтаңдар. Өлшеуіш стаканың көлемі 200 см3.

4. Өз бөлмелерінңдегі ауаның массасын анықтаңдар.

5. Шыны ыдысқа (стаканға немесе банкаға) қалаған мөлшерде су құйыңдар. Қажетті өлшеулерді орындаңдар және судың ыдыс түбіне түсіріп тұрған қысымын есептеңдер.

6. Біреуіне таза су, екіншісіне тұзды су құйылған екі шыны ыдыс алыңдар. Әр ыдысқа бір – бір картоп салыңдар. Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер.

7. Бір тал шырпы алып ортасынан қақ бөліңдер, жартысын тағы екіге бөліңдер оның жартысын тағы екіге сындырыңдар. Сонда ұзын бөлікке қарағанда кіші бөлікті бөлу қиын болады. Себебін түсіндіріңдер.

8. Бөлменің есігін салқындау бөлмеге қарай ашып, шырақты әуелі есіктің төменгі, сонан соң жоғарғы жағына ұстап, ол жерлердегі ауа қозғалысының бағытын анықтап түсіндіріңдер.

9. Ыстық суға ерітілген ас тұзының ерітіндісін кішілеу екі тәрелкеге жұқалап құйың­­­­­­­­дар да, бірін мұздатқышқа, бірін үстел үстіне қойыңдар .Тәрелкедегі су буға айналғаннан кейін пайда болған тұз кристалдарын салыстырыңдар. Кристалл көлемдері суыту жылдамдығына қалай тәуелді?

10. Металл қалбырдың үстіне кішкене қағаз қиындыларын салыңдар. Шыныны жібек шүберекпен сүртіп, оны қалбырдың үстіне абайлап қойың­­­­­дар. Нәтижесінде не байқалатынын түсіндіріңдер.



11. Өз үйлерің­­­­дегі электр энергиясы санауышын бақылаңдар, оның көрсеткішін қағазға түсіріңдер. Келесі күні сол сағаттағы көрсетуін жазыңдар. Бір тәулікте жұмсалған электр энергиясының мөлшері мен құнын есептеңдер.
Тәжірибелерден басқа оқушыларға шағын қысқа мерзімді зертханалық жұмыстарды орындату практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдайтын амал болып табылады. Жұмыстардың мәтінін буклет жасап, сынып бөлмесіне балалардың көз алдына қоятын болсақ, оған немқұрайлы қарайтын оқушы төменгі сыныпта табылмайды.
Зертханалық жұмыс №1 «Молекулалардың өзара тартылысы»

Құрал – жабдықтар:картон, қайшы, тостаған, мақта, ыдыс жууға арналған сұйықтық.

Жұмыстың барысы:

  1. Картоннан үшбұрышты жебеге ұқсас қайық қиып ал.

  2. Тостағанға су құй да, қайықты судың бетіне еппен қой.

  3. Саусағыңды ыдыс жууға арналған сұйықтыққа салып ал. Сол саусағыңды қайықтың арт жағынан ақырын суға сал.

  4. Бақылауды сипатта.

  5. Қорытынды жаса.


Зертханалық жұмыс № 2 «Әртүрлі маталар ылғалды қалай сіңіреді?»

Құрал – жабдықтар: мата қиындысы, су, ас қасық, стакандар, дөңгелек резинка, қайшы.

Жұмыстың барысы:

  1. Мата қиындыларынан өлшемі 10х10 см квадраттар қиып ал.

  2. Олармен стакандарды жап та, резинкамен бекіт.

  3. Қасықпен әрқайсысына су құй.

  4. Матаны алып тастап, стакандағы су мөлшеріне назар сал.

  5. Қорытынды жаса.


Зертханалық жұмыс № 3 «Араласпайтындарды араластырамыз»

Құрал – жабдықтар:пластик бөтелке немесе стакан, өсімдік майы, су, қасық, ыдыс жууға арналған сұйықтық.

  1. Жұмыстың барысы:

  2. Стаканға немесе бөтелкеге аз – аздан май мен су құй. Оларды жақсылап араластыр.

  3. Аздап ыдыс жууға арналған сұйықтық қос та, араластыр.

  4. Бақылауды сипатта.

  5. Қорытынды жаса.


Зертханалық жұмыс № 4 «Кристалл өсіру»

Құрал – жабдықтар: стакан, су, қарындаш, жіп, қант, стакан, кастрюль.

Жұмыстың барысы:

  1. 2 бөлік су, 1 бөлік қант ал да, араластыр.

  2. Ерітіндіні жылытып беруді үлкендерден өтін.Оны стаканға құй.

  3. Қарындашқа жіпті байла да, жіпті ерітіндіге сал.

  4. Осылай бірнеше күнге қалдыр. Жіптің бойында не түзілетінін бақыла.

  5. Қорытынды жаса.


Зертханалық жұмыс № 5 «Мектептен үйге дейін жүріп өткен жолды анықтау»

Құрал – жабдықтар: сантиметрлік таспа.

Жұмыстың барысы:

  1. Қозғалыс маршрутын таңда.

  2. Бір адымыңның ұзындығын () таспамен өлше.

  3. Таңдап алған маршрут бойынша қадам санын (n) есепте.

  4. Жолыңның ұзындығын  метрмен, километрмен есепте, кестені толтыр.



     , см



    S , м

    S , км
















  5. Қозғалыс маршрутын масштабпен кескінде.

  6. Қорытынды жаса.


Зертханалық жұмыс № 6 «Денелердің әрекеттесуі»

Құрал – жабдықтар: стакан, картон.

Жұмыстың барысы:

  1. Стаканды картонға қой.

  2. Картонды ақырын тарт.

  3. Оны тез жұлып ал.

  4. Екі жағдайдағы стаканның қозғалысын сипатта.

  5. Қорытынды жаса.


Зертханалық жұмыс № 7 «Сабын кесегінің тығыздығын анықтау»

Құрал – жабдықтар:сабын, сызғыш.

Жұмыстың барысы:

  1. Жаңа сабын кесегін ал да,оның неше грамм екендігін сыртынан оқып ал.

  2. Сызғыштың көмегімен сабынның енін, ұзындығын, қалыңдығын өлшеп ал.

  3. Оның көлемін есепте.

  4. Формуланы қолданып сабынның тығыздығын есепте.

  5. Кестені толтыр:



    см

    см

    см























  6. Тығыздықты  - пен өрнекте.

  7. Қорытынды жаса.


Зертханалық жұмыс № 8 «Ауа ауыр ма?»

Құрал – жабдықтар: бірдей екі ауа шары, сым ілгіш, екі кір қыстырғыш.

Жұмыстың барысы:

  1. Екі шарды бірдей үрлеп, аузын байла.

  2. Ілгішті орындықтың арқалығына іл.

  3. Ілгіштің әр ұшына шарларды қыстырғышпен бекіт те, теңестір.

  4. Шардың біреуін инемен тесіп жібер.

  5. Бақылауды сипатта.

  6. Қорытынды жаса.


Зертханалық жұмыс № 9 «Өз бөлмеңдегі ауаның массасы мен салмағын анықта»

Құрал – жабдықтар:рулетка немесе сантиметрлік таспа

Жұмыстың барысы:

  1. Рулетка немесе сантиметрлік таспа көмегімен бөлменің өлшемін анықта.

  2. Бөлменің көлемін есепте.

  3. Ауаның тығыздығын біле отырып, бөлмедегі ауа массасын есепте.

  4. Ауаның салмағын есепте.

  5. Кестені толтыр:













Н






















6. Қорытынды жаса.

Зертханалық жұмыс № 10 «Үйкелісті сезін»

Құрал – жабдықтар:ыдыс жууға арналған сұйықтық.

Жұмыстың барысы:

  1. Қолыңды жу да, құрғатып сүрт. 1 – 2 мин екі алақаныңды тез – тез ысқыла.

  2. Алақандарыңа аздап ыдыс жууға арналған сұйықтықтан жақ. Тағы да 1 – 2 мин алақандарыңды ысқыла.

  3. Бақылауды сипатта.

  4. Қорытынды жаса.


Зертханалық жұмыс № 11 «Газ қысымының температурадан тәуелділігін анықтау»

Құрал – жабдықтар:ауа шары, жіп.

Жұмыстың барысы:

  1. Шарды үрле де, аузын байла. Оны балконға іліп қой.

  2. Біраз уақыттан кейін шардың пішініне назар аудар.

  3. Мына құбылыстарды түсіндір:

  1. Температура төмендегенде шар өз пішінін неге өзгертеді?

  2. Неліктен шарлардың барлығы бірдей сфералық пішінге ие болмайды?


Зертханалық жұмыс № 12 «Үстел бетіне түскен атмосфералық қысым күшін анықтау»

Құрал – жабдықтар:сантиметрлік таспа.

  1. Жұмыстың барысы:Таспаның көмегімен үстелдің ұзындығын, енін өлше де, метрмен өрнекте.

  2. Үстелдің ауданын есепте.

  3. Атмосфералық қысым  деп алып, оны Па – ға айналдыр.

  4. Атмосфераның стол бетіне түсіретін күшін есепте:



  1. Кестені толтыр:







    Па

    Н
















  2. Қорытынды жаса.


Зертханалық жұмыс № 13 «Жүзе ме, әлде бата ма?»

Құрал – жабдықтар: үлкен тостаған, су, скрепка, алма, қарындаш, тиын, тығын, картоп, тұз, стакан.

Жұмыстың барысы:

  1. Тостағанға су құй да, оған барлық аталған заттарды еппен сал.

  2. Стаканға су құйып, 2 ас қасық тұзды еріт.

  3. Суға батып кеткен заттарды алып, тұз ерітіндісіне сал.

  4. Бақылауды сипатта.

  5. Қорытынды жаса.


Зертханалық жұмыс № 14 «Баспалдақпен жоғары көтерілгендегі оқушының атқаратын жұмысын есептеу»

Құрал – жабдықтар:рулетка.

Жұмыстың барысы:

  1. Рулеткамен бір баспалдақтың биіктігін  өлше.

  2. Баспалдақтардың санын  анықта.

  3. Сатының биіктігін анықта.

  4. Мүмкін болса, өз массаңды өлше немесе жуық мәнін ал.

  5. Өз денеңнің ауырлық күшін есепте.

  6. Жұмысты есепте: .

  7. Кестені толтыр:


 , м



S , м





A, Дж



















Қорытынды жаса.


Зертханалық жұмыс № 15 «Жоғары көтерілгендегі қуатты анықтау»

Құрал – жабдықтар:: рулетка, секундомер.

Жұмыстың барысы:

  1. № 14 жұмыстағыдай баспалдақпен көтерілгендегі жұмысты анықта.

  2. Секундомер көмегімен баспалдақпен ақырын көтерілгендегі уақытты  анықта.

  3.  анықта.

  4. Екі жағдайдағы қуатты есепте.

  5. Нәтижесін кестеге жаз:



А





, Вт

, Вт






















  1. Қорытынды жаса.


Зертханалық жұмыс № 16 «Иіндіктің тепе – теңдік шартын анықтау»

Құрал – жабдықтар: сызғыш, қарындаш, өшіргіш, ескі үлгідегі 1,2,3,5 тиындық монеталар.

Жұмыстың барысы:

  1. Сызғыштың астынан орта тұсына тепе – теңдікте тұратындай қарындашты қой.

  2. Оның бір шетіне өшіргішті қой.

  3. Монеталар көмегімен иіндікті тепе – теңдікке келтір.

  4. Ескі үлгідегі монеталардың массасын ескере отырып, өшіргіштің массасын , есепте: (1тиын – 1г, ,2 тиын– 2 г, ,3 тиын – 3г, 5 тиын – 5г.)

  5. Қарындашты бір шетіне қарай жылжыт. ,  иіндерін өлше.

  6. Иіндікті монетаның көмегімен теңестір: ,

  7. Иіндіктің иіндеріне түскен күштерді есепте: , 

  8. Күш моменттерін есепте.

  9. Кестені толтыр:




, м





,





, Н*м

, Н*м




























  1. Қорытынды жаса.


«Қысым» тақырыбына арналған үй тәжірибелері

Тапсырма №1.

Орындықтың түсіретін қысымын анықтаңдар. Оның сирағының астына тор көзді қағаз төсеп, сирақтың контурын айнала қарындашпен сызып шығыңдар. Қағаз бетіндегі тор санын санау арқылы бір сирақтың ауданын анықтаңдар.

Орындықпен қоса алғандағы өз массаңды таразымен өлше. Егер орындықтың массасын өлшеу мүмкін болмаса, оның массасын жуықтап 7 кг деп алыңдар. Содан кейін орындықпен қоса алғандағы өз салмағыңды тауып, еденге түсіретін қысымыңды есепте.

Тапсырма № 2.

Стаканды толтыра су құйыңдар. Оны тығыз қағазбен жауып, қағазды алақанмен басып ұстап тұрып, стаканды тез төңкере қойыңдар. Енді алақанымызды алатын болсақ, стаканнан су төгілмейді. Осы құбылысты түсіндіріңдер.



Тапсырма № 3.

«Сүңгуір қоңырау» - бұл үлкен металл қалпақ. Ол су астында өндіріс-тік жұмыс атқару мақсатында ашық жағымен су түбіне түсіріледі. Су түбіне түсірілгенннен кейін қалпақ астындағы ауа сығылады да, оның ішіне су кіргізбейді, тек ең астында азғантай мөлшерде су болады. Осындай құрылғының астында адамдар жұмыс істей алады. Өздерің осы құрылғының моделін жасап көріңдер. Стакан мен тәрелке алып, тәрелкеге су құйыңдар, оған стаканды төңкеріп қойыңдар. Стаканды төңкерер алдында суға тығын тастаңдар, ол тәрелке түбінде азғантай су қалғанын көрсетеді.



Тапсырма № 4.

Бұл тәжірибеге 300 жылдай уақыт өтті. Оны француз ғалымы Рене Декарт жасаған деседі. Латынша оның фамилиясы - Картезий. Бұл тәжірибенің танымал болғандығы соншалық, оның негізінде әртүрлі «Картезиан сүңгуірі» делінетін ойыншықтар жасалынған. Осы тәжірибені өзіміз орындаймыз. Ол үшін тығыны бар пластик бөтелке, пипетка және су керек. Аузына 2 – 3 мм – дей жеткізбей бөтелкеге су құямыз. Пипеткаға аздап су сорып алып, бөтелкеге саламыз. Оның резеңке ұшы бөтелкедегі судың деңгейінде немесе одан сәл жоғары және ақырын итергенде пипетка суға батып, баяу қалқып шығатындай болсын. Енді бөтелкені тығындап, бүйірін ақырын қысыңдар. Пипетка су түбіне кетеді, қысымды азайтқанда қайтадан қалқып шығады. Мұның себебі, бөтелкенің ауыз жағындағы ауаны қысқанда, қысым суда беріледі. Пипеткаға су енеді де, ол ауырлап суға батады. Қысымды азайтқанда пипетка ішіндегі сығылған ауа «артық» суды айдап шығады, «сүңгуір» жеңілдейді және су бетіне қалқып шығады. Пипетка бөтелкенің түбінде жатқанда, қысымның әсерінен оның ішіне су кіргенін, қысым азайғанда судың одан шыққанын оңай көруге болады.



Тапсырма № 5.

Физика тарихында «Герон фонтаны» деген атпен танымал фонтан жасаңдар. Қалың бөтелкені тығынмен жабасыңдар. Тығынның ортасынан шыны ұзынша түтік өткізіңдер. Бөтелкеге 2 – 3 рет ауа үрлеңдер, әр жолы түтіктің ұшын саусақпен жаба қойыңдар. Саусақты алып, фонтанды бақылаңдар.


Тапсырма №6


Ұлан” газетінде жарияланған мына тапсырманы орындаңдар
Архимед заңы

Тапсырма № 1

Ағаш таяқша, кең банка, су құйылған шелек, тығыны бар кішкене құты, 25 см- дей резеңке жіп.



  1. Таяқшаны суға салып, оның қалай қалқып шығатынын бақылаңдар. Мұны бірнеше мәрте қайталаңдар.

  2. Суға банканы салып, оның қалай қалқып шығатынын бақылаңдар. Мұны бірнеше мәрте қайталаңдар.

  3. Кішкене құтыны суға толтырып, тығындаңдар, мойнына резеңке жіпті байлаңдар. Жіптің бос ұшын ұстап тұрып, оның құтыны суға батырған мезетте қысқаратынын бақылаңдар. Мұны бірнеше мәрте қайталаңдар.

  4. Қаңылтыр пластинка суға батады. Егер оның жиектерін қайырып, қорапша жасап, суға салсақ жүзеді. Осы құбылысты түсіндіріңдер.

Тапсырма №2.

Жаңғақтың үлкендігіндей балауыз (балауыз болдмаса шикі картоптың жұмсағынан) алып, одан шарик жасаңдар. Оны азғантай жүктеменің (сым) көмегімен стакандағы суға баяу бататындай етіп салыңдар (егер ол өзі батса, жүктеменің қажеті жоқ). Суға қаныққан тұз ерітіндісінен аздап құйып араластырыңдар. Шарик әуелі судың ортасында тепе – теңдікте, сосын бетіне жүзіп шығатындай қылыңдар.



Тапсырма №3.

Резина доп, теннис шары, әртүрлі ағаш бөліктерін алып, суғв салыңдар. Олардың қанша бөлігі суға бататынын бақылаңдар.


Математика және

физика пәндерінің мұғалімі

Илиманова А.Ж

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет