«Сыр медиа» жшс директоры А. С. Оңғарбаев



жүктеу 1.05 Mb.
бет1/7
Дата11.04.2018
өлшемі1.05 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7





Келісілді:

«Сыр медиа» ЖШС директоры

_____________А.С.Оңғарбаев

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Гуманитарлық-педагогикалық институты/факультеті

«Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасы

5В050400- журналистика мамандығының
Журналистика бағытындағы

білім алу траекториясы бойынша
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Оқуға түскен жылы: 2014 ж.


«БЕКІТЕМІН»

Жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламалары комитетінің

төрағасы __________Б.Ж.Абдикаримов

«______» 2014 ж.





Ғылыми-әдістемелік үйлестіру кеңесінің төрағасы

__________ Б.Кәрібозұлы

«_____» _________2014 ж.









Пән атауы



Пән коды


Пән циклы


Кредит саны

ECTS бойынша кредит саны

Курс

Академия-лық кезеңі

Бақылау түрі


Бақылаудың

өту түрі (тест,

жазбаша,

ауызша)


Пәннің сипаттамасы: 1. Пререквизиті; 2. Постреквизиті; 3. Пәннің мақсаты; 4. Қысқаша мазмұны; 5. Құзіреттілігі; 6. Күтілетін нәтиже

Бағдарлама жетекшіснің аты- жөні, ғылыми атағы мен дәрежесі


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Мамандық үшін таңдау бойынша модулдар

1

а)Әдебиеттануға кіріспе

AK 1202a

БП

3

5

1

1

Емт.

тест

Пәннің сипаттамасы:

1.Пререквизиті: Талап етілмейді

2.Постреквизиті: Қазақ әдебиетінің тарихы-1, Қазақ әдебиетінің тарихы-2.

3.Пәннің мақсаты: қазақ әдебиеттану ғылымының туу, даму тарихы, әдебиет тарихы, әдебиет теориясының негізгі мәселелерімен таныстыру.

4.Қысқаша мазмұны: Әдебиет туралы ғылым және оның салалары. Көркем әдебиет. Көркемдік, оның басты критерийлері. Әдебиеттің қоғамдық мәні. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні. Көркем шығарманың идеясы. Көркем бейне және оның жасалу жолдары. Көркем шығарманың тілі

5.Құзіреттілігі:

-көркем әдебиет пен әдебиеттану ғылымының айырмашылығын;

-көркем шығарманың тақырыбы мен идеясын;

-образдардың жасалу табиғатын;



6.Күтілетін нәтиже: әдебиеттану ғылымының салалары мен арналары жайлы түсінік қалыптастырады, көркем шығарманы талдай біледі.

Ғ.Ә.Тұяқбаев

ф.ғ.к, доцент

А.Е.Айтбаева

ф.ғ.к, доцент

Г.С.Оралова

ф.ғ.к, аға оқытушы




б) Әдебиет теориясының негіздері

ATN 1202b

БП

3

5

1

1

Емт.

тест

Пәннің сипаттамасы:

1.Пререквизиті: Талап етілмейді

2.Постреквизиті: Қазақ әдебиетінің тарихы-1, Қазақ әдебиетінің тарихы-2.

3.Пәннің мақсаты: Өнер, әдебиет туралы ой-пікірлер мен ғылымның туу, даму тарихы жөнінде, әдебиеттің халықтық, ұлттық сипаты жайында мәлімет беру

4.Қысқаша мазмұны: Әдебиеттің тектері мен түрлері, арналары, теориясы мен тәжірибесі жайлы жалпы түсінік беру. Қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму жолын айқындау; жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктері мен толғау жанрының өзгешеліктерін таныту; жыраулар поэзиясының тақырыптық-идеялық және көркемдік негіздерін, тәрбиелік мәнін жете түсіндіру; жыраулар поэзиясы мен ХІХ ғасырдағы ақындық дәстүрдің сабақтастығы т.б. мәселелер курстың негізгі мақсат-міндеттері болып табылады.

5.Құзіреттілігі: Пәнді оқыту барысында пәнаралық байланыстар да басты назарда болады. Бұл кезең әдебиетінің тарихи оқиғалармен, саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысты дамуы ерекшеліктеріне де назар аударылады.

6.Күтілетін нәтиже: студенттер көркем шығарма құрылысымен табиғатымен, жанрлық ерекшелігімен айқындай алады.

Ғ.Ә.Тұяқбаев

ф.ғ.к, доцент

А.Е.Айтбаева

ф.ғ.к, доцент

Г.С.Оралова

ф.ғ.к, аға оқытушы




в)Әдеби сын тарихы

AST 1202v

БП

3

5

1

1

Емт.

тест

Пәннің сипаттамасы:

1.Пререквизиті: Талап етілмейді

2.Постреквизиті: Қазақ әдебиетінің тарихы-1, Қазақ әдебиетінің тарихы-2.

3.Пәннің мақсаты: 3.Пәннің мақсаты: Қазақ әдебиеттануы нақты мәселелерді зерттеуде әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын, жанрлардың ерекшеліктері мен туу жолдарын анықтауға батыл қадам жасап отырған бүгінгі таңда әдебиетімізде зерттеліп жүрген проза, поэзия, драматургия жанрлары сияқты әдебиет сынының да тарихы мен қалыптасу процестерін, өзіне тән шығармашылық жекелеген мәселелерін қарастыру.

4.Қысқаша мазмұны: Қазақ әдебиетi сынының тарихы басқа пәндерге қарағанда кейiннен /1972/ енгiзiлген. Бiр халықтың рухани тiрлiгiн баяндаған уақытта оның ел-жұртқа қалай әсер етiп жатқанын қадағалайтын сынның, сыншылық ойдың туу, даму, қалыптасу сатылырын, қазақ халқының эстетикалық таным-бiлiгiнiң өрбiп жатқанын, баспасөз жандана бастағаннан кейiн тұрақты орын тапқанын талдау арқылы әңгiмелеу және студенттердiң жалпы бiлiм қорын молайту.

5.Құзіреттілігі: Сын бүкiл қоғамдық-әлеуметтiк гуманитарлық ғылымдармен байланысты. Бүкiл ғылым-бiлiмнiң бар саласында еңбек жазылып жатқандықтан оны таразыға салатын сыни-пiкiр, студенттер өзiнiң шығармашылық қабілетін дамытып, шығарма талдап, сыни көзбен қарап талдай бiлiп, баға беруді үйренедi

6.Күтілетін нәтиже: Бұл курстан әдеби сынның табиғаты мен әдістері, қызметі (функциясы) принциптері, түрлері, жанрлары туралы білім алады..

Ғ.Ә.Тұяқбаев

ф.ғ.к, доцент

А.Е.Айтбаева

ф.ғ.к, доцент

Г.С.Оралова

ф.ғ.к, аға оқытушы




2

а)Қазіргі қазақ тілі

KK 1301a

БП

3

5

1

2

Емт.

тест

Пәннің сипаттамасы:

1.Пререквизиті: Талап етілмейді

2.Постреквизиті: БАҚ тілі мен стилі, Стилистика және әдеби редакциялау.

3.Пәннің мақсаты: сөз табиғатын ашып көрсету, түсінік қалыптастыру

4.Қысқаша мазмұны: қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналарын зерделеу. Сөздердің қолданылу сипатына талдау жасау

5.Құзіреттілігі: -фразеология және оның өзіндік белгілерін, түрлерін, шығу арналарын зерделеу, талдау жасауға үйрету;

-сөздіктермен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру;

-сөзге толық лексикалық талдау жасауға үйрету.

6.Күтілетін нәтиже: қазақ тілінің салаларымен таныса отырып, сауатты жазуға және тілдік нормаларды сақтауға үйренеді.


Р.М.Есназарова

ф.ғ.к, аға оқытушы

Г.С.Қамзаева

ф.ғ.к, аға оқытушы

Г.Убайдуллаева

ф.ғ.к, аға оқытушы




б)Қазақ тілінің практикалық курсы

MTzhBAK 1301b

БП

3

5

1

2

Емт.

тест

Пәннің сипаттамасы:

1.Пререквизиті: Талап етілмейді

2.Постреквизиті: БАҚ тілі мен стилі, Стилистика және әдеби редакциялау.

3.Пәннің мақсаты: Сөздің өзіндік сипаты, сөзбен, еркін тіркеспен байланысы, олардың шығу тегі, түрлері жіне құрылымдық, семантика-грамматикалық, стилистикалық сипаты қарастырылу.

4.Қысқаша мазмұны: Сонымен бірге фразеологизмдік мағынаның сөз мағынасынасынан ерекшелігіне түсінік беріледі. Қазақ тілінің лексика-фразеологиялық жүйесі туралы теориялық мәліметтер халық тілінен, әдеби тілден алынған мысалдар негізінде нақты талданады. Қазақ тілінің фразеологиясы саласында студенттер алған білім ждағдыларын ары қарай дамыту курс мақсаты болып табылады.

5.Құзіреттілігі: Студенттерді дұрыс сөйлеуге дағдыландыру, соған орай тіліміздің бағзы заманнан бері қалыптасқан сөйлеу нормасынан, қазақ фразеологизмдерінің шығу арналары мен семантикалық топтарынан, таңбалық-символдық ерекшеліктерінен мағлұмат беру. Тілдік ауытқулардың сырын ашу, себебін түсіндіру. Болашақ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, синтаксистік, лингвистикалық нормаларды игеруін қалыптастыру. Тілдік және әдебиеттік пәндерден алған білімдерін іс жүзінде қолдану дағдыларын қалыптастыру.

6.Күтілетін нәтиже: бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдардың тілі мен стиліне қойылатын талаптар мен ерекшеліктер түсіндіріледі

Р.М.Есназарова

ф.ғ.к, аға оқытушы

Г.С.Қамзаева

ф.ғ.к, аға оқытушы

Г.Убайдуллаева

ф.ғ.к, аға оқытушы




в)Қазақ тілінің стилистикасы

KTS 1301v

БП

3

5

1

2

Емт.

тест

Пәннің сипаттамасы:

1.Пререквизиті: Талап етілмейді

2.Постреквизиті: БАҚ тілі мен стилі, Стилистика және әдеби редакциялау.

3.Пәннің мақсаты: сөздердің тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуі, әр топқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр сипаты жөнінде студенттерге терең теориялық білім беру мақсатын көздейді және тілдік тұлғаларға практикалық тұрғыда талдау жасай отырып, морфология пәнінің ғылыми түсіну міндетін қояды.

4.Қысқаша мазмұны: Бұл пән студенттерді стилистика ғылымының теориялық негіздерімен таныстыру, қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлұмат беріп, оларды ажыратудың жолдарын көрсету, студенттерге стилистикалық норманы меңгерту, сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын ажырата білуге үйрету.

5.Құзіреттілігі: Стилистика саласындағы ғылыми-теориялық жаңалықтарды білу және оны меңгеру, ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, стилистика ғылымының теориялық концепцияларымен танысу, соның негізінде тұжырымдар жасап үйрену, салаға қатысты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, қазіргі стилистика ғылымына қатысты жаңалықтар мен ізденістер, жетістіктерімен танысып, лабораториялық сабақтарда аталған бағдарламалармен жұмыс жүргізу.

6.Күтілетін нәтиже: Құрмалас сөйлем категориясы бойынша оқулық көлемінде қарастырылмаған кейбір мәселелерге тереңірек тоқталу; Синтаксистік қатынас және синтаксистік байланыс мәселелері мен синтаксистік қатынасты ажыратудың кейбір мәселелерін меңгертеді.

Р.М.Есназарова

ф.ғ.к, аға оқытушы

Г.С.Қамзаева

ф.ғ.к, аға оқытушы

Г.Убайдуллаева

ф.ғ.к, аға оқытушы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет