Сыртқы сауда саласындағы тауарларды лицензиялау ережесi туралы келiсiмге қол қою туралы



жүктеу 330.68 Kb.
Дата10.01.2019
өлшемі330.68 Kb.

Сыртқы сауда саласындағы тауарларды лицензиялау ережесi туралы келiсiмге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 8 маусымдағы N 851 Қаулысы



      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Сыртқы сауда саласындағы тауарларды лицензиялау ережесi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Сыртқы сауда саласындағы тауарларды лицензиялау ережесi туралы келiсiмге қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Жоба


Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2009 жылғы 8 маусымдағы
N 851 қаулысымен 
мақұлданған   

Тауарлардың сыртқы сауда саласындағы лицензиялау
ережесi туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және Ресей Федерациясының Үкiметi,


      2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшiншi елдерге қатысты тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы келiсiмдi iске асыру мақсатында,
      Тараптардың үшiншi елдерге қатысты бiрыңғай сауда режимiн белгiлеу жөнiндегi ниетiн назарға ала отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап. Қолдану саласы

      Осы Келiсiм Еуразия экономикалық қоғамдастығының шеңберiнде кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң әкелуге немесе әкетуге арналған тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бiрыңғай тiзбесiне (бұдан әрi - бiрыңғай тiзбе) енгiзiлген үшiншi елдермен саудадағы тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру тәртiбiн айқындайды.


      Осы Келiсiмнiң әрекетi экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспортына және (немесе) импортына, қару-жарақ пен әскери техниканың, сондай-ақ өзге де әскери мақсаттағы өнiмнiң экспорты мен импортына қолданылмайды.

2-бап. Негiзгi ұғымдар

      Осы Келiсiмде 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшiншi елдерге қатысты тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы келiсiмнiң 1-бабында айқындалған ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:


      бас лицензия - Тараптың шешiмi негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн және лицензияда айқындалған санда лицензияланатын жекелеген тауар түрiнiң экспортына және (немесе) импортына құқық беретiн лицензия;
      ерекше лицензия - сыртқы сауда қызметiне қатысушыға жекелеген тауар түрiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беретiн лицензия;
      бiр жолғы лицензия - мәнi лицензияланатын тауар болып табылатын сыртқы сауда мәмiлесi негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн және осы тауардың белгiлi бiр сандағы экспортына және (немесе) импортына құқық беретiн лйцензия;
      рұқсат - оған қатысты белгiлi бiр сандағы экспортқа және (немесе) импортқа бақылау белгiленген мәнi тауар болып табылатын сыртқы сауда мәмiлесiнiң негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн рұқсат беру құжаты;
      өтiнiш берушi - сыртқы сауда қызметiне қатысушы лицензияны немесе рұқсатты ресiмдеу мақсатында Тарап мемлекетi атқарушы билiгiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органына ұсынатын құжаттар;
      лицензияны орындау - оларға қатысты берiлген лицензия негiзiнде кедендiк ресiмдеу жүргiзiлген тауарлардың Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумағына үшiншi елдерден нақты әкелiнуi немесе тауарлардың Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумағынан үшiншi елдерге әкетiлуi.

3-бап. Лицензиялар беру шарттары мен тәртiбi

      1. Тараптар мемлекеттерiнiң атқарушы билiгiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) лицензиялардың мынадай түрлерiн бередi:


      бiр жолғы;
      бас;
      ерекше.
      Уәкiлеттi органның бас және ерекше лицензияларды беруi Кеден одағы комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) шешiмiнде көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
      2. Бiр жолғы лицензияның қолданылу кезеңi оның қолданысы басталған күннен бастап 1 жылдан аспайды. Бiр жолғы лицензияның қолданылу мерзiмi сыртқы сауда келiсiм-шартының (шартының) қолданылу мерзiмiмен немесе лицензияны беру үшiн негiз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзiмiмен шектелуi мүмкiн.
      Оларға қатысты сандық шектеулер енгiзiлген тауарлар үшiн лицензияның қолданылу кезеңi квота белгiленген күнтiзбелiк жылы аяқталады.
      Бас лицензияның қолданылу мерзiмi оның қолданысы басталған күнiнен бастап бiр жылдан аспайды, ал оларға қатысты сандық шектеулер енгiзiлген тауарлар үшiн, егер Комиссия шешiмiнде өзгеше ескертiлмесе квота белгiленген күнтiзбелiк жылы аяқталады.
      Ерекше лицензияның қолданылу мерзiмi әрбiр нақты жағдайда Комиссия шешiмiмен белгiленедi.
      3. Өтiнiш берушi лицензияны ресiмдеу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды бередi:
      1-қосымшаға сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтiнiштi ресiмдеу және мұндай лицензияны ресiмдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресiмделген лицензия беру туралы өтiнiш (бұдан әрi - өтiнiш);
      Комиссия әзiрлеген және сыртқы сауда қызметiне қатысушыға өтеусiз негiзде берiлетiн бағдарламалық қамтамасыз ету көмегiмен жасалған, Комиссия бекiткен форматта өтiнiштiң электрондық көшiрмесi. Сыртқы сауда қызметiне қатысушы өтiнiштердiң Комиссия бекiткен форматқа қатаң сәйкестiктегi электрондық көшiрмесiн қалыптастыратын өз бағдарламалық қамсыздандыруын пайдалана алады;
      сыртқы сауда шартының (келiсiм-шартының) көшiрмесi, қосымшасы және (немесе) оған толықтыру (бiр жолғы лицензия үшiн), ал сыртқы сауда шарты (келiсiм-шарты) болмаған жағдайда Тараптардың ниеттерiн растайтын өзге де құжат көшiрмесi;
      салық органында есепке тұрғаны туралы құжаттың көшiрмесi;
      егер, қызметтiң мұндай түрi оған қатысты бiрыңғай кедендiк аумақта лицензиялау енгiзiлген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияның көшiрмесi;
      егер, оның негiзiнде бұл тауарға лицензиялау енгiзiлген Комиссия шешiмiмен айқындалса, өзге де құжаттар.
      құжаттардың берiлген көшiрмелерiнiң әрбiр парағы өтiнiш берушiнiң қолымен және мөрiмен куәландырылуы не құжаттардың көшiрмелерi тiгiлiп әрi өтiнiш берушiнiң қолымен және мөрiмен куәландырылуы тиiс.
      Өтiнiш берушi ұсынған құжаттар уәкiлеттi органда тiркелуi тиiс.
      Өтiнiш берушi лицензия бергенi үшiн Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында көзделген тәртiппен және мөлшерде алынатын мемлекеттiк бажды (лицензиялық алымды) төлегенiн растайтын құжатты бергеннен кейiн лицензия берiледi.
      4. Комиссия шешiмiнде көзделген жағдайларда, өтiнiш берушi өтiнiштi уәкiлеттi органға ұсынбастан бұрын Комиссия шешiмiнiң негiзiнде Тарап айқындаған Тарап мемлекетiнiң атқарушы билiгiнiң тиiстi органына келiсуге жiбередi.
      5. Лицензия берудi немесе оны беруден бас тартуды уәкiлеттi орган осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттар негiзiнде құжаттар берiлген күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
      6. Мыналар лицензия беруден бас тарту үшiн негiз болып табылады:
      өтiнiш берушi лицензия алу үшiн ұсынатын құжаттарда толық емес немесе дұрыс емес мәлiметтердiң болуы;
      осы Келiсiмнiң 3 және 5-баптарында көзделген талаптарды сақтамау;
      лицензия беруге негiз болатын бiр немесе бiрнеше құжаттар қолданысының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;
      оны iске асыру үшiн лицензия сұралатын шартты (келiсiм-шартты) орындау салдары туындауы мүмкiн Тараптар мемлекеттерiнiң халықаралық мiндеттемелерiнiң бұзылуы;
      квотаның бiтуi (лицензиялар квоталанатын тауарларға ресiмделген жағдайда).
      Лицензия беруден бас тарту туралы шешiм дәлелдi болуы тиiс және өтiнiш берушiге жазбаша нысанда ұсынылады.
      7. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге берiлетiн лицензияның түпнұсқасын ресiмдейдi. Өтiнiш берушi тауарлар кедендiк рәсiмделгенге дейiн лицензия түпнұсқасын тиiстi кеден органына ұсынады, ол лицензияны бақылауға қою кезiнде өтiнiш берушiге кеден органының бақылауға қою туралы белгiсi бар оның көшiрмесiн бередi.
      Лицензияның болмауы Тарап мемлекеттерi кеден органдарының тауарларды кедендiк ресiмдеуден бас тартуы үшiн негiз болады.
      8. Берiлген лицензияларға, оның iшiнде техникалық сипаттағы себептер бойынша өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
      9. Егер, өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде тiркелген құрылтай құжаттарына өзгерiстер енгiзiлсе (ұйымдық-құқықтық нысанның, атауының не оның орналасқан орнының өзгеруi) немесе жеке тұлға болып табылатын өтiнiш берушiнiң паспорттық деректерi өзгерсе, өтiнiш берушi өтiнiш пен көрсетiлген өзгерiстердi растайтын құжаттарды қоса бере отырып, берiлген лицензияның қолданысын тоқтату және жаңа лицензия ресiмдеу туралы өтiнiшпен жүгiнуге мiндеттi.
      10. уәкiлеттi орган мынадай жағдайларда лицензияның қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы:
      өтiнiш берушiнiң жазбаша өтiнiшi;
      өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде тiркелген құрылтай құжаттарына өзгерiстер енгiзiлуi (ұйымдық-құқықтық нысанның, атауының не оның орналасқан орнының өзгеруi) немесе жеке тұлға болып табылатын өтiнiш берушiнiң паспорттық деректерiнiң өзгеруi;
      лицензия алу мақсатында өтiнiш берушi ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәлiметтердiң анықталуы;
      оның негiзiнде лицензия берiлген бiр немесе бiрнеше құжаттар қолданысының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;
      оның негiзiнде берiлген шарттың (келiсiм-шарттың) орындалуы Тараптар мемлекеттерiнiң халықаралық мiндеттемелерiн бұзуы;
      қызметтiң лицензияланған түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияны қайтарып алу, егер қызметтiң мұндай түрi оларға қатысты лицензиялау енгiзiлген тауарлардың айналымына байланысты болса;
      белгiленген тәртiптi сақтау кезiнде лицензия берiлмейтiн лицензияны беруге алып келген лицензияны беру кезiнде жiберiлген заң бұзушылықтардың айқындалуы;
      лицензия иесiнiң халықаралық нормативтiк құқықтық актiлерде немесе Тараптар мемлекеттерiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген лицензия беру шарттарын сақтамауы;
      лицензия иесiнiң осы баптың 13-тармағын орындамауы.
      Лицензияның қолданысы бұл туралы шешiм қабылдаған күннен бастап тоқтатыла тұрады.
      Тоқтатыла тұрған лицензияның қолданысын уәкiлеттi орган оның қолданысын тоқтата тұруға әкелген себептердi жойғаннан кейiн жаңғыртылуы мүмкiн. Бұл ретте лицензияның қолданысын тоқтата тұру оны ұзарту үшiн негiз болып табылмайды.
      Лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртiбiн Комиссия айқындайды.
      11. Лицензия жоғалған жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша және Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында көзделген тәртiппен және мөлшерде мемлекеттiк баж (лицензиялық алым) төленгеннен кейiн түпнұсқаға ұқсас ресiмделген және "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензия телнұсқасын бередi.
      Лицензияны жоғалтудың себебi мен жағдаяттары түсiндiрiлетiн өтiнiш еркiн нысанда жасалады.
      Лицензияның телнұсқасын уәкiлеттi орган өтiнiш берiлген күнiнен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде бередi.
      12. Бас және ерекше лицензиялардың иелерi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн уәкiлеттi органға лицензияның орындалу барысы туралы есептi ұсынуға мiндеттi.
      Бiр жолғы лицензиялардың иелерi лицензияның қолдану мерзiмi аяқталғаннан кейiн 15 күн iшiнде уәкiлеттi органға лицензияның орындалуы туралы анықтама беруге мiндеттi.
      13. Тарап мемлекетiнiң тиiстi кеден органы лицензияны бақылаудан алған кезде оның жазбаша өтiнiшi негiзiнде өтiнiш берушiге 5 жұмыс күнi iшiнде лицензияны орындау туралы анықтама бередi.
      Анықтама беру нысаны мен тәртiбiн Комиссия айқындайды.

4-бап. Рұқсаттар беру шарттары мен тәртiбi

      1. Рұқсаттар барлық өтiнiш берушiге шектеусiз берiледi.


      2. Рұқсат жобасын және рұқсатты ресiмдеу 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына арналған рұқсат жобасын ресiмдеу және осындай рұқсатты ресiмдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға Комиссия әзiрлеген бағдарламалық қамтамасыз етудiң көмегiмен жасалған, Комиссия бекiткен нысандағы және өтеусiз негiзде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға берiлетiн рұқсат жобасын қағаз тасығышта және электрондық көшiрмесiн 1 данада рұқсат жобасын бередi. Сыртқы сауда қызметiне қатысушы Комиссия бекiткен форматқа қатаң сәйкестiкте рұқсат жобасының электрондық көшiрмесiн қалыптастыратын меншiктi бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана алады.
      Рұқсат алу үшiн рұқсат жобасы мен оның электрондық көшiрмесiнен басқа, өзге де құжаттарды берудi талап етуге жол берiлмейдi.
      4. Рұқсат жобасын беру күнiнен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде рұқсат берiледi.
      5. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi рұқсат берiлген күнтiзбелiк жылмен шектеледi.
      6. Берiлген рұқсатқа өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
      7. уәкiлеттi орган оны алуға өкiлеттiктерiн жазбаша растау бар өтiнiш берушiге немесе оның өкiлiне берiлетiн рұқсаттың түпнұсқасын ресiмдейдi. Өтiнiш берушi тауарларды кедендiк ресiмдеуге дейiн рұқсатты бақылауға қою кезiнде өтiнiш берушiге бақылауға қою туралы кеден органының белгiсi бар оның көшiрмесiн өтiнiш берушiге беретiн тиiстi кеден органына рұқсатты түпнұсқасын бередi.
      8. Берiлген рұқсат басқа өтiнiш берушiлерге қайта ресiмдеуге жатпайды.
      9. уәкiлеттi орган берiлген рұқсатты жоғалтқан жағдайда өтiнiш берушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша түпнұсқаға ұқсас ресiмделетiн және "Телнұсқа" деген жазбадан тұратын рұқсаттың телнұсқасын өтiнiш берушiге бере алады. Бұл ретте өтiнiште рұқсатты жоғалтудың себептерi мен жағдаяттары түсiндiрiлуi тиiс. Өтiнiш еркiн нысанда жасалады.
      10. Бақылау енгiзiлген экспортқа және (немесе) импортқа қатысты тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде өтiнiш берушi кеден мақсаттары үшiн қажеттi құжаттардан басқа, кеден органдарына рұқсаттың түпнұсқасын көрсетедi.
      Рұқсаттың болмауы кеден органдарының тауарларды кедендiк ресiмдеуден бас тарту үшiн негiз болып табылады.

5-бап. Жалпы ережелер

      1. Өтiнiштi қарау, лицензия беру және лицензияның болуын растайтын құжатты қайта ресiмдеу үшiн уәкiлеттi орган Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында көзделген тәртiппен және мөлшерде мемлекеттiк баж (лицензиялық алым) алады. Мемлекеттiк баж мөлшерi көрсетiлетiн қызметтердiң құнына сәйкес келуi тиiс.


      2. Лицензиялар мен рұқсаттар оларға қатысты лицензиялау немесе бақылау енгiзiлген Сыртқы экономикалық қызметтiң бiрыңғай тауар номенклатурасына сәйкес жiктелетiн әрбiр тауарға берiледi.
      3. Лицензиялар мен рұқсаттарға қол қою құқығы берiлген уәкiлеттi органдардың лауазымды тұлғалары қолдарының үлгiлерi, сондай-ақ уәкiлеттi органдар мөрлерi бедерлерiнiң үлгiлерi Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдарына хабарлау үшiн Комиссияға жiберiледi.
      4. Лицензияларды немесе рұқсаттарды ресiмдеу үшiн берiлген құжаттар, сондай-ақ лицензияны орындауды растайтын құжаттар лицензияның немесе рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан не лицензияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен кейiн 3 жыл iшiнде уәкiлеттi органдарда сақталуға тиiс.
      Көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн құжаттар лицензияны немесе рұқсатты берген Тараптар мемлекетiнiң заңнамасында белгiленген тәртiппен жойылады.
      5. уәкiлеттi органдар берiлген лицензиялар мен рұқсаттар туралы дерекқорды жүргiзудi жүзеге асырады және көрсетiлген ақпаратты Комиссия белгiлеген тәртiппен және мерзiмде бередi. Комиссия Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдарына берiлген лицензиялар туралы деректер бередi.
      6. Комиссияға үшiншi елдерге қатысты бiрыңғай тарифтiк емес реттеу шараларын, тауарлармен сыртқы сауданы қозғайтын және Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық мүдделерiн ескере отырып енгiзiлетiн шараларды, сондай-ақ тауарлармен сыртқы сауданың тыйымдары мен шектеулерiнiң ерекше түрлерiн қолдану жөнiндегi тиiстi өкiлеттiктердi берген күннен бастап Комиссияға осы Келiсiмге 1 және 2-қосымшаларда көзделген тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына лицензия беру және лицензияны ресiмдеу туралы өтiнiштi ресiмдеу туралы нұсқаулыққа және тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына рұқсат жобасын ресiмдеу және осындай рұқсатты ресiмдеу туралы нұсқаулыққа өзгерiстер енгiзуге құқық берiледi.

6-бап. Дауларды шешу

      1. Осы Келiсiмдi түсiндiруге және (немесе) қолдануға байланысты  Тараптар арасындағы даулар келiссөздер және консультациялар жүргiзу жолымен шешiледi.


      2. Егер дау бiр Тараптың екiншi Тарапқа жiберген оларды жүргiзу туралы ресми жазбаша өтiнiшi күнiнен бастап 6 айдың iшiнде консультациялар мен келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, онда оны шешу тәсiлiне қатысты Тараптардың арасындағы өзге уағдаластық болмаған жағдайда Тараптардың кез келгенi бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының қарауына бередi.

7-бап. Өзгерiстер

      Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.



8-бап. Қорытынды ережелер

      Осы Келiсiмнiң күшiне ену, оған қосылу және одан шығу тәртiбiн 2007 жылғы 6 қазанда Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшiне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртiбi туралы хаттамада айқындалады.


      2009 жылғы "___"_________ __________ қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқада жасалды.
      Осы Келiсiмнiң түпнұсқа данасы оның депозитарийi болып табылатын, әрбiр Тарапқа оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн Комиссияда сақталады.

       Беларусь             Қазақстан                Ресей


      Республикасының      Республикасының          Федерациясының
      Үкiметi үшiн         Үкiметi үшiн             Үкiметi үшiн

Тауарлармен сыртқы сауда   


саласындағы лицензиялау ережелерi
туралы келiсiмге       
1-қосымша           

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе)
импортына лицензия беру туралы өтiнiштi ресiмдеу және осындай
лицензияны ресiмдеу туралы нұсқаулық

Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтiнiштi ресiмдеу және осындай лицензияны ресiмдеу туралы нұсқаулық (бұдан әрi - нұсқаулық) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтiнiштi (бұдан әрi тиiсiнше - өтiнiш, лицензия) ресiмдеу және Тараптар мемлекеттерi атқарушы билiгiнiң уәкiлеттi органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) беретiн лицензияны ресiмдеу туралы өтiнiштi ресiмдеу тәртiбiн айқындайды.


      2. Жекелеген деректемелерге кодталған ақпаратты енгiзген кезде кодтарды көрсету үшiн кедендiк ресiмдеу мақсаты үшiн пайдаланылатын нормативтiк-анықтамалық ақпараттың жiктеуiшi (бұдан әрi - жiктеуiштер) қолданылады.
      3. Осы нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетiлген ақпарат кодтары аралары "|" (тiк сызық) белгiмен бөлiнген деректеме алаңының оң жақ жоғары бұрышында орналасуы тиiс.

Өтiнiштi ресiмдеу тәртiбi

      4. Өтiнiштi өтiнiш берушi қағаз жеткiзгiште ресiмдейдi және осы нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баспа құрылғыда толтырылады.


      5. Өтiнiштiң деректемелерi мынадай түрде толтырылады:
      1-деректеме. "N өтiнiш".
      Өтiнiш нөмiрi 13 белгiден тұрады және мынадай түрде құрастырылады:
      1 және 2 - белгiлер - өтiнiштi тiркеген кеден одағына мүше мемлекеттiң (Беларусь Республикасы - ВY, Қазақстан Республикасы - КZ, Ресей Федерациясы - RU) альфа 2 коды;
      3 және 4 - белгiлер - жылдың соңғы 2 саны;
      5 - 7 - белгiлер - өтiнiштi тiркеушi уәкiлеттi орган мөрiнiң (кодының) нөмiрi;
      8 - 13 — белгiлер - өтiнiшке өсу тәртiбiмен алты сандық тiркеу нөмiрiн беру жолымен арнайы журналда уәкiлеттi орган беретiн өтiнiштiң реттiк нөмiрi.
      Деректеменi өтiнiштi тiркейтiн уәкiлеттi орган толтырады;
      2-деректеме. "Қолдану кезеңi".
      Өтiнiш берушi сұрау салған мынадай түрде ресiмделетiн лицензияның қолданылу кезеңi көрсетiледi:
      ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңiне,
      мұнда:
      ЖЖЖЖ - жылы;
      КК - күнi;
      АА - айы.
      Символдар бiр-бiрiнен нүктелер арқылы ажыратылады (мысалы, 2008.01.01-дан бастап 2008.31.12 кезеңiне);
      3-деректеме. "Лицензия түрi".
      Сұралатын лицензия типi үшiн лицензияның түрi және мынадай тауарды тасымалдау бағыты көрсетiледi мұнда:
      а) лицензия түрi (деректеменiң сол жақ бөлiгi):
      бас - бас лицензияны ресiмдеу үшiн;
      бiр жолғы - бiр жолғы лицензияны ресiмдеу үшiн;
      айрықша - айрықша лицензияны ресiмдеу үшiн;
      б) тауарды тасымалдау бағыты (деректеменiң оң жақ бөлiгi):
      экспорт - экспорттық лицензияны ресiмдеу үшiн;
      импорт - импорттық лицензияны ресiмдеу үшiн.
      Деректеменiң сол және оң жақ бөлiктерi бiр-бiрiнен "|" (тiк сызық) белгiмен бөлiнедi.
      4-деректеме. "Келiсiм-шарт".
      Келiсiм-шарттың (шарттың) нөмiрi, оған қол қойылған күн көрсетiледi.
      Күнi осы бөлiмнiң 2-деректемесiнде көзделген талаптарға сәйкес көрсетiледi.
      Өтiнiштi бас және айрықша лицензияларға ресiмдеген жағдайда 4-деректеме толтырылмайды;
      5-деректеме. "Өтiнiш берушi".
      Өтiнiш берушi туралы мәлiмет көрсетiледi:
      заңды тұлғалар үшiн - толық ресми атауы және заңды мекен-жайы. Оң жақ жоғары бұрышында салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi көрсетiледi;
      дара кәсiпкерлер мен жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты және паспорттық деректерi (сериясы, нөмiрi, қашан және кiм бердi, тұрғылықты жерi). Оң жақ жоғары бұрышында салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi көрсетiледi;
      6-деректеме.
      "Сатып алушы" - экспорттық лицензияны ресiмдеу үшiн.
      "Сатушы" - импорттык лицензияны ресiмдеу үшiн.
      Шартта (келiсiм-шартта) көрсетiлген тауарға құқық берудi көздейтiн шарт (келiсiм-шарт) бойынша өтiнiш берушiнiң контрагентi болып табылатын шетелдiк әрiптестiң толық ресми атауы және толық мекен жайы көрсетiледi.
      Бұл ретте сатып алушы ретiнде өтiнiш берушiден тауарға құқық алатын шетелдiк әрiптес, ал сатушы ретiнде осындай құқықты өтiнiш берушiге беретiн шетелдiк әрiптес көрсетiледi.
      Бас және айрықша лицензияларды ресiмдеген жағдайда "келiсiм-шарт (тар) (шарт (тар)) талаптарына сәйкес" деген жазба жасалады;
      7-деректеме.
      "Тағайындалған елi" - экспорттық лицензияны ресiмдеу үшiн.
      "Жөнелтiлетiн ел" - импорттық лицензияны ресiмдеу үшiн.
      "Әлем елдерi және аумақтар" деген жiктеуiшке сәйкес тағайындалған елдiң (экспорт кезiнде) және жөнелтушi елдiң (импорт кезiнде) атауы және елдiң 2 альфа коды көрсетiледi.
      Егер келiсiм-шартта (шартта) бiрнеше тағайындалған (жөнелтiлетiн) ел көзделген болса "Келiсiм-шарт (шарт) талаптарына сәйкес" жазба жазылады, елдiң 2 альфа коды көрсетiлмейдi. Егер бұл бiрнеше елдер Еуропалық одақ елдерiне жататын болса "ЕО елдерi" деп жазылады және елдiң 2 альфа коды көрсетiлмейдi.
      8-деректеме.
      "Сатып алушының елi" - экспорттық лицензияны ресiмдеу үшiн.
      "Сатушының елi" - импорттық лицензияны ресiмдеу үшiн.
      "Әлем елдерi және аумақтар" деген жiктеуiшке сәйкес сатып алушы (сатушы) елдiң атауы және елдiң 2 альфа коды көрсетiледi.
      Бас және айрықша лицензияларды ресiмдеген жағдайда "Келiсiм-шарт (тар) (шарт (тар)) талаптарына сәйкес" деген жазба жасалады және елдiң 2 альфа коды көрсетiлмейдi;
      9-деректеме. "Келiсiм-шарт валютасы"
      "Әлем валютасы" жiктеуiшiне сәйкес келiсiм-шарт (шарт) валютасының қысқаша атауы және оның коды көрсетiледi.
      Бас немесе айрықша лицензияларды ресiмдеген жағдайда "Келiсiм-шарт (тар) (шарт (тар)) талаптарына сәйкес" деген жазба жасалады және валюта коды көрсетiлмейдi;
      10-деректеме. "Құны"
      Тауардың келiсiм-шарт (шарт) валютасындағы құны көрсетiледi.
      Егер құны бөлшек бiрлiктерде болса, онда ол дөңгелектеу ережелерi бойынша толық шамаға дейiн дөңгелектенедi.
      Бас және айрықша лицензияларды ресiмдеген жағдайда құны көрсетiлмейдi;
      11-деректеме. "Статистикалық құны"
      Тауардың құны шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес АҚШ долларымен көрсетiледi.
      АҚШ долларынан ерекшеленетiн валютада көрсетiлген тауардың құнын АҚШ долларына қайта есептеу валюта тепе-теңдiгiне сәйкес жүргiзiледi (келiсiм-шартта көрсетiлген валютаның Тараптардың Ұлттық банкi келiсiм-шартқа (шартқа) қол қойған күнi айқындаған бағам бойынша АҚШ долларына құндық ара қатынасы).
      Егер құны бөлшек бiрлiктерде болса, онда ол дөңгелектеу ережелерi бойынша толық шамаға дейiн дөңгелектенедi;
      Бас және айрықша лицензиялар үшiн болжамды құны көрсетiледi;
      12-деректеме. "Шыққан елi"
      "Әлем елдерi және аумақтар" жiктеуiшiне сәйкес шыққан елiнiң атауы және елдiң 2 альфа коды көрсетiледi.
      Егер келiсiм-шартта (шартта) бiрнеше шыққан елi көзделген болса "Келiсiм-шарт (шарт) талаптарына сәйкес" жазба жазылады және елдiң 2 альфа коды көрсетiлмейдi. Егер бұл бiрнеше елдер Еуропалық одақ елдерiне жататын болса "ЕО елдерi" деп жазылады және елдiң 2 альфа коды көрсетiлмейдi.
      Шыққан елi ретiнде тауар толығымен шығарылған немесе жеткiлiктi түрде өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшыраған ел түсiнiледi;
      13 -деректеме. "Саны".
      14-деректемеде көзделген тауардың саны өлшем бiрлiкпен көрсетiледi (салмақтық бiрлiктер үшiн - таза салмағы).
      Таза салмағы ретiнде техникалық регламенттерге және (немесе) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар мен басқа да заңнамалық актiлерге сәйкес айқындалатын тауардың орамсыз салмағы түсiнiледi;
      14-деректеме. "Өлшем бiрлiгi".
      "Өлшем бiрлiгi" жiктеуiшiне сәйкес Сыртқы экономикалық қызметтiң бiрыңғай тауар номенклатурасына (СЭҚ БТН) сәйкес тауардың өлшем бiрлiгiнiң (негiзгi және қосымша) қысқартылған атауы көрсетiледi.
      2 өлшем бiрлiгi болған кезде тауар санын көрсету - жолма жол;
      15-деректеме. "СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы".
      СЭҚ БТН-ға сәйкес тауардың және оның кодының сипаттамасы көрсетiледi. Тауардың сипаттамасы тауарды СЭҚ БТН бойынша бiр 10 таңбалы жiктеуiштiк кодқа сәйкестендiруге мүмкiндiк беруi тиiс. Тауардың сипаттамасы оның атауын (сауда, коммерциялық немесе өзге дәстүрлi атауын) қамтуы тиiс.
      Егер барлық ақпарат 15-деректеменiң жолына сыймайтын болса, бұл ақпараттың бiр бөлiгi 16-деректеменiң жолына ауыстырылуы мүмкiн;
      Егер өтiнiшке осы нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша қоса берiлетiн болса 15-деректеме жолында тауарды СЭҚ БТН бойынша бiр 10 таңбалы жiктеуiштiк кодқа сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн тауардың сипаттамасы көрсетiледi және мынадай жазба жасалады "(... парақ қосымшаны қараңыз)";
      16-деректеме. "Қосымша ақпарат".
      Қажеттiлiгiне қарай пайдаланылады. бұл деректеменiң жолына 7, 8, 12, 13 және 14-деректемелердi нақтылау және ашып көрсету қажеттiлiгiне байланысты мәлiметтер, сондай-ақ өтiнiштi ресiмдеген күнi қол қойылған келiсiм-шартқа (шартқа) енгiзiлген барлық өзгерiстердiң нөмiрлерi мен күндерi жазылуы мүмкiн;
      17-деректеме. "Лицензия беру үшiн негiздеме".
      Мыналар көрсетiледi:
      Комиссия шешiмдерiнiң нөмiрлерi мен күндерi, лицензия беру үшiн (мұндай шешiмдер қабылданған жағдайда) негiздеме болып табылатын Тараптардың немесе уәкiлеттi халықаралық органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нөмiрлерi мен күндерi;
      өтiнiш берушi мен өндiрушi немесе егер өтiнiш берушi ретiнде делдал қатысатын болса тауарды тұтынушы арасындағы келiсiм-шарттардың (шарттардың) нөмiрлерi мен күндерi;
      квота бөлудi растайтын құжаттың нөмiрi мен күнi (квоталанатын тауарға лицензия ресiмделген жағдайда);
      18-деректеме. "Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi тұлғасы".
      5-деректемеде көзделген өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының мөрмен куәландырылған қолы қойылады, оның тегi, аты-жөнi, лауазымы мен өтiнiш ресiмдеген күн көрсетiледi.

Лицензияны ресiмдеу тәртiбi

      6. Уәкiлеттi органдар кеден одағы комиссиясы әзiрлеген бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып, қолдан жасаудан арнайы қорғалған қағазда осы нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес лицензияны бiр iзге түсiрiлген нысан бойынша ресiмдейдi.


      Бұл ретте лицензия деректемелерi мынадай түрде толтырылады:
      1-деректеме. "N лицензия".
      Лицензия нөмiрi көрсетiледi.
      Нөмiр 16 белгiден тұрады және мынадай түрде құрастырылады:
      1 - 3 - белгiлер - оның негiзiнде өтiнiштi ресiмдеу тәртiбi айқындалатын тауар тiзiмiнiң (санатының) нөмiрi;
      4 және 5 - белгiлер - өтiнiштi тiркейтiн кеден одағына мүше мемлекеттiң (Беларусь Республикасы - ВҮ, Қазақстан Республикасы - КZ, Ресей Федерациясы - RU) альфа 2 коды;
      6 және 7 - белгiлер - жылдың соңғы 2 саны;
      8 - 10 - белгiлер - өтiнiштi тiркеушi уәкiлеттi орган мөрiнiң (кодының) нөмiрi;
      11 - 16 - белгiлер - уәкiлеттi орган өтiнiштердi арнайы тiркеу журналында берген өтiнiштiң реттiк немiрi;
      2-деректеме. "Қолдану кезеңi".
      Лицензияны қолдану кезеңi көрсетiледi (осы нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетiлген өтiнiштiң 2-деректемесiне ұқсас толтырылады);
      3-деректеме. "Лицензия түрi".
      Лицензия түрi және тауарды тасымалдау бағыты көрсетiледi (деректеме осы нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетiлген өтiнiштiң 3-деректемесiне ұқсас толтырылады);
      4 - 14 және 16 - деректемелер осы нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетiлген өтiнiштiң 4 - 14 және 16-деректемелерiне ұқсас толтырылады.
      15-деректеме. "СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы"
      Тауардың сипаттамасы және оның СЭҚ БТН-ге сәйкес коды көрсетiледi (деректеме осы нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетiлген өтiнiштiң 15-деректемесiне ұқсас толтырылады);
      Егер лицензияға осы нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша қоса берiлетiн болса 15-деректеме жолында тауарды СЭҚ БТН бойынша бiр 10 таңбалы жiктеуiштiк кодқа сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн тауардың сипаттамасы көрсетiледi және мынадай жазба жасалады "(... парақ қосымшаны қараңыз)";
      17-деректеме. "Лицензия беру үшiн негiздеме".
      Мыналар көрсетiледi:
      комиссия шешiмдерiнiң нөмiрлерi мен күндерi, лицензия беру үшiн (мұндай шешiмдер қабылданған жағдайда) негiздеме болып табылатын Тараптардың немесе уәкiлеттi халықаралық органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нөмiрлерi мен күндерi;
      өтiнiш берушi мен өндiрушi немесе егер өтiнiш берушi ретiнде делдал қатысатын болса тауарды тұтынушы арасындағы келiсiм-шарттардың (шарттардың) нөмiрлерi мен күндерi;
      квота бөлудi растайтын құжаттың нөмiрi мен күнi (квоталанатын тауарға лицензия ресiмделген жағдайда);
      лицензия берудi негiздейтiн басқа қажеттi ақпарат;
      18-деректеме. "уәкiлеттi тұлға".
      Лицензияға қол қоюға өкiлеттiк берiлген уәкiлеттi лауазымды тұлғаның мөрмен куәландырылған қолы қойылады, оның тегi, аты-жөнi, лауазымы мен қол қойған күнi көрсетiледi.
      7. Қолдан жасаудан қосымша қорғау мақсатында лицензия бланкiсiнiң төменгi жағына толтырылған бағандардан тысқары жерге лицензияның негiзгi деректемелерiнде көзделген деректердi қамтитын штрих код орналасуы мүмкiн.

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына


және (немесе) импортына лицензия беру туралы
өтiнiштi ресiмдеу және осындай лицензияны 
ресiмдеу туралы нұсқаулыққа       
1-қосымша                

(нысан)


Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына лицензия беру
туралы өтiнiш

1. N өтiнiш

2. Қолдану кезеңi
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңiне |

3. Лицензия типi
                       | ЭКСПОРТ

4. Келiсiм-шарт
          жылғы________N________

5. Өтiнiш берушi |

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған елi |

8. Сатып алушының елi |

9. Келiсiм-шарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шыққан елi |

13. Саны

14. Өлшем бiрлiгi

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшiн негiздеме

18. Өтiнiм берушiнiң уәкiлеттi тұлғасы
Т.А.Ә
Лауазымы
Телефоны

Қолы және мөрi            Күнi



(нысан)

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң импортына лицензия беру туралы
өтiнiш

1. N өтiнiш

2. Қолдану кезеңi
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңiне |

3. Лицензия типi
                       | ИМПОРТ

4. Келiсiм-шарт
          жылғы________N________

5. Өтiнiш берушi |

6. Сатушы

7. Жөнелтiлетiн ел |

8. Сатушының елi |

9. Келiсiм-шарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шыққан елi |

13. Саны

14. Өлшем бiрлiгi

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшiн негiздеме

18. Өтiнiм берушiнiң уәкiлеттi тұлғасы
Т.А.Ә
Лауазымы
Телефоны

Қолы және мөрi            Күнi



Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына
және (немесе) импортына лицензия беру туралы
өтiнiштi ресiмдеу және осындай лицензияны 
ресiмдеу туралы нұсқаулыққа        
2-қосымша                 

(нысан)


Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе)
импортына лицензиясын беру өтiнiшiне қосымша

жылғы       N        лицензияға қосымша

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с
N

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с
N

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Барлығы   парақ    N       парақ

18. Өтiнiм берушiнiң уәкiлеттi тұлғасы
Т.А.Ә
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрi            Күнi

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына
және (немесе) импортына лицензия беру туралы
өтiнiштi ресiмдеу және осындай лицензияны 
ресiмдеу туралы нұсқаулыққа       
3-қосымша               

(нысан)


Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына лицензия

Кеден одағына қатысушы мемлекеттiң атқарушы билiгiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы

1. N лицензия

2. Қолдану кезеңi
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңiне |

3. Лицензия типi
                       | ЭКСПОРТ

4. Келiсiм-шарт
          жылғы          N

5. Өтiнiш берушi |

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған елi |

8. Сатып алушының елi |

9 Келiсiм-шарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шыққан елi |

13. Саны

14. Өлшем бiрлiгi

15 СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16 Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшiн негiздеме

18. Уәкiлеттi тұлға
Т.А.Ә.
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрi             Күнi

(нысан)

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң импортына лицензия

Кеден одағына қатысушы мемлекеттiң атқарушы билiгiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы

1. N өтiнiш

2. Қолдану кезеңi
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңiне |

3. Лицензия типi
                      | ИМПОРТ

4. Келiсiм-шарт
          жылғы       N

5. Өтiнiш берушi |

6. Сатушы

7. Жөнелтiлетiн ел |

8. Сатушының елi |

9. Келiсiм шарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығу елi |

13. Саны

14. Өлшем бiрлiгi

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшiн негiздеме

18. Уәкiлеттi тұлға
Т.А.Ә.
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрi           Күнi

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына
және (немесе) импортына лицензия беру туралы
өтiнiштi ресiмдеу және осындай лицензияны
ресiмдеу туралы нұсқаулыққа       
4-қосымша                 

(нысан)


Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе)
импортына лицензиясына қосымша

Кеден одағына қатысушы мемлекеттiң атқарушы билiгiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы

жылғы       N           лицензияға қосымша

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с
N

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с
N

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с
N

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Барлығы парақ   N        парақ

18. уәкiлеттi тұлға
Т.А.Ә
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрi           Күнi

Тауарлармен сыртқы сауда    
саласындағы лицензиялау ережелерi
туралы келiсiмге        
2-қосымша           

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе)
импортына рұқсат беру жобасын ресiмдеу және мұндай рұқсатты
ресiмдеу туралы нұсқаулық

      1. Осы Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру жобасын ресiмдеу және мұндай рұқсатты ресiмдеу туралы нұсқаулық (бұдан әрi - нұсқаулық) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру жобасын ресiмдеу және Тараптар мемлекеттерi атқарушы билiгiнiң уәкiлеттi органдары беретiн мұндай рұқсат берудi (бұдан әрi тиiсiнше - рұқсат беру, уәкiлеттi органдар) ресiмдеу тәртiбiн айқындайды.


      2. Кодталған ақпаратты Жекелеген деректемелерге енгiзген кезде кодтарды көрсету үшiн кедендiк ресiмдеу мақсаты үшiн пайдаланылатын нормативтiк-анықтамалық ақпараттың жiктеуiшi (бұдан әрi - жiктеуiштер) қолданылады.
      3. Осы нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетiлген ақпарат кодтары аралары "|" (тiк сызық) белгiмен бөлiнген деректеме алаңының оң жақ жоғары бұрышында орналасуы тиiс.
      4. Рұқсат беру жобасын өтiнiш берушi қағаз жеткiзгiште ресiмдейдi, осы нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша баспа құрылғыда толтырылады.
      5. уәкiлеттi органдар Кеден одағының комиссиясы әзiрлеген бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып, рұқсат берудi осы нұсқаулыққа қосымшада көзделген нысан бойынша қолдан жасаудан қорғалған арнайы қағазда ресiмдейдi.
      6. Рұқсат беру деректемелерi мынадай түрде толтырылады:
      1-деректеме "N рұқсат беру".
      Рұқсат беру нөмiрi 12 белгiден тұрады және мынадай түрде құрастырылады:
      1 және 2-белгiлер - рұқсат берудi тiркеген кеден одағына мүше мемлекеттiң (Беларусь Республикасы - ВҮ, Қазақстан Республикасы - KZ,  Ресей Федерациясы - RU) альфа 2 коды;
      3 және 4-белгiлер жылдың соңғы 2 саны;
      5 - 7-белгiлер рұқсат берудi тiркеушi уәкiлеттi орган мөрiнiң (кодының) нөмiрi;
      8 - 12-белгiлер рұқсат беруге өсу тәртiбiмен 5 таңбалы тiркеу нөмiрiн беру жолымен арнайы журналда уәкiлеттi орган берген рұқсат берудiң реттiк нөмiрi.
      Рұқсат беру нөмiрiн күнтiзбелiк жылдың басынан бастап өсу тәртiбiмен 5 таңбалы тiркеу нөмiрiн беру жолымен арнайы журналда рұқсат беру жобасын тiркегеннен кейiн уәкiлеттi орган толтырады (мысалы, 00001);
      2-деректеме. "Қолдану кезеңi".
      Өтiнiш берушi сұрау салған мынадай түрде ресiмделетiн рұқсат берудiң қолданылу кезеңi көрсетiледi:
      ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңiне,
      мүнда:
      ЖЖЖЖ - жылы;
      КК - күнi;
      АА - айы.
      Символдар бiр-бiрiнен нүктелер арқылы ажыратылады (мысалы, 2008.01.01-дан бастап 2008.31.12 кезеңiне);
      3-деректеме. "Рұқсат беру түрi".
      Тауардың орнын ауыстыру бағыты көрсетiледi:
      ЭКСПОРТ - тауардың экспортына рұқсат берудi ресiмдеу үшiн;
      ИМПОРТ - тауардың импортына рұқсат берудi ресiмдеу үшiн;
      4-деректеме. "Келiсiм-шарт".
      Келiсiм-шарттың (шарттың) нөмiрi және оған қол қойылған күн көрсетiледi. Күнi 2-деректемеде көзделген талаптарға сәйкес көрсетiледi.
      5-деректеме. "Өтiнiш берушi".
      Өтiнiш берушi туралы мынадай мәлiметтер көрсетiледi:
      заңды тұлғалар үшiн - толық ресми атауы, заңды мекен-жайы. Оң жақ жоғары бұрышында салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi (ССН) көрсетiледi;
      дара кәсiпкерлер мен жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, паспорттық деректерi (сериясы, нөмiрi, қашан және кiм бердi, тұрғылықты жерi). Оң жақ жоғары бұрышында ССН көрсетiледi;
      6-деректеме.
      "Сатып алушы" - экспорттық рұқсат берудi ресiмдеу үшiн;
      "Сатушы" - импорттық рұқсат берудi ресiмдеу үшiн.
      Шарттың (келiсiм-шарттың) тiлiн сақтай отырып, шартта (келiсiм-шартта) көрсетiлген тауарға арналған құқықтарды берудi көздейтiн шарт (келiсiм-шарт) бойынша өтiнiш берушiнiң контрагентi болып табылатын шетелдiк әрiптестiң толық ресми атауы және толық мекен жайы көрсетiледi.
      Бұл ретте "Сатып алушы" ретiнде өтiнiш берушiден тауарға құқық алған шетелдiк әрiптес, "Сатушы" ретiнде өтiнiш берушiге мұндай құқық беретiн әрiптес көрсетiледi;
      7-деректеме.
      "Тағайындалған елi" - экспорттық рұқсат берудi ресiмдеу үшiн;
      "Жөнелтiлетiн ел" - импорттық рұқсат берудi ресiмдеу үшiн.
      "Әлем елдерi және аумақтар" деген анықтамалыққа сәйкес тағайындалған (экспорттау кезiнде) немесе жөнелту елiнiң (импорттау кезiнде) атауы және елдiң 2 альфа коды көрсетiледi.
      Егер келiсiм-шартта (шартта) бiрнеше тағайындалған (жiберу) елi көзделген болса "Келiсiм-шарт (шарт) талаптарына сәйкес" деген жазба жазылады, елдiң 2 альфа коды көрсетiлмейдi. Егер бұл бiрнеше елдер Еуропалық одақ елдерiне жататын болса "ЕО елдерi" деп жазылады және елдiң 2 альфа коды көрсетiлмейдi;
      8-деректеме.
      "Сатып алушының елi" - экспорттық рұқсат берудi ресiмдеу үшiн.
      "Сатушының елi" - импорттық рұқсат берудi ресiмдеу үшiн.
      Жiктеуiшке сәйкес сатып алушы (сатушы) елдiң атауы мен елдiң альфа 2 коды көрсетiледi;
      9-деректеме. "Келiсiм-шарт валютасы".
      Валюта жiктеуiшiне сәйкес келiсiм-шарт (шарт) валютасының қысқаша атауы және оның коды көрсетiледi;
      10-деректеме. "Құны".
      Тауардың келiсiм-шарт (шарт) валютасындағы тауардың құны көрсетiледi.
      Егер құны бөлшек бiрлiктерде болса, онда ол дөңгелектеу ережелерi бойынша толық шамаға дейiн дөңгелектенедi;
      11-деректеме. "Статистикалық құны"
      Тауардың құны шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес АҚШ долларымен көрсетiледi.
      АҚШ долларынан ерекшеленетiн валютада көрсетiлген тауардың құнын АҚШ долларына қайта есептеу валюта тепе-теңдiгiне сәйкес жүргiзiледi (келiсiм-шартта көрсетiлген валютаның Тараптар мемлекетiнiң Ұлттық банкi келiсiм-шартқа (шартқа) қол қойылған күнi айқындаған бағам бойынша АҚШ долларына құндық ара қатынасы).
      Егер құны бөлшек бiрлiктерде болса, онда ол дөңгелектеу ережелерi бойынша толық шамаға дейiн дөңгелектенедi;
      12-деректеме. "Шыққан елi".
      "Әлем елдерi және аумақтар" деген анықтамалыққа сәйкес шыққан елiнiң атауы және елдiң 2 альфа коды көрсетiледi.
      Егер келiсiм-шартта (шартта) бiрнеше шыққан елi көзделген болса "Келiсiм-шарт (шарт) талаптарына сәйкес" жазба жазылады және елдiң 2 альфа коды көрсетiлмейдi. Егер бұл бiрнеше елдер Еуропалық одақ елдерiне жататын болса "ЕО елдерi" деп жазылады және елдiң 2 альфа коды көрсетiлмейдi.
      Шыққан елi ретiнде тауар толығымен шығарылған немесе жеткiлiктi түрде өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшыраған ел деп түсiнiледi;
      13-деректеме. "Саны".
      14-деректемеде көзделген тауардың саны өлшем бiрлiкпен көрсетiледi (салмақтық бiрлiктер үшiн - таза салмағы).
      Таза салмағы ретiнде техникалық регламенттерге және/немесе стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар мен басқа да заңнамалық актiлерге сәйкес айқындалатын тауардың орамсыз салмағы түсiнiледi;
      14-деректеме. "Өлшем бiрлiгi".
      Сыртқы экономикалық қызметтiң бiрыңғай тауар номенклатурасына (СЭҚ БТН) сәйкес тауардың өлшем бiрлiгiнiң (негiзгi және қосымша) қысқаша атауы көрсетiледi.
      2 өлшем бiрлiгi болған кезде тауар санын көрсету - жолма жол;
      15-деректеме. "СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы".
      СЭҚ БТН-ға сәйкес тауардың және оның кодының сипаттамасы көрсетiледi. Тауардың сипаттамасы тауарды СЭҚ БТН бойынша бiр 10 таңбалы жiктеуiштiк кодқа сәйкестендiруге мүмкiндiк беруi тиiс. Тауардың сипаттамасы оның атауын (сауда, коммерциялық немесе өзге дәстүрлi атауын) қамтуы тиiс.
      Егер барлық ақпарат 15-деректеменiң жолына сыймайтын болса, бұл ақпараттың бiр бөлiгi 16-деректеменiң жолына ауыстырылуы мүмкiн;
      16-деректеме. "Қосымша ақпарат".
      Қажеттiлiгiне қарай пайдаланылады. Бұл деректеменiң жолына 7, 8, 12, 13 және 14-деректемелердi нақтылау және ашып көрсету қажеттiлiгiне байланысты мәлiметтер жазылады, сондай-ақ рұқсат беру жобасын ресiмдеген сәтте қол қойылған келiсiм-шартқа (шартқа) енгiзiлген барлық өзгерiстердiң нөмiрлерi мен күндерi енгiзiледi;
      17-деректеме. "Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi тұлғасы".
      5-деректемеде көрсетiлген өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi лауазымды тұлғасының мөрмен куәландырылған қолы қойылады, оның тегi, аты-жөнi, лауазымы мен рұқсат беру жобасын ресiмдеу күнi көрсетiледi.
      Рұқсатты ресiмдеу кезiнде өтiнiш берушi уәкiлеттi тұлғасының тегi, аты-жөнi, лауазымы, рұқсат беру жобасын ресiмдеу күнi көрсетiледi, сондай-ақ "қолы және мөрi бар" деп жазылады.
      18-деректеме. "Уәкiлеттi тұлға".
      Уәкiлеттi органның рұқсат беруге қол қоюға өкiлеттiк берiлген лауазымды тұлғасының мөрмен куәландырылған қолы қойылады, оның тегi, аты-жөнi, лауазымы мен қол қойған күнi көрсетiледi.
      7. Қолдан жасаудан қосымша қорғау мақсатында лицензия бланкiнiң астында толтырылған бағандардан тысқары жерде лицензиялардың негiзгi деректемелерiнде көрсетiлген деректерден тұратын штрих код орналасатын болады.

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң


экспортына және       
(немесе) импортына рұқсат беру
жобасын ресiмдеу және мұндай 
рұқсатты ресiмдеу туралы   
нұсқаулыққа         
ҚОСЫМША           

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына рұқсат беру жобасы

Кеден одағына қатысушы мемлекеттiң атқарушы билiгiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы

1. N рұқсат беру

2. Қолдану кезеңi
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңiне |

3. Рұқсат беру типi
                     | ЭКСПОРТ

4. Келiсiм-шарт
                жылғы       N

5. Өтiнiш берушi

6. Сатып алушы

7 Тағайындалған елi |

8. Сатып алушының елi |

9 Келiсiм-шарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12 Шыққан елi |

13. Саны

14. Өлшем бiрлiгi

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16 Қосымша ақпарат

17. Өтiнiм берушiнiң уәкiлеттi тұлғасы
Т.А.Ә
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрi           Күнi

18. Уәкiлеттi тұлға
Т.А.Ә
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрi          Күнi

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң импортына рұқсат беру жобасы

Кеден одағына қатысушы мемлекеттiң атқарушы билiгiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы

1. N рұқсат беру

2. Қолдану кезеңi
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңiне |

3. Рұқсат беру типi
                     | ИМПОРТ

4. Келiсiм-шарт
                жылғы       N

5. Өтiнiш берушi

6. Сатушы

7. Жөнелтiлетiн ел |

8. Сатушының елi |

9. Келiсiм-шарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12 Шыққан елi |

13. Саны

14. Өлшем бiрлiгi

15. Тауардың СЭҚ ЕТН және оның сипаты бойынша коды |

16 Қосымша ақпарат

17. Өтiнiм берушiнiң уәкiлеттi тұлғасы
Т.А.Ә
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрi           Күнi

18. Уәкiлеттi тұлға
Т.А.Ә
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрi          Күнi



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет