ШҚО-да Миролюбовка ауылындағы Әлия Молдағұлова атындағы мектепте спорт залын жөндеуді міндетке алған мердігер мен мектеп басшылығы арасында дау туды. Білім ордасының басшылығы мен ата-аналар мердігерді 11 миллион теңгені желге ұшырды деп сотқа берген. Ал оқушылар әлі күнге спортпен шынығатын жердің жоғына алаңдайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет сюжет кадрларынан

Мұнда 52 оқушы білім алады. Білім ордасындағы спорт залда жөндеу жұмыстары сапасыз жасалған. Шегесі шығып, едені опырылуға шақ тұрғандықтан ата-аналар қауіпті жерде сабақ қалай өтеді деп алаңдаушылық білдірді. Айтуларынша, жөндеу жұмыстарын қолға алған серіктестік еден салу үшін алдымен шіріген тақтайларды пайдаланып, кейін оны қолданыстағы материалдармен алмастырған. 

“Бұл жерде дымқыл иіс шығады, бала шалынып, құлап кетуі мүмкін. Еден тақтайларының арасы ашылып жатыр. Директор бірнеше рет бейбіт келіссөздер жүргізуге тырысты. Бірақ мердігер қателігін мойындамайды. Енді балаларымыздың денсаулығына неге қауіп төндіруіміз керек деп ашуланып отырмыз”, – деді ата-аналардың бірі Лейла Төлегенова.

  • Тариф бағасының өсетіні туралы хабар жылусыз қалған кентаулықтардың наразылығын үдетіп жіберді

  • Қызылорда облысындағы мектептерде жеңгетайлық үшін сотталған және психиатрдың есебінде тұратын мұғалімдер жұмыс істеп келген

Бұл жөндеу жұмыстарына биыл жергілікті бюджеттен 11 миллион теңге бөлінген. Наурызда тендерді "MEGA-STR" серіктестігі ұтып, жұмыстарды 6 миллион 880 мың теңегеге жасауға уәде берген екен. Мектеп басшылығы жөндеуді 25 шілдеде аяқтау туралы мердігермен келісімшарт жасасқан. Алайда ескертулерді елемей, жұмысты 1 айға созғанымен қоймай, жұмысына салғырт қараған компания мектеп директорына жұмысты қабылдасын деп талап қойған.

“Сметаға сай келмейтін еден тақтайларын әкеліп төседі. Еденнің бірінші қабатына су тақтайларды әкеп төсеген.  Білім бөлімі дұрыс жұмыс істемей жатқандарын айтып, ескерту жасаған болатын. Мердігердің жасаған жұмысы бізге ұнамағандықтан қабылдаған жоқпыз. Бірінші рет Өскемен қаласында экономикалық сотқа бердім”, – деді Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп директоры Жанат Жұмақанова.

Алайда мердігер апелляция арқылы өзін ақтап шыққан екен. Жұмыстың сапасыз жасалуының өз себептері бар деп ақталады. 

“Спортзалдың төбесі ашық болғандықтан су өтті. Жылыту жүйесі болмағандықтан ылғал болды. Жұмыстың 80 пайызы жасалып, деффектілер жойылды. Бізге қағаз жүзінде дефектілерді шығарып жіберсе, біз оны жөндейміз”, – деді  "MEGA-STR" ЖШС бригадирі Бақытбек Ілиясов.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.