Сиюмова Мяаш Бөлекбаевна



жүктеу 100.94 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі100.94 Kb.

Абилхасова Жанат Ержанқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

24 мектеп

Атырау қаласы

Тақырыбы: Шуағын шашқан көктем

Мақсаты: 4-жыл бойы білім алған білім, біліктерін, ой-өрістерінің жемістерін,өнерлерін ортаға сала  бастауыш сыныппен, алғашқы ұстаздарымен қоштаса отырып ,жоғарғы сынып мұғалімдеріне , ата-анасына әр оқушының  өзіндік ерекшелігін таныту, сәт-сапар тілеп табыстау. Мектепті, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, оқушылар өмірінен  түсірілген фото-суреттер,шарлар, гүлдер, нақыл сөздер,күнбағыстар.

МҰҒАЛІМ: Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар!

Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол осыдан 4-жыл бұрын мектеп табалдырығын қымсына, жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-білім алып, ақыл-ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра біліп, қанаттары қатайып, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Білім деген қауыздан гүл ашылған,
Оған керек таусылмайтын көп шыдам.
Бар білімнің, бар ілімнің атасы,
Бастау алар бастауыш сатысынан.

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,


Жол табар қараңғыда адасқанда,
Мал озбас, біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар адасқанда.

Толқимыз ,толқып тұрмыз баршамызда,

Мұндай күй болған сірә қаншамызда?
Қол соғып қошеметпен қарсы алайық,
Бастауышымыз Данагүл мен Аяжанды!

Мен бүгін осы кешті жүргізуді сыныбымыздың озат оқушылары Жұмағали Данагүл мен Серкебаева Аяжанға тапсырамын.

Екеуі бірге:  «Сәләметсіздер ме?»

Данагүл: -Аяжан, саған бір жұмбақ айтсам шешуін тауып көресің бе?

Аяжан. -Данагүл мерекелік кешімізді бастамай-ақ жұмбақ шешіп тұрамыз ба? Сен де қызық екенсің!

-Ал, айтып көр, шешуін тауып көрейін.

Данагүл: -Ал,тыңда онда! Күннің көзін сүйемін,
Күнге басымды иемін.

Аяжан. (таңданып, жан –жағына қарап) -Бұл жұмбақтың шешуі күнбағыс қой! Түсінбеймін! Күнбағыстың бүгінгі мерекеге қандай қатысы бар? Сен жұмбақ айттың, ал апайымыз мында күнбағыстарды жайқалтып, жайнатып тізіп қойыпты.-Әйтеуір апай екеуіңіздің ойлап таппайтындарың жоқ! Мұның бір сыры бар сияқты.

Данагүл. -Дұрыс айтасың, болғанда қандай! Апайдың күнбағыс туралы бірдеңе ойластырып жатқанын сезіп қалдым да  мерекелік кешті осы жұмбақпен бастасам ба деген маған бір ой келді.
-Аяжан, көрдің бе? Сахна төрінде әр түрлі биіктікте әдемі күнбағыстар орналастырылыпты. Күнбағыста күннің көзін сүйетін, күннің шуағына бөленіп, оның шығу бағытына қарай басын иіп, жайқалып,жайнап өспей ме?Мені де, сені де, барлық оқушыларды да осы өсімдікке теңер едім.Күнбағыстың күнге ұмтылғаны сияқты ата аналарымыз бен ұстаздарымыз да біздің жарқын биіктерге ұмтылғанамызды қалайды ғой.

Аяжан: -Енді түсіндім Олай болса кешімізді ары қарай жалғастырайық!

Данагүл. Армысыңдар,аяулы да асыл жанды ата-аналарым!

Аяжан Армысыздар, аяулы да ,қымбатты ұстаздарым!

Данагүл. Шуағын шашқан,

Аяжан. Нұрын төккен,

Данагул Дәнін еккен,

Аяжан. 4-көктем!-атты бастауышпен қоштасу мерекесіне қош келіпсіздер!

Данагул Бесіктегі баланың ,
Күлгенін көрген бір мұрат,

Алдына түсіп ананың ,

Жүргенін көрген бір мұрат-дегендей бұндай күнді көру бақыт деп ойлаймын. Сіздердің алдарыңызда тұрған мына біздер 4-ші сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болсақ бүгін міне, ес біліп етек жиған шәкіртпіз.

Алимансур Бала шаққа болашақты жырлатып,


Шәкірттерге бой түзеткен сымбатты,
Армысыңдар, ұстаздарым қымбатты!

Айша Армысыңдар, аталар мен аналар,


Ұрпағың күнде өзіңнен бата алар,
Ел дәстүрін мәңгі сақтап оқы деп,
Үйреткен ғой Фарабидей бабалар!

Рамиль. Армысыңдар ер тұлғалы әкелер,


Қыран құстай балапанын мәпелер,
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат болып кешегі сәби еркелер.

Айжанар. Армысың сен алтын ұя мектебім,


Саған айтар жыр алғысым көп менің,
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады жыр –әнім.

Аяжан: Сіздерге арнап Жұмағали Данагүлдің орындауында «Мектебім» әні.

Аяжан. Данагул адамдарда қандай аналар бар? Айтып атап бере аласың ба?

Данагул. -Отан-ана, жер-ана, өз анаң,мектеп-ана, ұстаз-ана! Соны да білмей тұрсың ба?

Аяжан. -Жоқ, Данагул білмей тұрғаным жоқ. Бүгінгі кештің назарын  мектеп-анаға, ұстаз-анаға шексіз ыстық, қуанышты,қайталанбас шын жүректен шыққан тілектер айтайын дегенім ғой!

Данагул. Бүгін біздер осы аналарға деген   ыстық лебізімізді білдіреміз!

Аяжан. Алтын ұя мектептен атамыз да, әжемізде,әкеміз де анамыз да тәлім алған.Келесі шырқалар тамаша әнімізді  қабыл алыңыздар!

Хор «Алғашқы ұстазым»

Альфия Аяулы мектебім,
Өзіңде өткен көктемім.
Өзіңнен алар әлі де,
Арманым, асқақ көп менің.
Алғашқы басқан өткелім,
Білімді сарқып төккенің,
Сусындап сенен нәр алам,
Алатын шыңым көп менің,
Аяулы менің мектебім.
Рамазан: Әліппені жаттадым,
Ізгі үмітті ақтадым.
Әрқашанда есімде,
Мектептегі тақпағым.

Аружан: Мектеп деген білім кені, жыр кені,


Мектеп деген ғылымның үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

Бахтияр: Мектебім-білім берер алтын ұям,


Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықты  бір жүрек  бұл,
Өзіңе борыштармын  өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Баян: Мектебім, алтын ұя мектебім, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітіңнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Елмұрат:. Мектеп-үйім, ұстазым менің ата-анам,


Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық ,сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.

Данагул Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,


Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай-талай азамат.

Аяжан. -Данагул , дүниедегі  адамға ең жақын ,ыстық жанның бірі кім деп ойлайсың?

Данагул Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз. Өйткені ол шәкірттің көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

.Аяжан. -Дұрыс айтасың. Ұстаз еңбегі ұлы еңбек. Сондықтан ұлы ақын Абай атаның Ақырын жүріп анық бас,


Еңбегің кепес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.-деп айтуында терең ой жатыр.

Данагул -Олай болса келесі тамашалайтын бөліміміз «Ұстаз ұлағаты» деп аталатын бөлімге де жетті.

Аяжан. Бізбен бірге 4 жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстазымызға және мектептегі барлық ұстаздарға шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен.Ыстық лебімізді өлең жолдарымен жеткізейік!

Алимансур: Ғұлама білгіш ғалымнан,


Оқушы жас жалыннан,
Мархабатты ойшылдан,
Мал өсірген қойшыдан,
Жазушыдан, ақыннан,
Космонавт, батырдан
Өнері асқан актердан
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күшіден

Бәрі-бәрі ұстаздардан білім-тәлім алған!


Бәрі: Сондықтан да құрметтеп,
Бас иеміз ниетпен!

Амангелді: Мектебімізге бас болған,


Ұжымды ол басқарған,
Жаңалықтың жан ашыры жақсы адам,
-------------ағай үміт күтеді біздерден.

Аружан Кемшілікті кезінде,


Кесіп айтар өзіне,
Өнеге мол өзінде
Өсиет көп сөзінде
Көңіліңнің хошын-ай
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті кең пейіл
----------- апай осындай.

Дана Есімде ұстазымның алғаш қарсы алғаны,


Айқара есік ашып тастағаны,
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны,
Енді міне сағымдай боп өте шықты.
4жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
--------------- апай жасады мына бізден,
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Саламат. Баулыған әрбір өнерді,

Айгүл апай өнерлі.

Әсем әннің шебері,

Аспапта ойнайды мәнерлі.

Қызықтырып ән күйге,

Бізді үйретіп келеді.

Елмұрат: Жүрегімде Ақжонас апай берген сабағы

Өн бойыма тамырланып тарады.

Ұмытпаймын салған жолын, ақылын,

Мәңгі ,мәңгі есімде қалады.

Альфия: Орыс тілі әр кезде керек ертең,

Надежда апайымыздың көңілі өте көркем.

Ашық жарқын жанары қашан көрсең,

Барлық жандар осындай болса екен.

Руслан: Ағылшынша оқыдық тілін білдік,

Дыбыстарды талдадық сырын білдік,

Соның бәрін жалықпай түсіндірді,

Ләззат апай біздерге ұғындырды.

Данагүл: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,


Алтын ұя ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алған өзіңнен,
Күллі шәкірт сіздерге басын иеді.

Аяжан. Хор: «Чему учат в школе»

Данагүл: Бастауышым-балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін .
Әріп танып білім алып,
Рахметімді жаудырамын.

Аяжан. Бастауышым-балбұлағым,


Лаулап жансын шам-шырағың,
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшты тау қыраның.

Данагүл Келесі тамашалайтын бөлім «Жүректен-жүрекке» деп аталады. Нүр жүзіңнен жылы шуақ төгілген,


Шәкірттерін сүйген таза көңілден,
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мына өмірден.

Саламат: Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,


Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйреттің де  әр әріпті,
Қоссаңдар 1-ді 2-ге 3 болады,
Деуші едің білімменнен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші ең бізге айтып өлең тақпақ,
Таласып алушы едік біздер жаттап,
Өзіңіз баға қойған күнделікті ,
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Гаухар: Ақылшым асыл мұғалім,


Өзіңе мен де ұқсармын,
Жеткенше қайрат күш-әлім,
Биікке самғап ұшармын.

Аяжан: Көрініс. 4 «г» сынып шәкірттері 2030 жылында


Автор: Ұлт болашағын ойлаған ұлы ұстаз ертеңгі ұрпақ үшін өз ойын ортаға салмақшы боп қала әкіміне келеді. Атырау қаласының әкімі болып бір жас жігіт отырады. Сөйтсе, бұл баяғы өзінің шәкірті -----------------------------екен.


Ұстаз: Айналайын амансың ба? Менің келгендегі шаруам ертеңгі ұрпақ болашағы. Алған білімдерін ортаға салып неге жастар осы шетелде жүр. Небір - небір жақсы оқушыларымыз мектеп бітіріп басқа қалада қалып жатыр. Соларға ұсыныс жасап, түсіндіріп өзіміздің туған жеріміз Атырауымызды көркейтуге өзіміздің қалаға келуге қолқа салсақ қайтеді. Мен бір өзім оқытқан шәкірттерді айтайын. Сен солармен келісіп, кездесіп сөйлессең қайтеді?

- Мәссаған апай, Саламатсыз ба? Қалайсыз? Мен танымай қалдыңыз ба? Мен ----------------------------- ғой. Мен кеше ғана қалаға келгенмін. Уайымдамаңыз. Бәрі жақсы болады Білесіз бе, сіздің айтқаныңыз болады. Баяғы өзімізбен оқыған ---------------------------білесіз ғой. Сол Денсаулық министрі болып тағайындалып жатыр..

- А, солай ма?

- Ия------------------------------------------ бар ғой, балабақша мен мектепті көркейтпекші. Білім бөлімінің бастығы.-------------------------------------болса ---------------------- банктың директоры болып жатыр. ----------------------------білесіз ғой, өнер мектебінің директоры. Біздің -----------------------------------ғалым атағын жеңіп алған. Ғылыммен айналысып жүр.. Ал -------------------------------------болса Астанада президенттікке үміткер. Апай саспаңыз, біздің сыныптың бәрі де құр емес. Қалғандары кәсіпкер... Апай сіздің арқаңызда мықты маман болдық. Біз Отанға ғана қызмет етеміз.

- Ой бәрекелді. Тамаша. Қуанып қалдым ғой. Жақсы болды ғой.

- Әкімнің жұмыс көп қой, Уақытыңды алмайын. Ал Рахмет. Сау бол, балам.

Автор: Білім теңізінде еркін жүзіп мектеп кемесімен болашақты шарлаған шәкірттері Бүгінгі таңда бір - бір мықты маман болған. Қазақ елінің байрағын Әлемге танытқан ертеңгі жасампаз жастары болыңыздар. Сәт сапар. Жас Ұлан!

Амангелді: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,


Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.

Айша: Көрінетін биіктен асқақ іспен,


Баулитұғын білімге жас кішіден,
4 жыл бойы біліммен сусындатқан,
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.

Аяжан. Әлі есімде мектепке келгеніміз,


Келгеніміз сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта,
Өзің болдың ұстазымыз сенгеніміз.

Хор: «Ұстазым»

Данагүл:. Ақ сүт берген ақ жаулықты аналарды,
Қастерлейік әрқашан бабаларды,
Қадірлейік аталар мен даналарды,
Сыйлайық барлығымыз аналарды.

Көрініс: «Қария мен баланың әңгімесі»

Оқушы: Ата, ата, арман деген не?
Қария: Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді.
Қария: Дос табу оңай ма?

Оқушы:Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.


Қария: Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.
Қария:Үйдегі алтын қазығың кім?

Оқушы:Ата, үйдегі алтын қазық - бала


Қария: Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем.
Қария: Өмір сүру үшін не қажет?
Оқушы:Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет
Қария: Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су - тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
Қария:Адамға ақыл беретін кімдер?

Оқушы: Ата, ана тілі ғой ақыл беретін


Қария:Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата-ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады
Аяжан: Апарып алғаш мектепке,
Оқытқан сен өзіңсің,
«Білгір бол деп айтатын»,
Ойымда әлгі сөзің шын,
Шашымды өрдің қолыңмен ,
Киімімді кигізіп

Қуантасың мені әркез,


Ақ бетіңнен сүйгізіп.

Данагүл:. Әкешім ұғып жанымды,


Ойладың әркез қамымды,
Тілеуімді тілеумен,
Атқыздың талай таңыңды.
Аяжан:. Өнер бар ма қазақ халқы құр қалған,
Өнер шыңы пәктігімен тұрды алдан,
Бал құрақтай көлге біткен балауса,
Би құдірет мың бұралып ырғалған.

Би: «4 г сынып оқушыларының орындауында « вальс»   қошеметпен қарсы алыңыздар.

Данагүл:. Өмірде ата-анамдай бауыр қымбат,
Тай-құлындай бірге өскен достар қымбат.
Сусындатып білім беріп үйреткен,
Ұмытылмас дара тұлға ұстаз қымбат.

Келесі Амангелді мен Аяжанның орындауындағы « Ұстазым» әні алғашқы ұстазымыз Жанат апайға және бастауышта білім  берген ұстаздарға арналады.

Музыкалық номерлер

.Данагүл Алғашқы ұстаз ерекше тұлға дар шың,


Ұмтылмастай көңілде мәңгі қалатын,
Сарғайып кеткен суреттерді парақтап,
Шәкірттерін оңошада еске алатын.
Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі,
Пана болған дара болған біз үшін,
Жанымыздан артық дер ем біз сізді. Сөз кезегін алғашқы ұстазымыз --------------апайға беріледі.

Мұғалім: Қоштасады бастауыш мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің.

Демалысын шәкірттердің жаздағы

Тілейікші қызықты боп өткенін.

Аяжан. Өтті біздің балалық,


Өтті бізден балалық,
Тезге салды ұатазым,
Ұстанғаны адалдық,
Текті мінез даналық,
Үйреткені адамдық,
Біз тілейміз ұстазға

Бәрі бірге «Бақыт, табыс, амандық».

Данагүл Ыстық лебіздерін білдіруге, ұстаздарға беріледі.

Аяжан Жақсы шәкірт азамат атанады

Халқынан ата-анадан бата алады

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата—ананы

Екеуі бірге:  Шуағын шашқан,



Нұрын төккен,
Дәнін еккен,

4- көктем-атты кешіміз  аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет