Сызбаның даму тарихынан



жүктеу 366 Kb.
бет1/5
Дата05.12.2018
өлшемі366 Kb.
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Сызбаларды орындаудың жалпы ережелері»

Әдістемелік нұска

Кұрастырған: «Бейнелеу онері» кафедра аға оқытушы Уаисов Р.Б.

«Транспорттік және инженерлік технологиялары»

кафедра аға оқытушы Таңбаев К. К.



2007 г

Сызбаларды орындаудың жалпы ережелері

Кiрiспе

Сызбаның даму тарихынан.


Сызба құрал- жабдықтары және олармен iстесу.

Стандарт туралы түсiнiк

Қағаз пiшiмi.

Негiзгi жазу

Масштабтар

Сызба сызықтары.

Сызба қарыптары.

Өлшем қоюдың бастапқы ережелерi.

КIРIСПЕ


Қүрметті жас оқырман! Инженерлік графика пәнінің басты маңызы ғылым және білімнің жетістіктерін адамзат игілігі үшін, өмірге, өндіріске енгізуге қызмет ету. Ғалымдар мен өнертапқыштар өз ізденістерін, білімдерін, тұтынушылар үшін барынша қолайлы, барынша қауіпсіз, барынша тиімді, арзан, т.б. болған өнімдер жарату жолында қолданады. Жарату кезеңі набойлар, сызбалар орындаудан және оларды талқылаудан түрады. Бұл сызбалар, набойлар көпшілікке түсінікті болуы үшін, ол белгілі бір қалыпта, ережелерге мойынсынған белгілі бір тэртіпте немесе жалпыға түсінікті бір тілде болғаны жөн. Бүл ережелер, тәртіптер, талаптар стандарт деп аталатын мемлекеттік, тіпті кейбіреулері халықаралық маңызға ие болған, көпшілік мекемелер, елдер өзара бірігіп келісіп бекіткен қүжаттарда көрсетілген. Осыдан келе инженерлік графиканың басты максаты осы қүжаттар жэне ондағы сызбаларды орындауға арналған басты ережелерді, сызбалаға қойылатын басты талаптерды жас мамандарға, талапкерларға жіткізу, үйреті. Ғылым мен білімді дамытып сның жетістіктерн өмірге, өндіріске енгізу деген сөз еліміздік эканомикасын сыртқа шикізат шығарып байытудан көрі, сыртқа дайын сапалы өнім шығаруға жол ашу. Бүл еліміздің экономикасын әлде қайда жылдам дамуына жол ашады.

Алдыларыңызда ұсынылып отырған бүл әдістемелікте жоғарыда сөз болған, сызбалады орындау кезінде талап стілетін бастапқы және өте маңызды ережелер орын алған. Сызбалады орындау ережлері бекітілген стандарттарда тек талаптер, ережелер, нормалар ғана емес, онда сызбаларды орындау мәдениетіне, этикасына да мэн берілген. Қазірде сызбалар компьютерлік бағдарламардың көмегінде орындауға мүмкіндік болғанымен, ол сызбалар сауатты болуы үшін стандартағы ережелерді, талаптарды білген жөн. Компьютерде сызбаны басқышпа-басқыш орындап білу үшін қолда сауатты сызып жаттығу қажет.


Сызбаның даму тарихынан.


Ғылыми - техниканың дамуы адамзат тiршiлiгiнiң түрлi салалары, адамдардың бiлiмi, техникалық мәдениетi мен мәлiмметтерiне де үлкен талаптар қойды. Олардың негiзi кескiндеу (графика) iлiмiмен тығыз байланысты. Сызбаны салу ережелерiн бiлмейiнше халық шаруашылығының барлық салаларында жаңа техника мен технологияларды жасау және оларды өмiрге енгiзу, ғылыммен техникалық даму дiңгейiн одан әрi жетiлдiру мүмкiн емес.

Зат бейнесiн жазықтықта кескiндеу өмiрлiк қажеттiлiктен туындады. Құрылыс салу, түрлi еңбек құралдарымен, механизмдер жасау, астрономиялық зерттеулер, т.б. адам еңбегi нәтижесiн жазықтыққа салынған нақты кескiндер бойынша жүргiзiледi. Қоғамның дамуымен байланысты кескiн салудың тәсiлдерi де жетiлдiрiп отырды. Күнтiзбе жасау, жер өлшеу, байланыс жасау iстерi, сұңғат /живопись/, сәулет /архитектура/, сымбат /скульптура/ өнерлерiнiң дамуы, ауыл шаруашылығының, теңiзшiлiк кәсiбiнiң және басқа да өндiрiс салаларының өркендеуi графикалық кескiндеу тәсiлдерiн бұрынғыдан да жетiлдiре түстi. Ғылымның дамуы графикалық кескiндеу әдiстерiне түбегейлi өзгерiстер енгiздi. Б.э.д. 11-V ғ. өзiнде Платон, Аристотель, Пифагор, Демокрит сынды ойшылдардың еңбектерiнде сызбалар қолданылған. Бұлар көптеген жаңалықтар ашып, жаңа ғылымдардың негiзiн қалады. Бертiн келе геометрия ғылымын бiр жүйеге келтiрiп өзара байланыста мазмұндап берген Евклид, механика саласында теңдесi жоқ жаңалықтар ашқан, түрлi машиналар жасаған Архимед және т.б. оқымыстылар да сызбалардың дамуына елеулi үлес қосты.

Шығыста ғылымның дамуына зор үлес қосқан ерекше тұлғалардың бiрi Әбунасыр әл-Фараби /870-950/. Заманында мәдени орталық болған Отырар қаласында дүниеге келген ұлы данышпан ғалым артында мол ғылыми, мәдени мұра қалдырған. Дүние жүзiндегi дара тұлға әл-Фараби «Шығыстың Аристотелi» деп танылған. Оған муәллим сәни, яғни «екiншi ұстаз» деген ат берiлген. Ол геометрия, музыка, астрономия ғылымдары саласында ерекше табыстарға жеткен ғұлама ғалым. Медицина, математика, қоғамдық ғылымдар, дiн саласында жазылған iрi-iрi ғылыми еңбектерi бар. Оның «Геометриялық пiшiндердiң егжей-тегжейi жөнiнде табиғи сырлар мен рухани әдiс-айлалар» атты кiтабында геометриялық салу есептерi сұрыпталып, бiр жүйеге келтiрiлген. Сонымен қатар « Музыка туралы үлкен трактат» атты еңбегiнде музыканың теориясын жасап, дыбыс интервалдарын графиктiк жолмен тағайындаған, өзi ойлап тапқан музыкалық аспаптардың сызбаларын келтiрген. Бұл сызбалар параллель және тiк бұрышты проекциялау әдiстерiмен орындалған.

Жауһари Ғаббас /9 ғ.т.ө.ж. белгiсiз. Астроном және математик. Отырар маңындағы Гауһарана қаласынан шыққан. Орта Азия ғалымдары Хорезми, Ферғани, Мервизилермен бiрге Бағдат расытханасы (обсерватория) мен «Даналық үйiнiң» негiзiн қалаған. Үшбұрыштың орта сызығы туралы теореманы және бұрыштарға байланысты теоремаларды дәлелдедi.

Ғаббас ал-Дин Әбу- әл Фатх Омар Ыбраһым Хайям Нишапури /Омар Хайям, 1048-1130/. Ол алгебра жөнiнде «Алгебра және әл-мұқабала мәселелерiн дәлелдеу туралы» көлемдi трактат жазды. Омар Хайям арифметика мен геометрияны теория жүзiнде тұңғыш рет байланыстыра қарастырады. Соның негiзiнде математикалық талдау //анализ пайда болады.

Абул-Вафа /16 ғ./, Бану Мұса /9 ғ./, Сәбит ибн Корра /826-901/, Ұлықбек /23.3.1394-27.10.1449/, т.б. көптеген даналар геометрия /һәндиса/ ғылыми саласында зерттеулер жүргiзiп жаңалықтар ашқан. Мысалы, әл-Беруний өзiнiң астрономиялық трактаттарының 3-кiтабының IV-тарауында бұрыштың «трисекциясын» қарастырып, оны ендiрме арқылы шешудiң түрлi тәсiлiн ұсынған. Ал Абул-Вафа «қолөнершiге геометриялық салулардан ненi бiлу қажеттiгi туралы кiтап» атты трактатында ежелгi есептердi шешу жолдарын iс-тәжiрибе негiзiнде қалай қолдануға болатындығын айтады.

1397 жылы Түркiстанда тұрғызылған Ахмет Иассауидiң сәулет ғимараты сол кезде салынған дүние жүзiндегi ең үлкен құрылыс. Оның биiктiгi 40 метрден, ауданы 3000 шаршы метрден артығырақ. Онда 314 бөлме бар және орталық күмбезiнiң диаметрi 21 метрден асады. Маңғыстаудағы жер астында салынған Шопан-ата (ХII ғ.), Қараман-ата (ХIII ғ.), Шақпақ – ата (ХIV ғ.), және Беркiт-ата (ХIII ғ.), мешiттерiн немесе Орта Азияның Самарқанд, Бұқара, Хиуа, Шаһрисабз сияқты қалаларындағы құнды архитектуралық құрылыстарды салуда олардың жобаларымен сызбалары болғаны сөзciз.1-сурет.

Әбу Әли Ибн Синаның жүк көтергiш механизмiнiң сызбасы техниканың дамуына Орта Азияның атақты ғалымдарының үлесi үлкен екендiгiнiң тағы бiр дәлелi бола алады. Сөйтiп шығыс ғалымдары сызбалардың дамуына үлес қосып, айтарлықтай жаңалықтар енгiздi. 2-суретте Әбу Әли Ибн Синаның механизмдерi (Х-ғасыр)көрсетiлген. а)- тiстi берiлiстер; ә)—шығыршықтардың көмегiнде ауыр жүккөтергiштердiң сызбасы; б- Бұрағыш тұтқасы бар бұрандалы тетiкке негiзделген механизмнiң суретi; в)—Бұрағыш тұтқасы бар бұрандалы тетiкке негiзделген механизмнiң сызбасы; г)—шығырдың суретi ; д)—шығырдың сызбасы е)—Бұрағыш тұтқасы бар, тiстi берiлiстерге негiзделген механизмнiң суретi; ж)—Бұрағыш тұтқасы бар, тiстi берiлiстерге негiзделген механизмнiң сызбасы;

Уақыт өте ғылым дамуына байланысты шартты графикалық белгiлердi салудың бiр жүйеге келтiрiлген мәнерi қалыптасты. Мысалы Доржпубран храмының /Монғолия XVIII ғ. Сызбасы ортогональ тiлiктiң бөлiгiмен бiрiктiру қолданылған. Проекциялық байланыс сақталып, өлшемдер түсiрiлген. А масштаб модульдiк тормен берiлген. Сызба геометрия, математика ғылымының жеке бiр саласы. Геометрияның басқа бөлiмдерiнен ерекшелiгi, сызба геометрия кеңiстiктегi пiшiндердi жазықтыққа кескiндеу әдiстерiн зерттейдi.

Француз геометрi Гаспар Монж /1746-1818/ кеңiстiктер фигураларды жазытыққа кескiндеудiң бұрыннан белгiлi әдiстерiн зерттеп, бiр жүйеге келтiрдi, сөйтiп сызба геометриясының ғылым дәрежесiне көтердi, сөйтiп сызба геометриясын ғылым дәрежесiне көтердi. Г. Монжды сызба геометриясының негiзiн салушы деп есептеймiз. қазiргi ғылыми-техникалық прогресс заманында сызба геометриясынсыз инженерлiк ойларды iске асуы мүмкiн емес. «Егер сызба техниканың тiлi болса, сызу геометриясы оның грамматикасы» (В.И. Курдюмов). Белгiлi өнертапқыштар мен инженерлер сызбаларды кең пайдаланған. Мысалы, I Петр салған қайықтың, И. И. Ползуновтың (1728-1766) ойлап тапқан бу машинасының, И. П. Кулибин (1735-1818) жобасын жасаған көпiрлер мен кемелердiң сызбалары сақталған.

Суреттерде:


3-сурет. Көне орыс жазбаларынан табылған қамал және көпiрдiң сызбасы (13-14 ғ.ғ.). Сызбада қамалдың касбетi және көпiрдiң үстiнен көрiнiсi қосылып кеткен.
4-сурет.Қайықтың сызбасы. (1686—1751 ж.ж). Сызба үш көрiнiсте орындалған
5-сурет. И. И. Ползуновтың (1728-1766) ойлап тапқан бу машинасының сызбасы.


6-сурет.I Петр - дің 1719 ж. сызған жиырма екі ескекті

Сызу пән есебiнде оқыту бiзге Россия арқылы өттi. Сызу геметриясы курсы алғаш Петербургтегi Байланыс жолдары инженерлерi корпусы институтында 1810 жылы енгiзiлдi. Онда Г. Монждың шәкiртi К. Потье және Я. А. Севастьянов лекциялар оқыды. 1821 жылы Я. А. Севастьяновтың «Сызу геометриясы негiздерi» курсы жарық көрдi және ол пәннiң өркендеуiне үлкен үлес қосты. Сызу геометриясы пәнiнiң кейiнгi өркендеуi М. И. Макарова (1824 - 1904), В. И. Курдюмов ( 1853 - 1904) т.б. ғалымдардың есiмiмен байланысты. Жоғары оқу орындарында Сызу геометриясы және сызу пәндерiнiң оқытылуы және оның жетiлдiрiлуiне профессор В. О. Гордон (1892 - 1971), докторлық диссертациясын Алматыда аяқтаған, Педагогикалық ғылымдар академиясының толық мүшесi, академик Н. Ф. Четверухин ( 1891 - 1974), профессор И. И. Котов (1909 - 1976) тағы басқада бiрқатар ғалымдар үлес қосты. Қазақстанда проективтiк геометриядан алғашқы кандидаттық диссертацияны қорғаған доцент А. Х. Наубетов (1930 – 1979 ) болатын.

Бiздiң елiмiзде Сызу саласында профессор Ж. М. Есмұханов, профессор Б. Н. Нұрмақанов сияқты ұстаздар ғылыми еңбектер мен оқулықтар жазып сызу пәнiн оқытудың сапасын арттыруға айтарлықтай дәрежедi үлес қосып келуде.

Ақпараттық және элетрондық есептеу технологияларының жедел өркендеуi нәтижесiнде автоматтандырылған жобаластыру жүйелерi (АЖЖ) (САПР- система автоматизированого проектирования) жаратылды. Бұл түрлi жобаларды тез әрi сапалы жарату мүмкiндiгiн бередi және түрлi инженерлiк жобаластыру салаларында қолданылады. Түрлi салаларда қолданылатын АЖЖ-лерi өзара программалық және техникалық жабдықтарымен айырмашылық етедi. Бiрақ олардың барлығы төменде берiлгендердi өз iшiне алады:



  1. Техникалық жабдықтар: ЭЕМ, ЭЕМ кешенi, Енгiзу-шығару құрылғылары (ЕШҚ);

  2. Математикалық,лингвистикалық, прогаммалық, ақпараттық қамсыздандыру;

  3. Деректер қоры.

Автоматтандырылған жобаластыру жүйесiнiң компьютерге жазылатын арнайы прогаммалары бар болып олардың жүйелiк белгiн төмендегi дей үш сыныпқа ажыратуға болады:

  1. CAD (Computer Aided Design) –Түрлi бұйымдардың моделдерiн және құрылымдық құжаттарын дайындауға жаратуға арналған халықаралық жалпы қабалданған жүйелiк белгi.

  2. CAE (Computer Aided Engineering) –Гидро-газдинамикасы, жылу өткiзгiштiк, қатаңдылық т.б. инженерлiк есептеулердi жасауға арналған халықаралық жалпы қабалданған жүйелiк белгi.

  3. CAM (Computer Aided Manufacturing)- Есептiк программалармен жабдықталған қондырғыларда (станок ЧПУ) тетiктердi өңдеу және техрологиялық әрлеу программаларын автоматтандырылған түрде жаратуға арналған халықаралық жалпы қабалданған жүйелiк белгi.

Бұл жүйелерге мысал ретiнде ең көп тараған және қәзiрде қарқынды дамып келе жатқан AutoCAD (Autodeck Computer Aided Drafting) және КОМПАС 3D (КОМПлекс Автоматизированных Систем консртукторско—технологической подготовки производстав, яғни өндiрiстi құрылымдық –технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүейiсi кешенi) мысал болады. АҚШ-тың Калифорния штаты, Сан Рафаэль қаласында орналасқан Autodeck фирмасының өнiмi болған AutoCAD жүйесi 80- жылдан бастап қолданыла бастаған. Оның 3, 5,6, 14, версиялары алдыңғы уақыттарда қолданылған болса , қазiрде оның жетiлдiрiлген AutoCAD 2000, AutoCAD 2002 , AutoCAD 2004 және AutoCAD 2006 версиялар жаратылып өндiрiсте қолданылып келедi. Аскон (Россия) фирмасының өнiмi болған КОМПАС 3D программасы өте қуатты және қарқынды дамып келе жатқан,автоматтандырылған жобаластыру жүйесi болып ТМД мемлекеттерiнiң iшiнде 2000-ға жуық кәсiпорындар 100-ден артық жоғары оқу орындарында қолданылып келедi. Қазiргi күндерде бұл программалар одан әрi жетiлдiрiлiп, белгiлi бағыттарға мамандандырылып, олардың түрлi версиялары жаратылуда. Олардың жаңа техника және технологияларды модельдеуде дизайндiк әрлеуде жаңа жетiстiктерге жеткiзуге қосар үлесi үлкен.

Ел экономикасының дамуының салалараралық қатынастың өзара тығыз әрi жеңiл болуына да байланысты екендiгiн ескерiп сызбаларды орындау ережелерi, барша үшiн түсiнiктi болған бiрыңғай жүйеге келтiрiлдi. Бұл жүйе ҚҚБЖ -деп аталады.

Графика (кескiндеме)—бұл бiздi айнала қоршаған барлықты жазық бетке бейнелеу әдiстерi болып оның өте көптеген түрлерi бар.

Сурет— адамның немесе қабiлет иесiнiң барлықты көру және сезе алу дәрежесiне қарай, жазық бетке, қолда және көз өлшемде орындалған графика болып, ол сезiмдi, сұлулықты бейнелейдi.

Сызу –сызу құралдарының және қажеттi жабдықтардың көмегiнде, сызбаларды орындау ережелерiне сай орындалып, нәрсенiң iшкi және сыртқы құрылымы туралы толық мәлiмет беретiн графика.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет