13 cәуірге қараған түні Шығыс Қазақстан облысының Глубоковский ауданында жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көлікті балшықтан алып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Глубоковский ауданында "Аврора" стансасының маңында "ГАЗель" көлігі лайға батып кеткен. Жүргізушінің өздігінен шығу әрекеті сәтсіз аяқталды. Артынша ер адам құтқарушыларға көмекке жүгінген. 

Оқиға орнына рельефтік көлікпен жеткен жедел-құтқару жасағының мүшелері көлікті лайлы аймақтан қауіпсіз аймаққа алып шықты. Құтқарушыларға алғысын білдірген жүргізуші жолын жалғастырды.

"Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", — делінген хабарламада.  


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.