Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде бірнеше шетелдік өнер иелерінің концерттерінің тоқтатылып жатқанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ведомствоның алқа мәжілісінде министр келеңсіздіктердің жолын кесу мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізіліп жатқанын айтты.

"Мәдениет пен руханиятта шекара жоқ екені анық. Бірақ заман талабына, қоғам талабына сай келетін кейбір мәселелердің нақты заңдық шешімі болуы керек. Мәдениет саясаттың құралы болмауы керек. Бұл мәселені жеке шешіммен емес, заңмен шешуіміз қажет.

Қазір әлеуметтік желілерде танымал әртістердің концерттері туралы хабарландырулар жарияланып, билеттер сатылып жатыр, бірақ концерттен бас тарту, әншінің келуіне тыйым салу фактілері бар. Осы үшін заңнамаға ұйымдастырушыларға тыйым салу және жазалау шараларын қолдану бойынша өзгерістер енгізілуде", – деді Балаева.

  • Продюсер Нұртас Адамбай Израильді қолдаған ресейлік әншінің Алматыдағы концертіне тыйым салуды талап етті
  • "Саяси мәселелермен байланысты емес": Балаева Галкиннің концертінің тоқтатылуына қатысты түсініктеме берді

Айтуынша, бұл тек қоғамдық талқылаудан кейін ғана ұсынылады.

Еске салсақ, Украинадағы соғысты ашық қолдағаны үшін сынға қалған "Камызяки" КВН тобының Қазақстандағы концерті өтпей қалған еді. Ресейде иноагент деп танылған Максим Галкиннің де концерті өткен жоқ.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.