Шымкентте еңбек мобильділігі орталығының басшысы пара алдды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Шымкент бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

Ол "Бастау Бизнес-2023" ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті іске асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.