Петропавлдық жеті жасар Ева Чугунованың ата-анасы дәрігерлердің біліксіздігі үшін жазалануын талап етіп отыр. Айтуларынша, дәрігерлер тоғыз рет тексергеннен кейін ғана дұрыс диагноз қоя алған.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Медициналық және фармацевтикалық бақылау мамандары заң бұзушылықтарды анықтады. 
Петропавлдағы облыстық көп бейінді балалар ауруханасының дәрігерлері жеті жасар Ева Чугуноваға ЖРВИ, көкжөтел, бронхит, ларингит, трахеит және пневмония деген бірнеше диагнозды қателесіп қойған.

Қазан айының аяғында оқушы қыз қатты жөтеліп, құса бастаған. Ата-анасы оны балалар ауруханасына екі апта қатарынан апарған. Балаға ем тағайындалып, үйіне жіберілді, бірақ қыздың жағдайы нашарлай берді. Лилия Чугунованың айтуынша, дәрігерлер тоғызыншы рет барғанда ғана нақты диагноз қоя алған, бірақ ол кезде кеш болыпты.

“Бізге демікпеге қарсы дәрігер, небулайзер, пульмикорт, беродуалды ұсынды. Бірақ қызымыздың жағдайы нашарлай түсті. Мүлдем тамақ ішпей қалды. Компьютерлік томографиядан жарты сағат өткен соң ғана диагноз қойылды, ол бронхоэктазды, фиброзды екі жақты пневмонияға ұшыраған. Осының бәріне қалай қарауым керек? Шок болып, абдырадым”, – дейді Петропавл тұрғыны Лилия Чугунова.

Содан кейін Ева басқа бөлімшеге ауыстырылған. Антибиотиктердің 4 курсы тағайындалды, ал үш күннен кейін ол тамақ ішпей, жүре алмай қалған, өкпесі ісінген. Екі аптадан кейін ата-анасы оны Омбы мамандарына апаруды ұйғарды. Сол жерде оқушы қыз қалпына келе бастады. Отбасы петропавлдық дәрігерлердің біліктілігін тексеруді талап етті. Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті жұқпалы аурулар мамандарының бірнеше хаттамаларды бұзғанын көрсетті.

“Біз көпсалалы жұқпалы аурулар ауруханасына тексеру жүргізіп жатырмыз. ЖРВИ және көкжөтел бойынша клиникалық хаттамалардың бұзылғанын анықтаймыз. Тексеру қорытындысы бойынша алдағы уақытта мұндай жағдай орын алмас үшін облыстық балалар ауруханасының басшылығына ұйғарым шығарамыз”, – деді медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің меңгерушісі Батырхан Сарымисақов. 

Ең көп салалы облыстық балалар ауруханасы алғашқы тексерстен кейін кінәлілер анықталып, жазаланғанын айтады. Алайда олар мұны әбестік санамайтынын айтты.  

“Көкжөтелдің клиникалық серонегативті түрін анықтауда қырағылық танытпағаны, сондай-ақ медициналық құжаттаманы сапалы дайындау тәртібін бұзғаны үшін алты қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тәуелсіз медициналық тексеріс диагностикалық және емдеу процесінде өрескел бұзушылықтар анықтаған жоқ”, – деп мәлімдеді СҚО көпсалалы балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

Медициналық мекеме де баланың жағдайы айтарлықтай жақсарғанын айтады. Бірақ Еваның анасы дәрігерлердің салғырттығын кешіре алмай отыр.

“Баламның төрт айы өмірі бос өтті. Балам үйде оқиды, біз бұл күйден шығуымыз керек. Ешкім тіпті біз туралы ойламады, оңалту көмегін, массажды, жаттығу терапиясын және физиотерапияны ұсынған жоқ. Бұл өте қорқынышты және мен оны ешкімге тілемес едім, ауруханаға барудың өзі қорқынышты боп қалды”, – деді қыздың анасы.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау мамандары екінші рет тексерісті бастады. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.