Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер, әйелдер мен жасөспірімдер арасындағы ҚР-ның қысқы чемпионаттарының екінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, чемпионаттың екінші кезеңі қарқынды өтті.  

“Спортшылардан күш пен зейіннің жоғары шоғырлануы талап етілетін кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту дисциплинасында күрес өткізілді. Сөреден 23 метрде спортшы биіктігі екі метр қоршаудан өтіп, жалпы салмағы 5 кг болатын 2 өрт сөндіру жеңін алып, бум бойымен жүгіреді. Содан кейін бір жеңді тармақталуға бекітіп, мәре сызығынан өтті”, – деді ведомство.

Ең жылдам спортшылар жаттығуды 16 секундтан аз уақытта орындады.

Қысқы Чемпионаттардың екінші кезеңінде 250-ден астам жүгіру ойыны болған. Халықаралық және ұлттық біліктілік санатты 30 төреші барлық кедергілерді орындау мен еңсерудің дұрыстығын мұқият қадағалаған.

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша командалық есепте нәтижелер келесідей бөлінді:

Ерлер арасында:

  • 1 орын — Ақмола облыся ТЖД құрама командасы
  • 2 орын – Астана қаласы ТЖД құрама командасы
  • 3 орын –  Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы

Әйелдер арасында:

  • 1 орын — Түркістан облысы ТЖД құрама командасы
  • 2 орын — Астана қаласы ТЖД құрама командасы
  • 3 орын — Шығыс-Қазақстан облысы  ТЖД құрама командасы

Жасөспірім ұлдар арасында:

  • 1 орын — Батыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
  • 2 орын — Шығыс-Қазақстан оюлысы ТЖД құрама командасы
  • 3 орын — Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы

Жеке біріншіліктегі орындар:

Ерлер арасында:

  • 1 орын — 17,49 секунд нәтижесімен Югов Илья, Абай облысы
  • 2 орын — 19,79 секунд нәтижесімен Пузиков Даниил, Жамбыл облысы
  • 3 орын — 20,11 секунд нәтижесімен Текенов Бауыржан, Қарағанды облысы

Әйелдер арасында:

  • 1 орын — 16,74 секунд нәтижесімен Сыромяжко Юлия, Астана қаласы
  • 2 орын — 16,86 секунд нәтижесімен Дзолба Оксана, Алматы қаласы
  • 3 орын — 16,91 секунд нәтижесімен Тұрсын Айдана, Түркістан облысы

Аға топ жасөспірім ұлдар арасында (17-18 жас):

  • 1 орын — 17,02 секунд нәтижесімен Мауланов Сарвар, Шымкент қаласы
  • 2 орын — 17,75 секунд нәтижесімен Сабыржанов Айваз, Батыс-Қазақстан облысы
  • 3 орын — 18,78 секунд нәтижесімен Литвишкин Артём, Батыс-Қазақстан облысы

Орта топ жасөспірім ұлдар арасында (15-16 жас):

  • 1 орын — 17,62 секунд нәтижесімен Сериков Абылай, БҚО
  • 2 орын — 18,0 секунд нәтижесімен Насибуллин Ернур, БҚО
  • 3 орын — 19,18 секунд нәтижесімен Асылбеков Арсен, Ақмола облысы

Кіші топ жасөспірім ұлдар арасында (14 жас және одан кіші):

  • 1 орын — 19,11 секунд нәтижесімен Амангелді Алишер, Астана қаласы
  • 2 орын — 19,9 секунд нәтижесімен Шевцов Кирилл, Шымкент қаласы
  • 3 орын — 20,28 секунд нәтижесімен Махсұт Ернұр, БҚО

Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.