Қазгидромет Қазақстан аумағы бойынша 13-15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аймақтарында алдағы күндері ауа-райы тұрақсыз болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет iStock-тан

Синоптиктердің мәліметінше, ел аймақтарында температуралық өзгерістер болып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Әсіресе солтүстік өңірлерде қатты қар жауады. Бұрқасын, көктайғақ құбылыстары болады. Сондай-ақ ауа температурасы батыста 5 градустан -5-қа дейін, солтүстік, орталық шығыс өңірлерде 5 градус аяздан -2 градусқа дейін жоғарылайды.

15 ақпанда циклон Қазақстан аумағынан жылжып, оның соңынан арктикалық антициклон енеді. Салдарынан республиканың солтүстік жартысына аяз болады. 

  • Қазақстанда ақбөкен атуға тағы да уақытша тыйым салынды

  • "40 градустан да жоғары": Төтенше жағдайлар министрлігі алдағы жаздың өте ыстық болатынын ескертті

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанда ауа температурасы түнде -22, -32, күндіз -15, -27 аязға дейін төмендейді. Еліміздің қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.