Антикор ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған тұлғалар 2021-2024 жылдар аралығында шағын және орта бизнес өкілдерінен компаниялардың қызметіне жалпы қамқорлық жасағаны үшін жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді.

Антикордың хабарлауынша, сот күдіктіге қатысты электронды білезік арқылы үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

"Ол өз кінәсін толық мойындады және қазір тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қылмысқа қатысы болуы мүмкін басқа тұлғалар да тексерілуде", — деді антикор өкілі Данияр Биғайдаров.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.