Сқму-дың доценті, ф



жүктеу 49.69 Kb.
Дата30.03.2019
өлшемі49.69 Kb.

Жазира Қошанова, СҚМУ-дың доценті, ф.ғ.к.

Әсемгүл Төлебаева, Ақпараттық технологиялар факультетінің студенті
«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Қазақстан халқының және жастардың бойында патриоттық сезімді әрі қазақ жазушыларының шығармаларын оқуға баулу мақсатында – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі мен Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен 2007 жылдан бері қолға алынып, жүзеге асып келе жатқан «Бір ел-бір кітап» акциясы биылғы жылы да өз жалғасын тапты. Әрине «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ел болып оқуға жыл сайынғы кітап таңдау жұмысы оңайға соқпайды. Себебі әр жазушының шығармасы таңдауға лайық. Сонымен биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитеті мүшелері – еліміз Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесін оқитын болды деген шешім шығарды. Жалпы Сайын Мұратбековтің шығармаларының басты тақырыбы – ауыл өмірі мен олардың әлеуметтік жағдайын сипаттау. Қаламгер «Жусан иісі» аты повесінде екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кішкентай бір ауылдағы балалардың басынан кешкен оқиғасын, көрген ауыртпашылықтарын, қазақ ауылының ауыр жағдайын, халықтың басына түскен қайғы-қасіретін суреттейді. Әңгімедегі басты кейіпкер – Аян. Оған ақылдылық, ұқыптылық, мақсаткерлік тән. Аянның маңайындағы балаларға айтқан ертегілері адамға ой саларлық құндылығымен ерекше.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша «Бір ел-бір кітап» акциясының аясында іргелі оқу орындарының бірі – Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде наурыз айынан бері Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығына арналған кештер, тақырыптық сабақтар өткізілуде. Соның бірі, жақында Ақпараттық технологиялар факультетінде Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі бойынша тіл дамыту тақырыптық сабағы өтті. Бұл сабақтың мақсаты – студенттердің шығарма желісі бойынша өз ойларын анық жеткізе білуге, екеуара пікірталастыруға, өзіндік ой айтуға жетелеу болып табылатын. Алдымен топ студенттеріне шығарманы оқып келуге тапсырма берілді. Шығарманың бас кейіпкері Аянның тағдыры оларға өте аянышты әсер қалдырды. Топтастарымның бәріне повесь ұнады, арасынан жақсы дайындықпен келген студенттер де бар. Қойылған сұрақтардың барлығына өз ойларын айтты. Төменде солардың кейбір үзінділерін бере кетейін. Алғашқы бізге қойылған сұрақ:

Шығарма не себепті «Жусан иісі» - деп аталады? Қазақ ұғымындағы «Жусан» сөзі нені білдіреді?

Баянтаева Әйгерім: өз ойын үзіндіден мысал келтіре отырып айтты. «Түнде жатарда ағамның пальтосын басыма жастап, көпке дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс» дегені мүмкін өз сағынышынан туған иіс болуы да мүмкін. Немесе жазушы «Мен бүйтіп жағасына мұрнымды тығып алдым да ұзақ-ұзақ иіскедім... Әжем ылғи: «ағаңды анау Жусантөбенің үстінде, мал қайырам деп жүргенде, айдалада тапқанмын» дейтін... Менің ағамда жусанның иісі содан қалған», деп естелік айтады. «Мен де ылғи көкемнің пальтосын жамылып жатамын. Менің көкемнің пальтосынан да жусанның иісі шығып тұрады – деді бір бала. Сөйткенше болған жоқ, тұс-тұстан жамырай дуылдап соғыста жүрген әкелеріміздің, ағаларымыздың үйде қалған киімдерін еске алып, олардан шығатын иісті сөз етіп кеттік. Және бір қызығы – көпшілігіміз ол иісті жусанның – дәл өзіміздің ауылдың іргесіндегі жусанның иісіндей дестік. Онан бір кезде Аян: – Менен де жусанның иісі шығып тұрады, ағама тартқанмын» деген үзіндіден балардың барлығының иісі осы бір иіс. Бұдан біз ауылдың иісі – кең байтақ даласы мен табиғаты, ну орманы екенін еріксіз мойындаймыз. Яғни, аңқыған табиғат ауасы ауыл баларының ыстық сағынышын сан қырлы қиялдарға жетелейтіні атойлап тұр.

Төлебаева Әсемгүл: Мен «Жусан» сөзінің мағынасын Қазақ тілінің он томдық түсіндірмелі сөздігінен қарадым. Онда жусан сөзіне төмендегідей анықтама берген:

«Жусан – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майы өсімдік.

Аянға мінездеме беріңіздер деген сауалға:

«Шығармадағы басты кейіпкер – Аян қиялшыл бала. Оның қиялшылдығын күнде өзі ойлап тапқан ертегілерінен байқауға болады» - деп жауап берді Әйгерім.

Мен де Әйгерімнің айтқанымен қосылып, өз ойымды қоса кеттім. Аянның қиялшыл болып өсуінің бірден-бір себебі әжесі болуы мүмкін. Өйткені, қағаз-қалам, кітап тапшы кезде әже-аталарымыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бай ауыз әдебиетімен өз балаларын, немерелерін сусындатып, олардың жатқа айту, есте сақтау қабілеттерін дамытқанын тарихтан білеміз. Оған бір мысал ұлы ақын Абай Құнанбайұлының әжесі Зере де жастайынан жыр-дастандарды айтып, бала Абайдың білімге, оқуға деген құштарлығын оятқан ғой.

Жалпы мейірімділік, адамгершілік, қатігездің, жетімдік, достық дегеніміз не?

Әйгерім: Қатігездік – адам мінез құлқындағы жағымсыз іс-әрекет. Ал кеңірек үңілсек, жеке адамдар немесе адамдар тобына қастандық, қиянат, зорлық-зомбылық жасауды білдіреді. Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдарымен мәндес. Мейірімділік - адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниетімен, лебізін көрсету көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Достықты екі жақты қарастыруға болады. Достық - мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ыңтымақтастық орнату шараларын бейнелеу. Достық – адамдардың бір-біріне адалдығы, қалтықсыз сеніп, бір мүдделі ортақ көзқараста болатын қасиеті.

Ал енді жетімдікке тоқталсам. Жетімдік әр заманда болған. Ол қайдан пайда болады деген суалға жауап берсем біріншіден жетімдік қоғамда, тарихта болған әртүрлі алапаттан пайда болса, екінші бір жағы тікелей жеке адамның қатысынан да болып жатады. Шығармадағы бас кейіпкеріміз соғыс салдарынан жетім қалған.

2013 жылғы статистика бойынша Қазақстанда 42 мыңдай түрлі жетімдер бар екен. Олардың бәрі балалар үйінде емес. 25 мың бала ел азаматтарының қамқорлығына алынған, 15 мың бала денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру жүйесінің ұжымдарында тәрбиеленуде. Осы мың баланың мыңнан астамы ғана жетімдер, қалғаны ата-аналары бар екен. Міне, бұл қатегездік емес пе?- деп ой түйіндедім.

Калай ойлайсындар Аянның ауылдан кеткеннен кейінгі өмірі не болды? – деген сауалға:

«Осы сұраққа жауап табу үшін мен әртүрлі мақалаларды, пікірлерді іздеп-оқып, Сайын Мұратбековтің өміріне шолу жасаған болатынмын. Аянның ертегі айтатындығы Сайынның өзіне аздап келеді. Бірақ, Аянның прототипі бар. Ол – ауылда тобығы тайғандықтан, аяғын қисаңдатып, сәл ішіне басатын Ұзақбай деген бала. Сол баланың тағдыры шығармаға арқау болған. Аянның тағдыры – Сайынның ауылындағы Науқан деген баланікі. Оның да әкесі соғыста қайтыс болған. Шешесі соғыс уақытында колхоздың жұмысынан зорығып өлген. Қазір Науқан ауылда тұрады. Ақсақал болды. Он алты баласы бар. «Жусан иісіндегі» балалар Сайынның ауылындағы «Қызыл жұлдыз» бригадасының балалары, - деген пікірді оқығанымды ортаға салдым.



Ойымды қорыта айтқанда, барлық кітап сүйер оқырманды Сайын Мұратбековтің шығармаларын оқуға, соның ішінде «Жусан иісін» елмен бірге оқуға шақырамыз. Қазіргі заманда, біз көркем шығарманы оқығаннан гөрі, күні-түні Интернетте отырғанды ұнатамыз. Яғни, Жастар интернет арқылы ойланбайды, ал керісінше оның санасы уланады. Кітап адам психологиясына тікелей әсер етеді, адамды ойландырады.
// Молодежная-Жастар. - 2014. - 30 сәуір
Каталог: files -> user
user -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
user -> Виктор бондаренко
user -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
user -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
user -> Регламент государственной услуги «Выдача пропуска на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства»
user -> Жылдың басты оқИҒалары
user -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет