Мәжіліс отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова арнайы жоспарлап, хабарлама беріп сосын барып тексеру ретін өзгертуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан кадр

Депутат сондай-ақ интернаттық ұйымдарда тұратын балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі екі проблеманы атады. 

“Бұл жерде 2 проблема бар. Бірінші — жабық интернат ұйымдары, оған балалар үйлері де кіреді. Екінші — арнайы әлеуметтік-медициналық қызмет көрсететін ұйымдар. Қазір оларды бақылаудың реті мынадай: арнайы жоспарлайды, хабарлама береді, сосын барып тексереді. Біздің ұсынысымыз мынадай: бақылау субъектісін алдын ала хабардар етпей, барлық үлгідегі және нысандағы балаларға арналған интернаттарда кез-келген уақытта мемлекеттік бақылау жүргізу керек. Мониторинг және алдын ала араласу, ескертусіз тексерулер жүйесін енгізу балалардың құқықтарын бұзу жағдайларын дер кезінде анықтауға және уақтылы көмек қолдау көрсетуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз”,- деді ол. 

Сондай-ақ балалардың жазғы лагерлері, жалпы лагерьлеріне міндетті лицензиялау нормалары ұсынылды.

Заң жобасында отбасын қолдау орталықтарын құру мәселесі де көтерілді. 

“Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды қорғау мақсатында заң жобасында тұрмыстық жағдайы ауыр отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты шаралар кешені қарастырылған.

Мемлекеттік отбасылық саясат саласындағы шараларды, оның ішінде некені және отбасылық қатынастарды сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу, өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларды жан-жақты қолдау, отбасыларға әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге, жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасын жүзеге асыратын Отбасын қолдау орталықтары құрылады”,- деді депутат.

Бұған дейін Алматыда "Сауна ғимаратында балалар лагерін" ұйымдастыру ісі бойынша тергеу басталғанын жазған болатынбыз.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.