Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарын ойнауға тыйым салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: freepik.com

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасы аясында мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарын ойнауына тыйым салу мәселесі қарастырылуда.

"Осы заң жобасы аясында біз мемлекеттік қызметкерлерге казинода құмар ойындарын ойнауға тыйым салу туралы ережені қарастырып жатырмыз. Мұндай түзету бар. Бірақ букмекерлік кеңселер туралы әзірге ортақ пікір жоқ. Әлі жоспарланып жатыр, бірақ әзірше айта алмаймыз", – деді депутат. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.