Бельгияда билік түрмелердің толып кетуіне байланысты қылмыскерлерді үй қамағына жіберіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото pixabay-дан

Мұнда тұтқындардың саны елдің қылмыстық-атқару мекемелерінің мүмкіндігінен асып түскен. Атап айтқанда 10 700 орынға 12 300 тұтқыннан келеді. Ал түрмені күзету кәсіподақтары болса осы үшін тіпті ереуілге шықпақ.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай онша ауыр емес құқық бұзушылықтар үшін қатаң түрме жазасын қарастыратын жаңа саясатқа байланысты өршіген.

  • Қырғызстанда жеті атаға дейін қыз алыспау заңмен бекітілмек

  • Гондурастың бұрынғы президенті есірткі саудасымен айналысқаны үшін сотталды

"Кейінгі үш жылда түрмеге қамаудың қысқа мерзімдерін енгізгендіктен мұндағы тұтқындардың саны артты. Сол себепті де түрменің енді қызметкерлер тұрғысынан да, инфрақұрылым тұрғысынан да басқаруға немесе орналастыруға мүмкіндігі болмай жатыр", – деді қылмыстық адвокат Денис Боске.

Мұнда терроризм немесе жыныстық қылмыс жасағандар мен 10 жылдан астам мерзімге сотталған тұтқындар жазаны үйде өтей алмайды.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.