Ақтөбеде әйел көлікті мас күйінде басқарғаны үшін қамауға алынды. Үш баланың анасы бұған дейін де дәл осылай алкоголь тұтынып көлік айдағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет Астана арнасынан

5 қаңтар күні сағат 23:45-те ақтөбелік полицейлер патрульдеу кезінде Hyundai көлігін байқаған. Көліктің қозғалысы полицейлердің күдігін тудырған.

Көлікті 51 жастағы әйел басқарған. Медициналық сараптама оның көлікті жеңіл мас күйінде басқарғанын көрсетті.

Ол бұған дейін 2021 жылдың мамыр айында мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен  3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Жазаға және кәмелетке толмаған үш баласының болу да әсер еткен. Соған қарамастан, ол тағы да мас күйінде рөлге отырды. 

Автоледи уақытша ұстау изоляторына жіберілді. Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан және өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.