Ақтөбе облысында Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Нұра ауылындағы қорғаныш бөгетінің топырақ үйіндісі шайылып кетті. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауылға су кіре бастады. Оқиға орнында 126 адам бар, оның 119-ы – ауылды құтқару үшін қалған Нұра ауылының тұрғыны. 

Жағдайды зерттеу үшін ТЖД бастығы оқиға орнына Ми-8 тікұшағымен ұшып кетті.

Бұған дейін мұнда топырақ салынған 1100 қап төселіп, 390 тонна инертті материал жеткізілген. 12 және 13 сәуірде Нұрадан 572 адам, оның ішінде 326 бала эвакуацияланды. 242 адам, оның ішінде 156 бала Ырғыз ауылының эвакуациялық пунктіне орналастырылды, 310 адам туыстарына жеткізілді, оның 195-і – бала. 20 адам қайтып келді, 7-і – бала.

Нұра ауылында 112 тұрғын үй бар, 691 адам тұрады.

Бұған дейін су тасқыны салдарынан Ақтөбе облысындағы бірқатар ауыл картадан жойылып кетуі мүмкін екенін жаздық. 

Ойыл ауданына қарасты Қаратал және Екпетал ауылдарындағы түгелдей дерлік үйлер су астында қалды. Жергілікті билік ауыл тұрғындарын облыс орталығына қоныстандыруды жоспарлап отыр. 

 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.